Новости
Ақмола облысында Satisfaction музыкалық фестивалі өтеді 30.06.2026
6 маусым күні Астана тағы да музыкамен өмір сүретін жандардың басты бас қосу орнына айналады.Satisfaction 2026 фестивалінде қонақтарды ауқымды шоу, жанды концерттер, сүйікті хиттер мен әлемдік әртістер мен диджейлердің жаңа тректері күтеді. Олардың көпшілігі Астанада алғаш рет өнер көрсетпек.Фестиваль хедлайнерлері: R3HAB, John Martin, Laidback Luke, DEV, Eva Simons, Feder, Chester Young.Бұл әлі де бәрі емес. Қонақтарға ерекше тосынсый дайындалған — есімі тек фестиваль барысында ғана жарияланатын құпия әртіс өнер көрсетеді.Қонақтарды тек музыка ғана емес, тұтас ойын-сауық аймағы күтеді:- Ерекше арт-кеңістіктер- Қаланың үздік мейрамханалары мен барлары орналасқан гастро-аллея- Отыратын орындары мен күннен қорғайтын жабдықтары бар жайлы chill-аймақтар- Пуфиктермен жабдықталған демалыс орындары- Сондай-ақ жайлы демалуға арналған қосымша мүмкіндіктер.📆 2026 жыл, 6 маусым⏰ 13:00–23:00📍 Астана қаласы – «BEIBARYS» демалыс базасы🎟️ Билеттер: ticketon.kz сайтындаИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1230506?lang=ru
Ақмола облысында жаңа киелі туристік бағыттар іске қосылмақ 30.06.2026
Ақмола облысының Туризм басқармасы өңірдегі киелі орындарды кеңінен насихаттауға, тарихи жадты сақтауға және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жаңа тарихи-мәдени жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Жоба аясында елордалық өңір аумағындағы тарихи әрі рухани маңызы зор нысандарды қамтитын үш туристік маршрут әзірленді. Бастаманың басты мақсаты — өңір тұрғындары мен қонақтарын қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, тарихымен, салт-дәстүрімен және рухани құндылықтарымен тереңірек таныстыру.Аталған жоба шеңберінде елордадағы 20 туроператорларға арналған арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа маршруттар таныстырылып, нысандардың тарихи маңызы мен өңірдің туристік әлеуеті жан-жақты баяндалды. Алдағы уақытта туроператорлар бұл бағыттарды экскурсиялық бағдарламаларға енгізіп, туристерді қазақ даласының киелі тарихымен таныстырады деп күтілуде.Маршрут құрамына келесі нысандар енгізілген:Нияз би кесенесі — қазақ халқының көрнекті биі әрі қоғам қайраткеріне арналған тарихи ескерткіш;Қабанбай батыр кесенесі — қазақ жерін қорғауда айрықша ерлік көрсеткен ұлы қолбасшы мен батырға арналған қасиетті орын;Бытығай кесенесі — ортағасырлық кезеңнен сақталған бірегей сәулет және тарихи мұра нысаны;Қаныкей мазары — халық аңыздары мен дала руханиятымен сабақтас киелі орын.Жобаны жүзеге асыру өңірдің туристік бағыттарын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың өз тамырына, ұлттық тарихы мен рухани құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етпек.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1230515?lang=ru
«Roca group» компаниясы мен облыстық құрылысшылар қауымдастығы меморандумға қол қойды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды.Оған «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары қатысты. Жиында Мұрат Нәлқожаұлы инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін дамытуда алдағы міндеттерді атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» компаниясының заманауи санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының іргетасын қаладық.Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнімдерінің жоғары сапасымен, инновацияларымен және еуропалық стандарттарға сәйкестігімен танымал.Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндірісті іске қосады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Мәжілісте «Roca Group» компаниясының өкілдері жұмыстарын таныстырып, Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230530?lang=ru
СЖІТ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ 30.06.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 8-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 мамырда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8727-2700734 қызметтік телефоны арқылы хабарласуға болады. Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығы, айқындығы және тиімділігін арттыруға сіздің қатысуыңыз ықпал етеді. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1230533?lang=ru
М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 21.05.2026 жылғы №КГИП-02-КГ/596-И хатымен жолдаған жоғары оқу орындарынының үздік түлектерін Қаржы Министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау мақсатында Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментімен бірлесе отырып, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шертаев Құрманғазы Рахымжанұлы және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бухашев Жазылбек Әшкеұлы түлектерді жалпы мемлекеттік қызметпен таныстырып, өз салалары бойынша айтып өтті.Қазіргі таңда мемлекетімізге жаңаша ойлайтын, цифрлық технологияларды меңгерген және ең бастысы — өз еліне, туған өңіріне адал қызмет еткісі келетін жас мамандар ауадай қажет. Біздің департамент — мемлекеттік активтерді басқару, республикалық меншікті оңтайландыру, тәркіленген және мемлекет мүлкін жекешелендіру процестерін жүзеге асыратын аймақтағы басты мемлекеттік орган болып табылады.Жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындала алады. Мұндай мүмкіндік, ең алдымен, дарынды жастарды қолдауға, мемлекеттік аппаратқа жаңа буын кадрларын тартуға және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.Бұл тетік жастар үшін мемлекеттік қызметке келу жолын жеңілдетіп қана қоймай, олардың өз мамандығы бойынша еңбек жолын ерте бастауына мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар үшін бұл – жаңа көзқарасы бар, білімді, ізденімпаз мамандарды тартудың тиімді құралыИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1230534?lang=ru
