Жаңалықтар
900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты 30.06.2026
Бүгін – Қазақстан Республикасының Бітімгер күні. Биылдан бастап елімізде бекітілген бұл кәсіби мереке БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күнімен тұспа-тұс келіп отыр.БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл еліміздің халықаралық беделін нығайтып, әлемдік қауымдастық тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді.Халықаралық міндеттемелерді іске асыру аясында 2014 жылдан бері 900-ден аса әскери қызметші БҰҰ-ның түрлі миссиялары құрамында қызмет атқарды.Қазіргі таңда 154 қазақстандық әскери қызметші Таяу Шығыс пен Африка құрлығындағы БҰҰ-ның 11 миссиясының 7-уіне қатысуда. Бітімгерлер Батыс Сахарада, Орталық Африка Республикасында, Конго Демократиялық Республикасында, Ливан Республикасында және Оңтүстік Суданда әскери бақылаушы және штаб офицерлері ретінде қызмет атқарып жүр.Қорғаныс министрлігі Мемлекет басшысының қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу ауқымын кеңейту және оны әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Осылайша, 2024 жылдан бастап ұлттық контингент Голан жоталарындағы «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясы аясында міндеттерін орындауда. Контингентті орналастыру алдында әскери қызметшілер БҰҰ стандарттарына сәйкес кешенді даярлық пен бағалаудан өтті.Миссия атқару үшін қызметке қажетті жабдықтарымен, заманауи қару-жарақ және әскери техника үлгілерімен жан-жақты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар іске асырылды. Әскери қызметшілерді даярлау Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының базасында жүргізіледі. Бітімгерлер халықаралық гуманитарлық құқықты, ағылшын тілін, әскери медицинаны, минасыздандыру негіздерін меңгеріп, патрульдеу мен тосқауыл бекеттерінде қызмет атқару машықтарын пысықтайды.Қазақстан БҰҰ-дан бітімгерлік миссияға қатысуға дербес мандат алған посткеңестік кеңістіктегі алғашқы әрі жалғыз мемлекет.Голан жоталарында алғашқы ұлттық контингенттің орналастырылуы Қарулы күштеріміздің құзыреттілігі, жауапкершілігі және жоғары дайындық деңгейінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі болды.Миссия қолбасшылығы да өз тарапынан қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсібилігі мен бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230089?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті 30.06.2026
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.Брифингке Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары – Ақылбек Алима Ақылбекқызы, «Өңірлік психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы – Лилия Петровна Куземко, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл – Аксана Александровна Каленова қатысты.Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен тұжырымдама аясында жүзеге асырылып жатқан «Ақордаға саяхат», «Бала үні», «Балалар әлемі», «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясын атты төрт тақырыптық блокты, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қорғау мәселелерін қамтитын іс-шаралар талқыланды.Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға экскурсияға қатысады.Сонымен қатар, 1 маусым күні «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясы аясында «SHYGYS BALAFEST» балалар шығармашылығы облыстық фестивалінің гала-концерті өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты – балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, оларды ынталандыру.1 маусым күні сондай-ақ облыс әкімі халықаралық және республикалық интеллектуалдық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары – дарынды оқушылармен кездесу өткізеді. Іс-шараға 150 оқушы қатысады.Жазғы каникул кезеңінде балалардың толыққанды демалысын, сауықтыруын және бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс облыстық Білім басқармасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.Жазғы кезеңде өңірдегі оқушылардың 99,9%-ын сауықтырумен, демалыспен және түрлі жұмыстармен қамту жоспарлануда, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы қамтылады.Жазғы каникул кезеңінде облыс аумағында 12 қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығы, тамақтандырумен 276 мектеп жанындағы лагерь және тамақтандырусыз 226 бейіндік алаң жұмыс істейтін болады.Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға 2 454 педагог қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 1 230 тәрбиеші мен тәлімгер, 1 224 қосымша білім беру педагогі, 250 медицина қызметкері, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінен құралған педагогикалық жасақтар бар.Облыста балалардың қауіпсіз, сапалы және қолжетімді демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, ол тұрақты бақылауда.Брифинг қорытындысы бойынша балалардың өмір сапасын одан әрі арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қосымша ұсыныстар мен шаралар әзірленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1230498?lang=ru
