Қарақия ауданында «1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» кең ауқымда аталып өтті
08.05.2025 01:05:10 66
⚜️1 мамыр күні Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы орталық Ынтымақ алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан берекелі ел» атты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде тойланды.
⚜️Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы бастаған мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылары, сондай-ақ, тұрғындар мен қонақтар қатысты.
⚜️Іс-шара барысында аудан мектептері мен бөбекжайларынан әр ұлттың мәдениетін, ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін таныстыратын көрмелер ұйымдастырылып, түрлі этностардың өнері паш етілді. Қазақ, орыс, татар, беларус, өзбек, украин, қырғыз, тәжік, корей, грузин ұлттарының өнері мен мәдениеті көрермен назарына ұсынылды.
⚜️Аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы салтанатты шараны ашып, жиналған қауымды еліміздегі бірлік пен ынтымақтың символына айналған айтулы мерекемен құттықтады.
⚜️Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты. Әндер шырқалып, билер биленіп, ұлттық әуендер мен заманауи қойылымдар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
⚜️Қазақстан халқының бірлігі – ел тұрақтылығының негізі. Бұл шара – аудан жұртшылығының ынтымағы мен татулығын тағы бір мәрте айқындап берді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/987913?lang=kk