Конституциялық Сот жаңа Конституция мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда 30.06.2026
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында Конституциялық Сот, Білім және ғылым министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» ғылыми-практикалық конференция өтті.Шараға өңірдің жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Конференцияны облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашып, конституциялық реформалардың мемлекеттілікті нығайту мен Әділетті Қазақстанды құрудағы ерекше маңызын атап өтті.Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде жаңа Конституция қоғам мен мемлекетті дамытудың жаңа кезеңін айқындайтынын атап өтіп, адам құқықтарының цифрлық кепілдіктерін бекіту, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту секілді негізгі конституциялық жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталды.Конференцияға қатысушылар Парламент депутаттары, Конституциялық Соттың, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері — жаңа Конституция жағдайындағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, сайланбалы институттарды дамыту, ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы, сондай-ақ Қазақстандағы өкілді билік жүйесін одан әрі трансформациялау мәселелерін талқылады.Шара барысында «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» студенттердің онлайн-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, Бақыт Нұрмұханов пен Конституциялық Сот Аппаратының аналитика бөлімінің меңгерушісі Амир Омаров «Конституцияның үстемдігі және конституциялық іс жүргізудегі Amicus Curiae құқықтық институтын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді.Жұмыс сапары аясында Конституциялық Сот өкілдері сондай-ақ NIS мектебі мен «Үміт» балалар үйіне барып, оқушылармен және тәрбиеленушілермен кездесті. Ашық диалог барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері, сайланбалы институттарды дамыту және азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдаудағы рөлі талқыланды.«Үміт» балалар үйіндегі тәрбиеленушілер арасынан сайланатын басқару органдары жұмыс істейтін балалардың өзін-өзі басқару жүйесімен танысу ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өздерінің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, мекеменің күнделікті өміріне қатысты мәселелерді шешуге қатысуы, әкімшілікпен өзара іс-қимылы және өз бастамаларын жүзеге асыруы туралы айтып берді. Кездесу барысында Конституциялық Сот өкілдері жастардың жауапкершілік, көшбасшылық және шешім қабылдау процесіне қатысу дағдыларын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл қасиеттер демократиялық қағидаттар мен конституциялық құндылықтардың негізін құрайды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230541?lang=ru
«Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 30.06.2026
Өңірімізде «Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Ірі орман өрті оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені, 26 патрульдік автокөлік, 16 тіркемелі жабдық және 2 тіркемелі өртке қарсы жабдық сатып алынды. Біз орман мекемелерін заманауи арнайы техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жалғастыра береміз.«Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста 18 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу және 12 бекетке жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. Аймақтың 34 мыңнан астам тұрғыны бар 75 елді мекенінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді аймақ басшысы.Оқу-жаттығулар ерте анықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, ғарыштық мониторинг пен орманды-дала аймақтарын патрульдеуді күшейтуге, сондай-ақ өрт ошақтарын алғашқы сағаттарда жою мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230544?lang=ru
Разъяснение порядка проведения капитального ремонта жилых домов 30.06.2026
