Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

БҰҰ ЭСКАТО делегациясы Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасын талқылау аясында Алматыға келді 04.03.2026
2026 жылы 2 наурызда Алматыда Тұрақты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі арнайы жұмыс тобының үшінші отырысы аясында БҰҰ ЭСКАТО делегациясының көшпелі сапары өтті. Қатысушыларға UN Plaza кешенінің инфрақұрылымы мен оның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі практикалық цифрлық шешімдермен алмасудың өңірлік платформасы ретіндегі әлеуеті таныстырылды.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның цифрлық күн тәртібін дамытуға және БҰҰ аясындағы халықаралық ынтымақтастыққа бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ Цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мен озық тәжірибелермен алмасу құралы ретіндегі маңыздылығына тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1173131?lang=kk
Қарасай ауданында 26 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді 04.03.2026
Қарасай ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жататын 26 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2 наурыз күні аудан әкімі Жасұлан Естенов пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.Салтанатты шара барысында аудан әкімі бұл күннің әр отбасы үшін маңызы ерекше екенін атап өтіп, қоныс иелеріне зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа баспаналарында береке-бірлік тіледі. Сонымен қатар, 15 наурыз күні ел көлемінде өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды азаматтық белсенділік танытуға шақырды.Жаңа пәтер иелері атынан сөз сөйлеген көпбалалы ана Айгүл Оразбаева облыс және аудан басшылығына алғыс білдіріп, баспаналы болған отбасыларды өмірлеріндегі маңызды кезеңнің басталуымен құттықтады.Айта кету керек, баспана алғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар бар. Тұрғын үйлер Елтай ауылында және Қаскелең қаласында орналасқан.Аудан әкімінің мәліметінше, алдағы екі-үш ай ішінде тұрғын үй кілттерін табыстау шаралары жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1173135?lang=kk
Кедендік сараптама саласындағы тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту 04.03.2026
2026 жылғы 9–10 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кедендік зертханасына Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен келді.Делегация құрамына Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті Кедендік сараптама орталық басқармасының бастығы Айдан Раджабова, сондай-ақ аталған басқарманың органикалық және бейорганикалық тауарларды сараптау бөлімінің бастығы Гюнай Юнусова-Гамидзаде кірді.Орталық кедендік зертхана тарапынан іс-шараға ОКЗ басшысының міндетін атқарушы Есимова Мадина Манарбекқызы және зертхананың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.Аталған сапар халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ кедендік сараптама саласында озық тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында сараптамалық қызметті жетілдіру, заманауи аналитикалық әдістерді енгізу және зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.2026 жылғы 9 ақпанда әзербайжандық тарап өкілдеріне Қазақстан Республикасы ҚМ МКК Орталық кедендік зертханасының сынақ зертханаларын аккредиттеу мәселелеріне арналған презентация ұсынылды. Сонымен қатар, қонақтар үшін зертхана бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, оның материалдық-техникалық базасы, негізгі қызмет бағыттары, қолданылатын аналитикалық әдістер мен сараптамалық рәсімдер таныстырылды.Сапар бағдарламасында мұнай және мұнай өнімдерін зерттейтін зертханаларды аккредиттеу мәселелерін талқылау ерекше орын алды. Тараптар аккредиттеу талаптары мен рәсімдерінің практикалық аспектілері, сондай-ақ аталған саладағы зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесі бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің өкілдері Орталық кедендік зертхананың мұнай мен мұнай өнімдеріне сараптама жүргізу барысында қолданылатын заманауи зертханалық аспаптары мен жабдықтарымен, сондай-ақ қолданылатын талдау әдістемелерімен танысты.Кездесу барысында кедендік сараптама бөлімшелерінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер бойынша «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.Өткізілген келіссөздер серіктестік қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, кедендік сараптаманың тиімділігін арттыруға бағытталған алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Бұл ынтымақтастық екі елдің азаматтары мен бизнес өкілдерінің мүдделеріне қызмет етеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1173148?lang=kk
Гудауриде тау шаңғысы спортынан Tan Media Cup халықаралық турнирі табысты өтті 04.03.2026
Гудаури, 28 ақпан – Танымал Гудаури тау шаңғысы курортында әртүрлі елдерден келген спортшылар мен қысқы спорт сүйетіндерді жинаған тау шаңғысы түрлері бойынша Tan Media Cup халықаралық спорттық турнирі өтті.Tan Media Group пен Petra Group Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырған іс-шара жоғары спорттық рух, өзара құрмет және кәсіби бәсекелестік атмосферасында өтті.Қатысушылар дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті, ал жарыстар тәжірибе алмасу және халықаралық спорттық байланыстарды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.Мәдени бағдарлама аясында турнирдің қонақтары қазақ мәдениетімен, дәстүрлерімен және ұлттық тағамдармен танысуға мүмкіндік алды.Ұйымдастырушылар барлық спортшыларға, серіктестер мен қонақтарға бастаманы табысты іске асыруға қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдіріп, спорт саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1173162?lang=kk
