2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЭКСПОРТЫ 20%-ҒА ӨСТІ
10.04.2025 16:50:59 264Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінде өткен отырыста мәлім етті.
«2017 жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсіп экспорты 7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары. Бұл ретте, шет елдер нарығында Қазақстанның дайын өнімдеріне деген сұраныстың артып келе жатқанан атап өткен жөн»,-деді Жеңіс Қасымбек.
Қазақстандағы өңдеу өнеркәсіп экспортының үлесі 2010 жыл мен 2016 жыл арасында 28 %-дан 35 %-ға дейін өсті. Өңделген тауарлар экспортының географиясы 120 мемлекетті құрайды. Қазақстандағы шикізат емес экспорт қазіргі уақытта 114 тауар түріне артты (899 -дан 1013 дейін).
Жаңа тауарлар қатарына локомотивтер, мотор майлары, киімдер, шыныдан жасалған бұйымдар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, картридждер және т.б. енгізілген.
«Экспорттың оң диманикасы және Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бойынша дүниежүзілік нарықтағы конъюнктура ескеріле отырып, биыл өңдеу өнеркәсіп экспорты 2015 жылдың деңгейіне жетеді, деп күтілуде (14 млрд. АҚШ доллары)», - деді министр.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11337?lang=kk