Сеулде Alatau City жобасын дамыту перспективалары талқыланды 30.06.2026
Сеул, 2026 жыл – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) Президенті Ким Пок-хванмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Alatau City жаңа қаласын дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимыл және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Келіссөздер барысында корей тарапымен бірлесіп Alatau City жобасын ілгерлету мүмкіндіктері қарастырылды. Атап айтқанда, жоспарлау, пилоттық аудандарды дамыту, инвестициялар тарту, озық корейлік smart-city системасын енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және заманауи урбанистикалық тәсілдерді қолдану мәселелеріне назар аударылды.KIND Қазақстандағы инфрақұрылымдық және девелоперлік жобаларды дамыту мен іске асыруда жүйелі серіктес ретінде ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату перспективаларына ерекше мән берілді.Қазақстан Елшісі Alatau City Орталық Азиядағы жаңа перспективалы жобаларының бірі ретінде қарастырылатынын атап өтті. Жоба заманауи, технологиялық және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие жаңа даму моделін құруға бағытталғанын айтты.Сонымен қатар, Қазақстанда қабылданған Алатау қаласын құру туралы Конституциялық заңның маңыздылығы атап өтілді. Аталған заң қаланың жедел дамуына, халықаралық инвестицияларды тартуға және заманауи басқару тетіктерін енгізуге қажетті институционалдық және құқықтық негіз қалыптастырады.Тараптар сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жобаларына KIND корпорациясының қатысу перспективаларын, оның ішінде Орта дәлізді дамыту және Транскаспийлік өзара байланыстылықты кеңейту бастамаларын талқылады.KIND Президенті Ким Пок-хван корей тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және қалалық даму, инфрақұрылым, логистика және инвестициялар салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына алдағы мемлекеттік сапарына практикалық нәтижелер дайындау мақсатында перспективалы бастамаларды бірлесіп пысықтауды жалғастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1230501?lang=ru
Ақмола облысында Satisfaction музыкалық фестивалі өтеді 30.06.2026
6 маусым күні Астана тағы да музыкамен өмір сүретін жандардың басты бас қосу орнына айналады.Satisfaction 2026 фестивалінде қонақтарды ауқымды шоу, жанды концерттер, сүйікті хиттер мен әлемдік әртістер мен диджейлердің жаңа тректері күтеді. Олардың көпшілігі Астанада алғаш рет өнер көрсетпек.Фестиваль хедлайнерлері: R3HAB, John Martin, Laidback Luke, DEV, Eva Simons, Feder, Chester Young.Бұл әлі де бәрі емес. Қонақтарға ерекше тосынсый дайындалған — есімі тек фестиваль барысында ғана жарияланатын құпия әртіс өнер көрсетеді.Қонақтарды тек музыка ғана емес, тұтас ойын-сауық аймағы күтеді:- Ерекше арт-кеңістіктер- Қаланың үздік мейрамханалары мен барлары орналасқан гастро-аллея- Отыратын орындары мен күннен қорғайтын жабдықтары бар жайлы chill-аймақтар- Пуфиктермен жабдықталған демалыс орындары- Сондай-ақ жайлы демалуға арналған қосымша мүмкіндіктер.📆 2026 жыл, 6 маусым⏰ 13:00–23:00📍 Астана қаласы – «BEIBARYS» демалыс базасы🎟️ Билеттер: ticketon.kz сайтындаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1230506?lang=ru
Ақмола облысында жаңа киелі туристік бағыттар іске қосылмақ 30.06.2026
Ақмола облысының Туризм басқармасы өңірдегі киелі орындарды кеңінен насихаттауға, тарихи жадты сақтауға және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жаңа тарихи-мәдени жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Жоба аясында елордалық өңір аумағындағы тарихи әрі рухани маңызы зор нысандарды қамтитын үш туристік маршрут әзірленді. Бастаманың басты мақсаты — өңір тұрғындары мен қонақтарын қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, тарихымен, салт-дәстүрімен және рухани құндылықтарымен тереңірек таныстыру.Аталған жоба шеңберінде елордадағы 20 туроператорларға арналған арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа маршруттар таныстырылып, нысандардың тарихи маңызы мен өңірдің туристік әлеуеті жан-жақты баяндалды. Алдағы уақытта туроператорлар бұл бағыттарды экскурсиялық бағдарламаларға енгізіп, туристерді қазақ даласының киелі тарихымен таныстырады деп күтілуде.Маршрут құрамына келесі нысандар енгізілген:Нияз би кесенесі — қазақ халқының көрнекті биі әрі қоғам қайраткеріне арналған тарихи ескерткіш;Қабанбай батыр кесенесі — қазақ жерін қорғауда айрықша ерлік көрсеткен ұлы қолбасшы мен батырға арналған қасиетті орын;Бытығай кесенесі — ортағасырлық кезеңнен сақталған бірегей сәулет және тарихи мұра нысаны;Қаныкей мазары — халық аңыздары мен дала руханиятымен сабақтас киелі орын.Жобаны жүзеге асыру өңірдің туристік бағыттарын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың өз тамырына, ұлттық тарихы мен рухани құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1230515?lang=ru