Қазақстан жаңа Конституция қарсаңында: Берлиндегі сараптамалық диалог 04.03.2026
Берлин, 2026 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде «Қазақстан Республикасының конституциялық‑құқықтық жүйесін жаңғырту» тақырыбында жаңа Конституцияны қабылдауға арналған алдағы Республикалық референдумға орай Дөңгелек үстел өтті.Іс‑шараға Германия мемлекеттік органдарының өкілдері, неміс сарапшылары, сондай‑ақ ГФР‑дың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Жиынды ашқан Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов геосаяси трансформациялар жағдайында Қазақстан саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын, оның негізгі элементі Конституциялық реформа болып табылатынын атап өтті. Дипломат жаңа Конституция жобасы елдің әлеуетін нығайтуға, мемлекеттік тұрақтылықты арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңірек қорғауды қамтамасыз етуге деген ұмтылысты көрсететінін айтты.Негізгі баяндамамен Германияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Тило Клиннер сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасы билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етуге, парламенттік тетіктерді күшейтуге және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті.«Diplo.news» бас редакторы Гудрун Дометайт Конституция жобасын ашық қоғамдық талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мемлекеттік құрылымды реформалау үдерісіне қоғамды кеңінен тарту және ашықтық деңгейін көрсетіп отырғанын айтты. Сондай‑ақ ол құрылып жатқан жаңа «Халық кеңесі» институтының міндеттері мен болашақ Құрылтайдың өкілеттіктері туралы сұрады.Талқылауға Германия Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы Статс‑хатшысы, Елші Ханс‑Фридрих фон Плётц те қатысты. Ол 2022 жылғы реформалар неғұрлым теңгерімді саяси жүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болғанын, ал жаңа Конституция осы бағытты қисынды түрде жалғастырып отырғанын атап өтті. Сондай‑ақ ол Қазақстанның жаңа жаһандық сын‑қатерлерге бейімделуге ұмтылып, сонымен бірге тұрақтылық пен сабақтастықты сақтап отырғанын айтты.Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы референдум Қазақстанның саяси дамуының маңызды кезеңі болып, демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және елдің одан әрі прогрессивті дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Жалпы, қатысушылар Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайдағы ел тәуелсіздігін нығайту мен дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1173167?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті 04.03.2026
Астана, 2026 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал төңірегінде пікір алмасып, дағдарыс жағдайында тығыз үйлестіру мен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан СІМ басшысы эвакуациялық іс-шаралар мәселелері бойынша сындарлы өзара іс-қимыл үшін Әзербайжан мен Түрікменстандағы әріптестеріне ризашылығын білдірді.Сұхбаттастар мәселелені тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы реттеуге ортақ бейілділігін растады, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтау және өңірлік қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.Қорытындылай келе, тараптар азаматтарды эвакуациялау мүмкіндігін ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қолдау көрсетуге, сондай-ақ сыртқы істер ведомстволары желісі бойынша тығыз жұмыс байланыстарын жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1173170?lang=kk
Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум Брюссель қаласында «Shanyraq Dialogues» жаңа алаңында талқыланды - Жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан–Еуропалық Одақ стратегиялық әріптестігіне серпін беруі мүмкін 04.03.2026
2 наурыз 2026 жыл, Брюссель – Еуропалық Одақ астанасындағы Қазақстан Елшілігінде Еуроодақтың негізгі институттарының, Брюссельдің ресми және сарапшылық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы мен алдағы референдумды талқылау өтті.Пікірталас Қазақстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам өкілдері арасында мазмұнды пікір алмасуға арналған ашық алаң болуды көздейтін «Shanyraq Dialogues» атты жаңа диалогтік платформаның ресми ашылуы аясында ұйымдастырылды.Шараны Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі, Еуропалық Одақ және НАТО жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко ашты. Ол геосаяси тұрақсыздық пен жаһандық белгісіздік жағдайында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның қазіргі кезеңі туралы айтып, оның елдің ішкі дамуы мен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимылдағы маңызын атап өтті.