Жаңалықтар
«Tomorrow School» жасанды интеллектке үйретеді: Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін 16.11.2024
4 қарашада Парижде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің 13-отырысы өтті. Бұл іс-шараға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған ҚР Цифрлық даму министрлігінің делегациясы қатысты.Кеңес Қазақстан мен Франция компаниялары арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға ықпал етеді. Бұл екі елдің бизнестеріне жаңа серіктестер табуға, сауда және экономикалық қатынастарды кеңейтуге, сондай-ақ іскерлік қауымдастық өкілдері арасындағы сенімді арттыруға көмектеседі.Іс-шарада Жаслан Мәдиев сөз сөйлеп, цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктерді атап өтті, соның ішінде инновациялық экожүйелерді, Govtech және стартап жобаларын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектті барлық салаға енгізу туралы айтты.Қазақстанда 20 миллион адам тұрады, олардың орташа жасы – 32 жас, бұл инновацияларға дайын, серпінді халықты білдіреді. Біздің ел жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында және Орталық Азияның жалпы ЖІӨ-нің шамамен 60%-ын құрайды.«Бұл көрсеткішті 200 000-нан астам маманды қамтитын және жыл сайын 40 000-ға жуық IT-түлек дайындайтын дамып келе жатқан IT-секторымыз қамтамасыз етеді. Қазақстан сондай-ақ әлемдегі ең көне және ірі ғарыш айлағының отаны болып табылады, бұл технологиялық прогреске деген ұмтылысымызды айқындайды. Осындай мықты негіздің арқасында біз цифрлық дәуірдің сынақтары мен мүмкіндіктеріне дайынбыз», – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.Министрдің айтуынша, Қазақстан стартаптарды қолдау үшін жан-жақты және инновациялық инфрақұрылым құрды. Бұл экожүйенің орталығында Орталық Азияның жетекші технопаркі – Astana Hub орналасқан. Бүгінде Astana Hub құрамында 1500-ден астам компания-резидент бар, оның ішінде 400-ден астам халықаралық компаниялар жұмыс істеуде, бұл біздің жаһандық инновацияларға ашық саясатымызды көрсетеді. Соңғы бес жылда Astana Hub қатысушылары шамамен 555 миллион доллар инвестиция тартып, 1,9 миллиард доллар табыс тапты, бұл біздің экожүйеміздің жоғары әлеуетін айқындайды. Біздің жыл сайынғы IT-экспорт көлемі қазір шамамен 500 миллион доллардан асты, бұл біздің технологиялық секторымыздың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.Іс-шара аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен NSDS Digital Investments арасында Қазақстанда және Орталық Азияда цифрлық және жасанды интеллект білімін дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен NSDS Digital Investments-тің тең құрылтайшысы Николя Садирак қол қойды.Astana Hub басты серіктес рөлін атқаратын бұл ынтымақтастық 01Edu платформасы негізінде инновациялық бағдарламалау мектептері желісі – Tomorrow School-ды дамытуға, жасанды интеллект бойынша инновациялық оқу бағдарламасын құруға, қазақстандық таланттарды халықаралық аренада ілгерілетуге, сондай-ақ екі тараптың әртүрлі іс-шараларға қатысуына және білім алмасуға бағытталған.Tomorrow School – Astana Hub ұсынған Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі, ол 01Edu платформасында эксклюзивті түрде жұмыс істейді. Tomorrow School бағдарламалау бойынша бастапқы дайындықты талап етпей-ақ, AI саласында тегін білім алуға ерекше мүмкіндік береді.Бұл жоба Ұлттық жасанды интеллект орталығын құрудың бір бөлігі болып табылады.«Alem.AI ұлттық ИИ орталығы инновациялардың катализаторы болады, жылына 100-ге дейін стартаптарды іске қосуға қабілетті және Қазақстанды жасанды интеллектті дамыту мен қолдану саласындағы көшбасшы ретінде қолдайды», – деп түйіндеді Цифрлық даму министрі.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/876805
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 16.11.2024
Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілістің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Әділет департаменті басшысының м. а. А. Исабекова әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот қаулыларын орындау шеңберінде тәркіленген материалдарды жергілікті атқарушы органдарға берудің мәселелерін баяндады. Бұл ретте қала әкімі сала басшыларына бюджетке салмақ салмай, қолданыстағы қоймаларды тиімді пайдалануды тапсырды. Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек жаңа жылдық безендірілудің тұжырымдамасы мен дайындығымен таныстырды. Ғ.Әбдімәжитұлы жауаптыларға аталған мерекені эстетикалық талғаммен, креативті түрде ұйымдастыру бойынша тапсырма берді. Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы А. Жұмақұлова әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың БАҚ және қоғаммен өзара іс-қимылының мәселелері туралы баяндады. Қала әкімі сала басшыларына азаматтардан түскен өтініштерге сапалы жауап беріп, өзекті мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды. Сонымен қатар қала басшысы ретсіз саудамен күресті жүргізе алмаған. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне шара қолдануды ескертті. Алдағы ауа райының қолайсыздығын ескерген қала басшысы су алу қаупі бар аумақтарда тиісті шараларды жүргізіп, көпқабатты тұрғын үйлерде жылу сапасын қадағалауды тапсырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/876715
