Әлем
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНА АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ 10.04.2025
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылдың 20 наурызындағы халықаралық автомобиль байланысы туралы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу Хаттамасының ратификациясы туралы» тиісті заң жобасының ратификациясын депутаттар ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.«Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалдайтын автобустың болмауы шекарадан өтуде қолайсыздық тудырады»,- деді құжатты таныстырған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның айтуынша, тұрақты, тұрақты емес және автомобиль көлігімен жолаушыларды транзиттік тасымалдау үшін Хаттамамен құқықтық норма белгіленеді.«Хаттама сауда-экономикалық байланысты дамытуға оң серпін береді. Сонымен қатар, халықтың қатынауын арттыруға және екіжақтың қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді. Хаттама күшіне енгеннен кейін екі елдің ірі қалалары арасына тұрақты автобус бағыттары ашылады. Біздің жоспарымыз бойынша, бағыттар биыл жыл соңына дейін ашылатын болады»,-деп атап өтті министр.Ведомства басшысы айтқандай, әрбір жолаушы тасымалдаушы үшін бір бағытта бес жыл жұмыс істеу құқығы беріледі.«Халықаралық автобустық тасымалдауды ұйымдастыру кезінде екі тарап тасымалдаушылардың нақты бағытын анықтайды. Ол өзбек тарапынан да, қазақ тарапынан да тасымалдаушылар саны тең болмақ. Ондай бағыттар бір тәулікте он шақты болуы мүмкін. Мысалы, кесте бойынша автобустар сағат сайын жүреді. Ондай тасымалдаушылар әр тараптан бес-бестен немесе оннан болуы мүмкін. Ол қажеттілікке байланысты шешіледі. Дегенмен, әрбір жолаушы тасымалдаушға бір бағытта бес жыл жұмыс істеу құқығы беріледі»,- деді Ж. ҚасымбекМинистр аталған шаралардың тасымалдаушы үшін өте маңызды екенін және олардың несие алуына, жаңа техникалар сатып алуға мүмкіндік беретін кепілі, сондай-ақ ертеңгі күні осы тасмалдау бағытынан айырылып қалмайтынына сенімді болуы үшін жасалып жатқанын айтты. Өйткені, оның қолында бес жылға арналған келісім-шарт болады.«Банктер бұл шарттарды қосымша кепіл ретінде қарастыратын болады. Бізде Ресеймен 45 түрлі тасымалдаушы жұмыс істейді. Өзбекстан бағыты бойынша, әр тараптан шамамен оншақты немесе одан да артық тасымалдаушы болады, деп ойлаймыз»,-деді Ж.Қасымбек.Ақпарат көзі: https://www.zakon.kz <https://www.zakon.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17672?lang=kk
РАБОЧАЯ ВСТРЕЧА В КГКП «МЕЖРАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА КОКПЕКТИНСКОГО РАЙОНА» УЗ ВКО 10.04.2025
21 сентября т.г. специалистами Департамента Комитета технического регулирования и метрологии по ВКО была проведена выездная рабочая встреча с медицинскими работниками КГКП «Межрайонная больница Кокпектинского района» УЗ ВКО с целью разъяснения Закона Республики Казахстан «Об обеспечении единства измерений» в части поверки средств измерений применяемых в сфере государственного метрологического контроля, а также применение методик выполнения измерений, подлежащих обязательной метрологической аттестации и регистрации в реестре государственной системы обеспечения единства измерений.Затрагивались вопросы ввода в эксплуатацию и применение средств измерений ввозимых из стран дальнего и ближнего зарубежья, касательно проведения процедуры утверждения типа средств измерений и внесения в реестр ГСИ РК.Обсуждались проблемные вопросы с оказанием содействия в их решении. В процессе рабочей встречи поступали вопросы касающиеся:- поверки средств измерений после хранения, в течение которого не могла быть проведена периодическая поверка;- проведения внеочередной поверки средств измерений при переконсервации средств измерений, а также изделий, в комплекте которых применяются средства измерений.На все вопросы, возникшие в ходе встречи, специалистами департамента были предоставлены полные ответы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17638?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ISO КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ 10.04.2025
