Мир
Конституциялық Соттың Төрағасы V Еуразиялық экономикалық форум аясында сөз сөйледі 30.06.2026
2026 жылғы 28 мамыр, Астана — V Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық одақ Соты мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы бірлесіп ұйымдастырған «Цифрлық трансформация жағдайындағы ЕАЭО құқығы және Одақ Сотының қызметі: даму әлеуеті» атты панельдік сессия өтті.Сессия модераторы ретінде ЕАЭО Соты Төрағасының орынбасары Асқар Кішкембаев сөз сөйледі.Шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова, ЕАЭО Сотының Төрағасы Алексей Дронов, ЕАЭО Сотының судьясы Наталья Павлова, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының, сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасының әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.Эльвира Азимова өз сөзінде Одақ құқығын біркелкі қолдану мен түсіндіруді қамтамасыз ететін ұлтүстілік сот органы ретіндегі ЕАЭО Сотының маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен экономикалық қатынастардың трансформациясы жағдайында еуразиялық интеграция мен интеграциялық сот төрелігінің өзектілігі айрықша арта түсуде. Бұл өзгерістер ұлттық және ұлтүстілік институттардан жоғары жеделдікті, тұрақтылықты және жаңа тәуекелдерге уақтылы әрекет ету қабілетін талап етеді.Азимова интеграциялық үдерістердің орнықты дамуы тек ұлтүстілік ынтымақтастық тетіктері мен қатысушы мемлекеттердің конституциялық негіздері арасындағы теңгерім сақталған жағдайда, олардың конституциялық бірегейлігіне, ұлттық мүдделері мен негізгі құндылықтарына құрмет көрсетілген кезде ғана мүмкін болатынын атап өтті. Әрбір мүше мемлекет өз басымдықтарын, ең алдымен қоғам мен азаматтардың экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету міндетін сақтайды, бұл ЕАЭО мақсаттарына толық сәйкес келеді.Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияға ерекше назар аударылды. Азимова жаңа Ата заң конституциялық егемендіктің кепілдіктерін күшейтіп, халықаралық және интеграциялық институттармен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдерін бекіткенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құқықтық ұстанымы халықаралық міндеттемелерді орындау және интеграциялық үдерістерді іске асыру мәселелері конституциялық қағидаттар мен ұлттық мүдделер тұрғысынан қаралуы тиіс дегенге саяды; интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде ЕАЭО шеңберінде қабылданатын шешімдер ұлттық конституциялардың ережелерімен үйлесуі қажет.Төрағалық етуші тарап ретінде Қазақстан цифрландыруды Одақ жұмысының басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Эльвира Азимова цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің саудаға, өнеркәсіптік кооперацияға, көлік-транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО туралы шартта көзделген ынтымақтастықтың басқа да салаларына елеулі ықпал етіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол цифрлық шешімдерді енгізу кезінде тиісті құқықтық кепілдіктердің қажеттігін баса айтты. Жасанды интеллект ақпаратты талдау мен сот қызметін ұйымдастыру тиімділігін арттыра алады, алайда оны құқықтық салада қолдану тек көмекші сипатта болуы тиіс. Әсіресе адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелер бойынша сот шешімдерін қабылдау судьяның айрықша құзыретінде қала береді.Сөзін қорытындылай келе, Конституциялық Соттың Төрағасы ЕАЭО Соты мен қатысушы мемлекеттердің конституциялық соттары арасындағы диалогты одан әрі дамытуға, кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және құқықтық ұстанымдармен алмасуға шақырды. Оның пікірінше, бұл цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне тиімді жауап бере алатын, құқық үстемдігі қағидаттарын, конституциялық кепілдіктер мен адам құқықтарын қорғауды мүлтіксіз сақтайтын орнықты құқықтық ортаны қалыптастыру үшін қажет.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230479?lang=ru
29 мамыр – БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күні 30.06.2026
Жыл сайын 29 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық бітімгерлер күні атап өтіледі. 2002 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күні бітімгерлердің бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі бағаланады.Қазақстанның Қарулы күштері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға белсенді түрде қатысып келеді. Еліміздің әскери қызметшілерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы миссия тапсырмаларын орындауы бейбітішлікті қалайтын елдің сыртқы саясатын айқындайды.2000 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның бітімгерлік батальоны құрылды. Ал 2003 жылы қарқынды дайындықтан өткен «Қазбаттың» әскери қызметшілері Ирактағы бітімгерлік миссиясына кірісті.Операцияға қатысқан бес жыл ішінде жеке құрам он мәрте ротацияланды. Миссияға барлығы 270-тен астам әскери қызметші қатысты.