Орал жастары «Таза Қазақстан» акциясына жаппай атсалысуда 16.11.2024
Батыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін «Таза Alem» акциясы Оралдағы орталық базар ауданында белсенді қала тұрғындарын, жастар мен еріктілерді біріктіріп өтті.- Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасы тұтас еліміз бойынша өтуде. Ал бүгін бұл акция біздің облыста да өткізілуде. Осы сәтті пайдалана отырып, қала тұрғындарын, жастарды акцияға қатысуға шақырамыз, өйткені қаланың гүлденуі мен абаттандырылуы біздің қолымызда. Еліміздің дамуына атсалысу - әрбір азаматтың борышы, - деді БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Чапаев.Іс-шара қорытындысы бойынша акцияның үздік қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 172 мыңнан астам тұрғын және 4 мың мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 76 мыңнан астам аула, оның ішінде 2508 көпқабатты үйдің аумағы және 74 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды. Сондай-ақ, 231 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 59 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 6 мыңнан астам тротуар плиталары жөнделді. 1221 әлеуметтік нысанның аумағы мен 1251 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 1795 бірлік техника жұмылдырылып, 61580 тонна қоқыс шығарылды.Бұдан басқа, "Ғарыш сапары" АҚ анықтаған 198 заңсыз қоқыс үйінділерінің 112-сі жойылып, қалған 56 қоқыс үйіндісін жою жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/876725
Атырауда мектептердің басқару құрылымын кәсіби оқыту семинары басталды 16.11.2024
Бүгін аймақтың 50 мектебінің басқарушы командаларын «Атырау жаңа мектебі» жобасы шеңберінде кәсіби қайта даярлау бағдарламасы басталды. Бұл сәуірге дейін жалғасып, заманауи білім беру жүйесін басқарудың тиімді менеджмент құралдары мен әдістерін үйретеді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, педагогтердің біліктілігін арттыруда қажетті қолдау көрсетілетінін айтты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Педагог — ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды»,-деп атап өтті. Бұл орайда білім беру саласының жаңашыл көшбасшыларын даярлауға баса мән беріледі. Себебі сіздер балаға білім беріп қана қоймай, олардың әлеуметтік дағдысы мен эмоциялық интеллектін дамытуға ықпалыңыз зор. Сіздер кәсіби тұрғыда өсіп, өзгерістерге дайын болуыңыз қажет,-деді Д.Шамұратов.Бағдарлама білім ордаларының директорлары мен басқарушы командаларына мектепті басқарудың жаңа модельдерін енгізу, деректерге негізделген стратегияларды қолдануды үйрету мақсатында өтіп отыр.Бағдарламаның ерекшеліктері:* Тәжірибелік тағылымдамалар: Эстония және Финляндиядағы PISA нәтижесі жоғары елдердің білім беру жүйесімен танысу. Қатысушылар үздік мектептердің базасында оқу бағдарламалары, оқыту жүйесі, педагогикалық кадрларды дайындау және ерекше білім қажеттілігі бар оқушыларды оқытып, тәжірибе алмасады.* Қазақстандық инновациялық мектептерді зерттеу: High Tech Academy, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп және Tamos Space School сынды оқу орындарының модельдерін зерделейді.* «Қазақстан мектебін басқару» симулятор ойыны: Қатысушылар практикалық кейстерді шешіп, бекітілген менторлармен бірге мектептің даму бағдарламасын құрастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/876704
Байқоңыр ауданының тұрғындарымен есептік кездесу 7 қарашада өтеді 16.11.2024
Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі 7 қараша күні сағат 16.00-ден 15:00-ге ауыстырылды.Тікелей эфир мына парақшада: Байқоңыр ауданының баспасөз қызметі (Facebook) https://www.facebook.com/profile.php?id=100039180743930&mibextid=LQQJ4d. Өтетін орны: №87 мектеп, Иманов көшесі, 37.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/876651
