Жаңалықтар
Түркияда Республика күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай футбол турнирі өтті 22.11.2026
Афьонкарахисар, 2026 жылғы 24 қазан – Түркия Республикасының Афьонкарахисар қаласындағы «Коджатепе» спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында қазақстандық студенттер арасында футбол турнирі өтті.Жарысқа Түркияның Бурса, Бартын, Күтахия, Эскишехир, Сакария және Измир қалаларында білім алып жатқан қазақстандық студенттер командалары қатысты.Спорттық іс-шара 200-ден астам қатысушы мен жанкүйердің басын қосып, Түркияның түрлі өңірлеріндегі қазақстандық жастар үшін маңызды кездесу алаңына айналды.Турнир қазақстандық студенттер бірлестігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығының және Қазақстан Республикасының Эскишехир қаласындағы Құрметті консулының қолдауымен ұйымдастырылды.Жарыс қорытындысы бойынша Измир қаласының командасы жеңімпаз атанып, бірінші орын мен турнирдің бас кубогын иеленді. Екінші және үшінші орындарды Сакария қаласының командалары жеңіп алды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Афьонкарахисар провинциясының Жастар және спорт басқармасының спорт қызметтері бөлімінің басшысы Йылмаз Эршен (Yılmaz Erşen) де қатысып, спортшыларды құттықтады.Аталған іс-шара қазақстандық студенттер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, жастар бастамаларын қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.Республика күні қарсаңында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтілетін жылы ұйымдастырылған турнир шетелдегі қазақстандық жастардың бірлігі мен ұйымшылдығын, сондай-ақ олардың Отанымен тығыз байланысын айқындай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1317432?lang=ru
Женевада Қазақстан Республикасының күні салтанатты түрде атап өтілді 22.11.2026
Женева, 2026 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды.Іс-шараға халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, Швейцарияның ресми, іскерлік және академиялық топтарының өкілдері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан отандастарын ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің жетістіктерін, жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымдарының нығаюын атап өтті.Елші Қазақстанның көпжақтылық қағидаттарына, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және сындарлы диалогқа берік екенін атап өтті. Қарусыздану және таратпау, халықаралық гуманитарлық құқық және орнықты даму салаларындағы еліміздің бастамаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Женеваның көпжақты дипломатияның жетекші орталықтарының бірі әрі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын ілгерілетудің маңызды алаңы ретіндегі елеулі рөлі атап өтілді.Кештің мәдени бағдарламасына қазақстандық «Magic of Nomads» этно-фьюжн ансамблінің өнер көрсетуі ерекше сән берді. Ансамбль дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптарының үні мен заманауи музыкалық сарындарды үйлестірген композицияларды ұсынды.Қонақтардың ерекше қызығушылығын көшпелі өркениет пен қонақжайлылықтың символы – дәстүрлі қазақ киіз үйі тудырды. Ұлттық безендіру, фотокөрме және қазақтың ұлттық тағамдары мерекелік атмосфераны толықтырып, қатысушыларға Қазақстанның мәдени мұрасы мен заманауи келбетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.Қабылдау халықаралық дипломатиялық қоғамдастықпен байланыстарды нығайтуға және қазақ мәдениетін кеңінен танытуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1317422?lang=ru
Қазақстан мен БҰҰ ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың нақты шараларын талқылады 22.11.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 26 қазан – Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ҚМБ) бірлесіп «Ядролық қарудан азат аймақтар: жан-жақты зерттеуден практикалық ынтымақтастыққа» атты форум өтті.Іс-шара Семей шартына қол қойылуының 20 жылдығына және БҰҰ-ның ядролық қарудан азат аймақтар туралы соңғы 50 жылдағы алғашқы жан-жақты зерттеуінің жариялануына орай ұйымдастырылды. Зерттеу ұсынымдарын іске асыруға, ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ядролық мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамытуға баса назар аударылды.Форумға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі И.Накамицу, Мексиканың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары П.Ледо, «Ядролық қатерді азайту бастамасы» ұйымының (NTI) вице-президенті П.Дин, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері мен дипломаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы сарапшылар қатысты. Пікірталасқа «William & Mary» университетінің (АҚШ) өкілі Р.Мусто модераторлық етті.Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қ.Омаров ядролық тәуекелдер артып отырған жағдайда тиімділігін дәлелдеген ынтымақтастық тетіктерін нығайтудың маңызы ерекше екенін атап өтті. Ол Орталық Азияның өңірлік қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, БҰҰ-ның жаңа зерттеуіндегі ұсынымдарды нақты бірлескен бастамалар әзірлеу үшін пайдалануға шақырды.И.Накамицу БҰҰ мен Қазақстанның көпжылдық әріптестігін және еліміздің ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы дәйекті күш-жігерін жоғары бағалады. Атап айтқанда, Қазақстан 2019 және 2024 жылдары БҰҰ ҚМБ-мен бірлесіп Астанада аймақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және консультациялар тетіктерін жетілдіруге арналған халықаралық семинарлар ұйымдастырды. Семей шартының табысты өңірлік дипломатия үлгісі ретіндегі маңызын атап өткен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары жаңа зерттеудің ұзақ мерзімді құндылығы оның ұсынымдарының іс жүзінде орындалуына байланысты болатынын айтты. Сондай-ақ, БҰҰ ҚМБ-ның осы жұмысқа жәрдемдесуге дайын екенін растады.Мексика өкілі ядролық қарудан азат аймақтардың өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, олардың институционалдық әлеуетін нығайтуды және заңдық тұрғыдан міндетті қауіпсіздік кепілдіктері мәселелері бойынша ядролық мемлекеттермен диалогты жалғастыруды қолдады.«NTI» өкілі ядролық қарудан азат аймақтардың ядролық тәуекелдерді төмендетудегі әлеуетін атап өтіп, Қазақстан, Оңтүстік Африка, Бразилия және Аргентина тәжірибесіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, Венада аймақаралық кездесу өткізу және дипломаттарға арналған мамандандырылған білім беру онлайн-ресурсын құру жоспарлары туралы хабарлады.Ашық пікірталас барысында Бразилия мен Ұлыбритания елшілері ядролық қарудан азат аймақтар арасында тұрақты консультациялар өткізудің және ядролық мемлекеттермен сындарлы диалог жүргізудің маңызын атап өтті. Сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері үйлестіруді, ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде жастарды тарта отырып, нығайтуды ұсынды. Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілі ядролық қарудан азат аймақтар туралы шарттар мен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың бірін-бірі толықтыратынын назарға алды.Форумды қорытындылай келе, Қ.Омаров ядролық қарудан азат бес өңірлік аймақ пен Моңғолия арасындағы үйлестіруді, оның ішінде ядролық мемлекеттермен диалогта ортақ басымдықтарды ілгерілету мақсатында жандандыруды ұсынды.Форумның практикалық жалғасы ретінде Қазақстан тарапы БҰҰ ҚМБ-ның жәрдемімен қатысушылардың негізгі ұсыныстары мен одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын қамтитын пікірталастың қысқаша түйінін әзірлейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1317411?lang=ru
Қазақстанда Президент тапсырмасы бойынша кешенді әскери реформа басталды 22.11.2026