Р. Василенко 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізілетінін хабарлап, бұл реформалық бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси жүйені ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі екенін айтты. Оның айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді, ашық әрі есеп беретін моделін қалыптастыруға бағытталған.Жобаны әзірлеу үдерісі бұрын-соңды болмаған ашықтықпен өткендігі атап өтілді. Қазақстандық дипломат парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобы, кейіннен түрлі қоғамдық және өңірлік топтардың кеңінен өкілдік етуін қамтамасыз еткен 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылғанын жеткізді. Ол Қазақстан тарихында алғаш рет комиссия отырыстары тікелей эфирде көрсетіліп, жоба мәтінінің аралық нұсқасы бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланғанын атап өтті. Нәтижесінде азаматтардан шамамен 10 мың ұсыныс пен пікір түсіп, олардың бірқатары референдумға шығарылған Конституция жобасында көрініс тапты.Ұсынылып отырған басты институционалдық жаңашылдықтарды таныстыра отырып, Елші құжаттың адамға бағытталған сипатына ие екенін және құқықтар мен бостандықтарды қорғау кепілдіктерін күшейтетінін ерекше атап өтті. Ол іс-шара қатысушыларының назарын мемлекет егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және унитарлық сипатын өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітуге, өлім жазасына тыйым салуды растауға, сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты жаңа нормаларды енгізуге аударды.Р. Василенко жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстанның Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттермен стратегиялық әріптестігіне қосымша серпін беруі мүмкін екенін білдірді. Оның айтуынша, институттарды нығайту, ашықтықты арттыру және адам құқықтарына бағдар ұстану құқық үстемдігі мен диалог қағидаттарының ортақтығы негізінде одан әрі жақындасуға ықпал етеді.Іс-шарада шақырылған спикер ретінде «EUalive» еуропалық онлайн-басылымының негізін қалаушы және бас редакторы Георги Готев сөз сөйлеп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін болып жатқан үдерістердің маңызына сараптамалық көзқарасын ұсынды.Баяндамалардан кейін жанды әрі сындарлы атмосферада сұрақ-жауап сессиясы өтті. Іс-шара қонақтары конституциялық реформаның егжей-тегжейіне, оны іске асыру тетіктеріне, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесінің даму перспективалары мен еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне шынайы қызығушылық танытты. Талқылау ашық әрі мазмұнды сипатта өтіп, қатысушыларға пікір алмасып, реформаның ең өзекті қырлары бойынша жан-жақты түсіндірмелер алуға мүмкіндік берді.Іс-шара жаңа диалогтік платформаның кәсіби әрі мазмұнды пікірталас алаңы ретінде сұранысқа ие екенін растады. «Shanyraq Dialogues» платформасының іске қосылуы Қазақстан мен еуропалық серіктестер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы жаңа қадам болып, даму мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша ашық пікірталастарға дайын екендігін көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1173188?lang=kk
Қазақстан Елшісі Скопьеде халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі 04.03.2026
Скопье, 2026 жылғы 27 ақпан – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопьедегі жетекші Әулие Кирилл мен Мефодий университеті (UKIM) басшылығының шақыруымен студенттер мен ғалымдар және бірнеше Еуропа елдерінің академиктерінің қатысуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Қазақстан: жаңғырту мен реформалаудың жаңа кезеңі» атты арнайы сессияда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.Аталмыш іс-шара Солтүстік Македониядағы БҰҰ кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жастар таланттарын дамытуды ілгерілету» атты 8-ші халықаралық апталық 2026 аясында өтті.Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы басымдықтары, цифрландырудың қарқынды процесі және Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығы туралы баяндады.Қазақстандық дипломат алдағы 15 наурызда жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумға ұласқан Президент Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.Конференцияға қатысушыларға вице-президент институтын енгізу, үкіметке парламенттік бақылауды күшейту және конституциялық түрде бекітілген құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері сияқты негізгі жаңа өзгерістер жөнінде айтылды.Қазақстандағы отбасы мәселесіне ерекше назар аударылды.  С.Бұршақов бұл саладағы мемлекеттік саясат дәстүрлі құндылықтарды заманауи әлеуметтік қолдау шараларымен біріктіруге бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституция жобасында некенің еркек пен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілгені дәстүрлі құндылықтарды қорғау және әйелдер құқықтарын заң тұрғысынан қорғауды күшейту шара ретінде тұжырымдалған ереже екені атап өтілді.Тыңдаушыларды көптеген елдермен салыстырғанда туу деңгейінің өте жоғары болуына байланысты Қазақстанның динамикалық демографиялық көрсеткіштері, сондай-ақ балалар мен жастарды қолдау бағдарламалары ерекше қызықтырды.Еліміздегі университеттік білім беруді дамыту перспективалары және македониялық білім беру мекемелері үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды. Елші С.Бұршақов «Болашақ» бағдарламасының және Қазақстандағы жетекші әлемдік университеттердің филиалдарының оң тәжірибесін атап өтті.Университет аудиториясына сондай-ақ Қазақстан, оның дәстүрлері және халқы туралы бейнероликтер мен фотослайдтар көрсетілді.Баяндамадан кейін С.Бұршақов конференцияға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1173189?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінде генерал Шәкір Жексенбаевтың 125 жылдығына арналған мемориалдық бұрыш ашылды 04.03.2026
