«ЖИҺАЗ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» 025/2012 КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

«ЖИҺАЗ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» 025/2012 КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

10.04.2025 21:24:07 660

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 025/2012 Кеден одағының техникалық регламенті Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында жиһаз өнімдеріне қойылатын қолдану және орындау үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдерінің еркін жылжуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Осы техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында адам өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны және жануарлардың өмірін және (немесе) денсаулығын және өсімдіктерді қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында жиһаз өнімдеріне және оны қолдану (пайдалану) процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдеріне – тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларға арналған, оның ішінде жеке тапсырыс бойынша жасап шығарылған жиһаз бұйымдарына, жинақтарына, гарнитурларына қолданылады.

Жиһаз өнімдері тағайындалуы бойынша қолданылған кезде және пайдалану құжаттарында көзделген ережелер сақталған жағдайда, олар:

Ø механикалық қауіпсіздікті;

Ø химиялық және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздікті;

Ø өрт қауіпсіздігін;

Ø электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей етіп дайындалуға тиіс.

Жиһаз өнімдерінің механикалық қауіпсіздігі мыналармен қамтамасыз етілуге тиіс: жиһаз бұйымдары құрастырылымының орнықтылығының, статикалық және соққыға беріктігінің, қаттылығының, пішінсізденуінің, иілістері шамасының, ұзаққа төзімділігінің қажетті деңгейімен; жиһаз бұйымдарының функционалдық элементтерін сырғыту (жылжыту, трансформацмялау) күштері; жұмсақ элементтердің жұмсақтығымен және қалдық пішінсізденуімен; екі қабат кереует жасаумен.

Жиһаз өнімдерінің химиялық және санитариялық-гигиениалық қауіпсіздігі жиһаз бұйымдарынан ұшпа химиялық заттардың барлық бөлінетін заттардың бірлескен әсерін есепке ала отырып адам ағзасына тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін мөлшерде бөлінуі болмауын қамтамасыз етуге тиіс. Жиһаздарды пайдалану кезінде бірінші қауіптілік класына жататын химиялық заттар бөлінбеуге тиіс.

Жиһаз бұйымдарын қоса орнатылған электр жарық беру құралдарымен, тұрмыстық техникамен, электр техникалық жабдықтармен және электр жетектерімен жинақтау кезінде, электр қауіпсіздігі мен оқшаулауыш қорғанышының қажетті деңгейі «Төмен вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Отыруға және жатуға арналған жиһаз бұйымдарының жұмсақ элементтерін дайындау кезінде қаптау материалдары ретінде қолданылатын тоқыма және былғары материалдарының өрт қауіпсіздігінің қажетті деңгейі:

отыруға және жатуға арналған жиһаздың жұмсақ элементтерін дайындау үшін жеңіл тұтанатын және жанған өнімдердің уыттылығы бойынша Т4 тобына жататын қаптамалық тоқыма және былғары материалдары қолданылмауға тиіс;

жиһаз дайындауға арналған тоқыма және былғары материалдарына арналған қоса жүретін құжаттарда олардың өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат көрсетілуге тиіс.

Жиһаз өнімдерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) нысанында және мемлекеттік бақылау (қадағалау) нысанында жүргізіледі.

Осы техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті растау процедурасынан өткен жиһаз өнімдерінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланған таңбалауы болуға тиіс.

Таңбалау құрастырылған түрінде жеткізілетін жиһаз бұйымдарына мықтап бекітілген қағаз құлақшаға (затбелгіге) немесе матадан жасалған құлақшаға баспа тәсілімен орындалуға тиіс.

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму

министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы - Майрамқызы Қалима

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17687?lang=kk