44 оқушы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасында Ақмола облысының намысын қорғайды 16.11.2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі 2024 жылғы 29 қазан-2 қараша аралығында Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп – лицей базасында өтті.Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.Олимпиадаға соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінде оқыған 370 оқушы қатысты. Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша: математика, физика, химия, биология, информатика және география. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі.Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде ұсынылды.Олимпиада аясында оқушылар Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Емтихан» спектаклін тамашалады.Іс-шараның қорытындысы бойынша 134 ақмолалық оқушылар жеңімпаздар, жүлдегерлер және грамота иегерлері атанды: І орын – 25, ІІ орын – 31, ІІІ орын – 64, грамота 14.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша барлығы 37 жүлдегер: І орын – 6, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 20, грамота – 8.Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша барлығы 82 жүлдегер: І орын – 19, ІІ орын – 19, ІІІ орын – 44, грамота – 6.Жеңімпаздар ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/876728
Шортанды ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады 16.11.2024
Шортанды ауданында 150 орынға шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жаңа нысан дене шынықтыру мен спортты дамытудағы маңызды қадам болмақ.Кешен заманауи спорт залдарын және әртүрлі спорт түрлеріне арналған алаңдарды қамтиды. Бұл нысанда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барлық жастағы тұрғындарға қол жетімді болады, бұл аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.«Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде, бетон бағаналарын құю және отандық өндірістің үш қазандығы бар блоктық-модульдік қазандықты орнату жұмыстары аяқталды. Қабырғалық және төбелік сэндвич панельдеріне арналған материал әкелінді. Жоспар бойынша құрылыс 2025 жылы аяқталады», - деді Шортанды ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Мерей Серікбол.Айта кету керек, Ақмола облысында спорттық ғимараттар желісін кеңейту мақсатында осы жылы Есіл және Қосшы қалаларында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Целиноград және Бурабай аудандарында 2 спорт кешені пайдалануға берілді.Степногорск қаласында тез салынатын спорт кешені мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. 7 нысанның құрылысы жүргізілуде: Щучинск қаласындағы Спорт сарайы, облыстың 6 ауданында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені.Сондай-ақ, Көкшетау қаласында көпфункционалды кешеннің, Зеренді ауылында спорт залы бар спорт мектебінің құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/876736
Ақкөл ауданында денсаулық сақтау нысандары салынуда 16.11.2024
Қына және Урюпинка ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер, ал Новорыбинка ауылында 3,7 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін жаңа дәрігерлік амбулатория пайда болады. Бұған дейін медициналық қызметтер 1960-70 жылдары салынған ғимараттарда көрсетілген.«Медициналық мекемелерді құрудың басты мақсаты – ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар профилактикалық тексерулердің, скринингтердің қолжетімділігін арттыру, ауруларды ерте анықтау және дер кезінде медициналық көмек көрсету, асқынулардың алдын алу. Заманауи талаптарға сай салынып жабдықталған амбулаториялар күніне 40 адамды қабылдай алатын болады», - дейді аудан әкімінің орынбасары Саят Кенжетай.Сонымен қатар, Новорыбинка ауылдық округінің тұрғындары қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған жаңа жедел жәрдем көлігін алады.Айта кетсек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында Ақмола облысында медициналық объектілерді салу бойынша 38 жоба іске асырылуда, оның ішінде 14 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт және 3 медициналық пункт бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/876745
Алматы облысы және Хэнань: өзара тиімді ынтымақтастық қарқын алуда 16.11.2024
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екіжақты байланыстарды нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеу мақсатында Хэнань провинциясында (Қытай) болды. Сапар барысында провинция губернаторы Ван Каймен кездесу өтіп, оның барысында әртүрлі салаларда, ең алдымен ауыл шаруашылығында бірлескен жұмыстардың келешегі талқыланды.Губернатор Ван Кай Хэнань үшін ауыл шаруашылығының маңыздылығына тоқталып, провинцияның Қытайдағы ең ірі астық орталығы екенін атап өтті. Ол сондай-ақ дамыған инфрақұрылымның, жүгері мен бидай өндірісінің жоғары деңгейіне, тамыр, май және құс шаруашылығының дамып келе жатқанына тоқталды.