АВИА ЖОЛАУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
11.04.2025 13:38:01 1783Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты Қазақстан азаматтарына ел ішінде, сонымен бірге шетелде, сондай-ақ сапалы қызмет көрсету және қолайлы саяхаттауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми интернет-ресурсында әуе көлігімен саяхаттаушы жолаушыларға арналған арнайы бөлім ашты. Бұл бөлімде жолаушылар мен багажды тасымалдау рәсімдері, авиабилеттерді сатып алу тәртібі, әуе жолаушыларының құқықтары мен міндеттеріне қатысты және т.б. жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.
Бұл ақпарат жолдағы немесе рейстердің кешігуіне байланысты жағдайға тап болған, сондай-ақ енді саяхаттауды жоспарлап отырған жолаушыларға пайдалы.
Ақпарат Комитеттің aviation.mid.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Авиажолаушыларға» бөлімінде қолжетімді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21303?lang=kk