2017 жылғы 20-22 қыркүйекте Берлинде «Жаңа идеяларға ашықтық, өзгерістерге ашықтық» тақырыбына Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының (ISO) Бас Ассамблеясының 40-отырысы болып өтті.Отырысқа 130-дан астам ел басшылары мен стандарттау жөніндегі ұлттық органдар өкілдері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.Қазақстандық делегацияны ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.Дугалов басқарды.Іс-шара барысында ұйым қызметінің саяси, әкімшілік және қаржы мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ISO Кеңесіне 20 мүше-елдердің қатарына балама негізде 2018-2020 жж аралығына Қазақстан да сайланды.Бұл Қазақстанда өткізіліп отырған, «Стандарттау туралы» Заңы жобасына енгізілген халықаралық стандарттау моделіне өту бойынша реформаларға және ағымдағы жылы ел Үкіметі қабылдаған, осы ұйымда еліміздің жұмысын белсендіру бойынша саяси еркін танытатын бағдарламалық құжаттарға серіктестер тарапынан жоғары сенім мен қолдауды растайды.ISO кеңесіне мүшелік Қазақстанға халықаралық стандарттау саласында саясатты қалыптастыруға белсенді қатысуға және ұйымның өзекті мәселелерін шешуде ұлттық мүдделерді алға жылжытуға мүмкіндік береді. ISO әкімшілік органында жұмыс істеу, ең алдымен Орталық Азия өңірлерінде сапа инфрақұрылымдарын таратуға, сондай-ақ шығарылатын өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыруға бағытталатын болады.Ассамблеяға қатысушылар уақыт талабының өзекті мәселелерін, сондай-ақ стандарттау әзірлеуде, энергия өндіруді нормалау және қоршаған ортаны қорғауда, өңірлік қатысуды жандандыру мен стандарттар әзірлеу процесіне өскелең ұрпақты тартуды талқылады.ISO Бас хатшысы С. Муикамен кездесу барысында Қазақстанда өткізіліп жатқан стандарттау мен техникалық реттеу саласын жаңғырту бойынша практикалық шаралар, Ұйыммен ынтымақтастықты дамыту, қазақстандық сарапшылардың ТК ISO жұмысына қатысуын кеңейту және оқу бойынша бірлескен Жол картасын қалыптастыру жөнінде ақпарат ұсынылды. Кездесуге ФГР ҚР Төтенше және Уәкілетті Елшісі Б. Нусупов қатысты.Бұдан басқа ASI Австрия стандарттар институтының басшысы Э. Блаха ханыммен екі жақты кездесу болып өтті, оның шеңберінде Комитет пен ASI арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру туралы Жол картасына қол қойылды, онда техникалық сарапшылар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен семинарлар ұйымдастыру және стандарттау саласында тәжірибе алмасу бойынша нақты іс-шаралар анықталды.AENOR Испания стандарттау және сертификаттау ассоциациясының директоры А. Брито мырзамен энергия тиімділігі мен Smart City облысында стандарттау бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Қорытындысы бойынша өнеркәсіптік және тұтынушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергия тиімділігі саласында стандарттарды дамыту мәселелеріне қазақстандық мамандарды оқыту бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.AFNOR Франция стандарттау ассоциациясының басшылығымен қызметтерді стандарттау мәселелері, ТК ISO алаңдарда өзара әрекет туралы тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді, сондай-ақ «ҚазСтИн» РМК мен AFNOR арасында ұлттық деңгейде стандарттарды өзара пайдалану мүмкіндігі үшін стандарттар тарату туралы келісімді кеңейтуге шешім қабылданды.Түрік делегациясымен екі жақты кездесу барысында «ҚазСтИн» РМк мен TSE Түрік стандарттар институты арасында стандарттар тарату туралы келісімге қол қойылды және ТРМК мен TSE арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша Жол картасының жобасы қарастырылды.ISIRI Иран стандарттар және өнеркәсіптік зерттеулер институтының Президенті Н. Пироузбакх мырзамен ҚР ұлттық университеттері негізінде стандарттар әзірлеу барысында жастарды тарту бойынша оқу курстарын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.Қорытындысында, DIN Неміс стандарттар институты басшыларымен кездесуде стандарттар әзірлеуде мүдделі тараптармен диалогты күшейту бойынша келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17623?lang=kk
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВТЫҢ «KAZAKHSTAN GLOBAL INVESTMENT ROUNDTABLE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 10.04.2025
Құрметті ханымдар мен мырзалар!Баршаңызды Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселелеріне арналған бірінші халықаралық дөңгелек үстел басында көргеніме қуаныштымын.Біздің шақыруымызға келісімін беріп, үн қатқан 100-ден астам халықаралық компанияларға, қаржылық ұйымдарға, елшіліктерге, үкіметтік емес ұйымдарға, шетелдік БАҚ-қа шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Біз сіздердің ұсыныстарыңыз бен жаңа идеяларыңыз үшін қашан да ашықпыз. Сондықтан, бүгін осы жерде менің әріптестерім – министрлер, мемлекеттік және жекеменшік секторлардың өкілдері, еліміздің жетекші кәсіпкерлері күні бойы сіздермен бірге жұмыс істейтін болады.Мұндай сұхбат сіздердің инвестициялық ұсыныстарыңыз бен Қазақстандағы іскерлік перспективаларыңыз бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді. Және біз ұсынып отырған Kazakhstan International Business and Investment Dialog форматы тұрақты болатынына үміттенеміз.Біз бұл форматты кеңейтіп, келесі жылы жұмысты бұдан да жылы мезгілде жалғастырамыз.***Үкіметтің басты мақсаты – Қазақстанға «жаңа буынның» инвестицияларын тарту процесін ынталандырудың ауқымды әрі орнықты стратегиясын қалыптастыру.