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған Әскери реформа жоспарын жүзеге асыру басталды. Өзгерістер Қарулы күштердің құрылымын, әскери басқару жүйесін, әскерлердің даярлығын, әскери қызмет өткеру тәртібін және әскери қызметшілердің құқығын қорғау мәселелерін қамтиды.Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан дамыған армия қалыптастыру міндетін қойды. Бұл ретте әскери қызметтің қауіпсіздігіне, командирлік мәдениетке және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылады.Қарулы күштердің құрылымы мен құрамы, қорғанысты жоспарлау, жұмылдыру дайындығы және резервті қалыптастыру жүйесі сынды армияның негізгі құрамдас бөліктерін жетілдіру жоспарланып отыр.Технологиялық қайта жарақтандыру отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытумен, оның ішінде ұшқышсыз құралдарға қарсы іс-қимыл құралдарын өндірумен, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізумен қатар жүзеге асырылмақ.Әскерлердің дайындық сапасын арттыру және әскери оқу-жаттығуларды өткізуге жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында ұрыс қимылдарын модельдеуге мүмкіндік беретін симуляциялық бағдарламаларды енгізу көзделіп отыр. Енді әскери қызметшілердің жаңа тактиканы меңгеруін, заманауи қару-жарақ үлгілерін қолдануын ескере отырып, олардың өз бетінше де, бөлімшелер құрамында да сенімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.Негізгі өзгерістердің бірі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңді моделіне көшу. Алғашқы алты айда бір шақырылымдағы сарбаздар оқу орталықтарында болып, әскери қызметке бейімделеді, бастапқы әскери білім алады және дене дайындығын шыңдайды. Оқу үдерісі аясында сарбаздар тіл үйреніп, жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын дамыта алады. Сонымен қатар әскери қызметшілер әскери мамандықтармен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие азаматтық жұмысшы кәсіптерін де меңгере алады.Келесі алты айда әскери қызметшілер әскери бөлімдерде қызмет атқарып, жауынгерлік даярлығын жетілдіріп, бөлімше құрамында қойылған міндеттерді орындайды. Жаңа модельдің жекелеген элементтері «Sarbaz+» жобасы аясында сынақтан өткізілді. Екі кезеңді мерзімді әскери қызмет моделінің пилоттық жобасын 2027 жылы іске қосу жоспарланған.Әскери қызмет өткеру жағдайларын жақсартуға және әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ әскери бөлімдердің қолбасшылығына тәуелсіз әскери кеңесшілер институтын құру көзделіп отыр. Олар әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың заңды мүдделерін қорғауға көмектеседі.Басым міндеттердің бірі – әскери қызметшілерді сапалы тамақпен және әскери киім-кешекпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар казармалар қорын, оқу нысандары мен әскери полигондарды жөндеу және қалпына келтіру де жоспарлануда.Өзгерістер жастарды даярлау жүйесін де қамтиды. 2027 жылдан бастап «Жас қыран», «Жас ұлан» және «Жас сарбаз» кезеңдерін біріктіретін «Жас айбын» бірыңғай әскери-патриоттық даярлау жүйесін құру көзделген. Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету мектептен басиалмақ.Әкімдіктермен бірлесіп, жалпы білім беретін оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандандырылған әскери мектептер желісін дамыту жұмыстары жалғасады.Жоспардың ұйымдастырушылық іс-шараларын жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделген, ал негізгі тұжырымдамалық өзгерістер орта мерзімді перспективада іске асырылады. Қорғаныс министрлігі әскери реформаның жүзеге асырылу барысы туралы қоғамды тұрақты түрде хабардар етіп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1317416?lang=ru
Қазақстан Республикасына кіруге арналған электрондық рұқсат туралы 22.11.2026
1. Нормативтік негіз 2026 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 890 қаулыны қабылдады (бұдан әрі — қаулы).Қаулымен Қазақстан Республикасына кіруге арналған электрондық рұқсат алу тәртібі айқындалады.Қаулының толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2600000890.2. Электрондық рұқсатты енгізу кезеңдеріҚаулының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен, оның ішінде Беларусь Республикасының азаматтары үшін, келетін шетел азаматтарына арналған электрондық кіру рұқсатын кезең-кезеңімен енгізу көзделген:2026 жылғы 1 қарашадан бастап — Ақтау халықаралық әуежайы, «Үрлітөбе» (Павлодар облысы), «Аухатты» (Жамбыл облысы), «Атамекен» (Түркістан облысы) және «Нұрлы жол» (Жетісу облысы) автомобиль өткізу пункттері;2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — Астана және Алматы халықаралық әуежайлары;2027 жылғы 1 наурыздан бастап — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық қалған өткізу пункттері;2027 жылғы 1 шілдеден бастап — қаулыда көзделген жағдайларда электрондық рұқсаттың міндетті түрде болуы.Маңызды. 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 2027 жылғы 30 маусымға дейін электрондық рұқсатты рәсімдеу ұсынымдық сипатта болады. Осы кезеңде шетел азаматтарына оны алу тәртібі және өтпелі кезең аяқталғаннан кейін рұқсатты міндетті түрде рәсімдеу қажеттігі түсіндіріледі.2027 жылғы 1 шілдеден бастап, қаулыға сәйкес оны алудан босатылған адамдарды қоспағанда, аталған тәртіп қолданылатын шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіруге арналған электрондық рұқсатты міндетті түрде рәсімдеуге көшу көзделген.Электрондық рұқсаттың болуы Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша елге кіруден бас тартуды жоққа шығармайды.3. Электрондық рұқсатты рәсімдеу тәртібіЭлектрондық рұқсат алуға арналған өтініш болжамды кіру күнінен кемінде 72 сағат бұрын App Store және Google Play платформаларынан жүктеп алуға болатын «QazETA» мобильді қосымшасы арқылы беріледі.Электрондық рұқсатты рәсімдеу тегін түрде жүзеге асырылады.Электрондық рұқсат 180 күнтізбелік күн мерзімге беріледі. Бұл ретте ETA жүйесін енгізу шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерінің белгіленген тәртібіне өзгерістер енгізбейді.4.Электрондық рұқсат алудан босатылатын адамдар санаттарыЭлектрондық рұқсат алудан мынадай адамдар санаттары босатылады:Шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшылары және олардың отбасы мүшелері;Шет мемлекеттер парламенттерінің, үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың мүшелері және олардың отбасы мүшелері;Қазақстан Республикасының құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері;Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде, халықаралық ұйымдарда және (немесе) олардың өкілдіктерінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін, дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар дипломатиялық паспорттардың, қызметтік паспорттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызметкерлері;Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу куәлігінің иелері;Курьерлік парағы болса, дипломатиялық поштаны алып жүретін дипломатиялық курьерлер;Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтары;Он алты жасқа толмаған адамдар;Алпыс бес жасқа толған және одан асқан адамдар;Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтпей халықаралық әуежайлардың транзиттік аймағында болатын транзиттік жолаушылар;Қазақстан Республикасының қолданыстағы визасы бар шетел азаматтары;Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары;Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын деп танылған адамдар;Баспана іздеуші адамдар;Бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) тиісті жазбасы болса, әуе кемелері экипаждарының мүшелері;Кеме рөлінде немесе одан үзінді көшірмеде тиісті жазбасы болса, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;Әрбір рейске бекітілетін құрамдау тізімдері бойынша пойыз, рефрижератор және локомотив бригадаларының мүшелері;Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары берген қызметтік және іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметінің қызметкерлері;Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қызметтік және іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері;Мемлекеттердің ресми мемлекеттік және үкіметтік делегацияларының мүшелері және оларды ертіп жүретін адамдар;Қызметтік куәліктері (ұйымдар басшылығы мен (жергілікті атқарушы орган) куәландырған атаулы тізімдері) болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін қызметкерлер;Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына мәжбүрлі (төтенше) қонған әуе кемелерінің