ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 2026 ЖЫЛҒА КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.
08.04.2026 18:50:05 185Ағымдағы жылы кеміргіштерге қарсы 2 011 000 шаршы метр өзен-каналдар, 16 168 ш.м. қала аумағындағы қоқыс жәшіктерінің аумағына (жылына 2 рет) залалсыздандыру жоспарлануда.
Аталған жұмыстар өзен-каналдардың аумағына және қоқыс жәшіктердің аумағына бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Ал, басқа да жеке және заңды тұлғалар, аталған аурулардың алдын алу үшін дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті (ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексінің 107 бабының 1 тармақшасы).
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1195555?lang=kk