ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМ СТАНДАРТЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРДІ
10.04.2025 18:42:34 308Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департамент қызметкерлері «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнына жұмыс барысымен барды.
Өткізілген іс-шара «Doing Business» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позицияларын жақсарту және отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды.
Кездесуде Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне өлшем құралдарын енгізу, ұйым стандарттарын әзірлеу, авиациялық техникалық қызмет көрсету және жөндеу стандарттарын әзірлеу, Қазақстан Республикасы аумағында EN Еуропалық стандарттарды қолданылу мәселелері талқыланды.
«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС 2012 жылы 24 маусымда құрылған болатын. «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС қызметі, авиациялық техникаларды сату, техникалық қызмет көрсету, құрастыру және жөндеуге бағытталған.
Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын, оның ішінде ұйым стандарттарын әзірлеу жолдарын түсіндірді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17048?lang=kk