Ambassador of the Republic of Kazakhstan to the State of Qatar met with the Director of the Asian Affairs Department of the Ministry of Foreign Affairs of Qatar
09.11.2026 14:10:35 336
Доха, 18 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Сыртқы істер министрлігі Азия істері департаментінің директоры Әл-Жауһара Юсеф Фахру ханыммен кездесу өткізді.
Департамент директоры Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы жан-жақты серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар екіжақты қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314692?lang=ru