Иракта елден барған мамандар 4,5 млн. үстінде түрлі оқ-дәрілерді, оның ішінде миналарды, зымырандар мен снарядтарды жойды. Негізінен террористік шабуылдардан зардап шеккен жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетті. 6700 текше метрден астам суды тазартты.2014 жылдан бастап Қазақстанның өкілдері Батыс Сахара мен Кот-д ' Ивуардағы миссияларда штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде қызмет етті.2018 жылы Қазақстан контингенті мен штабтық офицерлер мандаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына (UNIFIL) жіберілді. Осы уақыт ішінде 6 ротация жүргізілді. Оған 500-ден астам әскери қызметші қатысты.Батыс Сахара мен Ливандағы БҰҰ-ның миссияларына штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар рөлінде қазақстандық әскери қызметші әйелдер полковник Диля Ахметова, подполковниктер Шолпан Тауышева мен Сәбина Мұзалинова, майор Римма Шәкеева, капитан Айжан Жасұзақова да қатысқанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Батыс Сахарада капитан Мәдина Камалетдинова қызмет етіп жүр.Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына ел әскери қызметшілерінің қатысу ауқымын кеңейту жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау үстінде. Қазақстан ағымдағы бітімгерлік миссияларға барынша қажет саперлердің, әскери медиктердің, барлау және әскери полицияның арнайы бөлімшелері барады деп отыр.Бұдан өзге 2022 жылғы 16 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының мерейтойлық саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ны БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қосу туралы бастама көтерген болатын. Бұл қадам ҰҚШҰ-ның құқықтық субъектілігін нығайтып, ұйымның бейбітшілікті қолдау жөніндегі халықаралық операцияларға қатысу тәжірибесін қамтамасыз етеді.Біздің елдің бітімгерлік қызметі қарулы қақтығыстардың алдын алуда және оларды тоқтатуда халықаралық қоғамдастыққа жәрдемдесуге арналған.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1230491?lang=ru
Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлердің жоспарлы ротациясы өтті 30.06.2026
БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы Фауар базасында Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ұлан Нұрғазиевтің жетекшілігімен қазақстандық бітімгерлік контингенттердің ротациясы өтті.БҰҰ-ның «Бөлінген аумақты бақылау күштері» миссиясы қолбасшысының резервіндегі екінші және үшінші бітімгерлік роталардың командирлері подполковниктер Жәнібек Нұрланов пен Ілияс Алматов Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының өкіліне әскери контингенттердің ауысқаны жайлы баяндады.Саптық алаңдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тапсырудың салтанатты рәсімі алдыңғы құрамның қызметті аяқтап, жаңа контингент миссиясының басталғанын білдірді.Үшінші бітімгерлік контингент ротасының қолбасшылығын қабылдаған подполковник Ілияс Алматов дайындық барысында меңгерілген кәсіби дағдылар әскери қызметшілерге жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Миссияны орындау кезеңінде екінші бітімгерлік контингент мыңнан астам іс-шара өткізді. Инженерлік-саперлік топ төрт мыңға жуық жарылыс қаупі бар зат пен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды.Бітімгерлер бақылау бекеттеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аумақты патрульдеді, гуманитарлық жүктерді алып жүрді, эвакуация жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.Базаға келген үшінші бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілері орналасуға және істерді қабылдау жұмыстарына кірісіп кетті. Рота штабы жеке құрамның қызметтік міндеттерін нақтылап, БҰҰ-ның мандатында көзделген тапсырмаларды орындауға дайындықты ұйымдастыратын болады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230483?lang=ru
900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты 30.06.2026
Бүгін – Қазақстан Республикасының Бітімгер күні. Биылдан бастап елімізде бекітілген бұл кәсіби мереке БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күнімен тұспа-тұс келіп отыр.БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл еліміздің халықаралық беделін нығайтып, әлемдік қауымдастық тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді.Халықаралық міндеттемелерді іске асыру аясында 2014 жылдан бері 900-ден аса әскери қызметші БҰҰ-ның түрлі миссиялары құрамында қызмет атқарды.Қазіргі таңда 154 қазақстандық әскери қызметші Таяу Шығыс пен Африка құрлығындағы БҰҰ-ның 11 миссиясының 7-уіне қатысуда. Бітімгерлер Батыс Сахарада, Орталық Африка Республикасында, Конго Демократиялық Республикасында, Ливан Республикасында және Оңтүстік Суданда әскери бақылаушы және штаб офицерлері ретінде қызмет атқарып жүр.Қорғаныс министрлігі Мемлекет басшысының қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу ауқымын кеңейту және оны әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Осылайша, 2024 жылдан бастап ұлттық контингент Голан жоталарындағы «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясы аясында міндеттерін орындауда. Контингентті орналастыру алдында әскери қызметшілер БҰҰ стандарттарына сәйкес кешенді даярлық пен бағалаудан өтті.