ҚР ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН ШҚО БОЙЫНША ТРЖМКД ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗДІ
10.04.2025 18:39:52 231Ағымдағы жылдың 21 ақпанында ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті мамандары «Орталық» базарының әкімшілігімен, олардың жалға алушыларына және сатушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасын «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, сауда базарларының ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы (2003 ж. 5 ақпандағы № 131 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) түсіндіру мақсатында, сондай-ақ мәселелерді талқылау және оларды шешу мақсатында жұмыстық кездесу өткізді.
Жұмыстық кездесу барысында сатып алушылардың өлшеу жағынан алданып қалмауы мақсатында, салмақ өлшейтін аспаптардың кезеңді тексеріліп тұруы, келушілерге бақылау таразыларының орналасуын және оларды ақпараттандыру жайында сұрақтар қойылды. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандары тарапынан толық жауап берілді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17047?lang=kk