Жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен бүгін мәжіліс өтіп, Түркістан облысында жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланған жиналысқа Ауыл шаруашылығы басқармасының, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Бақылау жөніндегі басқарманың және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның жауапты мамандары қатысты.Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвест-жобалар жоспарланған мерзімінде жұмысын бастауы үшін үйлестіру ісіне бақылау күшейтіледі. Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар құрылысына қатысты нақты тапсырмалар бекітті:- Құжаттарды кешіктіруге немесе туындаған мәселелерге немқұрайлы қарауға жол берілмесін. Міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқарыңыздар, - деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.Инвестициялық жобалар бойынша қозғалыс картасы әзірленіп, тұрақты түрде апталық есеп түзіледі. Сонымен қатар, жауапты мекемелер мен қызмет өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен апта сайын жұмыс кеңестерін өткізу келісілді.Онда инвесторлардың әр мәселесі жеке қаралып, пәрменді шешімдер қабылданады, осылайша, инвестордың ұсыныстары мен проблемалары әкімдіктің назарынан тыс қалмайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877404
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТАРИХЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨРМЕДЕ ТАНЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР 16.11.2024
Қызылорда қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең Түркістан өлкесі» көшпелі көрмесі өтіп жатыр. Аталған көрме Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи мұраларды насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Ашылу салтанатында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Баян Айтымбет көшпелі көрменің негізгі мақсатын түсіндіріп, Сыр елімен мәдени байланыстарды нығайту жұмыстарына тоқталды. Ал жиында сөз алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Көзейбаев Сапар ашып, көрменің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Көрмеге Түркістан облысының археологиялық және этнографиялық мұрасы, зергерлік бұйымдар коллекциясы, ер қаруы – бес қару, қасиетті сәулет ескерткіштері, қазақтың гобелен өнері және ағаш ою өнері туындылары және ең басты жәдігер – Кенесары хан Қасымұлының түпнұсқа қылышы қойылып, Сыр жұртшылығы мен қонақтары назарына ұсынылды.Айта кетейік, аталған көрме С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 15 қарашаға дейін жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877405
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЕСІК ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 16.11.2024
Сауран ауданында Ресейдің сапалы есіктерінен кем емес ішкі есіктер шығарылуда. Кәсіпкер ағайындылар Азизбек пен Бахадир Абдужалиловтар өндіріс цехын осы жылы іске қосқан. «Люкс Двери» шағын цехтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен Еңбекші Диқан елді мекенінің тұрғындары және ауыл ақсақалдары қатысты. Аталмыш цехта 60 маман жұмыс істейді. Бүгінде облыс және ауданның тұрғын үйлері мен ғимараттарға заманауи түрлі үлгідегі және әртүрлі көлемдегі есіктер сатылуда. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы, бағасы да қолжетімді.Есіктің қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару тек шын шебердің қолынан келеді. «Қимылдағанның қыр асатынын» жақсы білетін Азизбек пен Бахадир кәсіптің осы түрін қолға алып, жетістікке жетуде. Кәсіпкерлер алдағы уақытта есіктердің түрлерін көбейтіп, цех әлеуетін арттырып, көрші облыс пен қалалардан тапсырыстарды қабылдауды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877408
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: апта сайын фермерлердің жаңа өнімдері ұсынылады 16.11.2024
Астанада 9-10 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО-да өтеді. жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877383
Астанада жастар арасында есірткі қылмысымен күресу мәселесі талқыланды 16.11.2024
Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысушылар жасөспірімдердің денсаулығына төнген заманауи қауіп-қатер мәселелерін талқылады. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, ата-аналар мен мектеп психологтары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстелге қатысушыларға жасөспірімдерді есірткі қылмысына тартудан қалай аулақ болу керектігін полиция подполковнигі, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының аға жедел уәкілі Ұлжан Қабылдина айтып берді.«Жыл сайын елордада 10 мыңнан астам профилактикалық іс-шара – акциялар, семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Бірақ бұл жұмыста басты назар орта мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне аударылады. Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша 1,5 мың іс-шара 15 мың белсенді азаматтың қатысуымен өткізіледі. Мақсаты – балаларды есірткіні қолданудың зиянды әсерлері туралы хабардар ету және олардың заңсыз мінез-құлықтан бас тартуын қалыптастыру. Өйткені, жастар өздерінің тәжірибесіздігіне байланысты есірткі сатушылардың негізгі нысанасына айналады. Сонымен қатар, басқа да іс-шаралар жалғасуда. Мысалы, қызметтік иттердің көмегімен жатақханалар мен сәлемдемелерді жеткізетін логистикалық компанияларды тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен есірткі жарнамасын анықтау, граффити бояу және басқа да іс-шаралар жалғасуда», - деді Ұлжан Қабылдина.Оның айтуынша, жыл сайын есірткі қылмысы үшін ұсталған кәмелетке толмағандар саны артып келеді.«Биыл ғана 39-дан астам кәмелетке толмаған адам ұсталды. Оның ішінде 13-і – оқушы, 22-сі – колледж студенті, 1-еуі – ЖОО студенті және үшеуі оқымайды. Айта кету керек, 9-сынып оқушылары да есірткі қоюмен айналысқан жағдайлар бар. Сондықтан біз оқушылармен және студенттерге түсіндіру жұмысын жүргіземіз, онда есірткі қылмыстарына қатысудың салдары туралы айтамыз. Жекелеген іс-шаралар негізінен ата-аналармен өткізіледі. Ата-аналар балаларымен жұмыс істеуі керек, не істеп жатқанын білуі тиіс және оларды бақылауда ұстауы қажет. Жастар өздерінің білместігінен олардың қатарына қосылып кетеді. Бұл үшін 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін түсіндіру қажет», — деп атап өтті ол.Құқық қорғау органдарының өкілі ата-аналарға, психологтарға және мүдделі органдардың қызметкерлеріне балаларға көбірек уақыт бөлу керек екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877390
ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына келді 16.11.2024
Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен үнді мемлекеттік компаниясы IREL Limited және «IREUK Titanium Limited» арасында титан қожы өндірісі бойынша Қазақстан-Үнді бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім-шарттың ресми рәсіміне қатысты.- Үндістан Шығыс Қазақстанның сыртқы саудасында динамикалық өсімді көрсетіп отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Үнді арасындағы берік байланысты көрсететін маңызды кездесуде басымыз қосылып отыр. Өскемен титан-магний комбинаты мен үнді компаниясы IREL Limited арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт біздің өзара әрекеттесуіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және екі елдің дамуына елеулі үлес қосады. Бұл келісім біздің ортақ мақсаттарымызды атап көрсетеді және жоғары технологиялар мен тұрақты даму саласындағы басқа жобаларды жүзеге асыру үшін серпін береді, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.Бұл келісім «УКТМК» АҚ-ның шикізат базасын кеңейтуіне мүмкіндік береді, бұл Қазақстан титанының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Өз кезегінде, бұл Қазақстан мен Үнді Республикасының экономикалық өсімін және әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал етеді.«УКТМК» АҚ атынан келісімді компания президенті Асем Мамутова, ал IREL Limited компаниясы атынан басқарушы директор Дипендра Сингх мырза қол қойды.Рәсімге Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нурлан Жалғасбаев, Мумбайдағы ҚР Құрметті консулы Махендра Кумар Сангхи және Мумбайдағы ҚР Құрметті консулының орынбасары Ассиф Навруз, Шығыс Қазақстан облысының индустрия басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Маратов, сондай-ақ «УКТМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер мырза қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/877351
Аудандық ауруханаға құрал-жабдықтар сатып алынды 16.11.2024
