2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЫДҰ ҚАҒИДАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ӘЗІРЛЕУ

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЫДҰ ҚАҒИДАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ӘЗІРЛЕУ

11.04.2025 12:07:57 2130

Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын енгізу және имплементациялау арқылы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне нақты ұстаным қойылды.

Қазақстан үшін ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық қарым-қатынаста болу стратегиялық басымдылық болып табылады, оның шеңберінде бизнесті қолдау, дамыту және қолайлы орта жасау, сондай-ақ жаңа технологияларды қалыптастыру бойынша ЭЫДҰ-ның нұсқауларын өндіріске енгізуді  талап етіледі.

ЭЫДҰ елдерінің нұсқауларын енгізу жұмыстары стандарттарды әзірлеу арқылы іске асуда.

Өндіріс өнімділігін арттыру мақсатында ЭЫДҰ-ы елдерінің 157 қағидаттары іріктеліп, оның 15-і негізінде 2018-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарлары шеңберінде ұлттық стандарттар әзірленеді.

Аталмыш деректерді пайдаланудың артықшылығы металлургия, химиялық өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларда экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және техникалық сектордың дамуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқару құрылымдарының, бизнес-қауымдастықтар және басқа да техникалық реттеу субъектілерінің қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-ның қағидаттары негізінде 142 стандарт 2019 және 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарлары негізінде әзірлеу мәселесі пысықталуда.

Анықтама: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (қысқ. ЭЫДҰ, ағыл. Organisation for Economic Cooperation and Development, OECD) - Құрамына  әлемнің 35 елі мүше болып табылатын демократия мен еркін нарықтық экономика принциптерін мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20974?lang=kk