Самар ауданында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
30.06.2026 19:48:08 183
2026 жылғы 28–29 мамыр күндері Самар ауданының Қайыңды орманшылығы аумағында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Іс-шараға Самар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ПЧ-32 жеке құрамы, «Самар орман шаруашылығы» КММ мамандары, ауылдық округ әкімдері және ауданның азаматтық қорғау қызметтері қатысты.
Оқу-жаттығудың тақырыбы — 2026 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.
Оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттерін сөндіру кезіндегі іс-қимылдар, қызметтер арасындағы өзара байланыс, ақпарат және радио байланыс алмасу тәртібі пысықталды. Сондай-ақ өртке қарсы құрылымдардың жедел әрекет ету дайындығы тексерілді.
Шара аясында өрт сөндіру штабының жұмысын ұйымдастыруға, төтенше жағдай орнындағы байланысты қамтамасыз етуге, су алу орындарын жабдықтауға, қарсы өрт қою тәсілдерін қолдануға және су көздерін барлауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар өрт сөндіру техникалары мен арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Оқу-жаттығу аясында Самар ауылындағы ПЧ-32 қызметкерлері, «Самар орман шаруашылығы» КММ жұмысшылары және жергілікті атқарушы орган өкілдері арасында жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шара табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі кәсіби шеберлік пен үйлесімді әрекеттерді арттыруға бағытталды.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1229617?lang=ru
