АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТРМКД «ҚАЗСТИН» РМК ОФ-МЕН БІРІГІП ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
10.04.2025 16:50:55 1641Алматы қаласы бойынша ТРМКД «ҚазСтИн» РМК ОФ-мен бірігіп дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге «ҚазСтИН» РМК ОФ, Алматы қаласы бойынша ТРМКД, «ҚазМтрИн» РМК ОҚФ, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, ІІМ әкімшілік полиция басқармасы, автомобиль жолдары Басқармасы, «НИИ ТК» ЖШС, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, «СМЭУ» ЖШС, «Қазақ промтрансжоба», Алматы қаласының әкімшілігі, «Бірлік» ЗТБ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жол-көлік инфрақұрылымының күйі және жол қозғалыс қауіпсіздігімен тікелей байланысты ақпарат баяндалды: жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен Қазақстан Республикасы елді мекендеріндегі жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) келеңсіз статистикалары, соның ішінде бақытсыз оқиғалармен болған (әр 100 ЖКО – 30 қаза тапқандар (батыста 4-5 адам)) және әр екінші ЖКО жаяу жүргінші жолында зақымдалғандар (ересектер мен балалар); ЖКО себептері (жылдамдықты арттыру, ара-қашықтықты сақтамау, жол қозғалыс қауіпсіздігі саласында құрылымдастыру Орталықтарының болмауы); автомобиль жолдарының қанағаттандырмайтын күйі (32 %) және көпір құрылымдары (100 көпірдің 73-і апатты жағдайда); автомобиль жолдарын күтіп ұстауға кететін мемлекеттің қаражат көлемі (70 млрд. теңге): жол апатынан қаза болушылар Қазақстан да ЖІӨ 1 бастап 3 % дейінгі пайызын құрайды; Алматы қаласының халқы - 4,1 млн. адам және оларға келетін автомобиль саны - 4,2 млн. дана); ЖКО төмендеу бойынша Испаниядағы оң тәжірибе (120 адамның 46 қаза тапқандар).
Жол-көлік инфрақұрылымының күйі және жол қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуші негізгі себептердің бірі техникалық талаптарды бекітетін нормативті құжаттардың болмауы болып табылады (соның ішінде қала және елді мекендердің инфрақұрылымында көп деңгейде): көлік айналма жолдары, велосипед жолдары мен тротуарлары бар жолдар; автомобиль жолдарының диагностикасы мен паспортизациясы; жолдардың капиталды, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарының түрлері мен құрамдары; жол белгілерінің жаңа түрлері және қоршаулар (тросты, роликті); көліктік зияткерлік жүйелері және оларды сертификаттау.
Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша қатысушыларға 31 наурызға дейін жол-көлік инфрақұрылымының күйі және жол қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуды техникалық реттеу бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11307?lang=kk