«Елімай» ФК мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаның бастамашысы — Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.Осы келісім аясында Абай ауданы орталық аудандық ауруханасына жалпы құны 4,6 миллион теңгені құрайтын заманауи стоматологиялық құрал-жабдықтар мен физиотерапиялық бөлімше берілді. Бұл медициналық қызметтердің сапасын жақсартып, оларды аудан тұрғындарына қолжетімді етпек. Және науқастарды емдеу және алдын алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.Жиналғандар алдында сөз сөйлеген футбол клубының өкілдері бұл жай ғана қаржылай көмек емес, халықтың денсаулығы мен тұрмысына деген шынайы қамқорлықтың көрінісі екенін баса айтты. Олар бұл акцияның өңірдегі өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараның бір бөлігіне айналғанын айтып, медициналық мекемелермен ынтымақтастықтың жалғасатынына өз сенімдерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/877379
Абай университеті биолог-студенттерінің жаңа зоо-ақпараттық жобасы 16.11.2024
Абай университеті биолог-студенттерінің жаңа зоо-ақпараттық жобасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «6В01513 – Биология» мамандығының 3 курс студенттері Камила Мереке мен Яна Филатова биология кафедрасының доценті К.И. Батырованың жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағына арналған бірегей сайт әзірледі. Жоба Wix платформасында жүзеге асырылды және хайуанаттар бағының жануарлары туралы жеті тақырыптық бөлімге бөлінген кең ақпараттық ресурс болып табылады. Сайттың әрбір бөлімінде хайуанаттар бағында мекендейтін жануарлардың түрлері туралы егжей-тегжейлі сипаттамалар берілген, бұл келушілерге Қазақстанның ең көне зообағы фаунасының сирек және бірегей түрлері туралы білуге мүмкіндік береді. Сайттың ерекшелігі – Алматы хайуанаттар бағының жануарлары, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, ерекше қорғалатын олардың түрлері туралы толық ақпарат алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр. Бұл жоба хайуанаттар бағының биоәртүрлілігі туралы ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар аудиторияға ғылымды, табиғатты қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды кеңінен насихаттауға көмектеседі. Жоба білім беру мекемелерінің қоғамдық және табиғатты қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығының маңыздылығын айқындай отырып, студенттердің жоғары кәсіби деңгейі мен бастамашылдығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/877327
Пияз және картоп өндірушілеріне арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 04.11.2024 16.11.2024
Ұсынымдарды «дәнді және майлы дақылдар» зерттеу бюросы дайындады және таныстыру сипатына ие.Қазақстанның картоп пен пияз нарықтары шығындардың өсуіне, қорлардың шектелуіне, сондай-ақ қысқы кезеңде сұраныстың ұлғаюына байланысты бағаларға айтарлықтай қысымға ұшырайды.Картоп Көтерме баға (теңге) Павлодар облысы75 - 100Сұраныстың артуына және қорлардың біртіндеп азаюына байланысты өсім байқаладыАлматы облысы150Қорлар шектеулі, сұраныс жоғарыАстана (Ақмола облысы)40Картоптың барлық дерлік қоры сатылдыСолтүстік Қазақстан облысы100–140Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, қалдықтарды ұстайдыҚостанай облысы120 - 180Тауарлық-материалдық құндылықтар шектеулі, бұл бағаға қысым жасайдыПияз Көтерме баға (теңге) Жамбыл облысы75–100Жоғары сұраныс аясында бағаның өсуі байқалады, өндірушілер қорларды одан әрі өсуді күтудеАлматы облысы65–70Тауарлы материалдық қорлардың азаюы және өндіріс шығындарының артуы кейбір өндірушілердің сатылымын тоқтаттыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/877341
Алимент, айыппұл, салық берешектері: Астанада «Борышкер» іс-шарасы өтіп жатыр 16.11.2024
Астана қаласының аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталған іс-шараға Астана қаласының Әділет департаменті, Астана қаласының полиция департаменті, сондай-ақ Астана қаласының атқарушы округінің жеке сот орындаушылары қатысады.Іс-шараның мақсаты – алимент, мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдар, салық берешектері бойынша төленбеген берешектері бар адамдарды анықтау. Мәселен, іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері 114 автокөлікті тоқтатты, олардың иелері жоғарыда аталған санаттар бойынша төленбеген берешектері бар.Көп жағдайда, тәжірибе көрсеткендей, иелері, сондай-ақ көлік жүргізушілері төленбеген салық берешектері, айыппұлдары бар екенін білгеннен кейін ғана төлейді. Алайда, борышкерлердің алимент берешектерін және 1 млн теңгеден астам берешегі бар ЖҚЕ қасақана бұзушыларды төлеуден қасақана жалтару жағдайлары да болды.Барлығы 7 автокөлік ұсталып, коммуналдық тұраққа қамалды, олардың иелері ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған, сол сияқты айыппұлдары мен алименттерін төлемеген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877259
