КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР

КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР

10.04.2025 16:54:49 1594

2018 жылғы 14 мамырда Қарағанды экономика университетінде «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК  болып табылады.

Семинарға жүзден астам өңірлік кәсіпорындар мен бизнес өкілдері қатысты.

Аталған семинар биыл Индустрия 4.0 бағдарламасына орай өнеркәсіптің терең және жедел, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер дәуіріне енуіне байланысты ерекшеленіп отыр.

Кәсіпорындардағы бұл үдерістер сапа менеджменті жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі және енгізілуі арқылы мүмкін болады, ал СМЖ жұмыс істеуінің тиімділігі кәсіпорында мамандар менеджмент негіздеріне сапалы оқытылғанда және басшылық тікелей менеджментке бірыңғай көзқараспен қарап,   кәсіпорынның жаһандық басқару жүйесіне ықпалдасуына мүдделі болған жағдайда толық қамтамасыз етілетін болады.

Семинарды құттықтау сөзімен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қасымов ашып, осындай семинарлар отандық тауар өндірушілердің қызметін жақсарту және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті сапасыз өнімдерді сатуға және таратуға жол бермеу үшін техникалық реттеу, менеджмент жүйесі және халықаралық стандарттар мәселелерін оқытуға және түсіндіруге бағытталғанын атап өтті.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/14462?lang=kk