Миссия атқару үшін қызметке қажетті жабдықтарымен, заманауи қару-жарақ және әскери техника үлгілерімен жан-жақты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар іске асырылды. Әскери қызметшілерді даярлау Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының базасында жүргізіледі. Бітімгерлер халықаралық гуманитарлық құқықты, ағылшын тілін, әскери медицинаны, минасыздандыру негіздерін меңгеріп, патрульдеу мен тосқауыл бекеттерінде қызмет атқару машықтарын пысықтайды.Қазақстан БҰҰ-дан бітімгерлік миссияға қатысуға дербес мандат алған посткеңестік кеңістіктегі алғашқы әрі жалғыз мемлекет.Голан жоталарында алғашқы ұлттық контингенттің орналастырылуы Қарулы күштеріміздің құзыреттілігі, жауапкершілігі және жоғары дайындық деңгейінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі болды.Миссия қолбасшылығы да өз тарапынан қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсібилігі мен бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230089?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті 30.06.2026
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.Брифингке Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары – Ақылбек Алима Ақылбекқызы, «Өңірлік психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы – Лилия Петровна Куземко, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл – Аксана Александровна Каленова қатысты.Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен тұжырымдама аясында жүзеге асырылып жатқан «Ақордаға саяхат», «Бала үні», «Балалар әлемі», «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясын атты төрт тақырыптық блокты, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қорғау мәселелерін қамтитын іс-шаралар талқыланды.Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға экскурсияға қатысады.Сонымен қатар, 1 маусым күні «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясы аясында «SHYGYS BALAFEST» балалар шығармашылығы облыстық фестивалінің гала-концерті өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты – балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, оларды ынталандыру.1 маусым күні сондай-ақ облыс әкімі халықаралық және республикалық интеллектуалдық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары – дарынды оқушылармен кездесу өткізеді. Іс-шараға 150 оқушы қатысады.Жазғы каникул кезеңінде балалардың толыққанды демалысын, сауықтыруын және бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс облыстық Білім басқармасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.Жазғы кезеңде өңірдегі оқушылардың 99,9%-ын сауықтырумен, демалыспен және түрлі жұмыстармен қамту жоспарлануда, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы қамтылады.Жазғы каникул кезеңінде облыс аумағында 12 қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығы, тамақтандырумен 276 мектеп жанындағы лагерь және тамақтандырусыз 226 бейіндік алаң жұмыс істейтін болады.Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға 2 454 педагог қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 1 230 тәрбиеші мен тәлімгер, 1 224 қосымша білім беру педагогі, 250 медицина қызметкері, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінен құралған педагогикалық жасақтар бар.Облыста балалардың қауіпсіз, сапалы және қолжетімді демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, ол тұрақты бақылауда.Брифинг қорытындысы бойынша балалардың өмір сапасын одан әрі арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қосымша ұсыныстар мен шаралар әзірленетін болады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1230498?lang=ru
Сеулде Alatau City жобасын дамыту перспективалары талқыланды 30.06.2026
Сеул, 2026 жыл – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) Президенті Ким Пок-хванмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Alatau City жаңа қаласын дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимыл және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Келіссөздер барысында корей тарапымен бірлесіп Alatau City жобасын ілгерлету мүмкіндіктері қарастырылды. Атап айтқанда, жоспарлау, пилоттық аудандарды дамыту, инвестициялар тарту, озық корейлік smart-city системасын енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және заманауи урбанистикалық тәсілдерді қолдану мәселелеріне назар аударылды.KIND Қазақстандағы инфрақұрылымдық және девелоперлік жобаларды дамыту мен іске асыруда жүйелі серіктес ретінде ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату перспективаларына ерекше мән берілді.Қазақстан Елшісі Alatau City Орталық Азиядағы жаңа перспективалы жобаларының бірі ретінде қарастырылатынын атап өтті. Жоба заманауи, технологиялық және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие жаңа даму моделін құруға бағытталғанын айтты.Сонымен қатар, Қазақстанда қабылданған Алатау қаласын құру туралы Конституциялық заңның маңыздылығы атап өтілді. Аталған заң қаланың жедел дамуына, халықаралық инвестицияларды тартуға және заманауи басқару тетіктерін енгізуге қажетті институционалдық және құқықтық негіз қалыптастырады.Тараптар сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жобаларына KIND корпорациясының қатысу перспективаларын, оның ішінде Орта дәлізді дамыту және Транскаспийлік өзара байланыстылықты кеңейту бастамаларын талқылады.KIND Президенті Ким Пок-хван корей тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және қалалық даму, инфрақұрылым, логистика және инвестициялар салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына алдағы мемлекеттік сапарына практикалық нәтижелер дайындау мақсатында перспективалы бастамаларды бірлесіп пысықтауды жалғастыру туралы уағдаласты.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1230501?lang=ru