Біз бүгінгі кездесуді осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалаймыз.Мүмкін, сіздер Қазақстан неліктен бүгін инвесторларды шақырып отыр деген сауалға жауап іздейтін боларсыздар.Қазақстанға инвестиция салу қажеттілігі неліктен туындады деп ойлайтын боларсыздар.Біздің елімізге инвестиция салу арқылы Сіздер қандай пайда табасыздар?Біріншіден, әлемдік өзгерістермен байланысты болған 2014-2016 жылдардағы қиыншылықтардан соң ел экономикасы тұрақталды.Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың 10 айындағы ЖІӨ өсімі 4% құрады. Негізгі капиталға инвестициялар қалпына келіп жатыр, және бір қуаныштысы, көп жылдардан соң алғаш рет жеке инвестициялар мемлекеттік инвестициялардан басым түсті. Бұл - өте жақсы белгі.Осылайша, еліміздің жаңа әлемдік шынайылыққа бейімделуі сәтті болды. Біз экономикалық өсім жолына бет алдық.Екіншіден, біздің мемлекетіміз өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты.2017 жылдың басынан бастап ел Президенті Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бағытын жариялады. Оның мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Президенттің бес институттық реформасын іске асыру және жаңа шынайылық жағдайларында елімізді әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай одан әрі ілгерілету.Үш бағытта ауқымды жұмыс өріс алды: саяси демократияландыру (конституциялық реформа жүргізілді), билік тармақтары: Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттіліктер бөлінді.Қоғамдық сананы жаңғырту және адами капиталының сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Үшінші – экономикалық өсімнің жаңа моделін құру, жекешелендіру мен реттеусіздендіру есебінен экономикадағы мемлекеттің рөлін азайту, жеке секторды ынталандыру, технологиялық жаңарту мен цифрландыру, жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің артуы.Үкімет әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық негізгі бағыттары бойынша жан-жақты жол картасын қамтитын 2025 жылға дейінгі Стратегиялық іс-қимыл жоспарын қабылдады. Ол Мемлекет басшысының қарауында.Өзгерістер мен туындайтын тәуекелдерді тиімді басқару үшін жобалық басқару жүйесі енгізілді.Басымдықта — экономиканың 8 базалық саласы және жұмыстың мынадай тура бағыттары бар:- экономиканың перспективалық секторларында жаңа жұмыс орындарын құру;- жаппай кәсіпкерлікті дамыту;- технологиялық қайта жарақтандыру және цифрландыру.Сондай-ақ қазір жобалық менеджмент ел өңірлері деңгейінде енгізілуде.Осылайша, біз ауқымды дайындық жұмыстарын жүргіздік, не істеу және қалай істеу қажеттігін білеміз.Үшіншіден, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясында біз көлемді инвестициялар салуды жоспарлап отырған агроөнеркәсіп кешені мен экономиканың негізгі салаларын жаңарту, заманауи ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту бағытындағы біздің саясатымыз инвесторларға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Біз экономиканы әртараптандыруды жалғастырып, инвесторларды металлургия, мұнай өңдеу, химия және машина жасау салаларына шақырамыз.Қазақстанда мыс, алтын, сирек кездесетін және сирекжерлік металдар, оның ішінде литий, ванадий, фосфат шикізаты және т. б. шығару және өндіруді дамыту саласында көптеген жобалар бар.Өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін біз геологиялық барлауға инвестицияларға, шикізат байыту және өңдеудің жаңа технологияларына мүдделілік танытамыз.Біз сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін ауқымды жаңғыртуды бастадық. Қазақстан - бидай мен ұн өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Біз бұл артықшылықты одан әрі нығайтудамыз, дегенмен нарық сұраныстарына сәйкес аграрлық секторға құрылымдық реформалау, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Тыңайтқыштар, биоқоспалар және сұрыптау саласындағы жаңа әзірлемелерді енгізуді қоса алғанда, барлық саланы ғылыми-техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру басталды.Мұның бәрі азық-түлік өнеркәсібіне инвестиция салуға үлкен мүмкіндіктер береді.Үкіметтің Қытаймен, басқа да көршілес өткізу нарықтарымен сауда-саттық шектеулерін алып тастау бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен қатар, бұл қарқынды әрі экспортқа бағдарланған агробизнес секторын ерекше тартымды етеді.Әсіресе, Қытай бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Еліміздердің арасындағы барлық дерлік негізгі сауда-саттық кедергілері реттелді. Нақ өткен аптада Қытайдың Мемлекеттің кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен Сочи қаласында кездесу өтті, онда біз қалған сауда-саттық кедергілері 2018 жылы толықтай ретке келтіріледі деп келістік. Осылайша, өте ауқымды нарық ашылады және де бүгін Қазақстанда шығарылып жатқан өнім — ауыл шаруашылығы, органикалық өнімдер Қытайда жоғары сұранысқа ие.