«ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
11.04.2025 18:48:45 18042019 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық сауықтандыру орталығы» ШЖҚ МКК, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында жұмыстық кездесу өткізді.
Кездесу барысында департаменттің мамандары мекеме қызметкерлеріне «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндірді. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты мен нысандары жайлы айтты. «Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ белгіленген тәртіппен стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады» - деді.
Сонымен қатар, ол техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын түсіндіріп, «ҚР Кәсіпкерлік кодексіне» енгізілген өзгерістер туралы айтты.
Бұдан басқа, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22489?lang=kk