Ақмола облысында Satisfaction музыкалық фестивалі өтеді 30.06.2026
6 маусым күні Астана тағы да музыкамен өмір сүретін жандардың басты бас қосу орнына айналады.Satisfaction 2026 фестивалінде қонақтарды ауқымды шоу, жанды концерттер, сүйікті хиттер мен әлемдік әртістер мен диджейлердің жаңа тректері күтеді. Олардың көпшілігі Астанада алғаш рет өнер көрсетпек.Фестиваль хедлайнерлері: R3HAB, John Martin, Laidback Luke, DEV, Eva Simons, Feder, Chester Young.Бұл әлі де бәрі емес. Қонақтарға ерекше тосынсый дайындалған — есімі тек фестиваль барысында ғана жарияланатын құпия әртіс өнер көрсетеді.Қонақтарды тек музыка ғана емес, тұтас ойын-сауық аймағы күтеді:- Ерекше арт-кеңістіктер- Қаланың үздік мейрамханалары мен барлары орналасқан гастро-аллея- Отыратын орындары мен күннен қорғайтын жабдықтары бар жайлы chill-аймақтар- Пуфиктермен жабдықталған демалыс орындары- Сондай-ақ жайлы демалуға арналған қосымша мүмкіндіктер.📆 2026 жыл, 6 маусым⏰ 13:00–23:00📍 Астана қаласы – «BEIBARYS» демалыс базасы🎟️ Билеттер: ticketon.kz сайтындаИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1230506?lang=ru
Ақмола облысында жаңа киелі туристік бағыттар іске қосылмақ 30.06.2026
Ақмола облысының Туризм басқармасы өңірдегі киелі орындарды кеңінен насихаттауға, тарихи жадты сақтауға және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жаңа тарихи-мәдени жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Жоба аясында елордалық өңір аумағындағы тарихи әрі рухани маңызы зор нысандарды қамтитын үш туристік маршрут әзірленді. Бастаманың басты мақсаты — өңір тұрғындары мен қонақтарын қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, тарихымен, салт-дәстүрімен және рухани құндылықтарымен тереңірек таныстыру.Аталған жоба шеңберінде елордадағы 20 туроператорларға арналған арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа маршруттар таныстырылып, нысандардың тарихи маңызы мен өңірдің туристік әлеуеті жан-жақты баяндалды. Алдағы уақытта туроператорлар бұл бағыттарды экскурсиялық бағдарламаларға енгізіп, туристерді қазақ даласының киелі тарихымен таныстырады деп күтілуде.Маршрут құрамына келесі нысандар енгізілген:Нияз би кесенесі — қазақ халқының көрнекті биі әрі қоғам қайраткеріне арналған тарихи ескерткіш;Қабанбай батыр кесенесі — қазақ жерін қорғауда айрықша ерлік көрсеткен ұлы қолбасшы мен батырға арналған қасиетті орын;Бытығай кесенесі — ортағасырлық кезеңнен сақталған бірегей сәулет және тарихи мұра нысаны;Қаныкей мазары — халық аңыздары мен дала руханиятымен сабақтас киелі орын.Жобаны жүзеге асыру өңірдің туристік бағыттарын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың өз тамырына, ұлттық тарихы мен рухани құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етпек.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1230515?lang=ru
«Roca group» компаниясы мен облыстық құрылысшылар қауымдастығы меморандумға қол қойды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды.Оған «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары қатысты. Жиында Мұрат Нәлқожаұлы инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін дамытуда алдағы міндеттерді атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» компаниясының заманауи санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының іргетасын қаладық.Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнімдерінің жоғары сапасымен, инновацияларымен және еуропалық стандарттарға сәйкестігімен танымал.Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндірісті іске қосады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Мәжілісте «Roca Group» компаниясының өкілдері жұмыстарын таныстырып, Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230530?lang=ru
СЖІТ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ 30.06.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 8-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 мамырда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8727-2700734 қызметтік телефоны арқылы хабарласуға болады. Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығы, айқындығы және тиімділігін арттыруға сіздің қатысуыңыз ықпал етеді. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1230533?lang=ru
