Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

15.04.2025 18:07:41 231

Қармақшы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 28 наурыз күні Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында өткізілді.

Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.      

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібінде төмендегідей  мәселелер қаралды.

  1. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі.
  2. Қуаңдария ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі.
  3. Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі.

Комиссия соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, комиссия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ә.Ү.Қошалақов қорытындылады.  

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/965332?lang=kk