жолаушылары;Қазақстан Республикасының халықаралық теңіз порттарына мәжбүрлі (төтенше) кірген теңіз кемелерінің жолаушылары;Егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделсе, іздестіру-құтқару операцияларына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдар;Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша гуманитарлық миссияларға қатысу немесе төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін келген адамдар;Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасына келетін медициналық көмек бригадасының құрамындағы медицина ұйымдарының қызметкерлері;Халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көлік құралдарының (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан асатын) жүргізушілері, жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтетін автобус жүргізушілері (жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орындары 12-ден асатын);Жерлеу үшін қайтыс болған адамдардың мәйіттерін алып жүретін, оның ішінде транзитпен өтетін адамдар босатылады.5. Қосымша ақпарат«QazETA» цифрлық платформасы, өтініш беру тәртібі және электрондық рұқсатты рәсімдеу туралы өзекті ақпарат Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.Электрондық рұқсатты рәсімдеу шетел азаматтарының келуі мен болуына қолданылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын сақтау міндетінен босатпайды.«QazETA» цифрлық платформасының техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Туындаған техникалық мәселелер бойынша өтініштер support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.Ресми сайт: https://qazeta.kz/ru/eta.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1317396?lang=ru
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды 22.11.2026
2026 жылғы 24 қазанда, Қазақстан Республикасының күні қарсаңында, «Air Astana» әуе компаниясының Астана – Салала (Оман Сұлтандығы) бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін ашу салтанаты өтті. Рейстер Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.Жаңа бағыттың ашылуы Мемлекет басшысының авиация саласын дамыту, халықаралық ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және Қазақстанның транзиттік авиациялық хаб ретіндегі ұстанымын нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.Екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – ағымдағы жылғы 6 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылуы болды.Жаңа рейстің ашылуына арналған салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, «Air Astana» әуе компаниясының аға вице-президенті Ерболат Байсалықов, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасының орынбасарлары Руслан Пыштанов пен Ермек Күміспаев, Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты, бұл әуе кемесіндегі орындардың толық толғанын көрсетеді. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салала қаласына алғашқы рейс орындалып, ондағы жолаушылар орындары да толық толды.Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылуда. Осылайша, қазақстандық әуе тасымалдаушы Оман Сұлтандығына екі жаңа бағыт ашу арқылы өзінің халықаралық маршруттық желісін кеңейтті.Жаңа әуе бағыттарының ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы туристік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ азаматтардың саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1317402?lang=ru
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Республика күнімен құттықтауы 22.11.2026
Құрметті қостанайлықтар! Ардақты жерлестер! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!1990 жылғы 25 қазанда маңызды қадам жасалып, ел тарихының жаңа парағы ашылды.Бүгінде Республика күні – заңға, азаматтық теңдікке, саналы патриотизмге және халық еркінің үстемдігіне негізделген Әділетті Қазақстанның басты символына айналды.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үлкен тарихи жолдан өтіп, елеулі сынақтарды еңсерді, халықаралық аренадағы беделін нығайтып, дамудың берік негізін қалыптастырды.Мемлекетіміздің барлық жетістіктерін есте сақтап, үнемі айтып жүруіміз керек. Өйткені олардың бәрі – Қазақстан Республикасының шынайы егемендігінің жемісі.Биылғы 2026 жылдың тарихи орны ерекше. Еліміз конституциялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуде.Бұл жыл өңіріміз үшін де ерекше маңызға ие. Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толды. Осы уақыт ішінде өңіріміз қалыптасу мен дамудың маңызды жолынан өтті.Бірнеше ұрпақтың қажырлы еңбегінің арқасында өнеркәсіп орындары құрылып, ауыл шаруашылығы дамыды, өлкенің экономикалық және қоғамдық әлеуеті қалыптасты.Қостанай облысы мен еліміздің тарихында есімдері мәңгілікке жазылған көрнекті жерлестеріміздің қатарында Социалистік Еңбек Ерлері Кәмшат Дөненбаева, Вера Сидорова және Михаил Яровой бар. Қостанайлықтар өңіріміздің даңқты еңбек дәстүрін жалғастырып келе жатқан Қазақстанның Еңбек Ерлері Сайран Бұқанов, Борис Князев пен Алмат Тұрсыновтың еңбегін ерекше мақтанышпен атап өтеді.Бүгінде біз Тәуелсіз Қазақстанды нығайту мен өркендетуге өз үлесімізді қоса отырып, олардың жолын мақтанышпен жалғастырып келеміз.Осы орайда облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысасыздар деп сенемін.Мемлекеттілікті нығайту мен жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу көбіне өңірлердің тұрақты дамуына, экономикалық әлеуетіне және азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру қабілетіне байланысты. Осы тұрғыда Қостанай облысы еліміздің дамуына, ұлттық экономиканы нығайтуға, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға, халықтың өркендеуі мен әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосып келеді.Бүгінде Қостанай облысы – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі.Біз екі жыл қатарынан Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын асыра орындап келеміз. 2024 және 2025 жылдардың қорытындысы бойынша жоспарланған кемінде 6 пайыздың орнына экономиканың 8 пайыздан астам өсуіне қол жеткіздік.Ағымдағы жылға қойылған мақсат – кемінде 6 пайыздық өсімді қамтамасыз ету.Тәуелсіздік жылдарында облыс экономикасының құрылымы айтарлықтай өзгерді. 1991 жылы жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 46,5 пайызды құраса, өнеркәсіптің үлесі небәрі 17,4 пайыз болды. Қазір өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайтып, оның үлесін 33 пайыздан асырдық. Ал ауыл шаруашылығының үлесі 9,4 пайызды құрайды.Өнеркәсіп саласында шикізаттық бағыттан біртіндеп алыстап келеміз. Қазір өнеркәсіп өндірісінің 70 пайыздан астамы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл біздің шикізат өндірумен ғана шектелмей, дайын өнім шығаруды да дамытып отырғанымызды көрсетеді. Бүгінде облыс өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі бойынша еліміздің 20 өңірінің ішінде төртінші орында. Өткен жылы бесінші орында болған едік. Алдымызға қойған мақсат – үздік үштікке ену.Өңірімізде жаңа өнеркәсіп саласы қалыптасты. Қостанай облысы Қазақстанның машина жасау орталығы атанды.Біз еліміздегі машина жасау саласы өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызын шығарамыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан әрі өседі. Қазір тағы бірнеше машина жасау зауытын салу жоспарланған.Бүгінде бұл сала жеңіл және жүк автомобильдерін, тракторлар мен комбайндарды, автокомпоненттерді, жеңіл және жүк көліктеріне арналған бөлшектерді, сондай-ақ теміржол көлігіне қажетті өнімдерді шығаратын ірі кәсіпорындарды біріктіріп отыр.KIA зауытының іске қосылуы облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға болды.Жаңадан ашылып жатқан зауыттарымыз – заманауи жоғары технологиялық өндіріс орындары. Оларда 150-ден астам робот жұмыс істейді.Машина жасау кәсіпорындарында шамамен 6 мың адам еңбек етеді. Еңбек ұжымдарының 55–70 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар, соның ішінде өңіріміздегі колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері құрайды. Мәселен, KIA зауыны қызметкерлерінің орташа жасы 30-дан сәл асады.