«Roca group» компаниясы мен облыстық құрылысшылар қауымдастығы меморандумға қол қойды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды.Оған «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары қатысты. Жиында Мұрат Нәлқожаұлы инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін дамытуда алдағы міндеттерді атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» компаниясының заманауи санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының іргетасын қаладық.Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнімдерінің жоғары сапасымен, инновацияларымен және еуропалық стандарттарға сәйкестігімен танымал.Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндірісті іске қосады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Мәжілісте «Roca Group» компаниясының өкілдері жұмыстарын таныстырып, Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230530?lang=ru
СЖІТ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ 30.06.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 8-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 мамырда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8727-2700734 қызметтік телефоны арқылы хабарласуға болады. Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығы, айқындығы және тиімділігін арттыруға сіздің қатысуыңыз ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1230533?lang=ru
М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 21.05.2026 жылғы №КГИП-02-КГ/596-И хатымен жолдаған жоғары оқу орындарынының үздік түлектерін Қаржы Министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау мақсатында Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментімен бірлесе отырып, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шертаев Құрманғазы Рахымжанұлы және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бухашев Жазылбек Әшкеұлы түлектерді жалпы мемлекеттік қызметпен таныстырып, өз салалары бойынша айтып өтті.Қазіргі таңда мемлекетімізге жаңаша ойлайтын, цифрлық технологияларды меңгерген және ең бастысы — өз еліне, туған өңіріне адал қызмет еткісі келетін жас мамандар ауадай қажет. Біздің департамент — мемлекеттік активтерді басқару, республикалық меншікті оңтайландыру, тәркіленген және мемлекет мүлкін жекешелендіру процестерін жүзеге асыратын аймақтағы басты мемлекеттік орган болып табылады.Жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындала алады. Мұндай мүмкіндік, ең алдымен, дарынды жастарды қолдауға, мемлекеттік аппаратқа жаңа буын кадрларын тартуға және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.Бұл тетік жастар үшін мемлекеттік қызметке келу жолын жеңілдетіп қана қоймай, олардың өз мамандығы бойынша еңбек жолын ерте бастауына мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар үшін бұл – жаңа көзқарасы бар, білімді, ізденімпаз мамандарды тартудың тиімді құралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1230534?lang=ru
Конституциялық Сот жаңа Конституция мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда 30.06.2026
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында Конституциялық Сот, Білім және ғылым министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» ғылыми-практикалық конференция өтті.Шараға өңірдің жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Конференцияны облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашып, конституциялық реформалардың мемлекеттілікті нығайту мен Әділетті Қазақстанды құрудағы ерекше маңызын атап өтті.Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде жаңа Конституция қоғам мен мемлекетті дамытудың жаңа кезеңін айқындайтынын атап өтіп, адам құқықтарының цифрлық кепілдіктерін бекіту, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту секілді негізгі конституциялық жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталды.Конференцияға қатысушылар Парламент депутаттары, Конституциялық Соттың, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері — жаңа Конституция жағдайындағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, сайланбалы институттарды дамыту, ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы, сондай-ақ Қазақстандағы өкілді билік жүйесін одан әрі трансформациялау мәселелерін талқылады.