Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстанның Азия елдеріне астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі жоғары 16.11.2024
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев баяндады.Ол Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын мәлімдеді. Оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады. «2024 жылғы әлемдік бидай нарығында бірқатар өзгеріс күтілуде. Еуропа, Оңтүстік Африка және Украинада ауа-райының қолайсыздығы себебінен бидай өндірісі төмендейді деп болжамдайды сарапшылар. Сонымен қатар Ресейдің бидай бойынша экспорттық әлеуеті 2024-2025 жылдары 53 млн тонна көлемінде болады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 10,1%-ға аз», — деді вице-министр.Қайрат Төребаев келтірген мәліметке сүйенсек, Қазақстанның қаңтар-тамыз айларындағы бидай экспорты 3,13 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмендеген.«Бұл төмендеудің себебі өткен жылғы өнімнің аздығы және дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі. Сондай-ақ біз бидай экспорттық нарықтарының географиясының тарылуын байқап отырмыз. Негізгі экспорттық нарықтар – Италия, Түрікменстан және Ауғанстан, Ресей Қазақстанның бидайын тұтынуды бірнеше есеге азайтты. Бұл экспорттық бағалардың демпингімен байланысты, ол қазақстандық бидайдың Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарда ауыстырылуына себеп болды», — деді спикер.Еліміз Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізеді деп күтілуде. Қытайға жалпы астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тонна құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе өскен. Оның ішінде бидайдың үлесі 538,8 мың тонна, яғни, өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық. «Бұл Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, Қытай шекарасындағы кідірістер мен лицензиялау шарттары әлі де шешуді талап етеді», — деп мәлімдеді сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.Жаһандық сұраныстың артуы және өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты ЕО елдері маңызды нарық болып отыр. Қазақстан үшін бидайды Ресей арқылы транзиттеу және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша шығындарды азайту өзекті.Жалпы, Түркия мен Таяу Шығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттау мүмкіндігі бар. Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру маңызды, сауда және логистика мәселелері шешілуде. Пәкістан, Индонезия, Бразилия және Малайзия нарықтарында қазақстандық бидай брендін ілгерілету жұмысы жандандырылады.Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, экспорттық логистика мен бағалар көрсетілген елдік ұсыныстар (офферлер) әзірленді. Бұл ұсыныстар Қазақстанның 14 тұрақты өкілдігіне жіберіліп, белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Арменияға 600 мың тонна, Италияға 1 млн тонна бидай жөнелту туралы келіссөздер жасалып жатыр. Сонымен қатар Солтүстік Африка елдеріне 200 мың тонна экспорт бойынша келісімдер жүргізілуде.«Экспортталатын өнімнің күрделілігін арттыру саясатын ескере отырып, дәнді дақылдарды өңдеуге көңіл бөлген жөн. Бұл болашақта экспорт мәселелерін шешудің жолы болуы мүмкін. Қазақстанда күнбағыс майын өндіруде оң нәтиже бар: 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күнбағыс тұқымын экспорттауға 20%-дық баж енгізілгеннен кейін май өндірісі 56%-ға өсті. Биыл бұл өсу жалғасуда, экспорттық бағаның маржасы бірнеше есе артты. 4 желтоқсаннан бастап этил спиртін өндіруші компанияларға оны еврокуб ыдысында экспорттауға рұқсат етілді. Қазіргі уақытта Германия мен Қытайдан спиртке сұраныс бар», — деді спикер.Сонымен қатар құрама жем экспорты бойынша Қытай негізгі нарыққа айналды, экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 93 мыңнан 663 мың тоннаға дейін өсті. ҚТЖ жүк тасымалын дұрыс ұйымдастыру арқасында жоспардың орындалуы 30%-дан 100%-ға дейін артқан.«KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігі экспорттаушыларға сақтандыру, кепілдік беру, экспорттық сауда және қаржыландыруды ұсынуда. Бұл әсіресе өсімдік шаруашылығы өнімдері мен астық экспорты үшін маңызды. Агенттік Қазақстанның дәнді дақылдар экспортына қолдау көрсетіп, оның көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. KazakhExport қолдау құралдары арқылы Қазақстанның дәнді дақылдар экспортын жыл сайын 10 млн тоннаға дейін арттыру әлеуеті бар», — деп түйіндеді ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/news/kazakhstan-imeet-vozmozhnost-narashchivaniya-postavok-zerna-v-aziatskie-strany-29219 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/870233
Республика күніне орай Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлері марапатталды 16.11.2024
