Ұ.Сыздықбайұлы ауылында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты думанды іс-шара өтті
15.04.2025 18:02:07 231
Ұ.Сыздықбайұлы ауылында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты думанды
іс-шара өтті
🗓️22/03/25
🟡Бүгін ауылымыздың орталық алаңында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ауыл әкімі Қ.Алдабергенов, аудан әкімдігінің эканомика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы И.Тілікова, аудандық мәслихат депутаты О.Мұқашов және ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бакенов қатысып, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
🟡Алаңда Алтыбақан құрылып, киіз үй тігіліп, қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу секілді т.б. ойындар ұйымдастырылды.
🟡Концерттік бағадарламада аудан және ауылдың өнерпаздары ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, іс-шара барысында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды.
⚜️ Іс-шара барысында Ұлттық нақышта ең сәнді киініп келген ауыл тұрғындарын анықтап, сый-сияпат көрсетілді.
🟡 Ересектер және жасөспірімдер арасында қол күрес, ләңгі тебу, гір тасын көтеру сияқты спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
⚠️Мерекелік көңіл-күй ауаны кернеп, ауыл тұрғындары наурыз тойын қуанышпен қарсы алды.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/963580?lang=kk