ҚАЗАҚСТАН ISO КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

ҚАЗАҚСТАН ISO КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

10.04.2025 21:07:46 2064

2017 жылғы 20-22 қыркүйекте Берлинде «Жаңа идеяларға ашықтық, өзгерістерге ашықтық» тақырыбына Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының (ISO) Бас Ассамблеясының 40-отырысы болып өтті.

Отырысқа 130-дан астам ел басшылары мен стандарттау жөніндегі ұлттық органдар өкілдері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.Дугалов басқарды.

Іс-шара барысында ұйым қызметінің саяси, әкімшілік және қаржы мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ISO Кеңесіне 20 мүше-елдердің қатарына балама негізде 2018-2020 жж аралығына Қазақстан да сайланды.

Бұл Қазақстанда өткізіліп отырған, «Стандарттау туралы» Заңы жобасына енгізілген халықаралық стандарттау моделіне өту бойынша реформаларға және ағымдағы жылы ел Үкіметі қабылдаған, осы ұйымда еліміздің жұмысын белсендіру бойынша саяси еркін танытатын бағдарламалық құжаттарға серіктестер тарапынан жоғары сенім мен қолдауды растайды.

ISO кеңесіне мүшелік Қазақстанға халықаралық стандарттау саласында саясатты қалыптастыруға белсенді қатысуға және ұйымның өзекті мәселелерін шешуде ұлттық мүдделерді алға жылжытуға мүмкіндік береді. ISO әкімшілік органында жұмыс істеу, ең алдымен Орталық Азия өңірлерінде сапа инфрақұрылымдарын таратуға, сондай-ақ шығарылатын өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыруға бағытталатын болады.

Ассамблеяға қатысушылар уақыт талабының өзекті мәселелерін, сондай-ақ стандарттау әзірлеуде, энергия өндіруді нормалау және қоршаған ортаны қорғауда, өңірлік қатысуды жандандыру мен стандарттар әзірлеу процесіне өскелең ұрпақты тартуды талқылады.

ISO Бас хатшысы С. Муикамен кездесу барысында Қазақстанда өткізіліп жатқан стандарттау мен техникалық реттеу саласын жаңғырту бойынша практикалық шаралар, Ұйыммен ынтымақтастықты дамыту, қазақстандық сарапшылардың ТК ISO жұмысына қатысуын кеңейту және оқу бойынша бірлескен Жол картасын қалыптастыру жөнінде ақпарат ұсынылды. Кездесуге ФГР ҚР Төтенше және Уәкілетті Елшісі Б. Нусупов қатысты.

Бұдан басқа ASI Австрия стандарттар институтының басшысы Э. Блаха ханыммен екі жақты кездесу болып өтті, оның шеңберінде Комитет пен ASI арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру туралы Жол картасына қол қойылды, онда техникалық сарапшылар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен семинарлар ұйымдастыру және стандарттау саласында тәжірибе алмасу бойынша нақты іс-шаралар анықталды.

AENOR Испания стандарттау және сертификаттау ассоциациясының директоры А. Брито мырзамен энергия тиімділігі мен Smart City облысында стандарттау бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қорытындысы бойынша өнеркәсіптік және тұтынушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергия тиімділігі саласында стандарттарды дамыту мәселелеріне қазақстандық мамандарды оқыту бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

AFNOR Франция стандарттау ассоциациясының басшылығымен қызметтерді стандарттау мәселелері, ТК ISO алаңдарда өзара әрекет туралы тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді, сондай-ақ «ҚазСтИн» РМК мен AFNOR арасында ұлттық деңгейде стандарттарды өзара пайдалану мүмкіндігі үшін стандарттар тарату туралы келісімді кеңейтуге шешім қабылданды.

Түрік делегациясымен екі жақты кездесу барысында «ҚазСтИн» РМк мен TSE Түрік стандарттар институты арасында стандарттар тарату туралы келісімге қол қойылды және ТРМК мен TSE арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша Жол картасының жобасы қарастырылды.

ISIRI Иран стандарттар және өнеркәсіптік зерттеулер институтының Президенті Н. Пироузбакх мырзамен ҚР ұлттық университеттері негізінде стандарттар әзірлеу барысында жастарды тарту бойынша оқу курстарын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Қорытындысында, DIN Неміс стандарттар институты басшыларымен кездесуде стандарттар әзірлеуде мүдделі тараптармен диалогты күшейту бойынша келісімге қол қойылды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17623?lang=kk