Төртіншіден, Қазақстан бүгінде инфрақұрылымды, логистиканы, көлікті және олармен байланысты қызметтерді дамыту үшін инвестициялық тартымды ел болып отыр.Соңғы үш жылда біз ауқымды инфрақұрылымдық құрылыс жүргізіп, маңызды әлемдік нарықтарға шығу үшін қысқа әрі экономикалық тұрғыдан тиімді көліктік-логистикалық «иінін» жасадық.Осы жылдар ішінде «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің қазақстандық учаскесінің шамамен 3 мың шақырымының құрылысын аяқталды, бұл Қытайдағы Ляньюньган портынан Ресейдің Санкт-Петербург портына жүк тасымалдау уақытын 10 күнге дейін қысқартады.Мың шақырымнан астам жаңа теміржол салынды, оның ішінде Орталық Азия елдерін Парсы шығанағы мен Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас портымен байланыстыратын «Қазақстан — Түркіменстан — Иран» теміржол дәлізі де бар.Біз Қытаймен шекарада «Қорғас — Шығыс қақпасы» құрғақ портын салдық. Бұл - Қазақстандағы тұңғыш жерүсті порты және Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық парк.Еліміздің батысындағы Каспий теңізінде Ақтау порты жаңғыртылып, кеңейтілді. Жаңа паром кешендері жүйесі бар Құрық жаңа порты салынды. Мұндай қадамдар Қазақстан порттарының жүктеме қуатын жылына 25 млн тоннаға дейін арттырады.Мұның бәрі инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастайды, солтүстіктен оңтүстікке қарай және шығыстан батысқа қарай жүк тасымалдау уақытын қысқартады, бұл бизнес үшін өте тиімді!Біздің стратегиялық мақсатымыз — Қазақстанды Орталық Азияның ірі көліктік-логистикалық хабына айналдыру.Үкімет алдағы екі-үш жылда (2020 жылға қарай) транзиттік тасымалдарды 2 млн контейнерге дейін ұлғайтып, транзиттен $5 млрд дейін пайда табуды жоспарлап отыр.Қазақстанның барлық көліктік-логистикалық инфрақұрылымы және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы «Бір белдеу және бір жол» жобасы аясында «Жібек жолы экономикалық белдеуін» құру бойынша қытайлық бағдарламалармен түйіндес.Біз инвесторларды көлік және логистика саласына инвестиция салып, бізбен бірге өсіп, пайда табуға шақырамыз!Бесіншіден, елімізде инновациялық-индустриялық дамудың екінші бесжылдығы іске асырылып жатыр. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары озық технологияларды, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге, өндірісті автоматтандыруға және роботтандыруға мүмкіндік алып отыр.Биыл неміс серіктестер — Фраунгофер атындағы Қолданбалы зерттеулер институтымен бірлесіп, біз өңдеу және тау-кен секторларының 500 кәсіпорнының осындай жаңғыртуға әзірлігін бағаладық, және экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңартып, цифрландырудың жол картасын дайындадық.Үшінші жаңғырту бағдарламасын қабылдағанға дейін біз ірі кәсіпорындардағы технологиялық үрдістерді тежеп отырдық. Бірақ бүгін біз әлемнің 30 елінің қатарына енуге мүмкіндік беретін қарқынмен өсуді қаласақ, бізге міндетті түрде кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, еңбек өнімділігін арттыруымыз керек. Бұл бағдарлама осыған байланысты қабылданды.Әрине, біз бұл бағдарлама туралы айтқанда, Құдайдан бұйырған мұнай-газ секторындағы басымдықтардан бас тартпаймыз. Біз бұл жерде де ауқымды жұмыстар атқарудамыз. Негізгі шикізатқа бағалар құлдырағанда, кез келген жағдайда кен орындарын инвестициялау, кез келген жағдайда өнім шығарып, оны сату қажет еді. Алайда, бұл ретте жаңғыру мен жаңару шешуші рөлге ие болады. Сондықтан, біз өзіміздің ірі жүйеқұраушы кәсіпорындарымызбен, мұнай-газ секторындағы барлық кәсіпорындарымызбен орасан жұмыс жүргіздік. Қазіргі таңда олардың әрқайсысында бұл жаңғыруды 2025 жылға қарай аяқтау үшін өздерінің бағдарламалары бар.Күні кеше Үкімет отырысында біз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық, ол Елбасының қарауына жіберілді. Қыркүйекте бүкіл еліміздің мамандарының қатысуымен үлкен таныстырылымы өтті.Алтыншыдан, біз Қазақстан жайлы айтқанда, Қазақстанға инвестиция салу арқылы сіздер қандай нарыққа шығатындарыңызды меңзейміз. Біріншіден, әрине, бұл Еуразиялық экономикалық одақ. Біз нарық көлемі 4 трлн. АҚШ долларына жуықтайтын, 180 млн. астам адам қамтылған Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушы әрі мүшесі болып табыламыз. Сондай-ақ, өзінің орасан зор нарығымен Қытай жанымызда орналасқан. Сонымен қатар зор әлеуетке ие Үндістан, Иран, Пәкістан бар.Жетіншіден, біз инвесторларға мүлдем жаңа тетік — Астана халықаралық қаржы орталығын ұсынамыз. Бүгін біз оған жеке панельдік сессия арнадық.Оның басты мақсаты — инновациялық қызметті ынталандыру және инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау.Біз қаржы орталығын халықаралық биржалармен бірлесудің заманауи қаржы құралы ретінде құрдық. Оның қатысушылары үшін жеңілдетілген салықтық, визалық және еңбек режимдері ұсынылады.