СИАНЬ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

СИАНЬ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

09.07.2025 18:12:44 132

«Шымкент – Сиань» бағытында жаңадан ашылған тікелей халықаралық әуе рейсі аясында Шымкент қаласының арнайы делегациясы Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырды.


Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларда екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды B2B форматындағы кездесулер өтті.


Мәселен, CITS Сиань шығу туризмі орталығының өкілімен туризм саласын дамыту және туристерді тарту мәселелері талқыланды.


Аталған шара барысында Шымкент қаласының туристік әлеуеті жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар, Мәдениет және туризм басқармаларымен және Shaanxi China Travel Service компания өкілдерімен бірлесе отырып, Шымкентке туристер тарту мақсатында туроператорлармен ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Сиань-Алматы халықаралық туристік пойызын Ұлы жібек жолы туристік пойызымен байланыстыру мәселесі де назардан тыс қалмай, Қытайлық әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.


Бұл маңызды қадам – екі қала арасындағы туристік бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа белестерге көтеруге септігін тигізеді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1031963?lang=kk