АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
11.04.2025 18:48:44 1922Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесе отырып, «Analytical Complex International Laboratory» сынақ зертханасы «Орталық Азия (Алматы) экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС барды.
Кездесу барысында техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы сынақ орталығының жұмысымен танысты,сондай-ақ метрологиялық қамтамасыз ету, аккредиттеу, Техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды оқыту, сондай-ақ Бірыңғай мемлекеттік қордың жұмысына қатысты, стандарттау бойынша құжаттарды жыл сайын өзектендіру туралы, стандарттарды әзірлеу туралы ҚР заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша, Департамент өкілдерімен өнімдердің сәйкестігін растау рәсімдері, техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндірді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22488?lang=kk