Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың форумына қатысты
30.06.2026 19:43:01 118
Мемлекеттік қазынашылық комитеті мен өңірлік органдарының басшылары V Еуразиялық экономикалық форумға қатысты.
Ағымдағы жылдың 28-29 мамырында Астанада Expo іскерлік кешенінің аумағында өтіп жатқан форумның "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке ставка" сессиясына қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі сауда кедергілерінің мониторингін жетілдіру, уағдаластықтардың сақталуын талдау және Одақ шеңберіндегі экономикалық процестердің ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдану болды.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1229879?lang=ru
