ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ
23.11.2025 18:10:23 46
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025-2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында іске асырылып отыр.
Жаңа консулдықтың ашылуы Франция мен Шымкент қаласы арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция жұмылдыруға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.
Консулдық сауда-экономикалық байланыстарға көмектесу, Қазақстандағы Франция азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғауға қолдау көрсету, құжаттарды (паспорттар, визалар және т.б.) алуға байланысты көмек көрсету, француз тауарлары мен қызметтерін жергілікті нарықта ілгерілету, екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми және сауда ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ, мәдени және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсету бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.
Францияның Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы өңірдің халықаралық серіктестікке ашықтығын айқын көрсетіп, Шымкенттің жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін маңызды қадам болып саналады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1110557?lang=kk