Этапы проведения ремонта по государственной программе «Концепция развития жилищно-коммунальной инфраструктуры на 2023–2029 годы»1 этап. Получение согласия жителей на проведение ремонта МЖДЧто происходит: На собраниях рассматриваются и принимаются решения о проведении капитального ремонта в рамках Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры на 2023–2029 годы.Детали: Определяются виды работ, а также из числа жильцов выбирается совет дома.2 этап. Разработка и согласование проектно-сметной документации (ПСД)Разработка проектно-сметной документации осуществляется по одному из двух сценариев:За счет средств местного бюджета: срок разработки составляет 5–6 месяцев.За счет средств Оператора с возвратом: срок разработки короче — всего 2 месяца.3 этап. Выбор подрядной организации по проведению ремонтных работКто выбирает: выбор подрядной организации осуществляется советом дома.Критерии: к рассмотрению допускаются компании с рейтингом не ниже 3 категории.4 этап. Проведение ремонтных работСтарт работ: после заключения договоров подряда и утверждения графиков производства работ подрядчики приступают к ремонту.5 этап. Приемка законченного ремонта и ввод объекта в эксплуатациюВ комиссию по приемке законченных работ входят:Совет дома;Председатель ОСИ;Подрядная организация;Авторский и технический надзор;Оператор.6 этап. Проведение оплаты за произведенный капитальный ремонтКто платит: собственники квартир и нежилых помещений.Условия: срок возврата средств составляет от 7 до 15 лет.Контакты для справокЗа дополнительной информацией можно обратиться в ТОО «ЖКХремонт»:Адрес: г. Костанай, ул. Каирбекова, 75Телефон для справок: 8 (714) 437-40-71Email: zhkhremont2013@mail.ruInstagram: @zhkh_remontИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1237630?lang=ru
Контроль за соблюдением порядка оформления СНТ 30.06.2026
Налоговые органы осуществляют контроль за соблюдением порядка оформления сопроводительных накладных на товары при:- перемещении, реализации и (или) отгрузке товаров по территории Республики Казахстан, в том числе при осуществлении международных автомобильных перевозок между государствами – членами ЕАЭС;- ввозе товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств, не являющихся членами ЕАЭС, и государств – членов ЕАЭС;- при вывозе товаров с территории Республики Казахстан на территорию государств, не являющихся членами ЕАЭС, и государств – членов ЕАЭС.Обязательство по оформлению сопроводительных накладных на товары возникает в следующие сроки при:- перемещении, реализации и (или) отгрузке товаров по территории Республики Казахстан – не позднее начала перемещения, реализации и (или) отгрузки товаров;- ввозе товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств – членов ЕАЭС – до пересечения Государственной границы Республики Казахстан;- вывозе товаров с территории Республики Казахстан на территорию государств, не являющихся членами ЕАЭС, и государств – членов ЕАЭС – не позднее начала перемещения, реализации и (или) отгрузки товаров;- осуществлении международных автомобильных перевозок с территории одного государства – члена ЕАЭС на территорию другого государства – члена ЕАЭС через территорию Республики Казахстан – на автомобильном пункте пропуска при пересечении Государственной границы Республики Казахстан.Перечень товаров, на которые распространяется обязанность по оформлению сопроводительных накладных на товары, а также формы, порядок оформления и их документооборот определяются уполномоченным органом.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1237635?lang=ru
Жапонияның Әділет министрімен шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді 30.06.2026
Токио, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Әділет министрі Хироши Хирагучимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылы Токиода өтетін «Орталық Азия + Жапония» форматындағы Әділет министрлерінің алғашқы кездесуіне дайындықты талқылады. Аталған саммит құқық саласында тәжірибе алмасу, заңнамалық реформаларды талқылау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық базаны қалыптастыру үшін маңызды алаң болады деп күтілуде. Жапон министрі 2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған әділет және құқық қолдану практикасы саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Қазақстан мен Жапония Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығын атап өтті.Cонымен қатар Х.Хирагучи Жапонияның Әділет министрлігі мен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстанмен құқықтық салада бірқатар екіжақты келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыратынын растады.Өз тарапынан Елші Е.Баударбек-Қожатаев жаңартылған Конституцияның ережелерін, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар туралы ақпарат берді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1230631?lang=ru
Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін талқылады 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік Кеңестің жетінші отырысы өтті.Ғылыми-консультативтік кеңес Конституциялық Сот жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік орган болып табылады, оның мүшелері сот қарайтын мәселелер бойынша ғылыми қорытындылар мен сараптамалық бағалауларды дайындау үшін конституциялық іс жүргізуге қатысуға тартылады.Конституциялық бақылау органдарының ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылы конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға және құқық қолдану қызметін жетілдіруге ықпал ететін кең таралған халықаралық практика болып табылады.