Жастардың техникалық мамандықтарға қызығушылығының артып келе жатқаны қуантады. 2021 жылдан бері облыс колледждерінде 25 жаңа мамандық ашылды. Оның бесеуі машина жасау саласына қатысты.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жоғары оқу орындарымызда әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылды.Машина жасау, металлургия және тау-кен ісі, экономика және құрылыс, энергетика және ақпараттық жүйелер бағыттары бойынша жоғары мектептер ашылды.Қазір облыстың жоғары оқу орындарында 20,5 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 294-і – шетелдік студенттер, ал 4 440-ы еліміздің басқа өңірлерінен келген жастар.Мамандарды даярлау өңір кәсіпорындарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Дуальды оқытуға және заманауи технологияларды меңгеруге басымдық берілген.Бұл шаралардың барлығы өңір кәсіпорындарын білікті мамандармен қамтамасыз етуге және облыстың кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.Біздің басты міндетіміз – сұранысқа ие мамандарды алдын ала даярлау, олардың заманауи өндіріс орындарында жұмыс істеуіне жағдай жасау және Қостанай облысының одан әрі индустриялық дамуына қажетті кадрлық негіз қалыптастыру.Қостанай облысы еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі саналады. Сүт-тауарлы фермалардың ашылуы, егіс алқаптарын әртараптандыру және агротехнологияларды жетілдіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жыл сайын артып келеді.Биыл егін жинау науқаны гектарына 14,9 центнер өнімділікпен аяқталды. 6 миллион тоннадан астам астық жиналды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығын дамытуға екінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлініп келеді. Республика бойынша қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеден асты. Мәселен, биыл облысымызға 326 миллиард теңге бөлінді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 207 миллиард теңге болған еді. Яғни қаржыландыру көлемі 1,6 есе өсті. Бұл агроөнеркәсіп кешеніне көрсетіліп отырған зор қолдаудың айқын дәлелі.Еліміздің астықты өңірі ретіндегі мәртебемізді сақтай отырып, ауыл шаруашылығына деген көзқарасымызды өзгертіп келеміз.Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен ғана шектелмей, оларды өңдейтін заманауи өндірістер құрып, қосылған құны жоғары тауарлар шығарудың маңызы зор.Облыс ұн өндіру бойынша бірінші, азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша екінші орында.Мемлекет басшысы алдымызға үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінде өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу міндетін қойды.Қазір облыста сүттің 93 пайызы, еттің 79 пайызы, астықтың 33 пайызы және майлы дақылдардың 31,5 пайызы өңделеді.Өңірде шикізат өндіру мен экспорттаудан толық өндірістік цикл құруға көшу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Яғни егістік пен фермадан бастап, өнімді терең өңдеуге және дайын тауар шығаруға дейінгі үдерісті қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Етті, сүтті және астықты терең өңдеу – негізгі бағыттарымыздың бірі.Заманауи өңдеу зауыттары мен фабрикалар салынды. «Кондитерская столица» жаңа кондитерлік фабрикасы іске қосылды. Оның ашылуы облыстың еліміздегі ірі кондитерлік өнім өндірушілердің біріне айналуына мүмкіндік береді.Май өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы жылына 90 мың тонна макарон өнімдерін шығаратын ірі фабрика іске қосылады.Келесі стратегиялық қадамымыз – астықты терең өңдеу жобаларын жүзеге асыру. Оның аясында Еуропа нарығына бағытталған биоэтанол өндірісін дамыту және одан авиацияға арналған экологиялық сипаттамалары жақсартылған SAF отынын шығару көзделген.Осы жобаның өзі іске асқан жағдайда астықты өңдеу көлемі 41 пайызға жетеді.Нәтижесінде облыс ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерін экспорттау бойынша еліміздің 20 өңірінің арасында бірінші орынға шықты. Алдағы уақытта республикалық экспорттағы үлесіміз одан әрі арта түседі.Көлік қатынасын дамытпай, ел экономикасын көтеру мүмкін емес. Сондықтан облысымызда қалалармен қатар ауылдардағы жолдар да жөнделіп жатыр.Соңғы үш жылда 305 ауылдағы 1 072 көше жөнделіп, 185 ауылға кіреберіс жолдар жаңартылды.Сонымен қатар облыстан шығатын барлық негізгі бағыттар бойынша мыңдаған шақырым автожол қайта жаңғыртылды. Бұл – Ресей Федерациясына, Астанаға, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарына апаратын жолдар.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша маңызды «Орталық – Батыс» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Транскаспий бағытына шығатын, Арқалық пен Торғай арқылы өтетін жаңа автожол салынуда.Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі «Жезқазған – Петропавл» автожолын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нәтижесінде жол қашықтығы 500 шақырымнан астамға қысқарып, еліміздің оңтүстік өңірлерінен келетін көлік ағыны Арқалық арқылы өтетін болады.Осылайша, Қостанай облысы еліміздің солтүстігін, оңтүстігін және батысын байланыстыратын маңызды көлік торабына айналып келеді.Биыл негізгі теміржол вокзалдары жаңартылды. Қостанай әуежайы жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 30 жылдан астам уақыт жұмыс істемеген Арқалық әуежайы қайта қалпына келтірілді.Өңір экономикасының өсуі мен инвестициялық жобалардың іске асырылуы іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етуде. Инвестициялық тартымдылықтың жоғарылауы және жаңа инвесторлардың келуі инвестиция көлемін одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.Облыс экономикасының дамуында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 1998 жылғы 5 пайыздан бүгінгі күні 30 пайызға дейін өсті. Кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнім көлемі 3,2 триллион теңгеден асады. Бұл салада 172 мың адам еңбек етеді. Яғни облыстың экономикалық белсенді халқының 38,1 пайызы шағын және орта бизнеске тартылған.Кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылық қолдау айтарлықтай серпін берді. «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары мен «Іскер аймақ» өңірлік жобасы арқылы кәсіпкерлерге несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда қарыздарға кепілдік беру, инновациялық өндірістер ашуға гранттар ұсыну мүмкіндіктері жасалды.Осының арқасында облыстың мыңдаған тұрғыны өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп, өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құрды.Бұл жетістіктердің артында жаңа кәсіпорындар, халықты жұмыспен қамту және қалаларымыз бен ауылдарымызды дамытуға арналған қосымша мүмкіндіктер тұр.Мұның бәрі облыс экономикасын нығайтып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және туған өлкеміздің өркендеуіне елеулі үлес қосуда.Алайда барлық жетістіктің негізінде, ең алдымен, адамдардың еңбегі жатыр. Өңірімізді дамытып, Қазақстан экономикасын нығайтуға облыс тұрғындарының қажырлы еңбегі ықпал етуде. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы – ортақ жетістіктеріміздің берік негізі.Экономикалық табыстардың түпкі мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.Экономиканың дамуы мен өнеркәсіптің өсуі қалаларымыздағы оң өзгерістерге жол ашуда. Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындардың ашылуы қалаларға жаңа тұрғындардың келуіне ықпал етіп, құрылыс саласының дамуына серпін береді.Соңғы бес жылда облыс орталығының халқы 25 мыңнан астам адамға өсті.Кейінгі жылдары жыл сайын шамамен 80 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп келеді. Құрылыс жұмыстары қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де қарқынды жүргізілуде.Мәселен, 2023 жылдан бері ауылдарда шамамен 261,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1,2 мыңнан астам үй салынды.2023 жылдан бастап облыста 100-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында 10 мектеп, 15 балабақша, 30-дан астам медициналық нысан, 40-қа жуық спорт нысаны және 8 мәдениет нысаны бар.Биыл тағы 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.