Ван Кай ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын атап өтті: ауыл шаруашылығы, сауда-өнеркәсіптік әріптестік және гуманитарлық байланыстар. Ол транзиттік тасымалдау саласында бірлескен жұмыстың әлеуетін атап өтті, сондай-ақ академиялық тәжірбие алмасуды дамытуға қызығушылық танытты.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз кезегінде Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ол Қазақстанның алдыңғы қатарлы өңірлерінің бірі саналатын Алматы облысында агроөнеркәсіп кешені, туризм мен өнеркәсіп дамығанын айтты. Ол сондай-ақ аймақтың ҚХР және Қырғызстанмен шектесетін стратегиялық орналасуына және дамыған көлік инфрақұрылымының барына тоқталды.Марат Сұлтанғазиев ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті:1. Ауыл шаруашылығы: суды үнемдейтін технологияларды қолдану, астық өндіру, құс шаруашылығы және сүт шаруашылығы бойынша тәжірибе алмасу.2. Құрылыс: Қонаев және Алатау қалаларын дамытуға Қытай инвестициясын тарту.3. Логистика: бірлескен индустриялық парктер құру және логистикалық орталықтарды дамыту.4. Білім: Алматы облысында бірлескен университеттер құру.Кездесу Алматы облысы мен Хэнань провинциясының өзара тиімді ынтымақтастығы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне және екі тарапқа да нақты пайда әкелетініне сенім білдірумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/876670
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру аяқталды 16.11.2024
2024 жылдың 22 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматы қаласын абаттандыру жобаларына онлайн дауыс беру өтті. Келесі кезеңде онлайн дауыс берудің қорытындысы шығарылады.Қаланың әрбір аудан әкімдігі қабылданған өтініштер мен әрбір жобаға дауыс берген азаматтардың санын көрсете отырып, дауыс беру нәтижелерін қалыптастырады және талдайды. Қорытындылау 2024 жылдың 7 қарашасына дейін жалғасады.Барлығы 163 582 дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Қала тұрғындары биылғы жылы келесі санаттар бойынша ең көп жобаларға дауыс берді- қоғамдық орындарда ересек тұрғындардың демалуы үшін беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, балалар және спорт алаңдарын орнату және жөндеу - 55 708 дауыс- аула аумақтарында және қоғамдық орындарда спорт және балалар алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру - 33 577 дауыс- қоғамдық аумақтарды құру, жөндеу және жарықтандыру – 32 898 дауысДауыс беруде келесі аудандар көш бастады: Медеу – 36 726 дауыс, Алмалы – 28 765 дауыс және Жетісу – 25 684 дауыс. Өткен жылы сайлаушылардың басым бөлігі Медеу ауданында дауыс берген.Алмалы ауданындағы тіркеу нөмірі 24102020003 бір жоба 1904 дауыс жинады. Төле би 160/24, Әуезов 32 және Бөгенбай батыр 255 үйлердің тұрғындары өз аулаларын су басумен күресуге жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігердің арқасында жоба жасалып, схемалық эскизі сызылып, алдын ала сметасы есептелді. Тату көршілер өз бастамаларымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсене атсалысып, дауыс саны бойынша ауданның көшбасшысы атанды.Ең көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2025 жылы жүзеге асыратын болады.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша кеңес немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty Қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 18,8 млрд теңгеге (2023 жылы 12,9 млрд) дейін ұлғайтылды. Биылғы жылы аудан әкімдіктері 2023 жылғы дауыс беру жеңімпаздарының жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда, бүгінгі таңда 261 жоба жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876631
Алматыда кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы пәтер бөлінді.Бұл баспананы жетім балалар, ардагерлер, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнеткерлер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар – барлығы 201 адам алды.Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, оларға техникалық мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.– Бұл мен үшін өте маңызды сәт. Мен жаңа, заманауи үйден пәтер алғаныма қуаныштымын. Баспананы 2013 жылдан бері күттім. Бұған дейін жекеменшік секторда үй жалдап тұратынмын. Үй алуға мүмкіндік беретін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өте ризамын, – деп кезекте тұрғандардың бірі Зульфира Халиулова қуанышын бөлісті.Бірінші жартыжылдықта Наурызбай және Медеу аудандарында 1080 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды.Қараша айында тағы 920 алматылыққа кілт табысталып, олар Наурызбай ауданындағы жаңа пәтерлерге қоныстанады деп жоспарланып отыр.