ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.04.2025 16:50:30 209

2017 жылдың 13 қыркүйегінде Санкт-Петербург (Ресей) қаласында 13-і RAO/CISO ffshore 2017 халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында «Геологиялық құрылым және арктикалық, Қиыр шығыс пен ішкі Еуразия теңіздер қорының әлеуетін зерттеу жөніндегі халықаралық жобалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысты. Жиын барысында «Каспий өңірінің геологиялық құрамы ГИС – Атлас картасы» жобасының техникалық сипаты, ғылыми методикалық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10965?lang=kk