АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУ» ҚР СТ ISO 24503 ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
11.04.2025 17:38:36 16882017 жылдың 2 қарашасында ТРМК Алматы қаласы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалымен бірлесе отырып «Эргономикалық жобалау» ҚР СТ ISO 24503 ұлттық стандарт жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. 2017 жылғы мемлекеттік стандарт Жобасына сәйкес «ҚазСтИн» РМК «Тұтынушылар өнімдерінің штрихтары мен түйсіну нүктелері» құрастырылған.
Стандарт әзірлеудің мақсаты көз мүгедектері үшін көрсетілетін қызмет саласындағы стандарттау нысандарын кеңейту және өнімнің сапасын жоғарлату болып табылады. Республикада осы стандартта қарастырылатын стандаттау нысандары, сонымен қатар оған ұқсас нысандарға нормативтік құжаттар жоқ.
Дөңгелек үстелге түйсіну өнімдерін өндіруші-кәсіпорындардың: Самгау груп» ЖШС, «Papirus Print» ЖШС, «RK-ORDASY» ЖШС, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары стандар жобасының талаптарын белсенді талқылады. Сонымен қатар, өндірушілер көздері әрен көретін және көрмейтін адамдарға арналған өздері шығарын түйсіну өнімдерін көрсетті.
Іс-шараның аяғында қатысушылар осы стандартты қабылдау және енгізу ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірінің сапасын және жағдайын айтарлықтай жақсартуға болатындығы жайлы ойларымен бөлісті.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22259?lang=kk