Даңқты әскери қолбасшының мерейтойы құрметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде «Шәкір Жексенбаев: ерлік пен тағзым» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Алқалы жиынға әскери жоғары оқу орнының басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, «Генералдар кеңесі» РҚБ президиумының төрағасы генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков және батырдың ұрпақтары қатысты. Конференцияны ашқан Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Болат Оспанбеков әскери қайраткердің ерлік жолын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.– Шәкір Жексенбаев – аса көрнекті әскери тұлға. Оның өмір жолы мен жанқиярлық қызметі жастарды Отан алдындағы парызға адалдыққа және еліміздің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуде үлгі-өнеге болып келеді, – деді ол. Конференция барысында университет оқытушылары мен магистранттары Шәкір Жексенбаевтың балалық және жастық шағы, майдан жолы, сондай-ақ бейбіт кезеңдегі ғылыми-зерттеу қызметі туралы баяндамалар жасады. Шәкір Жексенбаевтың мерейтойына орай соғыс қаһарманының ерлігіне құрмет ретінде «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі естелік медаль тағайындады. Бұл қоғамдық марапат конференцияға қатысып, даңқты қолбасшының көп қырлы қызметін насихаттауға үлес қосқан азаматтарға табысталды. Іс-шара соңында Ұлттық қорғаныс университетінде Шәкір Жексенбаевтың бюсті орналасқан мемориалдық бұрыш ашылды. Онда генералдың Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқанын дәлелдейтін архивтік құжаттар, мінездемелер мен марапат қағаздарының, сондай-ақ ол туралы жазылған мақалалардың көшірмелері қойылған.Шәкір Жексенбаев Ұлы Отан соғысы жылдарында техникалық әскерлер генерал-майоры атағын алған тұңғыш қазақ болғанын атап өту керек. Химиялық қызметтің басшысы ретінде ол отты әрі химиялық қаруды қолданудың озық тәсілдерін енгізіп, талай жауынгердің өмірін сақтап қалуға және жауды жеңуді жақындата түсуге зор үлес қосты. Жауынгерлік ерлігі үшін ол Ленин орденімен, төрт Қызыл Ту орденімен, І-ші дәрежелі Отан соғысы және  Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сонымен қатар әр түрлі медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Шәкір Жексенбаев Мәскеуде оқытушылық қызметін жалғастырды. Ол Химиялық қорғаныс әскери академиясы мен Куйбышев атындағы Әскери-инженерлік академияда еңбек етті. 1988 жылы қайтыс болып, Кунцево зиратына жерленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1173214?lang=kk
Аудан әкімі алғыс айту күнімен құттықтап, түрлі сала мамандарына аймақ басшысының «алғыс хатын» табыстады 04.03.2026
Көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі - «Алғыс айту күні» аз уақыттың ішінде біздің қоғамда ерекше орын алатын, жылылық пен мейрімділіктің, достық пен бауырмалдықтың мерекесіне айналып үлгерді.Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек осы жылулық пен құрметке толы мерекемен құттықтап, ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.Олардың қатарында халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін салалардың үздіксіз жұмыс жасауына зор үлес қосып, тынымсыз еңбек етіп жүрген бейбіт күннің батырлары да бар. Еңбек адамдарын құрметтеу, олардың жанкешті қызметін насихаттау біздің елімізде игі дәстүрге айналған.Президентіміздің Жарлығымен жаңа Конституцияға арналған Республикалық референдумды 2026 жылғы 15 наурызда өткізу туралы шешім қабылданды.Елдігіміздің басты нышаны саналатын жаңа құжатта «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындалған. Расында, біздің елімізде адам және оның құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.Баршаңызға белгілі, қыстың соңғы күндері аймағымызда табиғат тосын мінез көрсетіп, қолайсыз жағдайлардың орын алуына әкеп соқтырды. Ауа райы күрт жылынып, бір күн бойы нөсерлі жаңбыр жауды. Артынша қатты жел тұрып, аяз болды.Біздің ауданда мұндай табиғи құбылыс бұрын-соңды болмағандығын атап өтуіміз қажет. Ауданға қарасты бірқатар елдімекендердегі электр желілеріне, қондырғыларға, ағаштарға толықтай мұз қатып, қалың қар жауып, темір-бетонды бағаналар, талдар құлады.Орын алған апаттық жағдайларды қалпына келтіру мақсатында аймақ басшысының тапсырмасымен жедел штаб құрылып, арнайы комиссия жұмыс жасады.Тұрғындарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде электр энергиясымен қайта қамтамасыз ету жұмыстары 24 сағат үзіліссіз, күшейтілген режимде екі ауысымда жүргізілуде.Бұл жағдай өңіріміз үшін табиғаттың үлкен сынағы болды.Аймағымызда тұрғындарды тіршілік көзімен (су, электр энергиясы, газ, жылу және т.б.) үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тікелей бақылауында.Табиғаттың тосын мінезінен туындағын қиыншылықты ел болып, бірге еңсерудеміз.Осындай сын сағатта ерлікке тең еңбек еткен және бірліктің берік үлгісін танытқан бірқатар жуық азаматқа облыс әкімі шексіз ризашылығын білдіріп, арнайы «Алғыс хатын» жолдады.Қалыптасқан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қараған барша жерлестерімізге, күндіз-түні өз қызметтерін асқан жауапкершілікпен орындаған коммуналдық сала қызметкерлеріне үлкен алғысымызды жеткіземіз!Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1173221?lang=kk
