«СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН АТТЕСТАТТАУ ТӘРТІБІ»
11.04.2025 12:02:53 1600Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына ҚР СТ 2.75 – 2009 «Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі» сәйкес жүргізіледі.
Нормаланған сыртқы әсер ететін факторларды және жүктемені жаңғыртатын сынау жабдығы аттестаттауға жатады. Сынау жабдығын аттестаттау жіберілетін ауытқу шектерінде сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін растау және сынау жабдығының мақсатқа сәйкес пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Аттестаттауға тәжірибелі үлгілер, сериялық шығарылатын және жаңартылатын жабдық, республикада жеке данада дайындалған, сондай-ақ республика аумағында әкелуге және пайдалануға арналған жабдық жатады.
Сынау жабдығы алғашқы, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады.
Сынау жабдығын аттестаттауды сынау жабдықтарының пайдаланушысы болып табылатын заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады. Сынау жабдығын аттестаттауға мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық немесе 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-ІV Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес метрологиялық жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген басқа заңды тұлғалар қатысуы мүмкін.
Сынау жабдықтары аттестаттауға техникалық құжаттармен және қалыпты жұмыс істеу және аттестаттауға жүргізу үшін қажет қосалқы техникалық құралдармен ұсынылады.
Ұсынылған техникалық құралдардың құрамында болусы тиіс:
- техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар;
- ГОСТ 2.601 бойынша пайдалану құжаттары;
- жобалау құжаттары (бар болса);
- сынау жабдығын аттестаттау бағдарламасы.
Республика аумағына әкелінетін сынау жабдықтары мемлекеттік тілге аудармасымен немесе орыс тілінде аттестаттауға құжаттамалармен бірге ұсынылады.
Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі толығырақ танысу үшін Ұлттық стандарт ҚР СТ 2.75 – 2009 «Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі» немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады, мекенжайымыз Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 11 үй, тел.: 750541, 750543, 750550, email: gosnadzor_astana@mail.ru.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20939?lang=kk