Шара барысында «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» студенттердің онлайн-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, Бақыт Нұрмұханов пен Конституциялық Сот Аппаратының аналитика бөлімінің меңгерушісі Амир Омаров «Конституцияның үстемдігі және конституциялық іс жүргізудегі Amicus Curiae құқықтық институтын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді.Жұмыс сапары аясында Конституциялық Сот өкілдері сондай-ақ NIS мектебі мен «Үміт» балалар үйіне барып, оқушылармен және тәрбиеленушілермен кездесті. Ашық диалог барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері, сайланбалы институттарды дамыту және азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдаудағы рөлі талқыланды.«Үміт» балалар үйіндегі тәрбиеленушілер арасынан сайланатын басқару органдары жұмыс істейтін балалардың өзін-өзі басқару жүйесімен танысу ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өздерінің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, мекеменің күнделікті өміріне қатысты мәселелерді шешуге қатысуы, әкімшілікпен өзара іс-қимылы және өз бастамаларын жүзеге асыруы туралы айтып берді. Кездесу барысында Конституциялық Сот өкілдері жастардың жауапкершілік, көшбасшылық және шешім қабылдау процесіне қатысу дағдыларын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл қасиеттер демократиялық қағидаттар мен конституциялық құндылықтардың негізін құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230541?lang=ru
«Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 30.06.2026
Өңірімізде «Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Ірі орман өрті оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені, 26 патрульдік автокөлік, 16 тіркемелі жабдық және 2 тіркемелі өртке қарсы жабдық сатып алынды. Біз орман мекемелерін заманауи арнайы техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жалғастыра береміз.«Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста 18 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу және 12 бекетке жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. Аймақтың 34 мыңнан астам тұрғыны бар 75 елді мекенінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді аймақ басшысы.Оқу-жаттығулар ерте анықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, ғарыштық мониторинг пен орманды-дала аймақтарын патрульдеуді күшейтуге, сондай-ақ өрт ошақтарын алғашқы сағаттарда жою мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230544?lang=ru
Тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу тәртібін түсіндіру 30.06.2026
«2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жөндеу жұмыстарының кезеңдері1-кезең. Көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындардың келісімін алуНе жүзеге асырылады: Жиналыстарда «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында күрделі жөндеу жүргізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданады.Толығырақ: Жөндеу жұмыстарының түрлері анықталып, тұрғындар арасынан үй кеңесі сайланады.2-кезең. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және келісуЖобалық-сметалық құжаттама келесі екі нұсқаның бірі бойынша әзірленеді:Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: әзірлеу мерзімі 5–6 айды құрайды.Оператор қаражаты есебінен, кейін қайтару шартымен: әзірлеу мерзімі небәрі 2 айды құрайды.3-кезең. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды таңдауКім таңдайды: Мердігер ұйымды үй кеңесі таңдайды.Талаптар: Байқауға рейтингі 3-санаттан төмен емес компаниялар жіберіледі.4-кезең. Жөндеу жұмыстарын жүргізуЖұмыстардың басталуы: Мердігерлік шарттар жасалып, жұмыс кестелері бекітілгеннен кейін мердігерлер жөндеу жұмыстарына кіріседі.5-кезең. Аяқталған жөндеу жұмыстарын қабылдау және нысанды пайдалануға беруАяқталған жұмыстарды қабылдау комиссиясының құрамына мыналар кіреді:Үй кеңесі;МИБ төрағасы;Мердігер ұйым;Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері;Оператор.6-кезең. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының құнын төлеуКім төлейді: Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері.Шарттары: Қаражатты қайтару мерзімі 7 жылдан 15 жылға дейін.Анықтама үшін байланыс мәліметтеріҚосымша ақпарат алу үшін «ЖКХремонт» ЖШС-не хабарласуға болады:Мекенжайы: Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75Анықтама телефоны: 8 (714) 437-40-71Электрондық пошта: zhkhremont2013@mail.ruInstagram: @zhkh_remontАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1237630?lang=ru
ТІЖ ресімдеу тәртібінің сақталуына бақылау 30.06.2026
Салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу тәртібінің сақталуына мынадай жағдайларда бақылау жүргізеді:- Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру барысында;- ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;- Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде.Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеттемесі мынадай мерзімдерде туындайды:- Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;- Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;- ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде.Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ олардың нысандары, ресімдеу тәртібі және құжат айналымы уәкілетті органмен айқындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1237635?lang=ru
Жапонияның Әділет министрімен шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді 30.06.2026
Токио, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Әділет министрі Хироши Хирагучимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылы Токиода өтетін «Орталық Азия + Жапония» форматындағы Әділет министрлерінің алғашқы кездесуіне дайындықты талқылады. Аталған саммит құқық саласында тәжірибе алмасу, заңнамалық реформаларды талқылау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық базаны қалыптастыру үшін маңызды алаң болады деп күтілуде. Жапон министрі 2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған әділет және құқық қолдану практикасы саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Қазақстан мен Жапония Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығын атап өтті.Cонымен қатар Х.Хирагучи Жапонияның Әділет министрлігі мен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстанмен құқықтық салада бірқатар екіжақты келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыратынын растады.Өз тарапынан Елші Е.Баударбек-Қожатаев жаңартылған Конституцияның ережелерін, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар туралы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1230631?lang=ru
Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін талқылады 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік Кеңестің жетінші отырысы өтті.Ғылыми-консультативтік кеңес Конституциялық Сот жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік орган болып табылады, оның мүшелері сот қарайтын мәселелер бойынша ғылыми қорытындылар мен сараптамалық бағалауларды дайындау үшін конституциялық іс жүргізуге қатысуға тартылады.Конституциялық бақылау органдарының ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылы конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға және құқық қолдану қызметін жетілдіруге ықпал ететін кең таралған халықаралық практика болып табылады.Отырысқа ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз баяндамасында мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтудың, құқық үстемдігі қағидаттарын дамытудың және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.2026 жылғы конституциялық реформаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл реформа адамға бағдарланған мемлекет моделін нығайтуға, сот арқылы қорғалу кепілдіктерін кеңейтуге және конституциялық бақылау институтының тиімділігін арттыруға бағытталған.Сонымен қатар, Ғылыми-консультативтік кеңестің қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.Дипломатиялық корпус өкілдері құқық үстемдігі саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, адам құқықтарын қорғау институттарын нығайтудың және сот-құқықтық жүйені жетілдірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық Соттың Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы аса маңызды институт ретіндегі рөлі ерекше аталып өтті.Отырыстың негізгі тақырыбы әкімшілік сот ісін жүргізудегі сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері болды.Баяндамалармен Конституциялық Сот Аппаратының Талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімі меңгерушісінің орынбасары Асет Балғынтаев, Maksut Narikbayev University Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы Роман Мельник, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының «FELICITY II» жобасының құқық жөніндегі сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Алмат Габбасов, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының докторы Лейла Жакаева, Dentons халықаралық заң фирмасының серіктесі, заң ғылымдарының кандидаты Айгүл Кенжебаева, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьялары мен өзге де қатысушылар сөз сөйледі.Отырыс барысында әкімшілік процестегі норма бақылауы институтын дамытуға, сот арқылы қорғалу құқығының конституциялық-құқықтық негіздеріне, оны шектеуге жол берілу мәселелеріне, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастарды айқындау мен әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу шарттарының проблематикасына арналған баяндамалар ұсынылды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Соттың жыл сайынғы Жолдауы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Аталған жобаны Конституциялық Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров таныстырды.