АХҚО сот өндірісін ағылшын тілінде жүргізу арқылы британдық құқық қағидалары мен нормаларына сәйкес жұмыс істейтін болады. Туындайтын дауларды шешу үшін оның аумағында Халықаралық арбитраж орталығы жұмыс істейді.2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, осы Арбитраж орталығының ашықтығы эксаумақтылық қағидасы бойынша жұмыс істейтіні өте маңызды. Кез келген инвестор өз жобасының ел аумағының қай жерінде іске асырылуына қарамастан, сонда жүгіне алады.Мұндай қаржы қызметтерін әлемнің санаулы елдері ғана ұсына алады!Сегізіншіден, Қазақстанда қазір жүргізіліп жатқан жекешелендірудің екінші ауқымды «толқыны» инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктер береді.Үкімет экономиканы мемлекет иелігінен алу саясатын жүргізіп жатыр. 900-ден астам компания бәсекелі ортаға беріледі.Мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың (ұлттық холдингтердің 57 компаниясы) топ 65 компания аса тартымды болып саналады. Сіздерді осы жекешелендіруге қатысуға шақырамын. Қазір инвесторлар үшін ең тиімді сәт туды деп ойлаймын. Аталған тақырыпқа да жеке сессия арнадық.***Құрметті ханымдар мен мырзалар!Біраз уақыттан кейін мамандандырылған «дөңгелек үстелдер» мен брифингтер өткізіледі, онда сіздерді қызықтыратын сұрақтар бойынша Қазақстан Үкіметінің мүшелерімен толығырақ әңгімелесе аласыздар. Біз ұсынатын шаралар мен жобалар халықаралық бизнес қауымдастыққа қызығушылық пен пайда әкелетініне сенімдімін.Біздің барлық жоспарларымызды табысты жүзеге асыру үшін жаңа инвестициялар ағыны қажет. Бұл мәселені шешудің негізі бар.Қазақстан бүгінде PriceWaterhouseCoopers (PWC) және Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес 189 елдің ішінде салық ахуалының қолайлылық деңгейі бойынша 18-ші орынға ие.Сондай-ақ, Қазақстан Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде әлемнің 190 елі арасында 36-орынға ие. Біз рейтингтің барлық 10 индикаторы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша біз бірінші орынды иемденеміз. «Келісімшарттарды орындау» көрсеткіші бойынша – алтыншы орын.Біз алдымызға Doing Business рейтингісінде жақын арада 20-лықтың қатарынан орын алу туралы мақсат қойдық.Осы мақсатта біз 2018 жылы ұлттық және субұлттық деңгейлерде бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту үшін жаңа, жетінші заңнамалық түзетулер пакетін дайындаймыз.Сонымен бірге, біз инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік күшейіп тұрған жағдайда, әр инвестор үшін белсенді түрде күресуден басқа таңдау жоқ екенін түсінеміз.Әрі біз соған дайынбыз!Бүгінде Қазақстан Үкіметі инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасау саясатын ұстанатынын мәлімдейді!Егер сіз Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту үшін не істегенін сұрасаңыз, мен нақты шешімдер бар екенін және оларға сүйене алатыныңызды нық сеніммен айта аламын!Маңыздыларына тоқталып өтейін.Инвестициялар ағынын ынталандыру үшін біз жаңа ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледік және оны іске асыруды қолға алдық. Оны әзірлеуге Дүниежүзілік банк мамандары мен басқа да халықаралық сарапшылар қатысты.Шетелдік және аймақтық құрылымдар желісімен «Кazakh Invest» инвестиция тартудың ұлттық компаниясы құрылды. Ол Үкімет атынан шетелдік инвесторлармен «бірыңғай келіссөз жүргізуші» ретінде әрекет етеді.Бұдан өзге, маңызды елдерде Қазақстан елшіліктерінде елшілердің инвестициялар жөніндегі кеңесшілері тағайындалады. Олардың барлығы сізге қолжетімді болады!Сондай-ақ, экспорт өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін кедергілерді жоюға, сыртқы және ішкі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ұлттық экспорттық стратегия әзірленді. Мұнда сіздің әріптесіңіз «Kazakh Export» жаңа ұлттық компаниясы болады.Біз екі маңызды бағытта кәсіпкерлік және инвестициялар саласындағы заңнаманы түбегейлі өзгерттік.Біріншісі — бизнестің шығындарын жан-жақты төмендету және ең алдымен энергетика, көлік, логистика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қайта реттеу реформасы. Шағын және орта бизнесті тексеруге қойылатын талаптарды шамамен 60%-ға дерлік азайттық. Лицензиялар мен рұқсаттар саны 3 еседен астамға қысқартылды. Салық органдарының жоспарлы тексерулері 40%-ға қысқартылды.Екінші бағыт — бұл бюрократияны төмендету және E-government веб-порталы арқылы электронды түрдегі мемлекеттік қызметтерді арттыру.Үкімет жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеп, Парламентке ұсынды, оның идеологиясы салық төлеушілердің мүдделерін қорғауға және жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандыруға бағытталған. Барлық белгісіздіктер мен қателіктер салық төлеушілердің пайдасына түсіндіріледі.