📍Мойынқұм ауданында Қызыл кітапқа енген аңды заңсыз ату фактісі тіркелді.

📍Мойынқұм ауданында Қызыл кітапқа енген аңды заңсыз ату фактісі тіркелді.

28.10.2025 16:52:00 135

2025 жылғы 23 қазан күні түнгі сағат 02:15 шамасында Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары рейд барысында мотоцикл мінген азаматты ұстады. Тексеру кезінде оның көлігінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген бір дана Қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасы табылды.

Аталған дерек бойынша Мойынқұм ауданының полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

🌿 Табиғатты қорғау – ортақ міндет!

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1094407?lang=kk