Алға, «Тобыл»! 04.03.2026
Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Тобыл» футбол клубын қостанайлық жанкүйерлер салтанатты түрде қарсы алды.Бұл тек клубтың жеңісі емес, тұтас өңіріміздің жетістігі. Суперкубокты төртінші мәрте ұтып алған «Тобыл» еліміздің мықты, тегеуірінді командасы екенін дәлелдеді.«Бапкерлер мен ойыншылардың табанды еңбегі, ұйымшылдығы пен кәсіби шеберлігі ұжымды жоғары дәрежеге жеткізді. Осылайша жігіттер барша қостанайлық жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. Алда жаңа маусым, жаңа белестер. Жігіттерге зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, жеңісті күндер тілеймін!», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173276?lang=kk
Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес өтті. 04.03.2026
2026 жылғы 26 ақпанда туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарау бойынша кеңес өтті.Кездесу барысында туристік сала мен оған сабақтас бағыттардағы инвестициялық бастамаларды іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен жобаларды сүйемелдеу құралдары қаралды.Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселесі бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Жанатұлы Ғазизов баяндама жасады. Ол инвесторларды кешенді сүйемелдеу, инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және жобаларды ұлттық әрі халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі тәсілдерді таныстырды.«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері Лейла Бахыт Катон-Қарағай өңірін дамыту мастер-жоспарын таныстырды. Құжатта инфрақұрылымдық және туристік жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру арқылы бәсекеге қабілетті туристік кластер қалыптастыру көзделген.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры Нартай Болатұлы Бейсеков инвестициялық келісімшарттарды жасау тәртібі мен қолданыстағы заңнама аясында инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ аға банкирі Айнұр Дарибаева жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары және ірі жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы тарту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.«Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қанатбек Болатұлы Мирзабеков әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін, соның ішінде бірлесіп қаржыландыру және жер учаскелерін ұсыну мәселелерін баяндады.Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» қорының өңірлік филиалының директоры Айгүл Өмірзаққызы Қасымова кәсіпкерлерді қолдау құралдары, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру тетіктері туралы айтты.Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды одан әрі сүйемелдеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1173280?lang=kk
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының 2026 жылға арналған кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 26 ақпан күні сағат 15:00-де Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округінің мәдениет үйінде облыстық басқарма басшылары мен мәслихат депутаттарының қатысуымен мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтеді. Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Барша аудан тұрғындарын қабылдауға белсенді қатысуға шақырамыз. 04.03.2026
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының 2026 жылға арналған кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 26 ақпан күні сағат 15:00-де Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округінің мәдениет үйінде облыстық басқарма басшылары мен мәслихат депутаттарының қатысуымен мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтеді.Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Барша аудан тұрғындарын қабылдауға белсенді қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1173305?lang=kk
Туристік сала өкілдерімен кездесу өтті 04.03.2026
Өскемен қаласында туристік сала өкілдерімен кездесу өтті2026 жылғы 2 наурызда Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында өңірдің туристік сала өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара республикалық штаб мүшелері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.Кездесуді Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Сергеевич Рыпаков ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Шығыс Қазақстанның еліміздің жетекші туристік өңірлерінің бірі ретіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ өңірде инфрақұрылымды дамыту, жол желісін жаңғырту және жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.Негізгі баяндама Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Ғалымқызы Балаева тарапынан жасалды. Өз сөзінде ол еліміздің одан әрі дамуы, стратегиялық маңызы бар шешімдерді қабылдауда қоғамның рөлі, сондай-ақ алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңызы жөнінде айтты.