Отырысқа ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз баяндамасында мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтудың, құқық үстемдігі қағидаттарын дамытудың және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.2026 жылғы конституциялық реформаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл реформа адамға бағдарланған мемлекет моделін нығайтуға, сот арқылы қорғалу кепілдіктерін кеңейтуге және конституциялық бақылау институтының тиімділігін арттыруға бағытталған.Сонымен қатар, Ғылыми-консультативтік кеңестің қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.Дипломатиялық корпус өкілдері құқық үстемдігі саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, адам құқықтарын қорғау институттарын нығайтудың және сот-құқықтық жүйені жетілдірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық Соттың Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы аса маңызды институт ретіндегі рөлі ерекше аталып өтті.Отырыстың негізгі тақырыбы әкімшілік сот ісін жүргізудегі сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері болды.Баяндамалармен Конституциялық Сот Аппаратының Талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімі меңгерушісінің орынбасары Асет Балғынтаев, Maksut Narikbayev University Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы Роман Мельник, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының «FELICITY II» жобасының құқық жөніндегі сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Алмат Габбасов, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының докторы Лейла Жакаева, Dentons халықаралық заң фирмасының серіктесі, заң ғылымдарының кандидаты Айгүл Кенжебаева, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьялары мен өзге де қатысушылар сөз сөйледі.Отырыс барысында әкімшілік процестегі норма бақылауы институтын дамытуға, сот арқылы қорғалу құқығының конституциялық-құқықтық негіздеріне, оны шектеуге жол берілу мәселелеріне, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастарды айқындау мен әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу шарттарының проблематикасына арналған баяндамалар ұсынылды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Соттың жыл сайынғы Жолдауы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Аталған жобаны Конституциялық Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров таныстырды.Отырысты қорытындылай келе, Эльвира Азимова Ғылыми-консультативтік кеңестің Конституциялық Сот қызметіне және конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. 2023-2026 жылдар аралығында Конституциялық Сотқа азаматтардан 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларды қарау нәтижесінде заңнаманы дамытуға және құқық қолдану практикасына елеулі ықпал еткен 79 нормативтік қаулы қабылданды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық құқықтарды қорғау тиімділігін арттыру, құқықтық ғылымды дамыту және мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында Конституциялық Соттың ғылыми қауымдастықпен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылын одан әрі нығайту қажеттігін қолдады.Конституциялық Соттың Төрағасы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің Сот қызметіне қатысуының жаңа форматын ұсынды. Бұл формат конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындауды көздейді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230632?lang=ru
БАНКРОТСТВО ФИЗИЧЕСКОГО ЛИЦА 30.06.2026
В Казахстане введена процедура банкротства физических лиц с целью восстановления платежеспособности граждан и снижения долговой нагрузки. Данный механизм позволяет должникам регулировать свое финансовое положение.Что такое банкротство физического лица?Банкротство физического лица-правовая процедура, применяемая в случае невозможности гражданина погасить долги по своим обязательствам. Через него предусматривается реструктуризация или списание задолженности гражданина в соответствии с определенными требованиями.В Республике Казахстан данная процедура:внесудебное банкротство;банкротство через суд;восстановление платежеспособности осуществляется в порядке.Для кого предназначено внесудебное банкротство?Процедура внесудебного банкротства может использоваться гражданами, отвечающими следующим требованиям:наличие задолженности перед банком, микрофинансовыми организациями или коллекторскими агентствами;срок погашения займа более 12 месяцев;неплатеж за последние 12 месяцев;отсутствие имущества;были приняты меры по взысканию задолженности.Для граждан из социально уязвимых слоев населения могут быть смягчены некоторые требования.Процедура банкротства через судПроцедура банкротства через суд применяется, если у гражданина имеется имущество или объем долга достигает критической ситуации. В этом случае:суд рассматривает финансовое положение;составляется список имущества;обязательства перед кредиторами регулируются в рамках закона.В ходе процедуры имущество должника может быть продано, а средства направлены на погашение долга.Восстановление платежеспособностиДанная процедура позволяет гражданину выплачивать долги в рассрочку, не объявляя себя банкротом. Через суд будет утвержден график платежей, и гражданин погасит задолженность в течение определенного срока.Последствия банкротстваПризнание физического лица банкротом имеет ряд последствий:В течение 5 лет будет ограничено получение кредита;применение процедуры повторного банкротства ограничено определенным сроком;может проводиться мониторинг финансового состояния.Поэтому перед подачей заявления на процедуру банкротства необходимо тщательно оценить все правовые и финансовые последствия. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256949?lang=ru