Красный Яр ауылында 10 алаң пайдалануға беріледі 16.11.2024
Красный Яр ауылында 10 алаңның құрылысы аяқталды. Бүгінгі таңда «Кен дала» және «АзимутСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымдары алаңдар аумағын абаттандырумен айналысады.Төрт алаң тұрғындарға ашық ауада спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін заманауи воркаут жабдықтарымен жабдықталған. Футбол алаңы да төрт метрлік тормен қоршалған.Тағы алты алаң балаларға арналған және қауіпсіз тартанмен, құм жәшіктерімен, әткеншектермен және басқа ойын элементтерімен жабдықталған. Барлық алаңдар жоғары сапалы материалдардан – екі қабатты бетоннан және тартаннан жасалған.Жаңа нысандар ауылдың 15-тен астам көшелерін қамтиды, бұл бүкіл елді мекен тұрғындары үшін спорт және ойын аймақтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.Бұл алаңдардың ашылуы өңірде жүзеге асырылып жатқан абаттандыру бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Көкшетау қаласында осындай 12 нысан пайдалануға берілді, қараша айының соңына дейін 15 алаң бойынша жұмысты аяқтау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877244
Денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген ардагері Болат Жанәділов өмірден өтті 16.11.2024
85 жасында Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының ардагері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Болат Сүлейменұлы Жанәділов дүниеден озды.Ол өзінің өмірінің 50 жылдан астам уақытын денсаулық сақтау саласына арнап, тек Ақмола облысында ғана емес, бүкіл елде осы саланың дамуына үлкен үлес қосты.Болат Жанәділов 1940 жылы 14 маусымда Көкшетау облысы Айыртау ауданы Қазгородок ауылында дүниеге келген. Қарағанды медициналық институтының емдеу факультетін 1965 жылы бітірген соң, дәрігер-анестезиолог болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы Көкшетау облыстық ауруханасының анестезиология бөлімінің меңгерушісі болды.1970 жылы емдеу жұмыстары жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды. 1973 жылдан 1992 жылға дейін – Көкшетау облыстық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет етті.1992 жылдың ақпанында Б.Жанәділов Көкшетау облысы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне ұсынылды. 1995 жылдың қараша айынан 1997 жылдың ақпанына дейін Көкшетау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.Болат Жанәділов басшылықта болған жылдары облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды, жаңа корпустар салынды, сол кездегі заманауи диагностика және емдеу технологиялары енгізілді. Көкшетауда Болат Сүлейменұлының белсенді қолдауымен «Мейірім» мейірбике күтімінің ауруханасы, жүйке аурулары бар балаларға арналған «Болашақ» оңалту орталығы, медициналық-генетикалық орталық, облыстық қазақ драмалық театры ашылды.1997 жылдан бастап Болат Жанәділов Көкшетау облыстық ауруханасында емхана жұмыстары бойынша бас дәрігердің орынбасары, кейінірек Ақмола облыстық ауруханасының мұражай меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2015 жылы 75 жасында зейнетке шықты.Болат Сүлейменұлы Жанәділов – жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы. Ол «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Тыңның 50 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Денсаулық сақтау үздігі», «И.И. Пирогов 1810–1881 жж.», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.Болат Сүлейменұлы өзінің басты өмірлік мақсатын жұртшылыққа қызмет ету деп санап, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, ауруханаларды кадрлармен қамтамасыз ету, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау бағытында талмай жұмыс істеп, кәсібіни қағидаларына адал болып қалды.Оның жарқын бейнесі туыстарының, әріптестерінің, шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877282
«Alash» командасы FIRST TECH CHALLENGE аймақтық чемпионатында көш бастап тұр 16.11.2024