Кездесу барысында сондай-ақ:Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов;Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Сергей Михайлович Пономарев;Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталин;«Еуразия» бірінші арнасының баспасөз хатшысы, журналист, блогер, эко-белсенді Полина Викторовна Шиманская сөз сөйледі.Кездесу барысында туристік бизнес өкілдері, салалық ұйым басшылары мен өңір кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Спикерлер қатарында жеке кәсіпкерлер, білім беру ұйымдарының және сауықтыру туризмі нысандарының өкілдері болды.Қатысушылар Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті. Негізгі назар заманауи сервистік инфрақұрылымды қалыптастыруға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұрақты қонақжайлылық индустриясын дамытуға бағытталған.Кездесу қорытындысында ел дамуы үшін жауапты тарихи кезеңде қоғамның бірлігі мен белсенділігі аса маңызды екені атап өтілді.Іс-шара ашық әрі конструктивті жағдайда өтіп, кәсіби қауымдастықтың ел мен өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға жоғары деңгейде қатысуға дайын екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1173309?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жаяу жүргінші жол бойларын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 04.03.2026
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жаяу жүргінші жол бойларын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1173318?lang=kk
Мәслихаттың кезектен тыс отырысы 04.03.2026
Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясында бірқатар мәселелер күн тәртібіне қойылды. Жиынға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.Өңіріміздің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу, Қостанай облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту талқыланды.Бұдан бөлек, мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу қаралды.Отырыста Арқалық қаласының дамуы туралы да мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда қалалар бойынша инфрақұрылымдық орта сапаның негізгі көрсеткіштері жағынан ең үлкен алшақтық Арқалықта тіркелген. Онда автомобиль жолдарының 31,6%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.«Салыстырар болсақ, Тобыл қаласында 51,5%, Рудный қаласында – 63,6%, Жітіқара қаласында – 73,2%, Лисаков қаласында – 93,6%, Қостанай қаласында – 99,5%. Облыс орталығы мен Арқалықтың айырмашылығы – 70%. Қостанайдағы сапалы жолдардың нақты үлесі 3 еседен астам. Арқалықтың аула аумақтары мен көп пәтерлі үйлерінің қасбеттері ұзақ жылдар бойы жаңартылған жоқ. Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің дамуы мемлекеттің назарында болуы қажет екендігін айтты», – деді облыс әкімі.Өткен жылдан бері Арқалықта абаттандыру бағдарламалары басталған. Бұл өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Айтылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173324?lang=kk
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу 04.03.2026
 enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 26 337,27 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 435,96млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 806,69 млрдтеңге.  ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 94,62млрд теңге.  ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2026 жылғы 1 ақпанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,92%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,36%, ҚРҰБ депозиттері – 2,53%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,38%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,09%, МҚҰ - 1,23%.  2026 жылғы 1 ақпандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,33%, АҚШ долларымен – 40,66%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша 179,5млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 105,48 млрд теңге, өзге кірістер – 0,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы бағалы қағаздарды, шетел валютасын, активтерді нарықтық қайта бағалау, оның ішінде бағамдық қайта бағалауды ескерсек, теріс болып қалыптасты.    2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,28 трлн теңгені, осы кезеңдегі кірістілік 9,74% құрады.2026 жылғы 1 ақпандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 87,90%, РЕПО операциялары – 6,23%, ҚРҰБ депозиттері – 5,85%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 9,42 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 10,36% құрады. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 94,62млрд теңгеден асады.