ҚР ИДМ ТРМК БҚО «ОРАЛ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» ЖШС-ДЕ ҚЫЗМЕТТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
10.04.2025 18:34:37 2140Ағымдағы жылғы 6 наурызда ҚР ИДМ ТРМК БҚО бойынша департаментінің басшысы және «ҚазСтИн» РМК БҚФ маманы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-не барып қайтты. Зауыт 2014 жылғы желтоқсанда өткен телекөпір кезінде іске қосылған.
Жобаның мақсаты жылына 12000 дана күштік трансформаторларды (кернеу класы 6-10 кВ, қуаттылығы TMГ 25-2 500 кВА үшфазалы қуатты майлы трансформаторлар) өндіруді ұйымдастыру болып табылады.
Зауыт өндіру барысында жетекші батыс еуропалық компаниялардың жоғары технологиялық жабдықтарын пайдаланады.
Жұмыс сапары барысында кәсіпорынның жоғары вольтты жабдықтарды экспорттау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар департамент басшысы Салават Вахитов Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі, «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» индикаторы туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында компания қызметкерлері берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17019?lang=kk