VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ЖӘНЕ "ASTANAMINING&METALLURGY" AMM-2017 КӨРМЕСІ ӨТТІ
10.04.2025 16:53:21 242
АстанадаVIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" AMM-2017 көрмесі өтті. Биыл Конгреске Австралиядан, Австриядан, Бразилиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қазақстаннан, Канададан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Украинадан, Франциядан, Чилиден, Чехиядан, Швейцариядан келген 750-ден аса делегат келді. Австрияның, Германияның, Қытайдың, Қазақстанның, Польшаның, Норвегияың, Ресейдің, Турцияның және Жапонның 44 компаниясы көрмеде өз экспозицияларын ұсынды.
AMM-2017-нің басты тақырыбы - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы болды. VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің пленарлық отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин сөз сөйледі. Ол тау-кен металлургия кешені қалыпты экономикалық өсім үшін стратегиялық маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар, Асқар Ұзақпайұлы кешеннің жағымды болжамын атап өтті. Айталық, 2017 жылдың 4 ай нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 107,1% құрады, соның ішінде тау-кен өндіру саласында – 107,8%, өңдеуші өнеркәсібінде – 106,8%. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында тау-кен металлургия кешені 18% құрайды.
Сонымен Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыруға ұмтылу мәселесін көтерді;
- 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне белсенді дайындық жұмыстары, онда тек ТКМК ғана емес, сондай-ақ, аралас салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды тартуғажәне индустрия 4.0-ге ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia агенттігінің Колумнисті пленарлық отырыстың модераторы болды.
Сонымен қатар, Игорь Финогенов- «Полиметалл УК» АҚ президенті, Никола Попович- «Kazzinc Holdings» ЖШСДиректорлар кеңесінің төрағасы, Парамжит Калон- «АрселорМиттал Теміртау» Бас директоры,Әбдумәлік Мирахмедов- «ATK Holdings» Бас директоры сөйлеуші спикерлер болды.
Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәскеу Болат және құйма институының (МИСиС) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылуы және «Парк инновационных технологий» автономды кластерлік фонды мен «Майкроман Центральная Азия», Metalysis Limited ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы Конгресстің маңызды іс-шарасы болды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12794?lang=kk