Отырысты қорытындылай келе, Эльвира Азимова Ғылыми-консультативтік кеңестің Конституциялық Сот қызметіне және конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. 2023-2026 жылдар аралығында Конституциялық Сотқа азаматтардан 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларды қарау нәтижесінде заңнаманы дамытуға және құқық қолдану практикасына елеулі ықпал еткен 79 нормативтік қаулы қабылданды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық құқықтарды қорғау тиімділігін арттыру, құқықтық ғылымды дамыту және мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында Конституциялық Соттың ғылыми қауымдастықпен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылын одан әрі нығайту қажеттігін қолдады.Конституциялық Соттың Төрағасы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің Сот қызметіне қатысуының жаңа форматын ұсынды. Бұл формат конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындауды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230632?lang=ru
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ 30.06.2026
Қазақстанда азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қарыз жүктемесін азайту мақсатында жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімі енгізілген. Бұл тетік борышкерлерге қаржылық жағдайын реттеуге мүмкіндік береді.Жеке тұлғаның банкроттығы дегеніміз не?Жеке тұлғаның банкроттығы – азаматтың өз міндеттемелері бойынша қарыздарын төлей алмауы жағдайында қолданылатын заңды рәсім. Ол арқылы азаматтың берешектерін қайта құрылымдау немесе белгілі бір талаптарға сәйкес есептен шығару қарастырылады.Қазақстан Республикасында бұл рәсім:соттан тыс банкроттық;сот арқылы банкроттық;төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібі бойынша жүзеге асырылады.Соттан тыс банкроттық кімдерге арналған?Соттан тыс банкроттық рәсімін келесі талаптарға сәйкес келетін азаматтар пайдалана алады:банк, микроқаржы ұйымдары немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы болуы;қарызды өтеу мерзімі 12 айдан асып кетуі;соңғы 12 ай ішінде төлем жасалмауы;мүліктің болмауы;берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қолданылған болуы.Әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін кейбір талаптар жеңілдетілуі мүмкін.Сот арқылы банкроттық рәсіміЕгер азаматтың мүлкі болса немесе қарыз көлемі күрделі жағдайға жетсе, сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылады. Бұл жағдайда:сот қаржы жағдайын қарайды;мүлік тізімі жасалады;кредиторлар алдындағы міндеттемелер заң аясында реттеледі.Рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылып, қаражат қарызды өтеуге бағытталуы мүмкін.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруБұл рәсім азаматқа өзін банкрот деп жарияламай-ақ, қарыздарын бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Сот арқылы төлем кестесі бекітіліп, азамат белгілі бір мерзім ішінде қарызын өтейді.Банкроттықтың салдарыЖеке тұлғаны банкрот деп танудың бірқатар салдары бар:5 жыл бойы несие алу шектеледі;қайта банкроттық рәсімін қолдану белгілі бір мерзімге шектеледі;қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілуі мүмкін.Сондықтан банкроттық рәсіміне жүгінер алдында барлық құқықтық және қаржылық салдарды мұқият бағалау қажет.Өтінішті қайда беруге болады?Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш:электрондық үкімет порталы арқылы;халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256949?lang=ru
Мадридте Испаниямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі талқыланды 30.06.2026
Мадрид, 2026 ж. 28 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мусаев Испания Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрі Луис Планаспен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында Елші Қазақстанның ауыл шаруашылығы ресурстарының ауқымын, агроэкспорттың тұрақты өсімін және елдің Орталық Азия, Қытай және Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына қолжетімділігін атап өтті.Осы орайда Қазақстан мен Испания арасындағы мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және заманауи агротехнологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті бар екені айтылды.Өз кезегінде министр Испанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады, оның ішінде екі елдің салалық ведомстволары, ғылыми орталықтары және іскерлік топтары арасындағы байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның айтуынша, қазіргі екіжақты әлеует толық пайдаланылмай отыр және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндіктер бар.Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша екіжақты сауданың оң динамикасын атап өтіп, тауар айналымын арттыру және өзара жеткізілім номенклатурасын кеңейтудің маңыздылығын жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша Л.Планас Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровты Испанияға жұмыс сапарымен келуге шақыру ниетін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1230659?lang=ru