ҚР Сауда және интеграция министрлігінде 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында министрлік қызметкерлері осы салаға сіңірген еңбектері үшін марапатталды.Сауда және интеграция министрінің орынбасары Айжан Бижанова ұжымды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.«Сауда және интеграция министрлігінің және жеке өз атымнан сіздерді Республика күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!Әрқайсыңыз сала жетістіктеріне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Жаһандық ахуалға қарамастан, еліміздің сауда саласы оң нәтижелерді көрсетуде. 2023 жылы сауда саласында 36% бизнес субъектілері тартылды, ал сектордың өзі 1,5 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Сауда экономикадағы негізгі драйвер болып қалуда. Оның ЖІӨ-дегі үлесі екінші орынды алады және өткен жылы 28% өсті. 2024 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша физикалық көлем индексі 6,3%-ға артты.Біздің алдымызда атқаратын міндеттер күтіп тұр, соның ішінде 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру мәселесі бар», - деді Айжан Бижанова.Салатанатты жиында сауда секторын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге наградалар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/871717
Ұлытау облысы бойынша сауда департаменті жыл басынан сауда заңнамасын бұзған 240 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты 16.11.2024
Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жыл басынан сауда заңнамасын бұзған 243 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жыл басынан «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағын бұзғаны үшін 226 сауда субъектісі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесінің шекті мөлшерін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 195-і ескерту болса, 31 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 572 200 теңгеге айыппұл салынды.Мемлекеттік бақылау шараларының негізінде департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 5%-дан 30%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің заңнамада белгіленген мөлшерден асырмау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.Өңірдегі 15 сауда субъектісіне тауардың сату құны витринада көрсетілген бағамен сәйкес келмегені және тауарларды баға жапсырмасымен рәсімдемегені үшін жалпы сомасы 173 500 теңге айыппұл салынды. Одан бөлек өңірдегі кәсіпкерлік нысандар витринада баға белгілерін орнатпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мәселен Жезқазған қаласындағы дүкендердің бірінде витринадағы тауардың бағасы 500 теңге деп көрсетілген, алайда сату кезінде витринада көрсетілгеннен жоғары баға қолданып, 580 теңгеге сатылған. Департамент мамандары аталған дүкендерге тексеріс жүргізіп, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/872435
Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 16.11.2024
2024 жылдың 29 қазанында Астанада экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия жұмыс тобының 9-шы отырысы өтті. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли бастаған делегация негізгі салалардағы екіжақты қарым-қатынастың даму барысын талқылады.Қазақстандық тарап 2023 жылы Италиямен тауар айналымының айтарлықтай өсіп $16,1 млрд жеткенін атап өтті. Бұл өсім энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және инновациялар сияқты маңызды салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюіне мүмкіндік берді.Тараптар сондай-ақ Италияның CDP қаржы институты SACE және Қазақстанның Даму Банкімен ынтымақтастықтағы алғашқы қаржыландыруды құптады. Бұл бастама жаңартылатын энергия көздеріне, энергия тиімділігіне және денсаулық сақтау мен су ресурстарын қоса алғанда, тұрақты инфрақұрылымға ерекше назар аудара отырып, Қазақстандағы орнықты даму жобаларын қолдауға бағытталған.Отырыстың маңызды аспектісі Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылау болды, бұл өзара сауда үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.Сондай-ақ екіжақты экономикалық қатынастардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы болып табылатын көлік-логистика секторын дамытуға басымдық берді.Қазақстан аграрлық сектордағы, соның ішінде жеміс-жидек, көкөніс шаруашылығы және дәнді дақылдарды өңдеудегі ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Осы тұрғыда «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «ҰК» АҚ итальяндық астық өңдеушілермен ұзақ мерзімді серіктестікке және Италия нарығына жоғары ақуызды бидайды жеткізуді талқылауға дайын екендігін білдірді.Екі жақ та мәдениет, туризм, спорт және көлік инфрақұрылымы саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру ниетін растады. Итальяндық компанияларға жаңартылатын энергия көздеріне, сондай-ақ «Қорғас» арнайы экономикалық аймағына және «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасындағы жобаларға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Жұмыс тобының келесі отырысы 2025 жылы Римде өтетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/873707
