ШЫМКЕНТКЕ ИРАН ЕЛШІСІ РЕСМИ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
08.05.2025 10:42:10 143
Шымкент қаласына Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар ресми іссапармен келді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, туризм және мәдениет салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екеніміз атап өтілді.
Кездесу аясында Шымкент қаласында Иран тауар өндірушілерінің көрмесін және қос елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен іскерлік форум ұйымдастыру ұсынылды. Сондай-ақ, мәдени және экономикалық серіктестікті нығайту мақсатында Шымкент пен Иран қалаларының бірінің арасында бауырластық қатынас орнату бастамасы көтерілді.
Аталған бастамалар Шымкент пен Иран арасындағы әріптестік байланыстарды одан әрі тереңдетуге өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/988645?lang=kk