Бұдан өзге, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс әзірленді, ол «кім бірінші келді, сол алды» қағидасына негізделген. Ол қорларды есептейтін және геологиялық ақпаратқа еркін ашықтықты қамтамасыз ететін халықаралық жүйені енгізеді. Қабылданған шаралар қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру уақытын 18 айдан 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай серпін беретін жаңа Кеден кодексі дайындалды. Басымдық декларацияны электронды түрде беруге қойылады. Соның нәтижесінде тауарларды шығару уақыты алты есеге, 4 сағатқа дейін азаяды.Еркін экономикалық және индустриалды аймақтарды реттеуді жақсартатын заң жобасы әзірленді.Инвестициялар үшін маңызды барлық осы заңдар Мəжілісте талқыланды, және Сенатта қаралғаннан кейін көп ұзамай барлық 4 заң жобасы Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылады. Біз олар 2018 жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз.Үкімет инвестициялық ахуал көптеген жағдайда жергілікті билік органдарының әрекеттеріне байланысты екенін түсінеді. Сондықтан да біз биылдан бастап бизнесті жүргізудің қолайлығы бойынша өңірлерді бағалайтын жаңа рейтинг енгіздік, ол субұлттық рейтинг деп аталады. Ертең Елбасы 1 орынды иеленген әкімге жүлде табыстайды.Біз, сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты әдіс-тәсілдерімізді ырықтандырдық. Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларға жақсы мәлім, ұзақ уақыт бойы осы мәселе Үкіметте қызу талқыланды. Ия, біз осыған байланысты еңбек күштерін жұмыспен қамту аясында қазақстандық қамтуды қолдау қажеттігін айтқанбыз. Бірақ бүгінде біз Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қажеттілікті қанағаттандыра алатын жеткілікті жұмысшылар санын дайындады дейміз. Алайда біз Үшінші жаңғыруды жария еттік, жаңартуға бет алдық. Бұл тұрғыдан, біз жоғары білікті мамандардың елімізге келіп, азаматтарымызға сіздердің инвестицияларыңызбен келетін күрделі технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын үйретулеріне мүдделіміз. Яғни жаңа буын кәсіптерін игерген мамандар қажет.Барлық инвесторларды алаңдатып отырған үлкен мәселе — мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Мұнда да көлемді жұмыстар атқарылды. Біз жобаларды жоспарлаудың барлық рәсімдерін жеңілдеттік.Білім беру, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және көлік салаларында типтік конкурстық құжаттарды бекіттік. Сіздер барлық жобалармен танысып, өзіңізге ұнағанын таңдап, жұмысқа кірісе аласыз. Біз келісімшарттар жобаларының сараптамасын оңтайландырдық. Осыған орай, бүгінде біздің инвестициялық форум жұмысы аясында Үлкен Алматы айналма жолы жобасы бойынша меморандумға қол қойылатынын атап өткім келеді.Мен түрік және корей серіктестерін құттықтағым келеді. Процесс бастау алды! Бұл жаңартылған МЖӘ тетігі аясындағы жобалардың «алғашқы қарлығашы" және барлық инвесторлар үшін жақсы белгі деуге болады.Құрметті ханымдар мен мырзалар!Қазақстан Үкіметі әрқашан да инвесторлармен жұмыс істеудің халықаралық қағидалары мен стандарттарын ұстанып келді, алдағы уақытта ұстана береді де.Біздің жұмысымыздың басты бағыты — жекеменшік пен заң үстемдігіне беріктікті қамтамасыз ету. Қазақстан ашық ел болған және осылай болып қала береді. Біз ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетіне қосылдық.Бүгін мен Үкіметтің бизнес үшін тиімді, жақсы жағдай жасау туралы сындарлы шешімін атап өткім келеді.Біріншіден, инвесторларға ұсынылатын консультациялық қызметтерді күшейтеміз. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберген әрбір сұрағыңызға жауап он жұмыс күні ішінде ағылшын тілінде беріледі.Екіншіден, 2020 жылдан бастап шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтерді ағылшын тілінде ұсынуға біртіндеп көшеміз.Халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік клиникалар, мектептер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, көші-қон және салық қызметіне ағылшын тілін білетін қызметкерлер арнайы жұмысқа қабылданатын болады.Үшіншіден, инвесторлар үшін барлық негізгі нормативтік және құқықтық актілер, сондай-ақ, Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің веб-сайттарында және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының сайтында ағылшын тілінде жарияланады.Төртіншіден, біз шетелдік инвесторларға, ең алдымен электрондық визаны енгізу, шекарадан өту, көші-қон есептері мен қауіпсіздік мәселелері процестеріне, елге кіруге жақсы жағдай жасауды жалғастырамыз.Барлық осы төрт бағыт бойынша әрбір уәкілетті орган қажетті жұмысты жасайды.Құрметті достар!Бүгінгі іс-шара тығыз байланысқа ықпал етіп, іскерлік орталар серіктестігінің жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын айқындайды деп сенемін.