МАЙ-ТОҢМАЙ ӨНІМДЕРІ

МАЙ-ТОҢМАЙ ӨНІМДЕРІ

11.04.2025 18:48:34 1695

Май-тоңмай өнімі – өсімдік майы және суды, тамақ қоспаларын және басқа ингредиенттерді қосу арқылы немесе қоспай-ақ өсімдік немесе өсімдік және жануар (балық және теңіз сүт қоректілер майын қосқанда) майларының негізінде дайындалған өнім.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында шығарылатын май-тоңмай өніміне, оған қойылатын талаптарды КО ТР 024/2011 «Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламентіне» сәйкес белгіленеді. Осы техникалық регламент Кеден одағының комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанындағы № 883 шешімімен 2013 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.

Кеден одағына қатысушы елдердің аумағында айналымға шығарылатын май-тоңмай өнімі, тағамдық май-тоңмай өнімінің жарамдылық мерзімі және тағамдық емес май-тоңмай өнімдерін сақтау мерзімі ішінде мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өміріне және денсаулығына қауіп төндірмеуге тиіс.

Техникалық регламенттің қолданысы келесілерге таралмайды:

  • өсімдік майынан басқа, өнеркәсіптік емес өндіріс процесінде алынған май-тоңмай өніміне;
  • табиғи шикі глицериннен және кір сабынынан басқа, тағамдық емес май-тоңмай өніміне.

Осы техникалық регламент техникалық талаптарын тек қана май және тоңмай өнімдеріне ғана емес, өнімнің қаптамасына, таңбалауына, сақталуына тасмалдауына және өндірілуіне қойылады. Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламенті Кеден одағының аумағында айналымға шығарылады және қолданылады.

Май-тоңмай өнімінің тұтынушылық орауышын таңбалау түсінікті, жеңіл оқылатын, анық болуға тиіс және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелмеуге тиіс, бұл ретте жазбалар, белгілер, символдар таңбалау орналасқан фонға қарама-қарсы болуға тиіс. Маргариндердің және спредтердің атауларында «май» сөзі олармен түбірлес сөздерге, сондай-ақ құрамында «май» сөзі бар сөз тіркестеріне жол берілмейді.

Май-тоңмай өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттері нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау оған таралатын Кеден одағының барлық техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы куәландырады.

Техникалық регламентпен толық Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org танысуға болады.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сабирова Асем Холмирзоевна

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22468?lang=kk