ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

10.04.2025 16:57:45 1512

Ағымдағы жылғы 7 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің айналымы мәселелері бойынша Комитет қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер дайындаушылардан құралған жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Кездесу барысында Мемлекеттік рәміздер айналымының және  Мемлекеттік Елтаңбаны ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына сәйкес дайындаудың негізгі мәселелері талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша, жұмыс тобының барлық мүшелеріне Мемлекеттік рәміздердің айналымына және Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа үлгісін енгізуге қатысты нақты ұсыныстар беру ұсынылды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15981?lang=kk