Дүниежүзілік банк МКК ҚМ РҚ қызметкерлері үшін үш күндік семинар өткізді 30.06.2026
2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері үшін оқу семинарын ұйымдастырды. Іс-шара халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу саласындағы салық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинарды ҚМ МКК төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек ашты. Ол Қазақстандағы салық әкімшілігін жетілдіру үшін мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ведомство жұмысына озық халықаралық стандарттарды енгізудің қажеттілігін баса айтты. Семинардың алғашқы үш күнінде қатысушылар трансферттік баға белгілеу мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Минералдарды өндіру және өткізу саласындағы баға белгілеу ерекшеліктеріне, қаржылық транзакцияларды салықтық бақылау тәсілдеріне, сондай-ақ дистрибьюторлармен жасалған операцияларды талдау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке блогы ЭЫДҰ-ның Pillar One шеңберіндегі базалық дистрибуция қызметіне сыйақы төлеудің жеңілдетілген тәсілі — В сомасын (Amount B) талқылауға арналды. Семинардың маңызды оқиғасы трансферттік баға белгілеу саласында бай тәжірибесі бар Үндістанның салық органы өкілдерімен өткізілген виртуалды кездесу болды. Кездесу барысында тараптар компания ішіндегі мәмілелерді бақылаудың практикалық тәсілдерімен алмасты және осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Қорытынды күні 28 мамырда халықаралық салық салудың кең ауқымды мәселелеріне арналды: ғаламдық минималды салықты (Pillar Two) енгізу, пайыздарды шегеруді шектеу бөлігінде BEPS жоспарының 4-іс-қимылын қолдану, қосарланған салық салуды жою механизмдері, сондай-ақ салық органдары мен адал салық төлеушілер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыру құралы ретінде көлденең мониторингтің практикасы талқыланды. Өткізілген семинар ҚМ МКК-нің институционалдық әлеуетін нығайтуға және халықаралық салықтық ынтымақтастық жүйесіндегі оның позицияларын бекітуге елеулі үлес қосты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1230662?lang=ru
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті 30.06.2026
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті 28-29 мамыр күндері Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 10 жылдығына арналған аймақтық көшпелі семинар өтті. Ауқымды іс-шара орталық аппараттың бейінді департаменттері мамандарын, «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдерін және бес филиалдың өңірлік бөлімшелері қызметкерлерін біріктірді.Семинар кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның он жылдық қызметінің қорытындыларын шығаруға, тәжірибе алмасуға және еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.Екі күн бойы қатысушылар жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу, неке-отбасы заңнамасы, әлеуметтік қызметтер, жер кадастры, процестерді автоматтандыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды. Әсіресе, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде Blockchain технологияларын қолдану және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын дамыту тақырыптары ерекше қызығушылық тудырды.«Осындай кездесулердің маңызы зор. Олар әртүрлі өңірлерден келген мамандарға бір кәсіби ортада жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді», — деп атап өтті «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдері.Семинар барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру;жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерді өзектендіру;ведомствоаралық өзара іс-қимыл сапасын арттыру;азаматтардың проблемалық мәселелер бойынша өтініштерін қарау.Спикерлер тәжірибелік кейстерді, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерін және процестерді цифрландырудың сәтті үлгілерін таныстырды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, тәжірибеде кездесетін күрделі жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.«Бүгінде Мемлекеттік корпорация — тек мемлекеттік қызметтердің бірыңғай операторы ғана емес. Бұл — күн сайын миллиондаған азаматқа қызмет көрсететін үлкен жүйе. Осындай көшпелі семинарлар бізге бір-бірімізді тыңдауға, проблемалық мәселелерді жедел шешуге және халыққа қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін бірлесіп қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының директоры Азамат Есембулов.Іс-шараның екінші күні панельдік сессиялар форматында өтті. Онда орталық аппарат бөлімшелерінің басшылары қызмет бағыттары бойынша бейінді бөлім қызметкерлерімен мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Осындай іс-шараларды өткізу бөлімшелер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын еліміздің барлық өңірінде енгізуге ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1230682?lang=ru