М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 21.05.2026 жылғы №КГИП-02-КГ/596-И хатымен жолдаған жоғары оқу орындарынының үздік түлектерін Қаржы Министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау мақсатында Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментімен бірлесе отырып, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шертаев Құрманғазы Рахымжанұлы және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бухашев Жазылбек Әшкеұлы түлектерді жалпы мемлекеттік қызметпен таныстырып, өз салалары бойынша айтып өтті.Қазіргі таңда мемлекетімізге жаңаша ойлайтын, цифрлық технологияларды меңгерген және ең бастысы — өз еліне, туған өңіріне адал қызмет еткісі келетін жас мамандар ауадай қажет. Біздің департамент — мемлекеттік активтерді басқару, республикалық меншікті оңтайландыру, тәркіленген және мемлекет мүлкін жекешелендіру процестерін жүзеге асыратын аймақтағы басты мемлекеттік орган болып табылады.Жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындала алады. Мұндай мүмкіндік, ең алдымен, дарынды жастарды қолдауға, мемлекеттік аппаратқа жаңа буын кадрларын тартуға және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.Бұл тетік жастар үшін мемлекеттік қызметке келу жолын жеңілдетіп қана қоймай, олардың өз мамандығы бойынша еңбек жолын ерте бастауына мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар үшін бұл – жаңа көзқарасы бар, білімді, ізденімпаз мамандарды тартудың тиімді құралыИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1230534?lang=ru
Конституциялық Сот жаңа Конституция мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда 30.06.2026
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында Конституциялық Сот, Білім және ғылым министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» ғылыми-практикалық конференция өтті.Шараға өңірдің жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Конференцияны облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашып, конституциялық реформалардың мемлекеттілікті нығайту мен Әділетті Қазақстанды құрудағы ерекше маңызын атап өтті.Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде жаңа Конституция қоғам мен мемлекетті дамытудың жаңа кезеңін айқындайтынын атап өтіп, адам құқықтарының цифрлық кепілдіктерін бекіту, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту секілді негізгі конституциялық жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталды.Конференцияға қатысушылар Парламент депутаттары, Конституциялық Соттың, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері — жаңа Конституция жағдайындағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, сайланбалы институттарды дамыту, ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы, сондай-ақ Қазақстандағы өкілді билік жүйесін одан әрі трансформациялау мәселелерін талқылады.Шара барысында «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» студенттердің онлайн-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, Бақыт Нұрмұханов пен Конституциялық Сот Аппаратының аналитика бөлімінің меңгерушісі Амир Омаров «Конституцияның үстемдігі және конституциялық іс жүргізудегі Amicus Curiae құқықтық институтын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді.Жұмыс сапары аясында Конституциялық Сот өкілдері сондай-ақ NIS мектебі мен «Үміт» балалар үйіне барып, оқушылармен және тәрбиеленушілермен кездесті. Ашық диалог барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері, сайланбалы институттарды дамыту және азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдаудағы рөлі талқыланды.«Үміт» балалар үйіндегі тәрбиеленушілер арасынан сайланатын басқару органдары жұмыс істейтін балалардың өзін-өзі басқару жүйесімен танысу ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өздерінің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, мекеменің күнделікті өміріне қатысты мәселелерді шешуге қатысуы, әкімшілікпен өзара іс-қимылы және өз бастамаларын жүзеге асыруы туралы айтып берді. Кездесу барысында Конституциялық Сот өкілдері жастардың жауапкершілік, көшбасшылық және шешім қабылдау процесіне қатысу дағдыларын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл қасиеттер демократиялық қағидаттар мен конституциялық құндылықтардың негізін құрайды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230541?lang=ru
«Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 30.06.2026
Өңірімізде «Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Ірі орман өрті оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені, 26 патрульдік автокөлік, 16 тіркемелі жабдық және 2 тіркемелі өртке қарсы жабдық сатып алынды. Біз орман мекемелерін заманауи арнайы техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жалғастыра береміз.«Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста 18 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу және 12 бекетке жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. Аймақтың 34 мыңнан астам тұрғыны бар 75 елді мекенінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді аймақ басшысы.Оқу-жаттығулар ерте анықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, ғарыштық мониторинг пен орманды-дала аймақтарын патрульдеуді күшейтуге, сондай-ақ өрт ошақтарын алғашқы сағаттарда жою мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230544?lang=ru