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 15,71 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 25,22%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,01%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,41%, РЕПО – 11,37%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,17%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,00%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,34%, МҚҰ – 4,72%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%. Атап кетейік, портфельдің 68,35% теңгемен, 30,52% - АҚШ долларымен, 1,13% - басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,35%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,19 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 25,58%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 16,43%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,51%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,83%,ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,24%,Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,05%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,05%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 65,68%, АҚШ долларымен 34,32% тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,41%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 11,71 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,39%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,73%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,23%, РЕПО – 12,93%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,86%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,46%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,50%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 67,76%, АҚШ долларымен 32,24%.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,17%."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 5,26 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 21,61%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,04%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 14,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 9,93%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 9,62%, РЕПО – 7,34%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,29%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,25% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,31%, АҚШ долларында – 31,69% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 16,72%."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 53,75 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,83%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,53%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,18%, МҚҰ – 11,92%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,50%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,50%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,71%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,11%, АҚШ долларында – 35,89% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,96%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұлжаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.      [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1173343?lang=kk
Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағызейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады? 04.03.2026
Зейнетақы жинақтарын басқару жөніндегі мүмкіндіктерді кеңейту аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес, азаматтардың өз жинақтарының бір бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруынан инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беруге, қаражатты бір ИПБ-дан екіншісіне аударуға, сондай-ақ ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы қаражатын қайтадан ҚРҰБ басқаруына қайтаруға құқығы бар.Осылайша, қолданыстағы заңнама шеңберінде салымшылар бұрын қабылданған инвестициялық шешімдерін жеке қаржылық мақсаттары мен артықшылықтарын ескере отырып, қайта қарауға құқылы.ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы қаражатын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару тәртібі туралы сауалдардың көп түсуіне орай, БЖЗҚ осындай шешім қабылдаған жағдайдағы іс-қимыл шарттары мен реттілігін түсіндіреді.ҚР Әлеуметтік кодексінің 5-тарауы40-бабы 1-тармағы 10-тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) салымшылар, пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар ҚорғаИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініштерін зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға берген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін ғана беруге құқылы.Егер зейнетақы жинақтары бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-қа қайтару оларды сенімгерлік басқаруға алғаш рет аударған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң ғана жүзеге асырылады.Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)[1]бекіткен Қағидаларда айқындалған. ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ басқаруына беру тәртібі:Егер салымшы зейнетақы жинақтарын ИПБ-дан ҚРҰБ-ға қайтару туралы шешім қабылдаса, онда ол «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған өтінішін өзі келіп немесе Қордың интернет-ресурсы арқылы береді. Салымшы зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтаруға өтініш берген жағдайда Қор қаражатты осы өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде аударады. Кейбір жағдайларда зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтару автоматты түрде жүргізіледі (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтаруға өтініш берудің міндетті шарты болмаса):10 жұмыс күні ішінде–зейнет жасына толғанға дейін;БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін (жерлеуге, мұрагерлерге) тағайындау туралы өтініш не заңды күшіне енген сот шешімі келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінде[2]көзделген өзге де жағдайларда, мысалы:мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардан төлемге өтініш келіп түскен кезде; Қазақстаннан тысқары жерлерге тұрғылықты тұратын жеріне кеткен адамдардан белгіленген құжаттар топтамасы және өтініш түскен кезде, т. б.