Италия банкі Қазақстан нарығына кіруге ниетті 16.11.2024
Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісі ашылуда. Бұл жайында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екі жақты кездесу барысында мәлім болды.Арман Шаққалиевтің айтуынша, Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы $16,1 млрд құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп. Қазақстаннан Италияға экспорт $14,8 млрд жетті, ал импорт $1,2 млрд құрады, бұл өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр.Сауда-саттықтың өсуі ағымдағы жылы да жалғасын тапты. 2024 жылдың сегіз айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, $13,8 млрд құрады, бұл ретте қазақстандық өнімнің экспорты 36% -ға артып, $12,9 млрд. жеттіСауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 29 қазанда Астанада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының (ҮАК) 9-шы отырысы өткенін атап өтті. Отырыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айында Италияға сапарынан кейінгі тапсырмасы шеңберінде өтті және сауда-экономикалық мәселелерді талқылауда маңызды рөл атқарады.Өз кезегінде италияндық қонақ Эдмондо Чириелли шақырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығын атап өтті.«Біздің сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасымыз нығая түсетініне сенімдіміз. Қазақстан Орталық Азияда негізгі орынға ие және Еуропаны өңірмен байланыстырады. Екіжақты сауда көлемі едәуір өсті және біз қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанамыз. Біз Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісін ашуды жоспарлап отырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дами беретініне сенімдіміз. Бұл кездесулерді өткізу біздің ынтымақтастығымыздың алты жылдық кезеңін аяқтаған маңызды кезең болды», - деді Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/873709
Әділет министрлігі суретшілерге «Суретшілердің құқықтарын сақтау және қорғау» тақырыбында семинар өткізді 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Алматы қаласында «Суретшілердің құқықтарын сақтау және қорғау» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара «Қазақстан Республикасының Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жоғарғы оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін жинады. Семинарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК, Алматы қаласы Әділет департаментінің, сондай-ақ «Репрографиялық құқықтар және бейнелеу өнері туындылары жөніндегі қазақстандық қоғам» ҚБ өкілдері қатысты.Семинар барысында суретшілердің жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қорғауға, олардың құқықтарын қорғау тәсілдеріне, авторлық шарттар жасасу ерекшеліктеріне, сондай-ақ пайдаланушыларға мүліктік құқықтарды беруге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Г. Қ. Кәкен. азаматтық және қылмыстық заңнама шеңберінде өз құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес авторлардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуінде тұрақтылық байқалады. Сонымен қатар, пайдаланушылармен шарттар жасасу қажеттілігі, берілетін мүліктік құқықтардың көлемін, мерзімдері мен құқықтарды беру аумағын, сондай-ақ тапсырыс шарттарын жасасу ерекшеліктерін нақты реттеу туралы атап өтілді. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК Авторлық құқық басқармасының басшысы Р.Д. Аввалова семинарға қатысушыларды Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларды Мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу рәсімдерімен таныстырды.«Қазақстандық репрографиялық құқықтар және бейнелеу өнері туындылары жөніндегі қоғам» ҚБ төрағасы Р.А. Абдухаликов репрография саласының дамуы мен қадағалау құқығы туралы айтып берді.Суретшілер зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, шарттар жасасу, көркемдік құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсат алу рәсімі және т.б. бойынша сұрақтар қойды.Бұл семинар суретшілер мен әділет органдарының өкілдері арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар құқықтар мен міндеттер туралы хабардарлық деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар суретшілердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Бұл іс-шара құқықтық базаны нығайту және Қазақстанның мәдени саласын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/874477
ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕГІ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА 16.11.2024