Біз инвесторлармен үнемі диалог орнату арқылы түйткілді мәселелерді дереу шешуге дайынбыз. Жоғары деңгейде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Шетелдік инвесторлар кеңесі стратегиялық мәселелерді шешумен айналысады.Үкімет деңгейінде біз үнемі Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының жұмысы арқылы тұрақты диалог жүргіземіз.Сонымен қатар Шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі инвестициялық омбудсмен де қолжетімді.Қазақстан Республикасы инвесторлар арасында өзін сенімді іскерлік серіктес ретінде дәлелдеді. Соңғы 10 жылда экономиканың түрлі секторларына шамамен $250 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды.Қазақстанға келіп, жобаларын осында жүзеге асырып жатқан әрбір инвесторға алғысымызды білдіреміз. Олардың мысалы мен бүгінгі біздің әңгімеміз сіздерді Қазақстанда жаңа іскерлік биіктерді бағындыруға шабыттандырады деген сенімдеміз!Назарларыңызға рахмет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/17598?lang=kk
«ЭКО ПРОДАКТС ГРУПП» ЖШС БАРУ 10.04.2025
2017 жылдың 29 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін «ЭКО продактс Групп» ЖШС кәсіпорнына барды.«ЭКО продактс Групп» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грант жеңімпазы болып табылады. Өсімдік шикізат тегінен биоыдыратылатын полимерлі пакеттер мен қолғаптар өндірісі Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Технологиялық үрдісі үш кезеңнңн тұрады:1 кезең – түйіршіктерден қабыршақ экструзиясы;2 кезең – ротогравюрлы басылым мен заттаңбасы;3 кезең – термоқалыптасу мен өрнек салу.Түйіршіктелген полилактид шикі заты полимерлі өнім өндірісі үшін Еуропадан әкелінеді. Дайын өнім тамақ өнімдермен түйісу үшін, тамақ өнімдерін ұзақ және қауіпсізді сақтау үшін арналған.Өткізілген іс-шара «ЭКО продактс Групп» ЖШС техникалық реттеу, метрология және сәкестікті бағалау аккредиттеу саласындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге бағытталды.Қазақстан Республикасында бұл өнім жаңа болғандықтан, келіссөз барысында биоыдыратылатын өнім өндіру кезінде кәсіпорынның ұйым стандартын құрастыруға қажеттілігі күрделі мәселелері, Кеден одағының қажетті техникалық регламенттер туралы, сынау жүргізуге арналған нормативті құжаттар бар болуы туралы, биопакеттер мен қолғаптарды сертификаттау жүргізу тәртібі талқыланды.Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, ұйым стандартын әзірлеу тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары, өнімді каталогтау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, дайын өнімді заттаңбалау түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17544?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯ АЛЫПТАРЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ САТЫП АЛА БАСТАЙДЫ 10.04.2025
Алматыда өткен кеңесте жүйе құраушы кәсіпорындар үшін тауарлар мен қызмет ұсынушы - отандық өндірушілер қазақстандық индустрия алыптарының қажеттіліктерін біліп, олармен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік алды.Аталған шараны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.Кеңеске Алматы қаласы әкімдігінің, «Атамекен» палатасының аймақтардағы өкілдері, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Eurasian Resources Group», «Казцинк» ЖШС, сондай-ақ, жүйе құраушы кәсіпорындарға қажетті жаңа өнім түрлерін шығаруға дайын Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 20-дан астам отандық кәсіпорынның өкілдері қатысты.Бұл шара үшжақты меморандумды іске асыру аясында өтті. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жүйе құраушы кәсіпорындар арасында Қазақстан аумағында өндірілген тауарларда қазақстандық қамтудың үлесін арттыруды қолдау жөніндегі үшжақты келісімге қол қойылған болатын.«NADLoC» ірі компаниялардың технологиялық үдерісіне қажетті тауарларға сұранысына жан-жақты талдау жасап, отандық тауар өндірушілердің әлеуетін зерттеді. Нәтижесінде ұлттық агенттік сарапшылары бес сала бойынша қазіргі уақытта шетелдік өндірушілерден 387 млн долларға сатып алынатын екі мыңнан астам тауар түрін анықтады.«Мұндай шаралар сатып алуда жүйеқұраушы ірі кәсіпорындардың импорт алмастыру бағдарламасының даму әлеуетін көрсетеді. Мұндағы негізгі даму векторы біздің өндірісте бар дүниелерді емес, керісінше, сұранысқа ие бірақ бізде жоқ өнімді өндіруге бағытталған. Бұдан бөлек, біз жүргізген сараптама экспорттық әлеуетті қамтиды»,-деп атап өтті «NADLoC» АҚ басқарушы директоры Дмитрий Усов.