Разъяснение порядка проведения капитального ремонта жилых домов 30.06.2026
Этапы проведения ремонта по государственной программе «Концепция развития жилищно-коммунальной инфраструктуры на 2023–2029 годы»1 этап. Получение согласия жителей на проведение ремонта МЖДЧто происходит: На собраниях рассматриваются и принимаются решения о проведении капитального ремонта в рамках Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры на 2023–2029 годы.Детали: Определяются виды работ, а также из числа жильцов выбирается совет дома.2 этап. Разработка и согласование проектно-сметной документации (ПСД)Разработка проектно-сметной документации осуществляется по одному из двух сценариев:За счет средств местного бюджета: срок разработки составляет 5–6 месяцев.За счет средств Оператора с возвратом: срок разработки короче — всего 2 месяца.3 этап. Выбор подрядной организации по проведению ремонтных работКто выбирает: выбор подрядной организации осуществляется советом дома.Критерии: к рассмотрению допускаются компании с рейтингом не ниже 3 категории.4 этап. Проведение ремонтных работСтарт работ: после заключения договоров подряда и утверждения графиков производства работ подрядчики приступают к ремонту.5 этап. Приемка законченного ремонта и ввод объекта в эксплуатациюВ комиссию по приемке законченных работ входят:Совет дома;Председатель ОСИ;Подрядная организация;Авторский и технический надзор;Оператор.6 этап. Проведение оплаты за произведенный капитальный ремонтКто платит: собственники квартир и нежилых помещений.Условия: срок возврата средств составляет от 7 до 15 лет.Контакты для справокЗа дополнительной информацией можно обратиться в ТОО «ЖКХремонт»:Адрес: г. Костанай, ул. Каирбекова, 75Телефон для справок: 8 (714) 437-40-71Email: zhkhremont2013@mail.ruInstagram: @zhkh_remontИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1237630?lang=ru
Контроль за соблюдением порядка оформления СНТ 30.06.2026
Налоговые органы осуществляют контроль за соблюдением порядка оформления сопроводительных накладных на товары при:- перемещении, реализации и (или) отгрузке товаров по территории Республики Казахстан, в том числе при осуществлении международных автомобильных перевозок между государствами – членами ЕАЭС;- ввозе товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств, не являющихся членами ЕАЭС, и государств – членов ЕАЭС;- при вывозе товаров с территории Республики Казахстан на территорию государств, не являющихся членами ЕАЭС, и государств – членов ЕАЭС.Обязательство по оформлению сопроводительных накладных на товары возникает в следующие сроки при:- перемещении, реализации и (или) отгрузке товаров по территории Республики Казахстан – не позднее начала перемещения, реализации и (или) отгрузки товаров;- ввозе товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств – членов ЕАЭС – до пересечения Государственной границы Республики Казахстан;- вывозе товаров с территории Республики Казахстан на территорию государств, не являющихся членами ЕАЭС, и государств – членов ЕАЭС – не позднее начала перемещения, реализации и (или) отгрузки товаров;- осуществлении международных автомобильных перевозок с территории одного государства – члена ЕАЭС на территорию другого государства – члена ЕАЭС через территорию Республики Казахстан – на автомобильном пункте пропуска при пересечении Государственной границы Республики Казахстан.Перечень товаров, на которые распространяется обязанность по оформлению сопроводительных накладных на товары, а также формы, порядок оформления и их документооборот определяются уполномоченным органом.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1237635?lang=ru
Жапонияның Әділет министрімен шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді 30.06.2026
Токио, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Әділет министрі Хироши Хирагучимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылы Токиода өтетін «Орталық Азия + Жапония» форматындағы Әділет министрлерінің алғашқы кездесуіне дайындықты талқылады. Аталған саммит құқық саласында тәжірибе алмасу, заңнамалық реформаларды талқылау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық базаны қалыптастыру үшін маңызды алаң болады деп күтілуде. Жапон министрі 2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған әділет және құқық қолдану практикасы саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Қазақстан мен Жапония Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығын атап өтті.Cонымен қатар Х.Хирагучи Жапонияның Әділет министрлігі мен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстанмен құқықтық салада бірқатар екіжақты келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыратынын растады.Өз тарапынан Елші Е.Баударбек-Қожатаев жаңартылған Конституцияның ережелерін, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар туралы ақпарат берді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1230631?lang=ru
Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін талқылады 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік Кеңестің жетінші отырысы өтті.Ғылыми-консультативтік кеңес Конституциялық Сот жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік орган болып табылады, оның мүшелері сот қарайтын мәселелер бойынша ғылыми қорытындылар мен сараптамалық бағалауларды дайындау үшін конституциялық іс жүргізуге қатысуға тартылады.Конституциялық бақылау органдарының ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылы конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға және құқық қолдану қызметін жетілдіруге ықпал ететін кең таралған халықаралық практика болып табылады.Отырысқа ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз баяндамасында мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтудың, құқық үстемдігі қағидаттарын дамытудың және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.2026 жылғы конституциялық реформаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл реформа адамға бағдарланған мемлекет моделін нығайтуға, сот арқылы қорғалу кепілдіктерін кеңейтуге және конституциялық бақылау институтының тиімділігін арттыруға бағытталған.Сонымен қатар, Ғылыми-консультативтік кеңестің қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.Дипломатиялық корпус өкілдері құқық үстемдігі саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, адам құқықтарын қорғау институттарын нығайтудың және сот-құқықтық жүйені жетілдірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық Соттың Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы аса маңызды институт ретіндегі рөлі ерекше аталып өтті.Отырыстың негізгі тақырыбы әкімшілік сот ісін жүргізудегі сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері болды.Баяндамалармен Конституциялық Сот Аппаратының Талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімі меңгерушісінің орынбасары Асет Балғынтаев, Maksut Narikbayev University Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы Роман Мельник, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының «FELICITY II» жобасының құқық жөніндегі сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Алмат Габбасов, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының докторы Лейла Жакаева, Dentons халықаралық заң фирмасының серіктесі, заң ғылымдарының кандидаты Айгүл Кенжебаева, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьялары мен өзге де қатысушылар сөз сөйледі.Отырыс барысында әкімшілік процестегі норма бақылауы институтын дамытуға, сот арқылы қорғалу құқығының конституциялық-құқықтық негіздеріне, оны шектеуге жол берілу мәселелеріне, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастарды айқындау мен әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу шарттарының проблематикасына арналған баяндамалар ұсынылды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Соттың жыл сайынғы Жолдауы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Аталған жобаны Конституциялық Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров таныстырды.Отырысты қорытындылай келе, Эльвира Азимова Ғылыми-консультативтік кеңестің Конституциялық Сот қызметіне және конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. 2023-2026 жылдар аралығында Конституциялық Сотқа азаматтардан 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларды қарау нәтижесінде заңнаманы дамытуға және құқық қолдану практикасына елеулі ықпал еткен 79 нормативтік қаулы қабылданды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық құқықтарды қорғау тиімділігін арттыру, құқықтық ғылымды дамыту және мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында Конституциялық Соттың ғылыми қауымдастықпен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылын одан әрі нығайту қажеттігін қолдады.Конституциялық Соттың Төрағасы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің Сот қызметіне қатысуының жаңа форматын ұсынды. Бұл формат конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындауды көздейді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230632?lang=ru
БАНКРОТСТВО ФИЗИЧЕСКОГО ЛИЦА 30.06.2026
В Казахстане введена процедура банкротства физических лиц с целью восстановления платежеспособности граждан и снижения долговой нагрузки. Данный механизм позволяет должникам регулировать свое финансовое положение.Что такое банкротство физического лица?Банкротство физического лица-правовая процедура, применяемая в случае невозможности гражданина погасить долги по своим обязательствам. Через него предусматривается реструктуризация или списание задолженности гражданина в соответствии с определенными требованиями.В Республике Казахстан данная процедура:внесудебное банкротство;банкротство через суд;восстановление платежеспособности осуществляется в порядке.Для кого предназначено внесудебное банкротство?