Жаңа мектептер, медициналық және спорт нысандары ауылдық жерлерде де салынып жатыр. Облыстың барлық дерлік ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.Жаңа медициналық нысандардың ашылуы, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және скринингтік тексерулердің жүргізілуі нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 1992 жылғы 68 жастан 2025 жылы 74,9 жасқа дейін өсті.Соңғы үш жылда жалпы өлім-жітім көрсеткіші 38,4 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 29 пайызға, туберкулезден, жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 31 пайызға төмендеді.Қатерлі ісіктердің ерте сатысында анықталу көрсеткіші 28 пайызға артты. Бұл скринингтік бағдарламалардың тиімділігін және медицина қызметкерлерінің онкологиялық ауруларға қатысты қырағылығының жоғарылағанын көрсетеді.Мемлекет басшысы Қостанай облысының білім беру саласындағы жоғары нәтижелерін атап өтті.Мәселен, PISA-2025 халықаралық зерттеуінде облысымыз үш бағыт бойынша республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсіп, үздік үштікке енді. Оқу сауаттылығы бойынша екінші орынды, ал ғылыми сауаттылық пен есептерді цифрлық шешу бағыттары бойынша үшінші орындарды иелендік.Бұл – білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.Соңғы үш жылда облыста 6,8 мың орынға арналған 10 жаңа мектеп ашылды. Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері ашылуда.Балаларға арналған қосымша білім беру орталықтары да дамып келеді. Қостанай қаласында 2023 жылдан бері IQostanay SMART орталығы жұмыс істейді. Мұнда 2 мың оқушы робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу және инженерлік бағыттарды меңгеруде.Спорт саласының дамуы туралы айтқанда, ең алдымен, спорт инфрақұрылымының қалыптасуына тоқталған жөн. Өйткені спортшылардың жоғары дайындық деңгейі сапалы спорттық жаттығу базасына тікелей байланысты.Бүгінде облыстың барлық қаласы мен ауданында тұрғындар үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік артты.Соңғы жылдары 41 спорт нысаны салынып, қайта жаңғыртылды. Олардың қатарында 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және еліміздегі ең ірі жабық «Сегізаяқ» аквапаркі бар.Облыс орталығында көпфункционалды стадион мен заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысандар жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған жаңа алаңға айналады.Арқалық қаласында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жабық хоккей кортының құрылысы жалғасуда. Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.Сонымен қатар Қостанай қаласында жекпе-жек өнері залы, ал Тобыл қаласында Мемлекет басшысы қажеттігін атап өткен көпфункционалды спорт сарайы салынуда. Қазіргі уақытта өңірімізде мұндай ауқымдағы кешен жоқ.Спорт сарайының басты нысаны 3 мың көрерменге арналған трибуналары бар негізгі арена болады. Бұл кешен ірі спорттық жарыстарды, соның ішінде халықаралық деңгейдегі додаларды, концерттерді, форумдар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Осы арқылы облысымызда ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады.Біздің басты міндетіміз – заман талабына сай дамып, өмірдің барлық саласына заманауи шешімдерді енгізу және әрбір тұрғын еліміздің дамуының нақты нәтижесін сезінетін жағдай қалыптастыру.Өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі – Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру.Қостанай облысы еліміздегі таза әрі жасыл өңірлердің бірі мәртебесін сақтап келеді. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және инвестициялық тартымдылықты нығайту мақсатында өңірдің заманауи келбетін қалыптастыруға басымдық берудеміз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында өңіріміз отандық машина жасаудың орталығына, заманауи өндірістер, жоғары технологиялар мен жаңа индустриялық мүмкіндіктер шоғырланған аймаққа айналып келеді.Ал адами капитал Қостанай облысының басты бәсекелік артықшылығы болып отыр.Жерлестеріміздің еңбекқорлығы, халқымыздың бірлігі мен ортақ жұмысымыздың арқасында Тәуелсіз Қазақстанның дамуына бұдан да зор үлес қосатынымызға сенімдімін.Қадірлі қауым!Республика күні – бірлік пен жасампаздықтың, елдік рух пен игі істердің мерекесі.Бүгінде сіздердің қолдауларыңыздың, ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыздың арқасында толағай табыстарға қол жеткізіп келеміз. Еліміз жарқын болашаққа нық сеніммен қадам басып, гүлденген Қазақстанды құру жолында үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді.Табанды еңбек, өзара құрмет пен туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік бізді биік мақсаттарға жетелеп, ортақ мұраттарымызды жүзеге асыруға жол ашады деп сенемін.Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1317324?lang=ru
Сан-Францискода Қазақстанның Республика күні салтанатты түрде атап өтілді. 22.11.2026
Сан-Франциско, 2026 жылғы 22 қазан – Сан-Франциско қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов пен қала мэрі Дэниел Луридің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараға дипломатиялық корпус, іскерлік және академиялық орта өкілдері, сондай-ақ қазақ диаспорасының мүшелері қатысты.Сан-Франциско мэрі қазақ қауымдастығын Республика күнімен құттықтап, арнайы прокламация жариялап, 2026 жылғы 25 қазан Сан-Францискода «Қазақстан-Америка достығы мен мәдени мұрасы күні» болып белгіленді. Қала мөрі басылған құжатта қазақ-америкалық қауымдастықтың Сан-Францисконың мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесі және Қазақстанның Бас консулдығының екіжақты мәдени байланыстарды нығайтудағы қызметі атап өтілді.Салтанатты рәсім барысында Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.Мерекелік іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығына арналған ресми қабылдау және мәдени бағдарламамен жалғасты.Кремний алқабындағы Қазақ-америкалық қауымдастықпен бірлесіп ұйымдастырылған қабылдау Бас консулдық тарихында алғаш рет осындай ауқымда өткізіліп, 150-ге жуық қонақтың басын қосты. АҚШ мемлекеттік органдары мен жетекші технологиялық компаниялардың өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақ мәдениетін дәріптеуге арналды.Мереке құрметіне Сан-Франциско қаласы әкімдігінің ғимараты Қазақстан туының көгілдір түсімен жарықтандырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-san-francisko/press/news/details/1317328?lang=ru
Азық-түлік инфляциясының қарқыны бәсеңдеп келеді 22.11.2026
Қазақстанда екінші ай қатарынан азық-түлік бағасының төмендеуі байқалады.Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте инфляцияның өзгеру динамикасы мен бағаны тұрақтандыру шаралары қаралды.Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, азық-түлік инфляциясы екінші ай қатарынан төмендеген, бағаның 0,1% деңгейіндегі дефляциялық үрдіс сақталып отыр. Баға өсімінің баяулауына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары айтарлықтай әсер етуде. Жыл басынан бері бұл тауарлардың бағасы 1,8%-ға өсті. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде өсім 8,3%-ды құраған. Яғни, биыл баға өсімі 4,6 есе төмен.Өткен аптада қант 2,4%-ға, пияз 1,7%-ға, алма мен сәбіз 0,9%-ға, күріш 0,5%-ға, қой еті 0,4%-ға арзандады. Ал нан, макарон өнімдері, сары май, тұз және шай бағасы өзгерген жоқ.Сонымен қатар күннің суытуына байланысты қияр бағасы 4,6%-ға, қырыққабат пен қызанақ 3,7%-ға, картоп 2,4%-ға қымбаттады. Алдағы қыс және көктем айларында жылыжайда өсірілетін көкөністердің бағасын тұрақтандыру мақсатында өндірушілермен тиісті меморандумға қол қойылады.Бағаны тұрақтандырудың тиімді жолдарының бірі – ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері. Мұнда өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынады. Бұдан бөлек, 17–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде «Bereke Fest» және «Republic Day» акциялары өтуде. Оларға 649 сауда нысаны қатысуда. Акциялар аясында сатып алушыларға күнделікті тұтынатын тауарлар мен сұранысқа ие азық-түлік өнімдері 50%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынылады.Кеңес барысында Серік Жұманғарин азық-түлік инфляциясы өскен облыстардың әкімдіктерін тыңдады. Сондай-ақ барлық өңірге ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің санын арттырып, халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1317314?lang=ru