Алматыда қаласында First Tech Challenge аймақтық чемпионаты аяқталды. Абай облысы Электротехникалық колледжінің «ALASH» командасы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық рейтингте 1 орынды, ал әлемдік есепте 18 орынды иеленді.Чемпионатқа Абай және Алматы облыстары мен Қырғызстаннан келген 26 команда қатысты. «ALASH» командасы инженерлік жобалауда ерекше жетістіктері үшін «Design Award Winner» және «Final Alliance Captain Award» номинациялары бойынша жоғары марапаттарға ие болды.Турнир қорытындысы бойынша «ALASH» командасы әлемдік топ-4 қатарына кіріп, Қазақстан бойынша топ-1 орынды иеленді. Осылайша, Абай облысының командасы робототехника саласында халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Команда алдағы уақытта Орталық Азия чемпионатына қатысуға және әлемдік аренада өнер көрсетуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/877205
Еліміздің жол құрылысы саласында жаңа технология сынақтан өтуде 16.11.2024
Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары (ҚазжолҒЗИ) республикалық маңызы бар автожолдарда ауа температурасы -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы технологияны сынақтан өткізуде. Арнайы қоспа күн райы суыған кезде де жол құрылысы жұмыстарын жалғастыруға септігін тигізбек. Бұл әсіресе құрылыс маусымы 3-4 айға ғана созылатын еліміздің солтүстік өңірлері үшін маңызды.Жол құрылысы стандарттары бойынша, асфальт-бетон қоспасының температурасы жол салу кезінде кемінде 125-130 градус болуы керек, ал асфальт тек +5 градустан жоғары ауа температурасында ғана төселуі тиіс. Алайда ғалымдар қоспаны 90 градус температурада дайындап, оны -10 градусқа дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік беретін кешенді қоспаны ойлап тапты.Қоспаны қолдану барысында жол жамылғысының барлық физика-механикалық қасиеттері сақталады, асфальтты дайындау және тығыздау кезеңдерінде энергия шығыны едәуір азайып, қоршаған ортаға тиетін теріс әсер көрсеткіші төмендейді. Институт мамандары кешенді қоспа битум мен минералды материалдар арасындағы байланысты күшейтетініне де назар аударуда.Арнайы қоспанының зертханалық сынақтары алдымен Алматыдағы «ҚазжолҒЗИ»-дың лабораториясында жүргізілді. Зертханалық сынақ нәтижесі жаңа қоспа қатал климаттық жағдайда жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтынын көрсетті.Технология республикалық маңызы бар Күрті-Бұрылбайтал жолында сынақтан өтуде. Егер сынақ сәтті өтсе, бұл технология жол құрылысы маусымын ұзартып, энергия ресурстарына кететін шығынды қысқартып, асфальт-бетонды қыздыруға байланысты көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік бермек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/877293
UTEBAYEV UNIVERSITY ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ 16.11.2024
UTEBAYEV UNIVERSITY ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ Utebayev University білім беру процесін толықтай оқу полигонында өткізуді еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғаш болып қолға алып отыр. 4 қараша күні индустриялық-инновациялық полигон құрылысын бастауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған полигон құрылысы – Қазақстанның мұнай-газ саласына қажет мамандарды даярлау ісіндегі жаңа қадам. Салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев, қала әкімі Шәкір Кейкін, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова және университеттің Индустриалды комитеті мүшелері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты. Оқу-өндірістік полигонының алғашқы іргетасын қалау іс-шарасында уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті. «Атырау мұнай және газ университетінің Индустриалды комитеті мен «Ембімұнайгаз» АҚ қолға алған оқу полигонында студенттер озық технологиялармен жұмыс істеуді тәжірибе тұрғысында меңгеріп, нақты өндірістік міндетті шешуге және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік алады. Төрт гектар жерді алып жатқан полигонға еліміздегі техникалық жоғары оқу орындарының студенттері де келіп, тәжірибеден өтеді», - деді Гүлзада Шакуликова. Университеттің серіктесі «Ембімұнайгаз» АҚ өндіріс пен академиялық қауымдастықтың коммуникация алаңы ретінде болашақ мамандарды тәжірибелік тұрғыда даярлайтын индустриялық полигон құрылысына қолдау көрсетті. Атырау өңіріндегі жоғары тұтқырлы мұнайды өндіру мен өңдеуде озық технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті кадр даярлау үшін индустриялық полигонды пайдалануға беру өте маңызды. Жаңа инновациялық орталық университеттің ғана емес, өңірдің ғылыми-өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті компаниялармен, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнату, бірлескен жобалар іске асыру жоспарланып отыр. «Полигонда