ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬШАНЫҢ ӨЗАРА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11.04.2025 09:42:44 1778Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаировтың Польша Республикасының вице-министрі Я.Эмилевич ханыммен кездесуі өтті.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік мәселелері талқылады.
Я.Эмилевич Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кеңейтілгенін және қазіргі таңда а.ж. 6 қыркүйекте Астанада өткізілуі жоспарланған Қазақстан-поляк бизнес-форумына дайындық жұмыстары жүргізіліп отырғаны жайлы хабардар етті. Сонымен қатар, Я.Эмилевич ҚР Президентінінің 2016 жылы Польша Республикасына іс-сапарының табысты болғанын атап өтті.
Е.Хаиров «Атамекен» ҰКП бірлесіп Қазақстан-поляк бизнес-форумын өткізуде қолдау көрсетуге дайын екендігін хабарлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20411?lang=kk