ТРМК 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
10.04.2025 16:54:48 16512018 жылғы 18 мамырда ТРМК БҚО бойынша департаментінде бизнес өкілдерінің қатысуымен 2019 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыруды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Комитет жыл сайын Қазақстан Республикасы экономика салаларының ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік органдардан, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерден, бизнес-қауымдастықтан келіп түскен ұсыныстар негізінде Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастырады.
Мысалы, 2017 жылға арналған жоспарға сәйкес 1000 стандарт әзірленді.
Бүгінгі күні 2019 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына КПО б.в.-ның мұнай өнімдерін сынау және талдауға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеуге 3 ұсыныс-өтінімі қосылды.
Сонымен қатар, «Конденсат» АҚ-дан техникалық-экономикалық негіздемемен бірге ҚР СТ ASTM D 2500 «Мұнай өнімдерінің лайлану нүктесін анықтаудың стандарттық әдісі» стандартын әзірлеуге ұсыныс-өтінім түсті. Себебі әлемдік стандарттар мен Кеден одағының «Автокөліктік және авиациялық бензинге, дизельдік және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің талаптарына жауап беретін K4 және K5 экологиялық кластағы дизель отынын өндіру үшін осы стандартты әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Конденсат» АҚ-ның ұсыныс-өтінімін ТРМК-не жолдау туралы шешім қабылданды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/14335?lang=kk