жер қойнауын барлаудан бастап мұнай өнімдерін өңдеуге дейінгі барлық өндірістік жұмыс атқарылады. Полигон базасында озық үлгідегі зертханалар, оқу-өндірістік алаңдар мен тәжірибелік қондырғылар, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдары қарастырылған», - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова. «Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасы» аясында Utebayev University индустриалды университет моделіне көшуге байланысты стратегиялық маңызды міндетін іске асыруда. Университетте 2020 жылы академиялық және ғылыми ортаны бизнеспен байланыстыратын Индустриалды комитет құрылды. Оқу орны мұнай-газ кешенімен тиімді ынтымақтастықты жалғастыра отырып, білім беру қызметін әлемдік нарыққа экспорттап, өңірге кәсіби мамандарды шоғырландыру мен зияткерлік капиталды арттыруға назар аударады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/877250
Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты 16.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Шанхай қаласында өткен China International Import Expo – VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты – халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.Халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңсесі Премьері Ли Цян, Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагим, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич қатысты.Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі болып отыр.Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде мемлекеттер арасындағы кедергісіз сауда-саттық, электронды коммерция, көлік пен логистиканы дамыту, озық ЖИ технологияларын енгізуде өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Жібек жолы электронды коммерциясы» пилоттық аймағын құрудағы ынтымақтастықты нығайту перспективалы болып саналады. Қазақстандық павильондар Alibaba және JD.com ірі сауда платформаларында табысты жұмыс істеп тұр, Douyin алаңында павильон ашу, Қазақстанда цифрлық сауда арналары арқылы логистиканы жеңілдету үшін бонд қоймалары мен кешенді қойма инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Қытайдан Еуропаға жерүсті тасымалының 80%-дан астамын қамтиды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автодәлізі, Ляньюньган портындағы логистикалық орталық, Сиань құрғақ портындағы жүк терминалы, Қытаймен шекарадағы үшінші теміржол өткізу пункті және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалар трансқұрлықтық экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын ұлғайтуға және екі ел халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.Қазақстан цифрландыру саласында электрондық үкіметтің даму индексі бойынша 24-ші орынды, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орынды, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің рейтингіне сәйкес мемлекеттік технологиялардың жетілу индексінде 6-шы орынды алады. Жасанды интеллектіні қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу экономикалық прогрестің қозғаушы күші бола алады, деп атап өтті Олжас Бектенов.ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян және халықаралық көрмеге қатысушы елдер делегацияларының басшылары цифрландыру тақырыбына бағытталған Қазақстанның «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» ұлттық павильонында ұсынылған өнімдермен танысты. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade, Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, оның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің стартаптары көрсетілді, мысалы: Squares – әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис; Alaqan AI – алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім; Cerebra AI – инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу және басқалары бар.Қазақстанның коммерциялық павильонында биылғы жаңалық отандық өнімді онлайн сату болды. 260 м2 алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарының – олар ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Сондай-ақ павильон биыл 2 есеге ұлғайтылды, көрмеге қатысушылардың 80%-дан астамы – ШОБ өкілдері. Жыл сайын халықаралық көрмеге 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушылар қатысады, бұл ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға жағдай жасайды.Дереккөз: https://primeminister.kz/news/olzhas-bektenov-shankhayda-otken-vii-kytay-khalykaralyk-import-kormesinin-ashyluyna-katysty-29275 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/877229
Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов ADIPEC2024 халықаралық энергетикалық конференциясына қатысты 16.11.2024
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2024 жылғы 4-5 қазанда Абу-Дабиде өткен ADIPEC2024 ірі халықаралық энергетикалық конференциясына қатысты.Конференция аясында вице-министр "министрлердің дөңгелек үстелі" сессиясына қатысты, оның негізгі тақырыптары энергетикалық ауысудың басымдықтарын талқылау, өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін энергетикалық нарықтарды дамыту, энергетика саласын трансформациялау және әлемдік экономикадағы дамушы нарықтардың рөлі болды.Вице-министр сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік, тұрақтылық және болашақ энергия сұранысы, сондай-ақ технологиялық инновацияларды жеделдету және шығарындыларды азайту мақсаттарына жету үшін қажет маңызды серіктестіктер талқыланған ОПЕК-тің дөңгелек үстеліне қатысты.Сонымен қатар, Әлібек Жамауов TotalEnergies, Shell, ENI және ExxonMobil сияқты әлемдегі жетекші мұнай-газ компанияларының көрме павильондарына барып, саладағы соңғы жетістіктермен және инновациялармен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/877305
Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды 16.11.2024
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылуда. Ұлттық жоба аясында Қостанай облысының Заречный кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында тағы екі білім беру ұйымы пайдалануға берілді.Мектептер 900 және 1200 оқушы орындарына арналған. Мұнда 100-ден астам оқу кабинеті, оның ішінде зертханалары бар физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және STEM зертханалары бойынша сыныптар, сондай-ақ 3 спорт залы бар.Білім беру нысандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де барлық жағдай жасалған: пандустар, тұтқалар, көру қабілеті төмен жандарға арналған ескерту жүйелері, таблолар мен бағдарлар орнатылған.Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылының басынан елімізде 82 мыңға жуық оқушы орынына арналған 30 жайлы мектеп ашылды. Оның ішінде 9 мектеп Астанада, 6 мектеп Ақмола, 3 мектеп Алматы облыстарында және екі мектептен – Атырау және Жамбыл облыстарында, бір мектептен – Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында, сондай – ақ, 1 мектеп Алматы, 2 мектеп Шымкент қалаларында ашылды.2025 жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877238
Құландар елі: Жетісуда экологиялық туризмді дамытуға арналған ауқымды фестиваль өтті 16.11.2024
Жетісу облысында Қызыл кітапқа кірген құландарға арналған бірегей фестиваль екінші жыл қатарынан өтуде. Жануарлар популяциясының көп бөлігі осы аймаққа тиесілі, яғни 3600-дей құлан Кербұлақ ауданының «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің аумағын мекен етеді. Туристер жыл сайын осы әсем жаратылысты көруге мұнда арнайы келеді. Жыл басынан бері саябаққа 24 мың адам табан тіреген, соның 7 мыңы – Үндістан, Қытай, Корея, Франция, Германия және ТМД елдерінен келген шетелдік туристер, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бұл іс-шараның бастамашылары мен ұйымдастырушылары - Ұлттық парк басшылығы, облыс әкімдігі және «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы.Биылғы жылы фестиваль саябақтың тағы бір табиғи тылсымы – Айғайқұмның жанында өтті. 10-12 мың жыл бұрын пайда болған ұзындығы 3 км, биіктігі 150 метр бұл құм тау саябақтың айрықша белгісі іспеттес, Жетісу өлкесінің табиғи кереметтерінің бірі. Фестивальда ниет білдірушілер марафонға қатысып, ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов бұлағынан құм төбене дейінгі аралыққа жүгірді. Шыңға жете алғандар Іле өзенін биіктен бақылап, саябақтың керемет көріністерін үстінен тамашалады, тіпті құмның «әнін» де ести алғандар бар. Сондай-ақ арқан тартыс, кір көтеру сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылып, концерттік нөмірлер ұсынылды.