Жезқазғандағы 91-94 орамдардың, Батыс және 7-8 шағынаудандарының алғашқы абоненті көгілдір отынды пайдалануды бастады. Бұл - Ұлытау облысының орталығын газдандырудың екінші кезегі. Күрделі жұмыс жалпы үш кезектен тұрады. Біріншісі: Талап, Қабанбай, Бөгенбай батыр шағын ауданынЕкіншісі: Қостангелді, Бекболатсай, Батыс шағын аудандары мен 91-94 орамдарҮшіншісі: Жезқазған қаласының 66-84 және 4-6 орамдарын газбен қамтамасыз ету. Қазіргі күні өңірде жалпы саны 3654 үйге арналып газ желісі тартылса, соның 1000-ға жуығы көгілдір отынның қызығын көруде. 91-94 орам мен батыс ауданның өзінде 1711 үйге желі жеткізілген. Сол себепті тұрғындарды көгілдір отынға қосылуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/862098
ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЭО ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ЖЕТІ ҚАЗАНДЫҚПЕН ӨТКЕРЕДІ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазғандағы жылыту маусымының басталу жұмыстарымен танысты. Белгілі болғандай, жылу электр орталығында қазір 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Ал бесіншісі 15 қазанда қатарға қосылады. Алтыншы қазандық ауа райы температурасының төмендеуіне орай, қарашаның бірінде қолдануға беріледі. Жетінші қазандықты кестеге сәйкес, желтоқсанның соңында іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ өңір басшысына ауа райы температурасына сәйкес, қазіргі таңда қалаға жылудың 55-65 градуста беріліп жатқандығы айтылды. Оған қоса, №11 жылу магистраліндегі 2025 жылға дейін жоспарланған жөндеу жұмыстары ерте аяқталуына байланысты жуу процесінен өтуде. Сәйкесінше судың құрамында көп көлемде темір болуы ықтимал, 2-3 күнде аяқталған соң қалыпқа келеді. Айта кету керек, Жезқазған жылу электр орталығы көмір және мазут қорымен тиісті көлемде қамтылған.Сонымен қатар облыс әкімі Дастан Рыспеков реті бойынша сегізінші қазандықтың жаңғырту жұмыстарын бақылады. Жұмыстар 2026 жылға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/863397
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СӘТБАЕВТА БОЛДЫ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Сәтбаев қаласын жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорынына қарасты ІІІ көтеру сорғы стансасында атқарылып жатқан күрделі жұмыстар қарқынымен танысты. Аталған орында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жаңа сорғылар мен резервуарлар орнатылуда. Жұмыстар 80%-ға аяқталып тұр. Қазіргі уақытта Сәтбаев қаласына ауыз су жаңа сорғы стансасы арқылы берілуде. Өңір басшысы сондай-ақ, ескі сорғы стансасындағы жаңғырту жұмыстарын қарады. Дастан Рыспеков жаңарту, жаңғырту жобасының негізгі мақсатын, Есқұла су қоймасынан келген ауыз сумен Сәтбаев қаласын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, Кеңгір ауылы арқылы Жезқазғанға жөнелтуде маңыздылығын атап өтті. Келесі кезекте өңір басшысы Сәтбаев қаласындағы №1 жылу беру станциясының жұмысын бақылады. Орталық биылғы жылыту кезеңін талапқа сәйкес 4 қазандықпен өткереді. Қазіргі таңда оның екеуі күрделі, біреуі ағымдық жөндеуден өтіп, іске қосылды. Төртінші қазандық ауа райы температурасының төмендеуіне сәйкес, қарашаның соңында іске қосылуы тиіс. Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспеков атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауы барысында бүгін түнгі 00:00-ге дейін қаладағы барлық үйді жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/863402
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 16.11.2024
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні облыстың барлық қала, аудандарында тазалық акциялары өтті.Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Күннің суытуына қарамастан тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. Экологиялық іс-шараларға қатысушылар арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар. Акцияға барлығы 165 ұжымнан 1700-ден астам адам мен 51 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 72 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Облыс орталығының тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты.Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды. ««Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты - халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару. Сонымен қатар, іс-шара жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталатын болады, өйткені мұндай жобалардың арқасында табиғатқа ұқыпты қараудың жақсы үлгісі болып табылатын эковолонтерлік қозғалысы дамуда», - дейді «BIRLIK» еріктілер клубының жетекшісі Төлеубай Дарын.Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының тұрғындары да экологиялық акцияларға қатысты. Осы аудандардың барлық елді мекендерінде кеуіп қалған ағаштар мен арамшөптерді жою жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да аулаларын жинап, ретке келтірді. Тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтері жетекшілік жасады.Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/865538
ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ҚАРАЛДЫ 16.11.2024
Облыс әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің 2024 жылғы 23 тамыздағы Ұлытау облысына сапары барысында берілген хаттамалық тапсырмасын орындауға қатысты кеңес өтті. Жиында тиісті салаларға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары Үкімет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы бойынша баяндады. Атап айтқанда, кеңесте инфрақұрылымдық жобалар және оларды жүзеге асыру үшін қаражат бөлуге қатысты сұрақтар, инвестициялық бастамалар, оларды іске қосу бағыттары талқыланды. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы бойынша баяндалды. Кеңес соңында облыс әкімі аталған мәселелер бойынша хаттамада көрсетілген іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуының маңыздылығын және олар бойынша әр орынбасардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/866859
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 16.11.2024
2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ЮНИСЕФ әзірлеген халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) басталды. Зерттеу облысымыздың 5 өңірін қамтиды.2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында интервьюерлер өңіріміздің қалалары мен ауылдарында сауалнама жүргізеді. Сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін, оның ішінде санитарлық тазалықты, білім беруді және басқа да маңызды көрсеткіштерді қамтиды. Барлық сауалнамалар тиісті мемлекеттік органдармен бекітілген.Интервьюерлер арнайы киім киіп, барлық байланыс ақпараты бар бейдж тағады.Интервьюер барған үй шаруашылықтары осы сауалнамаға түсіністік білдіреді деген үміттеміз. Зерттеуге қатысу Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы мен денсаулығын жақсартуға көмектесетін маңызды мәліметтерді жинауға көмектеседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/868145
АСТАНАЛЫҚТАРҒА ҰЛЫТАУ ДӘМІ ҰСЫНЫЛДЫ 16.11.2024
Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық жәрмеңкеге 26-27 қазан күндері Ұлытау облысының өнімдері қойылды. Аталған іс-шараға өңіріміздің жергілікті 40-қа жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Атап айтар болсақ, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын ет өнімдері мен (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) сүт өнімдерін (сүт, қымыз, шұбат, қаймақ, сары май, ірімшік, құрт) ұсынылды.Екі күнге созылған жәрмеңкеде астаналықтар Ұлытау аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873413
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Тимур Қалымжанұлы Бисимбаев 1980 жылы дүниеге келген.А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетін «Агроном» мамандығы бойынша аяқтаған.Ауыл шаруашылығы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.Әр жылдары Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маманнан бастап, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.Ұлытау облысына тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бері Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873502
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Нұрлан Ерболатұлы Абдукалимов 1986 жылы туған.Еңбек жолын Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында есепші болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінде жауапты қызметтер атқарған.Қаржы министрлігінде өнеркәсіп жәнеотын-энергетика кешеніндегі бюджетті жоспарлау саласына жауап берген.Кейіннен «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясында экономика және бюджетті жоспарлау департаментін басқарған.Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы Қаржы басқармасының басшысы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873510
Ұлытау облысында ашылатын Техникалық университет мәселелері қаралды 16.11.2024
Жиынға өңір басшысы Дастан Рыспеков, ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закария, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов,«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев және жоба басшысы Мақсұтбек Айтмағанбет қатысты.Облыс әкімі өз кезегінде Канада университетімен бірлескен білім ордасын салу үшін әкімдік тарапынан Жезқазған қаласынан жалпы ауданы 20 га құрайтын жер телімі бөлінгенін, шекарасы белгіленіп, мүлікке кадастрлық төлқұжат алынғанын атап өтті.ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закария университеттің техникалық бағыттағы сапалы кадрлар дайындауда маңызы үлкен болатынын жеткізді. Ал жоба басшысы Мақсұтбек Айтмағанбет жобаның даму жоспарымен бөлісті.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов университеттің Ұлытау облысымен ғана шектелмей, Орталық Азия мемлекеттерінен студенттер оқытуға бағытталатынын айтты. Сәйкесінше, білім ордасының барлық сала бойынша мүмкіндігі жоғарылауы тиіс.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында «Ұлытау техникалық университетінің 2024-2028 жылдарға арналған кампус құрылысы және жұмыс істеуі жөніндегі» Жол картасына қол қойылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873675