Бөлінген 2000 пәтердің 400-і жетім балаларға, 250-і ерекше қажеттілігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және 1350-і басқа санаттарға (ардагерлер, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және т.б.) берілді.Сонымен қатар, биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді. Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жастарды қолдауға және жеке баспана сатып алуға ынталандыруға бағытталған.Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдау шартында ай сайынғы төлем мөлшері 7-ден 15 мың теңгеге дейін белгіленген, сатып алу құқығы мен жалдау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұған қоса, жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйді жалдаушылар үш жыл ішінде кейіннен екінші деңгейлі банктерден ипотека арқылы баспана сатып алу үшін депозитке қаражат жинауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876636
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын ТК тізімі жаңартылды 16.11.2024
Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876717
Ойыл ауданының 6 ауылында спорт залдар жабдықталды 16.11.2024
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр боламын» жобасы аясында Ойыл ауданы бойынша 6 спорт залдың ашылу салтанаты өтті.«Батыр боламын» жобасының мақсаты - балалар үшін спортқа қолжетімділік деңгейі төмен, шалғай жатқан елдімекендерде арнайы құрал-жабдықтары бар спорт залдар ашу. Бұл жолы игі шара Ойыл кәсіптік колледжі, Көптоғай, Сарбие, Қараой, Саралжың, Ақшатау ауылдарында орналасқан спорт залдардың ашылуымен жалғасты. Ауылдағы спорт нысандарына қажетті құрал-жабдықтардың жалпы сомасы 60 млн теңгенің жобасын құрайды. Залдарда бокс, күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және тағы басқаспорт түрлеріне қажетті бұйымдар бар.«Біздің ауылымыз үшін үлкен мереке. «Батыр боламын» жобасы аясында ауылымызда спорт зал ашылып жатыр. Осындай кішкентай ауылдан еліміздің атын шығаратын чемпиондарды даярлауға мүмкіндіктер сыйлап жатқан жанашыр азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,- деді Ақшатау орта мектебінің директоры Бекжан Қарасаев. Ауыл ақсақалдары жасөспірімдерге жасалып жатқан мүмкіндіктердің оңынан болуын тілеп, баталарын берді. Шара соңы ауыл жастарының тартысқа толы қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасын тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876630
Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді 16.11.2024
Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты.Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба - 2,4 млрд. теңгеге, өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды.1 113 ШОБ нысаны ашылды, 71 бірлескен кооператив және 2 014 жұмыс орны құрылды.2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 93,3 млн. теңге мөлшерінде салық түсімдері түсті. Ауыл кәсіпкерлерінің дамуына қуатты серпін берген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Осы қараша айында 2,9 млрд теңге бөлінбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876639
Абай облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады 16.11.2024
Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 105,3 пайызды құрады. Ең көп өсім құрылыста – 131,6%, өнеркәсіпте – 102,6%, ішкі саудада – 110,5%, ауыл шаруашылығында – 106,4% тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.237,1 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.Меншікті кірістер 126,5 пайызға өсіп, облыс бюджетіне 294,9 млрд теңге түсті. Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құрады.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шараны қамтиды. 2024 жылы 74 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның 7-і аяқталды. 2028 жылға дейін 23 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Нәтижесінде 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта 6 жоба жүзеге асырылып, 225 жұмыс орны ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876687
Абай облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде 16.11.2024
«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Биыл облыс орталығында «KAZ Minerals Management» ЖШС қаржысы есебінен 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды. Балаларды қосымша біліммен қамту аясын кеңейту үшін көп салалы Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Осы жылдың тамыз айында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі, ал қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Қаражыра» АҚ қаражатына салынған 300 орындық концерт залы пайдалануға берілді.2025 жылға дейінгі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста жалпы құны 14,8 млрд теңгені құрайтын 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 64 нысан биыл, біреуі 2025 жылы пайдалануға берілмек.Медициналық қызмет облыстың ауылдарында да кеңейіп келеді. Көкпекті және Үржар аудандарында диализ орталықтары ашылды. Жыл соңына дейін Ақсуат ауылында тағы біреуін ашу жоспарлануда. Жедел жәрдем ауруханасы жасанды қан айналым аппаратымен жабдықталған. Бұл қан айналымын толық тоқтатып, ашық тұрған жүрекке операция жасауға мүмкіндік берді.Биыл денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 100 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876698
Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді 16.11.2024
Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлердежаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатауауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876714
Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді 16.11.2024
Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлерде жаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатау ауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876734
Қазақстандық колледж студенттері NASA ғарыштық қосымшалар байқауында өз жобаларын ұсынады 16.11.2024
«SPACE APPS CHALLENGE-2024» жаһандық төрешілігінің әлемдік кезеңі 19 қарашада өтеді.Аталған додада Қазақстан намысын Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко, Жан Бейсекеев және А.Байтұрсынов атындағы мектеп оқушысы Игорь Мартынюк қорғайды.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша олар әлемнің 152 елінен қатысқан 8715 команда арасынан суырылып шығып, NASA-ның «SPACE APPS CHALLENGE-2024» ғарыштық қосымшалар байқауының жаһандық номинанттары атанды.Енді қазақстандықтардың жобалары NASA сарапшы төрешілер тобы және жаһандық финалистерді анықтайтын серіктес ғарыш агенттіктерінің қарауына ұсынылады.Айта кетейік, әлем бойынша 8,7 мың команданың арасынан тек 940 команда қазылар алқасы тарапынан іріктелген болатын және оның ішінде екі қазақстандық команда бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876707
Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS2024) қатысу қорытындысы бойынша, Греция 16.11.2024
Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының (ҚР МШКҚӨ ҰО) ғалымдары құрамында бас ғылыми хатшы, профессор Светлана Ефремова, Астаналық филиалының директоры, профессор Баймахан Сәтбаев және Астаналық филиалы директорының орынбасары, Қарағанды индустриялық университетінің PhD студенті Нұрғали Шалабаев SIPS2024 «Ғылым және технология арқылы тұрақтылық» (Sustainable Industrial Processing Summit) саммитіне қатысты. 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін іс-шара биыл Грецияда, Критте де өтті. Ұйымдастырылудың бірегейлігі Саммит жердің әр түкпірінен келген ғалымдар мен мамандарды біріктіреді. Оған Нобель сыйлығының лауреаттарынан бастап, ғылым мен өндірістің әртүрлі салаларындағы жас қайраткерлер де қатысады. Алайда, барлық қатысушылар бір тізбекпен тізбектелген – өз елінің және жалпы алғанда Планетаның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге үлес қосуы.Саммиттің негізгі идеясы үш құрамдас бөліктің біркелкі тұрақты дамуына қол жеткізу: экология, әлеуметтік және экономика. Бұны тек үш тандемнің өзара әрекеттесуі арқылы ғана жүзеге асыруға болады: ғылым мен бизнес, мемлекеттік басқару және басшылық, білім беру және азаматтық қоғам.Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының қызметі SIPS әңгімесіне толық жауап береді. Сондықтан болар әр жылдары өткен саммиттің әр түрлі деңгейдегі ұйымдастыру комитеті құрамына ҚР МШКҚӨ ҰО-тың Бас директор, академик Әбдірәсіл Жәрменов бастаған төрт қызметкерінің енгізілуі заңды.Қазақстандық ғалымдар отқа төзімді заттар өндірісі туралы айтты. Органикалық-минералды қайталама шикізат негізінде жоғары температуралы материалдарды алудың әзірленген технологиясы: металлургия және агроөнеркәсіптік кешен қалдықтарын кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаны қорғау, жоғары сұранысқа ие материалдар өндірісінің арқасында экономикалық өсу және бюджетке салық аударымдары есебінен елдің әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Он жылдық қызмет кезеңінде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның Астаналық филиалының ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру барысында 7 млрд. теңгеден асатын сомаға 15 мың тоннадан астам отқа төзімді заттар өндіріліп, Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарына жеткізілді. Бұл ретте бюджет салық ретінде шамамен 1 млрд. теңге алды. Қазақстандық отқа төзімділік – орнықты дамуды қамтамасыз ету процесіне елеулі үлес қосары сөзсіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/876615