«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда 30.06.2026
«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.Биыл бюджет қаражаты есебінен 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың 9-ы толық салынып бітсе, аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 3 үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Оларды жаз айларында пайдалануға беру көзделген.Кеңес барысында жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Өткен жылы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданның болашақтағы жүктемесі ескеріліп, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, жоба қайта қаралған болатын. Жаңартылған жоба аясында жолдарды кеңейту қарастырылған: кей учаскелерде жол ені 7 метрден 14 метрге дейін, ал кей көшелерде 4 метрден 7 метрге дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар көшелер саны 5-тен 6-ға дейін артады.Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын биыл толық аяқтау жоспарланып отыр.Сондай-ақ шағын ауданда тұрғындардың демалысына арналған көлемі 4 гектар болатын саябақ аймағын құру мүмкіндігі қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1230731?lang=ru
Абай облысының сотталған мекемелері республикалық кәсіби шеберлік байқауының жүлдегерлері атанды 30.06.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚАЖК жанындағы "автомобильдерді жөндеу бойынша үздік слесарь"колледждерінің білім алушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жүлдегерлері атанды. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облыстық мекемесінің өкілдері теориялық дайындық пен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсете отырып, екінші және бесінші орындарға ие болды. Конкурс "автомобильдерді жөндеу жөніндегі Слесарь" біліктілігі бойынша сотталғандарды Кәсіптік оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ босатылғаннан кейін кәсіптік дамуға, өзін-өзі жетілдіруге және одан әрі әлеуметтік бейімделуге тұрақты уәждемені қалыптастыруға бағытталған.Конкурстың негізгі міндеттері автослесарь участников саласындағы қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін анықтау, саланың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау болды. Жарыс екі кезеңде өтті.Бірінші кезеңде қатысушылар автомобильдің құрылысы, материалтану және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтитын 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар автомобиль генераторын бөлшектеу және құрастыру тапсырмасын орындады. Байқау қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінің сотталғандары республиканың түкпір-түкпірінен қатысушылар арасында екінші және бесінші орындарды иеленді. Жүлдегерлердің бірі — есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан 35 жастағы сотталған. Ол бұрын тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Мекемеде болған кезде ер адам Политехникалық колледжде жұмысшы мамандығы бойынша оқуды бастады.Мектептен кейін мен Семейдегі университетке түстім, бірақ соңғы курста оқуды тастадым. Мен әртүрлі жұмыстарда жұмыс істеуге тырыстым, бірақ әлі де ақша жетіспеді. Бір сәтте ол дұрыс емес таңдау жасап, есірткі таратумен айналыса бастады, ол үшін ол бас бостандығынан айыру орындарында болды. Қазір осында жұмысшы мамандығын алып, өмірін өзгертуге бел буды. Мен босатылғаннан кейін адал еңбекпен ақша табу үшін дәнекерлеуші мамандығын оқып жатырмын. Байқаудағы жүлделі орын мен үшін бірінші жетістік болды және алға жылжып, жаңа мақсаттар қоюға болатынын дәлелдеді және менің өмірлік басымдықтарымды қайта қарауға мүмкіндік болды, —деп бөлісті сотталған. - Сотталғандардың кәсіби конкурстарға қатысуы оларды қайта әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады. Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алу және осындай конкурстарға қатысу сотталғандарға кәсіби дағдыларды дамытуға, жауапкершілік пен өз қабілеттеріне сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай іс — шаралар оларды заңға бағынатын өмір салтына ынталандырады және босатылғаннан кейін табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, - деп атап өтті бастықтың орынбасары Нұрболат Сапарғалиев Нұрболат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1230754?lang=ru