Мадридте Испаниямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі талқыланды 30.06.2026
Мадрид, 2026 ж. 28 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мусаев Испания Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрі Луис Планаспен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында Елші Қазақстанның ауыл шаруашылығы ресурстарының ауқымын, агроэкспорттың тұрақты өсімін және елдің Орталық Азия, Қытай және Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына қолжетімділігін атап өтті.Осы орайда Қазақстан мен Испания арасындағы мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және заманауи агротехнологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті бар екені айтылды.Өз кезегінде министр Испанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады, оның ішінде екі елдің салалық ведомстволары, ғылыми орталықтары және іскерлік топтары арасындағы байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның айтуынша, қазіргі екіжақты әлеует толық пайдаланылмай отыр және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндіктер бар.Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша екіжақты сауданың оң динамикасын атап өтіп, тауар айналымын арттыру және өзара жеткізілім номенклатурасын кеңейтудің маңыздылығын жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша Л.Планас Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровты Испанияға жұмыс сапарымен келуге шақыру ниетін білдірді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1230659?lang=ru
Дүниежүзілік банк МКК ҚМ РҚ қызметкерлері үшін үш күндік семинар өткізді 30.06.2026
2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері үшін оқу семинарын ұйымдастырды. Іс-шара халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу саласындағы салық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинарды ҚМ МКК төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек ашты. Ол Қазақстандағы салық әкімшілігін жетілдіру үшін мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ведомство жұмысына озық халықаралық стандарттарды енгізудің қажеттілігін баса айтты. Семинардың алғашқы үш күнінде қатысушылар трансферттік баға белгілеу мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Минералдарды өндіру және өткізу саласындағы баға белгілеу ерекшеліктеріне, қаржылық транзакцияларды салықтық бақылау тәсілдеріне, сондай-ақ дистрибьюторлармен жасалған операцияларды талдау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке блогы ЭЫДҰ-ның Pillar One шеңберіндегі базалық дистрибуция қызметіне сыйақы төлеудің жеңілдетілген тәсілі — В сомасын (Amount B) талқылауға арналды. Семинардың маңызды оқиғасы трансферттік баға белгілеу саласында бай тәжірибесі бар Үндістанның салық органы өкілдерімен өткізілген виртуалды кездесу болды. Кездесу барысында тараптар компания ішіндегі мәмілелерді бақылаудың практикалық тәсілдерімен алмасты және осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Қорытынды күні 28 мамырда халықаралық салық салудың кең ауқымды мәселелеріне арналды: ғаламдық минималды салықты (Pillar Two) енгізу, пайыздарды шегеруді шектеу бөлігінде BEPS жоспарының 4-іс-қимылын қолдану, қосарланған салық салуды жою механизмдері, сондай-ақ салық органдары мен адал салық төлеушілер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыру құралы ретінде көлденең мониторингтің практикасы талқыланды. Өткізілген семинар ҚМ МКК-нің институционалдық әлеуетін нығайтуға және халықаралық салықтық ынтымақтастық жүйесіндегі оның позицияларын бекітуге елеулі үлес қосты. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1230662?lang=ru
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті 30.06.2026
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті 28-29 мамыр күндері Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 10 жылдығына арналған аймақтық көшпелі семинар өтті. Ауқымды іс-шара орталық аппараттың бейінді департаменттері мамандарын, «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдерін және бес филиалдың өңірлік бөлімшелері қызметкерлерін біріктірді.Семинар кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның он жылдық қызметінің қорытындыларын шығаруға, тәжірибе алмасуға және еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.Екі күн бойы қатысушылар жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу, неке-отбасы заңнамасы, әлеуметтік қызметтер, жер кадастры, процестерді автоматтандыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды. Әсіресе, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде Blockchain технологияларын қолдану және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын дамыту тақырыптары ерекше қызығушылық тудырды.