Процедура внесудебного банкротства может использоваться гражданами, отвечающими следующим требованиям:наличие задолженности перед банком, микрофинансовыми организациями или коллекторскими агентствами;срок погашения займа более 12 месяцев;неплатеж за последние 12 месяцев;отсутствие имущества;были приняты меры по взысканию задолженности.Для граждан из социально уязвимых слоев населения могут быть смягчены некоторые требования.Процедура банкротства через судПроцедура банкротства через суд применяется, если у гражданина имеется имущество или объем долга достигает критической ситуации. В этом случае:суд рассматривает финансовое положение;составляется список имущества;обязательства перед кредиторами регулируются в рамках закона.В ходе процедуры имущество должника может быть продано, а средства направлены на погашение долга.Восстановление платежеспособностиДанная процедура позволяет гражданину выплачивать долги в рассрочку, не объявляя себя банкротом. Через суд будет утвержден график платежей, и гражданин погасит задолженность в течение определенного срока.Последствия банкротстваПризнание физического лица банкротом имеет ряд последствий:В течение 5 лет будет ограничено получение кредита;применение процедуры повторного банкротства ограничено определенным сроком;может проводиться мониторинг финансового состояния.Поэтому перед подачей заявления на процедуру банкротства необходимо тщательно оценить все правовые и финансовые последствия. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256949?lang=ru
Мадридте Испаниямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі талқыланды 30.06.2026
Мадрид, 2026 ж. 28 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мусаев Испания Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрі Луис Планаспен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында Елші Қазақстанның ауыл шаруашылығы ресурстарының ауқымын, агроэкспорттың тұрақты өсімін және елдің Орталық Азия, Қытай және Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына қолжетімділігін атап өтті.Осы орайда Қазақстан мен Испания арасындағы мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және заманауи агротехнологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті бар екені айтылды.Өз кезегінде министр Испанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады, оның ішінде екі елдің салалық ведомстволары, ғылыми орталықтары және іскерлік топтары арасындағы байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның айтуынша, қазіргі екіжақты әлеует толық пайдаланылмай отыр және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндіктер бар.Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша екіжақты сауданың оң динамикасын атап өтіп, тауар айналымын арттыру және өзара жеткізілім номенклатурасын кеңейтудің маңыздылығын жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша Л.Планас Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровты Испанияға жұмыс сапарымен келуге шақыру ниетін білдірді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1230659?lang=ru
Дүниежүзілік банк МКК ҚМ РҚ қызметкерлері үшін үш күндік семинар өткізді 30.06.2026
2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері үшін оқу семинарын ұйымдастырды. Іс-шара халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу саласындағы салық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинарды ҚМ МКК төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек ашты. Ол Қазақстандағы салық әкімшілігін жетілдіру үшін мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ведомство жұмысына озық халықаралық стандарттарды енгізудің қажеттілігін баса айтты. Семинардың алғашқы үш күнінде қатысушылар трансферттік баға белгілеу мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Минералдарды өндіру және өткізу саласындағы баға белгілеу ерекшеліктеріне, қаржылық транзакцияларды салықтық бақылау тәсілдеріне, сондай-ақ дистрибьюторлармен жасалған операцияларды талдау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке блогы ЭЫДҰ-ның Pillar One шеңберіндегі базалық дистрибуция қызметіне сыйақы төлеудің жеңілдетілген тәсілі — В сомасын (Amount B) талқылауға арналды. Семинардың маңызды оқиғасы трансферттік баға белгілеу саласында бай тәжірибесі бар Үндістанның салық органы өкілдерімен өткізілген виртуалды кездесу болды. Кездесу барысында тараптар компания ішіндегі мәмілелерді бақылаудың практикалық тәсілдерімен алмасты және осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Қорытынды күні 28 мамырда халықаралық салық салудың кең ауқымды мәселелеріне арналды: ғаламдық минималды салықты (Pillar Two) енгізу, пайыздарды шегеруді шектеу бөлігінде BEPS жоспарының 4-іс-қимылын қолдану, қосарланған салық салуды жою механизмдері, сондай-ақ салық органдары мен адал салық төлеушілер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыру құралы ретінде көлденең мониторингтің практикасы талқыланды. Өткізілген семинар ҚМ МКК-нің институционалдық әлеуетін нығайтуға және халықаралық салықтық ынтымақтастық жүйесіндегі оның позицияларын бекітуге елеулі үлес қосты. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1230662?lang=ru