«ҚАЗАҚСТАНЫҢ ҮЗДІК ТОВАРЫ» –ӨҢІРЛІК КОНКУРСЫ

«ҚАЗАҚСТАНЫҢ ҮЗДІК ТОВАРЫ» –ӨҢІРЛІК КОНКУРСЫ

11.04.2025 12:07:56 1678

Шілденің 1-і Жастар сарайында «Қазақстанның үздік тауары–2017» өңірлік көрме-байқауы өтті.  Бұл іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының 40-қа жуық кәсіпорыны қатысты. «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының жеңімпаздары болып: I орын – «ViZaVi Company» ЖШС, II орын– «Пилипушко» ЖК, III орын – «Казмолторг» ЖШС иеленді.  «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жүлделі орындарды: I орынды – «Soltustik Rubber Recycling» ЖШС, II орынды – «БН Петропавл арақ зауыты», III орынды – «Левин В.Д.» ЖК атанды, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында I орын –«Севермонтажавтоматика» ЖШС, II орын – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, III орын – «ЗМО» ЖШС иеленген болатын.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментнің бас маманы Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында,»Үздік азық-түлік тауарлары», «Халық тұтынатын үздік тауарлар». «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациялары бойынша   алдын ала сараптамалық бағалау беру үшін сараптамалық топ құрамына кірген болатын.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік сайысындағы жеңіс Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға мүмкіндік береді. 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20969?lang=kk