ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС
10.04.2025 19:04:07 5172017 жылдың 12 қазан күні ҚР ИДМ ТРМК Ақмола облысы бойынша департаментінде, мемлекеттік органдардың өкілдері мен Ақмола облысының кәсіпорындарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналысты кіріспе сөзімен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Ақмола облысының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – Абилев Бейбыт Айтанович ашты.
Стандарттау ұзақ жолды, соның ішінде қазіргі уақытта технология мен бизнестің барлық аспектілеріне әсер ететін және үнемі дамып келе жатқан әлемімізге жағымды өзгерістер енгізетін ISO-ның халықаралық стандартын басынан өткерді.
Биылғы жылы Дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны «Стандарттар қалаларды ақылды етеді» тақырыбы болып табылады. Бүгінгі таңда қалалар экономика дамуының негізгі күші болды, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық мәселелерге қол жеткізуде ортақ кезеңді алды. Қолжетімді инфрақұрылым, жоғары мобильділік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты кең ауқымды және сапалы қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ азаматтар үшін жайлы өмір сүретін қалаларға ерекше талаптар қойылады.
«Қазақстан Республикасында стандарттардың дамуы туралы», «Smart City» тақырыбына слайд көрсету ақпаратымен Ақмола облысының «ҚазСтИн» РМК филиалының басшысы – Жунусов Кайрат Кабдрашитович сөз сөйледі.
Кейін келесі тақырыптар бойынша сөз тыңдалды:
1) Экономикадағы стандарттаудың рөлі»- Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ АФ-ның сәйкестікті растау, сараптау және сертификаттау бөлімінің басшысы – Дюсембаева Айгуль Нургалиевна;
2) «Сәйкестікті растау жөніндегі органның тәжірибесінде стандарттардың маңыздылығы»- «Палата» ЖШС-ның Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы – Булатова Жанар Мутиевна;
Жиналыс соңында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, сондай-ақ «ҚазСтИн» РМК кәсіпорнынның атынан сәйкестікті растау жөніндегі орган және сынақ зертхана мамандарына, стандарттауды дамытуға үлкен және адал үлес қосқаны үшін алғыс хаттары табысталды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17130?lang=kk