– «Алтынемел - құландар мекені» фестивалі екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Фестивальға жыл сайын 1 мыңға жуық адам қатысады, Алматы қаласынан да, басқа өңірлерден де арнайы келеді. Былтыр фестивальді «Алтынемел» визит орталығының жанында өткіздік, ол жерде келушілер құландар табынын табиғи мекендейтін жерлерден тамашалады. Ал биылғы жылы фестивальді Жетісу өңіріндегі бірегей туристік нысандардың бірі Айғайқұмның жанында ұйымдастырдық. Қатысушылар құландарды, қарақұйрықтарды, сәті келсе, саябақтың басқа да ерекше жануарларын тамашалау үшін оларға фото -, видео сафари ұйымдастырылды. Мұның бәрі экологиялық туризмді дамытуға ықпал етеді, өйткені ұлттық парктер Жетісу облысындағы 5 туристік бағыттың бірі, - деді «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының жетекшісі Жандос Нұриев.Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальді өткізу ең алдымен Қызыл кітапқа енген жануарларды, соның ішінде құландарды сақтап қалуға бағытталған. Біршама жылдар бұрын Түркіменстаннан ұлттық паркке 30-ға жуық құлан әкелінген, ал қазір бұл жердегі құландар саны едәуір көбейді. Мысалы, өткен жылы саябақ аумағын 3 мыңға жуық құлан мекендесе, биыл олардың саны 3600-ге жетті. Бұл биологиялық түрдің бір бөлігі ұлттық парктен басқа аймақтарға да таралуда.- Жануарлар популяциясының көбеюіне, саябақтың дамуына, бірінші кезекте туристер санының артуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Қауіпсіздікті жақсарту үшін 14 жаңа мотоцикл мен моторлы қайық сатып алынды, сонымен қатар 10 трактор, қарда жүретін көліктер, дрон алдық, дронды түнде де ұшыруға болады. Фестиваль аясында біздің саябаққа 14 жол талғамайтын көлік келді. Жол инфрақұрылымын жақсартуда облыс әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңызы зор. Өткізілетін имидждік іс-шаралар арқылы туристерді көптеп тарта бастадық. Мұның бәрі саябақтың дамуына, фауна мен флораның сақталуына оң әсерін тигізіп отыр. Былтыр саябаққа 16 мың турист келсе, биыл жыл басынан бері олардың саны 24 мыңға жетті, - деп атап өтті «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Қуат Байтұрбаев.Ұлттық парктің жалпы аумағы 307 мың гектардан асады. Бірегей табиғатын, сирек кездесетін жануарларын, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау үшін «Алтынемел» ЮНЕСКО биосфералық резерватының халықаралық мәртебесін иеленген. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктердің 31 түрі, Қазақстанның Қызыл кітабына және халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген жануарлардың 66 түрі кездеседі. Соның ішінде барыс, құлан, қарақұйрық және т.б. бар. Жақында таулы жерлерге қоңыр аюдың келгені байқалған. Ұлттық саябақ бірегей табиғи нысандарымен де танымал. Олардың қатарында «Айғайқұм», Ақтау бор таулары, Қатутау шөлді лава таулары, 700 жылдық тал, Бесшатыр сақ қорғандары, Таңбалы тас петроглифтері бар. Қонақтар фестивальдің екінші күні осы бірегей табиғи нысандардың бірқатарын тамашалауға мүмкіндік алды.- Қазір Қазақстан әсіресе көркем табиғатының арқасында Үндістанда жақсы танымал. Біз Шымбұлақта, Көлсай, Қайыңды көлдерінің жағасында болдық, ал бүгін «Алтынемел» ұлттық саябағы мен Айғайқұмның тамашасын көзбен көріп, зерттеп-біліп жатырмыз. Әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді Үндістаннан келген турист Намбутасеха.Фестиваль туралы Алматыдан келген жас қонақ Рената Линник те ой бөлісті:- Мен мұнда алғаш рет 5 жыл бұрын отбасыммен бірге келгенмін. Соңғы келгенімде Айғайқұмның «әнін» ести алмай кеттім. Бірақ бұл жолы жолым болып, құмның дауысын естідім. Оның биігіне шыққандағы әсерің тіпті бөлек болады. Ондағы мүлгіген тыныштық, зәу биіктен қарағандағы көрініс ғажап. Мұндай фестивальдар осы әлеміміздің, табиғатымыздың кереметтігін танытып, бізді біріктіре түседі деп ойлаймын, - деді ол.Атап өтсек, биыл жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» жолының ұзындығы 23 шақырым болатын Алтынемел асуындағы учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, осы жолдың 0-45 км учаскесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды, оны келесі жылы аяқтау жоспарланған. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотосуреттер мен бейнетүсірілімдерді «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы ұсындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/877175
АУДАНДА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ 16.11.2024
Әл-Фараби ауданы «Көл» аумағына тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында, «EL-KZ 2020» ЖШС демеушілігімен 10-нан аса балалар ойын элементтерінен және тренажер элементтерінен тұратын алаңша орнатылды. Су жаңа алаңша заманауй үлгіде, қала көркіне сай жасалған. Қазіргі таңда алаңша қолданысқа беріліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/877181