егер салымшы зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру құқығын пайдаланбаса, ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде. Қор ИПБ-нысалымшының қайтыс болуына, заңды күшіне енген сот шешіміне және заңнамада көзделген өзге де негіздерге байланысты жағдайларды қоспағанда, зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей активтердің сенімгерлік басқаруға берілетіні туралы хабардар етеді[3]. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын қайтару туралы тиісті өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинағын қайтарудан мынадай жағдайларда бас тартуға құқылы:салымшының жеке басын куәландыратын құжат өтініш берілген күні жарамсыз болып қалса;өтініш зейнетақы активтерін ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруынанИПБ-ның басқаруына бастапқы берілген уақыттан кейін бір жылдан ерте берілді (зейнеткерлік жасқа толуына, салымшының қайтыс болуына, заңды күшіне енген сот шешіміне, ИПБ-мен сенімгерлік басқару туралы шарттың бұзылуына және заңнамада көзделген өзге де негіздерге байланысты жағдайларды қоспағанда[4]). Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтаруөтініште көрсетілген сома шегінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан салымшының зейнетақы жинақтарын қайтару туралы төлем тапсырмасын алғаннан кейін ИПБ-ның кастодиан-банкі бір операциялық күн ішінде салымшының зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тағы БЖЗҚ шотына аударады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   [1]ҚазақстанРеспубликасыҚаржынарығынреттеужәнедамытуагенттігіБасқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы«Зейнетақыактивтерінинвестициялықпортфельдібасқарушығасенімгерлікбасқаруға беру жәнезейнетақыактивтерінбіринвестициялықпортфельдібасқарушыданекіншіинвестициялықпортфельдібасқарушығанемесеҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықбанкіне беру қағидалары мен мерзімдерінбекітутуралы» №28 қаулысы[2]Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларындажәне 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделгенжағдайларда;[3]Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларындажәне 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделгенжағдайларда;[4]Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларындажәне 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделгенжағдайларда; Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1173345?lang=kk
«Даму» Қоры өндірісті жаңғыртуға арналған «Өрлеу-лизинг» бағдарламасын іске қосты 04.03.2026
Бағдарлама аясында кәсіпкерлер 10 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қосымша кепілсіз заманауи жабдық сатып ала алады.Бағдарлама шарттары:🔹 бір қарыз алушыға 300 млн теңгеге дейін🔹 жылына өзгеріссіз 12,6%🔹 мерзімі — 3-тен 5 жылға дейін🔹 аванс — 10%🔹 мақсаты — жаңа жабдық алуБағдарламаға кім қатыса алады:✔ жұмыс істеп тұрған ШОБ✔ бизнес ашылғанына кем дегенде 1 жыл✔ жылдық айналым — жабдық құнынан ≥ 1,5 есе📌 Жабдықты отандық зауыттан немесе өнім шығарушы зауыттың ресми дистрибьюторынан/дилерінен алу керек. 📌 Кем дегенде бір жыл мерзімге кепілдік және сервистік қызметімен бірге.🤝 Қаржы Қордың серіктес лизинг компаниялары арқылы бөлінеді. 📌 Серіктестер тізімі жаңартылып, Қордың damu.kz ресми сайтына салынып тұрады.📞 Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «Сити Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305, 1408 қысқа нөмірі арқылы ала аласыздар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1177895?lang=kk
♻️ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында ауылдық округі аумағындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне ғимарат аулаларының тазалығын сақтау, сыртқы келбетін сырлау, әрлеу, тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, Қызылтөбе ауылдық округінің кәсіпкерлерімен ауыл тұрғындары жоғарыда аталған акция аясында Өз меншігіңіздегі кәсіпкерлік нысандарыңызбен тұрғын үйлеріңіздің сыртқы келбетіне және қоршауларына (забор) абаттандыру жұмыстары, яғни сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, меншігіңіздегі ғимарат алдына автотұрақ орындарын тегістеу жұмыстарын жүргізіп, аумағыңыздың экологиялық-санитарлық тазалығын сақтауға шақырамыз! ♻️АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ! 04.03.2026
♻️ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында ауылдық округі аумағындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне ғимарат аулаларының тазалығын сақтау, сыртқы келбетін сырлау, әрлеу, тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.Осыған орай, Қызылтөбе ауылдық округінің кәсіпкерлерімен ауыл тұрғындары жоғарыда аталған акция аясында Өз меншігіңіздегі кәсіпкерлік нысандарыңызбен тұрғын үйлеріңіздің сыртқы келбетіне және қоршауларына (забор) абаттандыру жұмыстары, яғни сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, меншігіңіздегі ғимарат алдына автотұрақ орындарын тегістеу жұмыстарын жүргізіп, аумағыңыздың экологиялық-санитарлық тазалығын сақтауға шақырамыз!♻️АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ!   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1173388?lang=kk