АККРИДЕТТЕУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
11.04.2025 05:52:28 1735Аккридеттеу – орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзырын ресми танитын рәсім. Бәріміз білетіндей, бұл халықтық өнімді қолданғанда қауіпсіз болуы қажет, жеңіл өнім не электрожабдық тауарлары болсада. Өнімнің қауіпсіздігі негізгі техникалық уақыт тәртібімен межеленеді. Егер өнім дұрыс болмаса сатуға жол берілмейді. Егер өнім сәйкестігін бағалау рәсімінен өтпесе, онда өнімнің сәйкестігін тану аккридеттеу туралы органның шешімімен бекітіледі.
«Сәйкестікті бағалау аясындағы аккридеттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, персоналға, заңды тұлғаларға талаптардың орындалуын сәйкестікті растайтын органдар қадағалайды.
Бақылау өлшемдерін сақтау мақсатында аккридеттеу жөніндегі орган, инспекциялық тексеру, бақылау қызметіне қатысты аккридеттеу өткізеді. Егер жоғарғы дәрежеде болса, бағалау критерилеріне сәйкес шағым болған жағдайда аккридеттеу субъектісіне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізіледі.
Акридеттеу субъектілерінің қызметіне қатысты мемлекеттік бақылау – Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттерімен жүргізіледі.
Тексеріс парағына сәйкес акридеттеу субъектілерінің қызметіне қатысты мемлекеттік бақылауда, аттестациялық тексеріс, берілген сертификаттың сәйкестігі туралы мәліметтер, нормативті құжаттың жабдықталуы тексеріледі, техникалық регламент қауіпсіздік көрсеткішінің орнатылғандығы тексерледі. Инспекциялық тексеру аккредиттеуден кейінгі шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші инспекциялық тексеру бастапқы аккридеттелген күннен кейін жүргізіледі.
Бұзушылықтар орын алған жағдайдасәйкестікті растау органдары және сарапшы-аудиторлар міндетті сәйкестікті растау ережелерін бұзғаны үшін және заңсыз берілген сәйкстік сертификаттары мен сәйкестік декларациялары үшін аккредиттеу аттестатын алты айға тоқтата отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады..
Аккредиттеу субъектісінің заңсыз қызметі туралы ақпарат бар болған жағдайда техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментіне хабарласу қажет. Департамен өз кезегінде өтінішіңізді егжей –тегжей қарап, жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесін хабарлайтын болады.
Мұқыжанов Ғалым Ғабдуллаұлы - техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы.
Баспосөз бөлімі
87172 750507
Email: ktrmmir@mail.ru
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19542?lang=kk