«Осындай кездесулердің маңызы зор. Олар әртүрлі өңірлерден келген мамандарға бір кәсіби ортада жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді», — деп атап өтті «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдері.Семинар барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру;жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерді өзектендіру;ведомствоаралық өзара іс-қимыл сапасын арттыру;азаматтардың проблемалық мәселелер бойынша өтініштерін қарау.Спикерлер тәжірибелік кейстерді, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерін және процестерді цифрландырудың сәтті үлгілерін таныстырды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, тәжірибеде кездесетін күрделі жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.«Бүгінде Мемлекеттік корпорация — тек мемлекеттік қызметтердің бірыңғай операторы ғана емес. Бұл — күн сайын миллиондаған азаматқа қызмет көрсететін үлкен жүйе. Осындай көшпелі семинарлар бізге бір-бірімізді тыңдауға, проблемалық мәселелерді жедел шешуге және халыққа қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін бірлесіп қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының директоры Азамат Есембулов.Іс-шараның екінші күні панельдік сессиялар форматында өтті. Онда орталық аппарат бөлімшелерінің басшылары қызмет бағыттары бойынша бейінді бөлім қызметкерлерімен мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Осындай іс-шараларды өткізу бөлімшелер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын еліміздің барлық өңірінде енгізуге ықпал етеді. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1230682?lang=ru
«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда 30.06.2026
«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.Биыл бюджет қаражаты есебінен 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың 9-ы толық салынып бітсе, аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 3 үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Оларды жаз айларында пайдалануға беру көзделген.Кеңес барысында жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Өткен жылы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданның болашақтағы жүктемесі ескеріліп, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, жоба қайта қаралған болатын. Жаңартылған жоба аясында жолдарды кеңейту қарастырылған: кей учаскелерде жол ені 7 метрден 14 метрге дейін, ал кей көшелерде 4 метрден 7 метрге дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар көшелер саны 5-тен 6-ға дейін артады.Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын биыл толық аяқтау жоспарланып отыр.Сондай-ақ шағын ауданда тұрғындардың демалысына арналған көлемі 4 гектар болатын саябақ аймағын құру мүмкіндігі қарастырылуда.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1230731?lang=ru
Абай облысының сотталған мекемелері республикалық кәсіби шеберлік байқауының жүлдегерлері атанды 30.06.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚАЖК жанындағы "автомобильдерді жөндеу бойынша үздік слесарь"колледждерінің білім алушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жүлдегерлері атанды. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облыстық мекемесінің өкілдері теориялық дайындық пен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсете отырып, екінші және бесінші орындарға ие болды. Конкурс "автомобильдерді жөндеу жөніндегі Слесарь" біліктілігі бойынша сотталғандарды Кәсіптік оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ босатылғаннан кейін кәсіптік дамуға, өзін-өзі жетілдіруге және одан әрі әлеуметтік бейімделуге тұрақты уәждемені қалыптастыруға бағытталған.Конкурстың негізгі міндеттері автослесарь участников саласындағы қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін анықтау, саланың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау болды. Жарыс екі кезеңде өтті.Бірінші кезеңде қатысушылар автомобильдің құрылысы, материалтану және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтитын 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар автомобиль генераторын бөлшектеу және құрастыру тапсырмасын орындады. Байқау қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінің сотталғандары республиканың түкпір-түкпірінен қатысушылар арасында екінші және бесінші орындарды иеленді. Жүлдегерлердің бірі — есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан 35 жастағы сотталған. Ол бұрын тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Мекемеде болған кезде ер адам Политехникалық колледжде жұмысшы мамандығы бойынша оқуды бастады.Мектептен кейін мен Семейдегі университетке түстім, бірақ соңғы курста оқуды тастадым. Мен әртүрлі жұмыстарда жұмыс істеуге тырыстым, бірақ әлі де ақша жетіспеді. Бір сәтте ол дұрыс емес таңдау жасап, есірткі таратумен айналыса бастады, ол үшін ол бас бостандығынан айыру орындарында болды. Қазір осында жұмысшы мамандығын алып, өмірін өзгертуге бел буды. Мен босатылғаннан кейін адал еңбекпен ақша табу үшін дәнекерлеуші мамандығын оқып жатырмын. Байқаудағы жүлделі орын мен үшін бірінші жетістік болды және алға жылжып, жаңа мақсаттар қоюға болатынын дәлелдеді және менің өмірлік басымдықтарымды қайта қарауға мүмкіндік болды, —деп бөлісті сотталған. - Сотталғандардың кәсіби конкурстарға қатысуы оларды қайта әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады. Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алу және осындай конкурстарға қатысу сотталғандарға кәсіби дағдыларды дамытуға, жауапкершілік пен өз қабілеттеріне сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай іс — шаралар оларды заңға бағынатын өмір салтына ынталандырады және босатылғаннан кейін табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, - деп атап өтті бастықтың орынбасары Нұрболат Сапарғалиев Нұрболат.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1230754?lang=ru
БҰҰ миссиясындағы ең үздік нәтиже: қазақстандық бітімгерлердің екінші контингенті Голан жоталарындағы қызметін аяқтады 30.06.2026
БҰҰ-ның «Бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында Голан жоталарында қызмет атқарған бітімгерлердің екінші тобын Алматыда салтанатты түрде қарсы алды.Олардың елге оралуы Қазақстан Республикасының Бітімгер күнімен тұспа-тұс келді. Биылдан бастап бұл кәсіби мереке 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген Халықаралық БҰҰ бітімгерлері күнімен бір күнде аталып өтеді.69 бітімгерді салтанатты қарсы алу рәсімі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Іс-шараға Құрлық әскерлері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, ардагерлер, әріптестері, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.Бітімгерлік контингент ротасының командирі подполковник Жәнібек Нұрланов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевқа екінші бітімгерлік контингенттің елге аман-есен оралғаны туралы баяндады.Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Жиналған қауымды Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев құттықтады. Ол бітімгерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, елден жырақта жауапты міндеттер атқарған әскери қызметшілерге түсіністік танытып, қолдау көрсеткен отбасыларына алғыс білдірді.– Голан жоталарындағы операцияға қатысу Қазақстанның толыққанды бітімгерлік әлеуеті бар мемлекеттердің қатарына кіретінін көрсетті. Сіздер халықаралық аренада еліміздің Қарулы күштерін таныстырып, Қазақстанның көгілдір туын абыроймен алып жүрдіңіздер. Жоғары кәсібилік, тәртіп және әскери борышқа адалдық таныттыңыздар. Сіздер жинаған бірегей тәжірибе аса құнды. Оны сақтап қана қоймай, жас әскери қызметшілерге үйретіп, үздік тәжірибелерді жауынгерлік даярлық жүйесіне енгізу маңызды, – деді ол.Қазақстандық контингенттің қызметіне БҰҰ басшылығы және БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа жоғары баға берді.Өз сөзінде бітімгерлік контингент ротасының командирі подполковник Жәнібек Нұрланов БҰҰ-ның кешенді тексерістері нәтижесінде ұлттық контингент 100 балдың 98-ін жинағанын айтты. Бұл – соңғы үш жылдағы миссия құрамындағы барлық контингенттер арасындағы ең үздік нәтиже.– Миссияны орындау кезеңінде екінші ұлттық бітімгерлік контингент мыңнан астам іс-шара өткізді, ал инженерлік-саперлік топ төрт мыңға жуық жарылғыш зат пен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жойды, – деп нақтылады ол.Кәсіби мереке құрметіне Армия үйінде ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар әскери техникалардың үлгілерімен, Қазақстанның бітімгерлік операцияларға қатысу тарихына арналған фотосуреттер мен мұрағат құжаттарының көрмесімен танысты.Іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды. Бағдарламадағы вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар патриоттық рухты, әскери дәстүрлер сабақтастығын және Отан қорғаушылардың ерлігін қастерлеуді әсерлі түрде көрсетті.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230760?lang=ru
2026 ЖЫЛЫ БКМ ЧЕГІНДЕ НЕ БОЛУЫ КЕРЕК? 30.06.2026
Бақылау-кассалық машина (БКМ) чегінің мазмұны 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 «Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Бұйрықтың 56-тармағымен реттеледі.Бақылау-кассалық машинаның чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:салық төлеушінің атауы;бақылау-кассалық машинаны пайдалану орнының мекенжайы;салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН);бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірі;салық органындағы бақылау-кассалық машинаның тіркеу нөмірі;чектің реттік нөмірі;тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалануға және қадағалануға жататын, тауарларға салынған сәйкестендіру құралы;сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының (ФДО) атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған күн мен уақыт;фискалдық белгі;егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда — тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша мөлшерлемесі көрсетілген қосылған құн салығының сомасы;бақылау-кассалық машинаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрихтік код (штрих-код).Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-кассалық машиналардың чектеріне қолданылмайды.Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машина чегіндегі 7) тармақшадағы ақпарат электрондық түрде көрсетіледі.Валюта айырбастау пункттерінде, металл сынықтарын, шыны ыдыстарды қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-кассалық машиналардың чегінде қосымша сату сомасы мен сатып алу сомасы туралы ақпарат болады.Бақылау-кассалық машинаның чегінде бақылау-кассалық машинаны дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген қосымша деректемелер, соның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы мәліметтер болады.Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машина чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі.Бақылау-кассалық машина чегіндегі барлық ақпарат сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басып шығарылады.2026 жылдан бастап БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілді, БКМ чегінде сонымен қатар мыналар болуы керек:ТҰК-ға (Тауарлардың ұлттық каталогы) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;ТҰК-ға сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалануға жататын тауарларға салынған сәйкестендіру құралы.Техникалық талаптар аясында БКМ-де оны ТҰК-ға автоматты түрде қосуға арналған сервис іске асырылды.Бүгінгі таңда шағын бизнес субъектілері үшін ТҰК-ны енгізу арқылы чекте тауар атауларын көрсету рәсімі жеңілдетілді.БКМ-ді қолдану кезінде тауардың штрих-кодын сканерлеу жеткілікті болады, тауар атаулары ТҰК ММД-на (Мемлекеттік мәліметтер базасына) енгізілген және ФДО сервистерінде қамтылған.Бұл ретте техникалық талаптарға сәйкес келмейтін БКМ модельдері БКМ мемлекеттік тізілімінен шығарылады.БКМ чегінің бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі 2026 жылы ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабының 7-бөлігі). Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабының 8-бөлігі) мынадай мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады:жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 20 АЕК мөлшерінде;орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 30 АЕК мөлшерінде;ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 40 АЕК мөлшерінде. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1230767?lang=ru
Семей тұрғыны алимент бойынша бес миллион теңгеден астам қарыз үшін бас бостандығынан айырылды 30.06.2026
Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны жеті жылға жуық уақыт бойы екі кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған. Нәтижесінде олардың алдындағы берешек сомасы бес миллион теңгеден асты. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, амбулаториялық бақылауға және алкогольге тәуелділікті емдеуге тарта отырып, бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Сотталған Семей қаласының Орталық ауданының пробация қызметіне тіркелді. Есепке қою кезінде оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ оларды бұзудың салдары түсіндірілді. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, ер адам бірнеше рет белгіленген шектеулерді бұзды: пробация қызметіне міндетті тіркеуге келмеді және рұқсатсыз түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалды, ол үшін бас бостандығын шектеу он бір ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. - Тоғыз жыл бұрын мен отбасын құрдым. Ұл туып, бір жылдан кейін қызы пайда болған кезде мен оларға тірек және үлгі болуым керек еді. Бірақ оның орнына мен үйден достарыма жиі кетіп, содан кейін жалғыз іше бастадым. Содан кейін, менің отбасымның қалай құлап жатқанын байқамадым. Осы уақыт ішінде әйелі үй мен балаларды өзіне тартты, мен тек біздің өмірімізді құрттым. Ақырында ол шыдай алмады және ажырасуға арыз берді. Маған бостандықты шектеу және маскүнемдікті емдеу тағайындалған кезде, мен бәрін өзгертуге мүмкіндік алдым. Мен өзіме бұдан былай ішпеймін деп уәде бердім, бірақ мен әр уақытта ішетінмін. Енді мен ең қымбатты — отбасымды және балалардың сенімін жоғалтқанымды түсіндім. Бас бостандығынан айырылғаннан кейін мен қателіктерімнің не әкелгенін түсіндім. Мен балаларымды тауып, олардың мені кешіруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағым келеді",-деп бөлісті сотталған. Есепте тұрған сотталғандарға қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік беріледі. Пробация қызметі сотталғандармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жұмысқа орналасуға және емделуге жәрдемдеседі. Бостандықты шектеу-бұл адамның өмірін өзгерту және отбасы алдындағы міндеттерін орындау мүмкіндігі. Алайда, жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзған жағдайда сот жазаны бас бостандығынан айыру, жаза шарттарын сақтау және ата — ана міндеттерін орындау үшін ауыстыру туралы шешім қабылдайды — бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар адамның өз өмірін өзгерту және балаларының болашағын сақтау мүмкіндігі, - деп атап өтті Семей қаласының Орталық ауданының пробация қызметінің бастығы Ержан Есполатов.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1230778?lang=ru