Атырауда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Аймақ басшысы салтанатты жиында тұрғындарды мерекемен құттықтап, елдіктің нышаны болған егемендіктің қадір-қасиетіне тоқталды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Ел еркіндігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде ана тіліміз, төл тарихымыз, әлеуметтік-экономикалық және рухани құндылықтарымыз қайта тұғырына мінді. Келешек ұрпақты алдағы күндерге апаратын басты мұрасы, бабалар арманы - Тәуелсіздік. Азаттықты сақтап, халық сенімін нығайтудың басты факторы - бейбітшілік пен келісім. Кез келген ұлы идеялар бейбіт кезеңде жүзеге асады. Осы жылдар ішінде біз ел ретінде үлкен даму сатыларынан өттік. Экономикада, мәдениетте, спортта алуан биіктерді бағындырдық. Бүгінгідей мерекелер, ұлттық атаулы даталар патриоттық сезімдерді қалыптастырады, өткеніңмен қауыштырады. Ардақты жерлестер! Баршаңызға бейбітшілік пен береке-бірлік тілеймін!-деді С.Шәпкенов.Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871891
Облыс әкімі Республика күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік наградалар табыс eтті 16.11.2024
25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, атыраулықтарды ұлттық мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз». Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн. Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік,-деді С.Шәпкенов.Серік Шәпкенов салтанатты шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан бірқатар адамға мемлекеттің наградалар табыс етті.ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:Оразғали Қаршегенов - «Атырау Жарық» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.«Парасат» орденімен:Бисен Қуанов - еңбек ардагері;Нұрпейіс Мақашов - еңбек ардагері;Ерлан Мұқай - НКОК компаниясының басқарушы директорының орынбасары.«Құрмет» орденімен:Нұрқабыл Айтмұхамбетов - «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМК директоры;Сәдірғали Әділов - еңбек ардагері;Махш Гайсина - «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Музыка және өнер» кафедрасының доценті;Ғалия Досалиева - «BRANDO» ЖШС бір реттік шприц зауытының бас инженері;Балжан Досмұхамбетова - «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы;Айжан Қарабаева - «Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі» ҚКМК директоры;Галия Куталиева - «Құрманғазы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Кудряшов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі практика дәрігері;Нұрлыбек Хамитов - «ТөбеаралОйл» ЖШС директоры.ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіменСұлтан Айталиев - «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехының автоматика және өлшеу аспаптарының жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі VI разрядты электр жөндеушісі;Нұрсәуле Құттыбаева - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау цехының есепке алу жөніндегі аға операторы;Сонымен қатар бірнеше азамат «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалдарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871962
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті жерлестер!Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз».Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн болып табылады.Бұл мереке атамекеніміздің азаттығы мен ел еркіндігі жолындағы сан ғасырлық күресте қызыл қаны мен қара терін қатар төккен қайран ата-бабаларымыздың асыл арман, ізгі мұратының жүзеге асқанын бейнелейді.Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік.Әр шаңыраққа шалқыған бақыт, баршаңызға құт-береке тілеймін. Қасиетті Тәуелсіздігіміз күннен күнге нығая түсіп, ұлы Отанымыз мәңгіге өркен жайсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871963
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 28 қазанда Индер ауданына жұмыс сапарымен барады. 16.11.2024
Сағат 11:00 – Индер мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі.Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Индер ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71234) 2-03-85Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872016