ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬШАНЫҢ ӨЗАРА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬШАНЫҢ ӨЗАРА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11.04.2025 09:42:44 1786

Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаировтың Польша Республикасының вице-министрі Я.Эмилевич  ханыммен кездесуі өтті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік мәселелері талқылады.

Я.Эмилевич Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кеңейтілгенін және қазіргі таңда а.ж. 6 қыркүйекте  Астанада  өткізілуі жоспарланған Қазақстан-поляк бизнес-форумына дайындық жұмыстары жүргізіліп отырғаны жайлы хабардар етті. Сонымен қатар, Я.Эмилевич ҚР Президентінінің 2016 жылы Польша Республикасына іс-сапарының табысты болғанын атап өтті. 

 Е.Хаиров «Атамекен» ҰКП бірлесіп Қазақстан-поляк бизнес-форумын өткізуде қолдау көрсетуге дайын екендігін  хабарлады.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20411?lang=kk