«ЕР САЙ КАСПИАНКОНТРАКТОР» ЖШС-НЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
11.04.2025 03:42:32 21292017 жылы 5 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштерін жақсарту шараларының жоспары бойынша, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикатор дәрежесін кеңейту мақсатында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдерімен «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС кәсіпорнына барып қайтты.
«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС кәсіпорынның негізгі бағыттары өндірістік және азаматтық құрылыстар, соның ішінде теңіз опрецияларына арналған үлкен өлшемді құрылымы металдық құрылыстар болып табылады.
«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС теңіз жобаларын инжинирингтен бастап салынған объектілерді пайдалануға беруге дейінгі басқаруды жүзеге асыратын Қазақстандағы санаулы компаниялардың бірі. Сонымен қатар, «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС соның ішінде теңізден мұнай, газ өндіру және бағдарлау кезінде, құрылыс кезінде пайда болатын мұнай шламдарын, қатты және сұйық қалдықтарды жою, сұрыптау, қайта өңдеуді жүзеге асырады.
Кәсіпорынға бару барысында келесі бөлімдер бойынша материалдар ұсынылды:
- ЕАЭО, техникалық реттеу шеңберінде өткізілетін жұмыстар;
- стандарттау облысындағы заңжобалық жұмыстар;
- техникалық реттеу және метрология сұрақтары.
«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалымен стандарттау бойынша нормативті техникалық құжаттарды өзектендіру сұрақтары бойынша тұрақты негізде жұмыс жасайды.
Кәсіпорынға бару нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне бекітілген «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша жүргізілетін сауалнамаға қатысуға белсенді ат салысу ұсынылды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19039?lang=kk