Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын бірауыздан мақұлдады
28.11.2024 16:08:17 4227
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын бірауыздан мақұлдады. Су ресурстары және ирригация министрлігі депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірлеген құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады.
«Жаңа Су кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді, бұл құжатта халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды. Мәселен, жаңа Су кодексінде алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануы қатерлерінен қорғауды қамтиды», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892125