Қазақстанның мәдени мұрасы Республика күніне орай Афинада таныстырылды 22.11.2026
Афина, 2026 жылғы 23 қазан – Республика күні қарсаңында Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі «Пирей және аралдар ЮНЕСКО клубымен» бірлесіп, Бес құрлық мәдениетінің халықаралық фестивалі аясында «Қазақстан объектив көзімен» атты фотокөрме ұйымдастырды.Іс-шара Никея муниципалитетіндегі «Манос Лоизос» мәдени орталығында өтті. Фестивальге 20-дан астам елдің өкілдерін қатысып, Қазақстан арнайы қонақ ретінде ұсынылды.Халықаралық фестивальдің басты оқиғасы Республика күні мен Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған фотокөрменің ашылуы болды. Экспозиция Қазақстанның сан қырлы келбетін, табиғи және мәдени байлығын, ұлттық дәстүрлерін, тарихи мұрасын және заманауи дамуын паш етті.Осы орайда ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин еліміздің тәуелсіздік алған 35 жыл ішіндегі негізгі жетістіктеріне, егемен мемлекет ретінде қалыптасу жолына, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарына, сондай-ақ елді одан әрі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаларға ерекше назар аударды.Елші сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуын атап өтіп, мәдени дипломатияны ілгерілету және екі ел халықтары арасындағы байланыстарды кеңейту арқылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын жеткізді.Мәдени бағдарламаны домбырада орындалған қазақтың дәстүрлі музыкалық шығармалары толықтырып, іс-шараға ерекше ұлттық нақыш берді. Сонымен қатар, қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, халқымыздың қонақжайлық дәстүрімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1317322?lang=ru
Алматы облысының Қарғалы ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды 22.11.2026
Республика күні қарсаңында Алматы облысының Жамбыл ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қарғалы ауылында бой көтерген екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 3 мың шаршы метрден асады. Нысанда 350 орынды көрермен залы, 50 орынды кіші мәжіліс залы, кітапхана, асхана, хореография залы, үйірмелер өткізуге арналған және өзге қажетті бөлмелер қарастырылған. Жобаға 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өнерпаздар мен ауыл тұрғындары қатысты. Алматы облысының әкімі де Қарғалыға арнайы барып, халық қуанышына ортақтасты.«Бүгін біз үшін қос қуаныш! Ұлық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қарғалы ауылында сәулеті келіскен, заман талабына сәйкес салынған мәдениет үйі есігін айқара ашып отыр. Осы айтулы оқиғамен баршаңызды құттықтаймын! Өздеріңіз білесіздер, Қарғалы – Жамбыл ауданындағы халық саны жағынан Ұзынағаштан кейінгі ең ірі ауылдық округ. Тарихы – терең, тірлігі – берекелі, еңбекқор халқымен танылған іргелі елді мекен. Осындай үлкен ауылдың заманауи руханият ошағына деген сұранысы да жоғары екені белгілі. Жаңа мәдениет үйі осы қажеттілікті өтеуге бағытталған маңызды нысан. Бұл – ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруға, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға жасалған нақты қадам», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Жаңа нысанның ашылуына куә болған ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Солардың бірі – жергілікті тұрғын Шәріпбек Уағызұлы. «Бүгін ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап күн болды. Барша ауыл тұрғыны бір марқайып қалды. Өйткені бұл сәтті асыға күттік. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары елді мекен өркендеп, дамыды. Осында көшіп келушілер саны артып, елге ел қосылып, құтты мекенге айналды. Сондықтан жаңа нысан бізге тамаша тарту болды», - деді тұрғын. Енді ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді өткізіп, өнердің түр-түрін меңгеріп, шығармашылық қабілетін дамыта алады. Мұндай игі жобалар халықтың рухани тереңдеуіне, ішкі мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1317297?lang=ru
Балаларды құтқарғаны үшін: ұландық алғаш рет Ғазиз Байтасов атындағы медальмен марапатталды 22.11.2026
Республика күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінде және Ұлттық ұланның 5573 елордалық бригадасында мерекелік іс-шаралар өтті. Салтанатты шара барысында әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Табыстау рәсімдері — батылдықты, жанқиярлық пен қызметтік борышқа адалдықты мойындау болды.Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік наградаларды ведомство басшысы полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов тапсырды. Ішкі істер министрі құттықтау сөзінде құқық қорғаушылардың қазіргі ұрпағы ант пен Отанға адалдық таныта отырып, аға буынның игі дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыратынын атап өтті.Марапатқа ие болғандардың бірі — 5517 әскери бөлімінің бөлімше командирі ефрейтор Армат Әбілғалиев. Ол 2026 жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті тағайындаған "Ғазиз Байтасов" атындағы медальмен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында алғаш рет марапатталып отыр. Әскери қызметші өртеніп жатқан пәтерге кіріп, екі баланы қауіпсіз жерге дер кезінде алып шыққан.Сондай-ақ, полковник Шухратбек Халбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Ал аға сержант Бауыржан Маринбаев, подполковник Бақыт Ташкенбаев және ефрейтор Шарапат Сағыновқа "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі берілді. Олардың әрқайсысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ адамдарға көмек қажет болған жағдайларда кәсіби шеберлік пен табандылық танытқан.Ішкі істер министрінің және Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен бірқатар әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлері наградаларға ұсынылды. Сонымен қатар, қызметімен ерекшеленгендерге кезекті әскери атақтар мен грамоталар да табыс етілді.Мерекелік бағдарламаны Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің концерті аяқтады. Әскери өнерпаздар патриоттық әндер орындап, Отанға, халық бірлігі мен Қазақстанға деген сүйіспеншілікке бағытталған қойылымдар ұсынды.Концерт Республика күнімен құттықтаудың музыкалық үлгісіне айналды және іс-шараның салтанатты атмосферасын толықтыра түсті. #REPUBLICDAY ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1317302?lang=ru
Қазақстан мен Грузия ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады 22.11.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвилимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін білдірді.Саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және көлік-транзиттік байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және өңірлік өзара байланысты нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Орталық Азия – Грузия» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу мақсатында Грузияға жоспарланған сапары талқыланды. Сұхбаттасушылар алдағы іс-шараның күн тәртібі бойынша пікір алмасып, оның өңірлік ынтымақтастық пен көпжақты диалогты дамытудағы маңызын атап өтті.Кездесу соңында Ермұхамбет Қоныспаев кездесуге қатысқан Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидзеге «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты түрде табыстады. Бұл рәсім Қазақстан мен Грузия арасындағы достық байланыстар мен өзара құрметтің айқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1317288?lang=ru
Орталық Азия мемлекеттері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы 22.11.2026
Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Грузия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилидің шақыруымен Орталық Азия елдері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты.Кездесу барысында алты мемлекет арасындағыынтымақтастықтың негізгі мәселелері және өңірлік күн тәртібі бойынша ұстанымдардың жақындығына немесе толық сәйкес келуіне негізделген өзара іс-қимылына жоғары баға берілді.Сыртқы саяси ведомство басшылары тұрақтылықты қамтамасыз ету, орнықты даму және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы ортақ мүдделерін біріктіретін мемлекеттердің өзара іс-қимыл әлеуетін атап өтті. Практикалық шешімдер әзірлеу және бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін тұрақты диалог жүргізудің маңыздылығы баса аталды.Азия мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын - Орта дәлізді дамытуға ерекше назар аударылды. Инфрақұрылымды жаңғырту, жүк тасымалын цифрландыру және транзиттік рәсімдерді жеңілдету арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.Қазақстан тарапы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың көлік-транзиттік әлеуетін толық іске асыру үшін келісілген іс-қимылдың маңыздылығына назар аударды. Тұрақты әрі болжамды логистикалық байланыстарды дамыту өзара сауда көлемін ұлғайтуға, инвестициялар тартуға және сыртқы нарықтарға шығуға қосымша мүмкіндіктер тудырады.Кездесуге қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты.Сапар аясында М. Тілеуберді әріптестерімен бірге Қазақстанның Грузиядағы активі әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытының негізгі буындарының бірі болып табылатын Батуми теңіз портының әлеуетімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1317289?lang=ru
Берн қаласында Республика күні салтанатты мерекеленді 22.11.2026
Берн, 23 қазан - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді. Іс-шараға министрліктер мен дипломатиялық корпустың өкілдері, іскерлік және академиялық топтар, сондай-ақ Швейцарияда тұратын қазақстандықтар қатысты.Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов құттықтау сөзінде қонақтарға Президент Қ.К. Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында билік тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдікті қалыптастыруға және экономиканы, адами капиталды, білім беру мен инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған конституциялық реформаның нәтижелері туралы баяндады.Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастық серпінді дамып келеді. Бұған биыл жүзеге асырылған екіжақты сапарлар дәлел бола алады; олардың нәтижесінде сыртқы саясат, сауда және инвестиция, көлік, сондай-ақ ғылым мен технология салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.Елші Швейцарияның еліміздің жетекші сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала беретінін, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар Швейцария және Лихтенштейнмен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Кештің құрметті қонағы, Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Еуразия бөлімінің директоры, Елші Пьер-Ив Фукс өз сөзінде Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Ол екіжақты қарым-қатынастардың серпінді сипатына тоқталып, барлық салаларда одан әрі жемісті ынтымақтастық орнату әлеуеті бар екенін атап өтті. Швейцариялық дипломат БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты ұйымдар, соның ішінде Бреттон-Вудс институттары аясында Астанамен жүргізіліп жатқан сындарлы ынтымақтастықты баса айтты.Іс-шара қонақтарына ұлттық тағамдар ұсынылды. «Астана Опера» мемлекеттік театрының әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Ұлттық әндер мен Қазақстанның танымал авторларының шығармалары орындалды, сондай-ақ «Tarbiya» сән үйі ұсынған қазақтың ұлттық киімдерінің көрсетілімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1317291?lang=ru
Брюссельде Қазақстанның Бельгиямен және ЕО-мен әріптестігінің перспективалары талқыланды 22.11.2026
Брюссель, 2026 жылғы 23 қазан – Республика күні қарсаңында Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Өкілдігінің басшысы Роман Василенко Press Club Brussels Europe баспасөз клубында Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындыларына, сондай-ақ Қазақстан–Бельгия және Қазақстан–Еуропа ынтымақтастығының перспективаларына арналған брифингте сөз сөйледі.Талқылауға Бельгия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Кавказ департаменті директорының орынбасары Г. Дюбуа, Еуропалық кеңес Президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Мэрилин Джозефсон, дипломатиялық корпус, бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.Өз сөзінде Р. Василенко 12–14 қазанда өткен Бельгия монархының Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарының тарихи маңызын атап өтіп, оның екі ел арасындағы саяси диалогты нығайтудағы және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудегі маңызды рөліне тоқталды.Елші сапардың нақты нәтижелеріне жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, сапар барысында мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдап, ал екі елдің сыртқы істер министрліктері 2027–2029 жылдарға арналған ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойды. Сапар аясында 16 коммерциялық келісім мен университеттер және ғылыми мекемелер арасындағы 22 келісімді қоса алғанда, жалпы 40 құжат туралы жарияланды.Көлік және логистика, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және жоғары технологиялар салаларында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Антверпен-Брюгге порты мен Қазақстанның Ақтау және Құрық порттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ аса маңызды шикізатты өңдеу, ғылыми зерттеулер және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары атап өтілді.Р. Василенко соңғы онжылдықта екіжақты тауар айналымы үш еседен астам өсіп, 2025 жылы шамамен 765 млн еуроға жеткенін хабарлады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 100-ден астам бельгиялық компания қызмет атқаруда.Еуропалық Одақпен ынтымақтастық тұрғысында Елші Қазақстанның Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі сауда-экономикалық әріптесі ретіндегі маңызын атап өтті. 2025 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымы 45 млрд АҚШ долларынан асты. Одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттары ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, энергетикалық қауіпсіздік, аса маңызды шикізат және цифрлық технологиялар айқындалды.Осы орайда дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы маусым айында Брюссельге жасаған сапарының және 2025 жылғы сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия – ЕО» алғашқы саммитінің маңызын да атап өтті.Республика күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Р. Василенко еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне, жүргізіліп жатқан саяси реформаларға және цифрлық трансформацияның басым бағыттарына арнайы тоқталды.Өз кезегінде Бельгия СІМ өкілі Г. Дюбуа мемлекеттік сапардың нәтижелеріне жоғары баға беріп, оның саяси, экономикалық және академиялық бағдарламасының мазмұнды әрі ауқымды болғанын атап өтті. Оның айтуынша, құрамында 115 адам болған бельгиялық делегацияның қатысуы, сондай-ақ Астана мен Алматыда өткізілген іс-шаралар екі елдің іскерлік және ғылыми топтары арасында тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.Бельгиялық дипломат сондай-ақ биылғы 1 қарашадан бастап Бенилюкс мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы қызметтік паспорт иелеріне арналған визасыз режим туралы келісімнің күшіне енетініне назар аударды. Бұл ресми байланыстардың, соның ішінде Еуропалық Одақ институттарымен өзара іс-қимылдың жандануына ықпал етпек.Еуропалық кеңес Президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Мэрилин Джозефсон өз сөзінде ЕО мен Қазақстан арасындағы әріптестікті одан әрі дамытудың негізгі бағыттары экономикалық байланыстарды әртараптандыру және өзара байланыстылықты нығайту екенін атап өтті. Ол цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, энергетикалық қауіпсіздік, жаңартылатын энергия көздері, жасыл сутегі және аса маңызды шикізат салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын ерекше атап көрсетті.ЕО өкілі Еуропалық Global Gateway бастамасының флагмандық жобасы мәртебесіне ие болған Транскаспий көлік дәлізіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағыттың әлеуетін толық іске асыру үшін теміржол және порт инфрақұрылымына, логистикалық орталықтарға инвестиция тарту, сондай-ақ шекаралық және сауда рәсімдерін жеңілдету қажет. М. Джозефсон 2025–2026 жылдары жоғары деңгейдегі саяси диалогтың жандануынан кейін сауда мен инвестиция көлемін ұлғайту, ғылыми-білім беру және іскерлік байланыстарды кеңейту түріндегі нақты нәтижелерге қол жеткізу басымдыққа айналуға тиіс екенін атап өтті.Талқылау барысында қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың алдағы қадамдары, инвестициялар тарту, көлік байланыстылығын дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Бельгияның кәсіпорындары, университеттері және ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1317286?lang=ru
Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды 21.11.2026
Ұлттық экономика министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара аясында сала қызметкерлері мен ардагерлері көп жылғы адал еңбегі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.Салтанатты жиында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 1990 жылғы 25 қазанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуына негіз болған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның қабылдануының тарихи маңыздылығын атап өтті. Биыл ел Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуде.Вице-премьер Министрлік ұжымының ел экономикасын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, өңірлік әлеуетті нығайтуға және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті."Ерен еңбегі үшін" медалімен Ұлттық экономика министрлігінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың 15 өкілі марапатталды: Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің бас сарапшысы Гүлмира Акишева, Адами ресурстармен жұмыс департаментінің бас сарапшысы Ботагөз Ақжігітова, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Алтын Елубекова, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерік Ермекұлы, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті басқармасының басшысы Гүлдана Иманғалиева, Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Бекжан Кисанов, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті басқармасының басшысы Жанна Қоштаева, Салық және кеден саясаты департаменті басқармасының басшысы Әлия Қоспанова, Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің бас сарапшысы Дана Мамбаева, Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Әсемгүл Омарова, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығы директоры Әлібек Райпов, Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Аля Салықбаева, Стратегиялық талдау және даму департаментінің бас сарапшысы Зәуреш Сандыбаева, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Вероника Сейтмағамбетова және еңбек ардагері Нәзира Тұрсынбаева.Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті басқармасының басшысы Нұрман Әбілқасымов "Мемлекеттік қызмет ардагері" төсбелгісімен марапатталды.Саланың дамуына қосқан үлесі үшін еңбек ардагерлері Марат Қалиев пен Айжан Құсайынова да марапатталды.Сонымен қатар, Министрліктің бірқатар қызметкерлері ведомстволық марапаттарға, Министрліктің Құрмет грамоталарына және Министрдің Алғыс хаттарына ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1317262?lang=ru
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Самарқанд қаласында өткен «Балалардың әл-ауқатына инвестиция салу: болашақ ұрпақ үшін орнықты әрі әділетті дамуға бастар жол» атты Дүниежүзілік саммитке қатысты. 21.11.2026
Самарқанд, 2026 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Самарқанд қаласында өткен «Балалардың әл-ауқатына инвестиция салу: болашақ ұрпақ үшін орнықты әрі әділетті дамуға бастар жол» атты Дүниежүзілік саммитке қатысты.Ауқымды халықаралық іс-шараға әлемнің 100-ден астам елінен 600-ге жуық қатысушы, оның ішінде мемлекеттердің бірінші ханымдары, мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, жетекші сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.Саммит балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сапалы білім беру мен денсаулық сақтау қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды.Саммит бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады. Өз сөзінде қазақстандық ведомство басшысы еліміздің балалар онкологиясы саласындағы жетістіктерін таныстырып, балалардағы онкогематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу тиімділігін арттыруда елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін атап өтті.Атап айтқанда, ол Қазақстанда онкогематологиялық ауруларға шалдыққан балалардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 70 пайыздан асатынын, ал жедел лимфобластық лейкоз кезінде бұл көрсеткіш 85 пайызға жететінін мәлімдеді. Аталған көрсеткіштер балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету жүйесінің жүйелі түрде дамып келе жатқанын, заманауи емдеу әдістерінің енгізіліп жатқанын және сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігі артып отырғанын айғақтайды.Қазақстан балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, инклюзивті білім беруді дамытуға, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.Осы тұрғыда қазақстандық делегацияның саммит жұмысына қатысуы еліміздің болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз, әділетті әрі қолайлы орта қалыптастыру жолындағы халықаралық күш-жігерге бейілділігін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1317255?lang=ru
Қазақстан Елшілігі Business & Culture Awareness іс-шарасында бизнесті жүргізудің инвестициялық мүмкіндіктері мен шарттарын ұсынды 21.11.2026
Лодзь, 2026 жылғы 22 қазан - Іс-шара іскерлік қоғамдастық пен халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесетін ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту перспективаларын талқылау болды.Кездесу қатысушыларына Қазақстанның инвестициялық және іскерлік ахуалы, елдің экономикалық дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық іскерлік ынтымақтастық перспективалары бойынша Таныстырылым ұсынылды. Таныстырылым сондай-ақ Қазақстанның шетелдік инвестициялар үшін бағыт ретіндегі стратегиялық артықшылықтары, оның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды байланыстырушы буын ретіндегі рөлі, экономиканың басым салаларының әлеуеті, сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік әріптестік құру, өндірісті оқшаулау және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері атап өтілді.Іс-шараны Fireflies sp. z o.o. компаниясы және Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1317233?lang=ru
Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Орталық Азия католик епископтары конференциясының төрағасымен кездесті 21.11.2026
2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің бастамасымен Орталық Азия католик епископтары конференциясының төрағасы кардинал Джорджо Маренгомен кездесу өтті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан, мемлекетті жаңғыртуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.Тараптар Қазақстан мен Ватикан арасындағы қатынастарды дамытуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне, сондай-ақ биылғы қазан айының басында Астанада өткен Съезд Хатшылығының XXIV отырысы мен II Қазақстан–Ватикан коллоквиумының қорытындыларына ерекше назар аударды.Кардинал Дж.Маренго ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның дінаралық диалогты дамыту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады және жүзеге асырылып жатқан реформалардың табысты болуына тілектестік білдірді. Сонымен қатар ол штаб-пәтері Астанада орналасқан Орталық Азия католик епископтары конференциясының қызметі туралы айтып берді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдегі дінаралық диалогты ілгерілетуге өзара мүдделіліктерін растады.Кездесу достық және сындарлы ахуалда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1317238?lang=ru