«ЭКО ПРОДАКТС ГРУПП» ЖШС БАРУ

«ЭКО ПРОДАКТС ГРУПП» ЖШС БАРУ

10.04.2025 20:49:08 2771

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін «ЭКО продактс Групп» ЖШС кәсіпорнына барды.

«ЭКО продактс Групп» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грант жеңімпазы болып табылады. Өсімдік шикізат тегінен биоыдыратылатын полимерлі пакеттер мен қолғаптар өндірісі Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Технологиялық үрдісі үш кезеңнңн тұрады:

1 кезең – түйіршіктерден қабыршақ экструзиясы;

2 кезең – ротогравюрлы басылым мен заттаңбасы;

3 кезең – термоқалыптасу мен өрнек салу.

Түйіршіктелген полилактид шикі заты полимерлі өнім өндірісі үшін Еуропадан әкелінеді. Дайын өнім тамақ өнімдермен түйісу үшін, тамақ өнімдерін ұзақ және қауіпсізді сақтау үшін арналған.

Өткізілген  іс-шара  «ЭКО  продактс  Групп»  ЖШС техникалық  реттеу,  метрология және сәкестікті бағалау аккредиттеу саласындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге бағытталды.

Қазақстан Республикасында бұл өнім жаңа болғандықтан, келіссөз барысында биоыдыратылатын өнім өндіру кезінде кәсіпорынның ұйым стандартын құрастыруға қажеттілігі күрделі мәселелері, Кеден одағының қажетті техникалық регламенттер туралы, сынау жүргізуге арналған нормативті құжаттар бар болуы туралы, биопакеттер мен қолғаптарды сертификаттау жүргізу тәртібі талқыланды.

Кездесу  соңында  Техникалық  реттеу  және  метрология комитеті  Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, ұйым стандартын әзірлеу тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары, өнімді каталогтау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, дайын өнімді заттаңбалау түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17544?lang=kk