14 ҚАЗАН - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІ, «ҰРАНДАРДЫ АҚЫЛДЫ ЕТУ СТАНДАРТЫ» ҰРАНЫМЕН АТАП ӨТІЛЕДІ
10.04.2025 19:25:30 363Жыл сайын 14 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымына (ISO), Халықаралық электротехникалық комиссияға (IEC) және Халықаралық электр байланыс одағына (ITU) барлық мүше елдер, сондай-ақ барлық әлемдік ғылыми-техникалық қоғамдастық стандарттау жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын тану ретінде атап өтуде.
Биылғы жылы Дүниежүзілік стандарттар күні - «Стандарттар қалаларды ақылдырак етеді» ұранымен өтпекші.
Стандарттау экономикалық дамудың басты кілті, өнеркәсіптің, сауданың, құрылымдық басқарманың және тұтынушылардың қызығушылығын қамтамасыз етеді.
«Ақылды қала» стандарттарының негізгі артықшылығы – қаланы барлық процестерімен орталықтан басқарудың қағидаттық жаңа мүмкіндіктерімен зияткерлік кеңістікке айналдыру.
Стандарттау мерекесі шеңберінде «ҚазСтИн» РМК филиалы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың қазан айының 4 жұлдызында сағат 15.00 І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәжіліс - залында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде басым бағыттар және халықаралық стандарттау бойынша баяндамалар слайд арқылы көрсетілді
Дөңгелек үстелге қаланың бизнес – қоғамдастықтарының, облыстық департаменттің, басқармалардың, Алматы облыстық кәсіпкерлік палатасы, І. Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің, «ҰССО» АҚ ТФ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты сала байынша өндірушілерді техникалық реттеу жүйесіне, стандарттау, даму және реформалау процестеріне белсенді қатысуға ынталандыру сондай-ақ халықаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттарды қолдану болып табылады.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17194?lang=kk