Кеңеске қатысушылар Алматы қаласындағы отандық өндірушілердің өндіріс алаңдарына барды. Бұл - «Корпорация Сайман» ЖШС мен «Келет» АҚ.1992 жылы негізі қаланған «Корпорация Сайман» отандық электр есептегіштерді шығарады. Ол республикаға белгілі көпсалалы холдингтік «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының құрамына кіреді. Орталық-Азия аймағындағы электроэнергия есептеу құралдарын шығаратын толық циклді ең ірі отандық аспап жасау кәсіпорыны болып табылады. Мұнымен аттас «Saiman» аспап жасау зауыты Алматы қаласының аумағында орналасқан. Кең ауқымда белсенді электронды электр есептегіштер мен реактивті энергияларды, тоқ трансформаторларын, ішке және сыртқа орнататын электр энергиясын есептеу шкафтарын, және жарық диодты шамдарға дейінгі барлық дүниелерді шығаратын республикада және ТМД елдеріне белгілі жетекші өндіруші және өз өнімін жеткізуші болып табылады.«Келет» - өндірістік-коммерциялық кәсіпорын. Бұл кәсіпорын 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрмыстық құрал-жабдықтар шығаруда және Қазақстанның жалпыөнеркәсіптік нарығында көшбасшы болып табылады. Кәсіпорын жұмыс атқарған жылдары Қазақстан жұртшылығын таза сумен, таза ауамен, жылумен қамтамасыз ету миссиясын орындап келеді.Кәсіпорын қуаты 250 кВт болатын электр жылыту қазандықтарын, СН көпнасосты станцияларды, қысымды ұстап тұратын автоматты агрегаттар шығарады. Сонымен қатар, суға арналған консольді электр насосы агрегаттарын жинайды. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ:Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17539?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ 10.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 17 наурыз, Эталон орталығы. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші Вице-министрі Т Алик Айдарбаев Техникалық реттеу және метрология комитетіне жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында Техникалық реттеу және метрология комитетін Төрағасы Біржан Қанешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші Вице-министрін орындалған жұмыстардың көлемімен таныстырды. Сондай-ақ Комитеттің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру механизмі туралы мәселелер талқыланды. Одан басқа, А. Айдарбаевқа геометриялық шама, қысым, масса, сұйықтық тығыздығы мен тұтқырлығы зертханаларының ағымдағы жұмыстары көрсетілді. Жұмыс сапары аяқталғаннан соң Комитет қызметкерлері ҚР ИДМ Бірінші Вице-министрі Алик Айдарбаевтың барлық сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17538?lang=kk
ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН КАЛИБРЛЕУ 10.04.2025
Өлшем құралдарын калибрлеу – өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын және метрологиялық сипаттамасының дұрыстығын растау және анықтыу мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы.Калибровканың салыстырып тесеруден айырмашылығы, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын, яғни салыстырап тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына қарастырылғын.Егер салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылау органдарына міндетті операция болса, калибровка – бұл кәсіпорынның метрологиялық қызметімен немесе оның өтініші бойынша бұл жұмысты істеуге қауқарлы кез-келген ұйыммен жүзеге асырылатын ерікті қызмет.Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын əзірлеуші, иесі немесе пайдаланушы белгілеген тəртіпте шамалар бірлігінің қатар бағынатын мемлекеттік эталондарын қолданумен орындалады. Өз бөлімшелері үшін орындалатын өлшем құралдарын калибрлеу заңды тұлғалардың калибрлеу зертханаларымен – тиісті өлшем түрі бойынша білікті мамандары (салыстырып тексерушілер/калибрлеушілер) бар əзірлеушілер, өлшем құралдарын пайдаланушылар жүргізеді. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-ке сəйкес өлшем құралдарын калибрлеуге сəйкес бағалау саласында ерікті түрде аккредиттелген калибрлеу зертханалары калибрлеуді тыс ұйымдар үшін келісімшарт негізінде іске асыра алады. Өлшем құралдарын калибрлеу нəтижелері өлшем құралдарына қойылатын калибрлеу белгісімен немесе міндетті түрде метрологиялық сипаттамаларының нақты мəндері көрсетілетін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куəландырылады. Калибрлеуге жататын өлшем құралдарының тізбесін оларды қолдану саласына байланысты өлшем құралдарын пайдаланушылар анықтайды. Өлшем құралдарын калибрлеу өлшем құралдарын əзірлеуші немесе пайдаланушылар белгілеген мерзімдерде немесе өлшем құралдарының аралық калибрлеу қашықтықтарын есепке ала отырып калибрлеу кестесіне сəйкес калибрлеу зертханасында іске асырылады. Заңды жəне жеке тұлғалардың өлшем құралдары калибрлеу жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшартта көрсетілген мерзімдерде калибрленуге тиіс. Өлшем құралдарын калибрлеу калибрлеу əдістемесінің талаптарына сəйкес жүргізіледі. Калибрлеу əдістемесін заңды тұлғалар – осы өлшем құралдарын əзірлеушілер, пайдаланушылар əзірлейді, бекітеді. Бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (жаңғыртуға) немесе бірнеше өлшем ауқымы бар өлшемдерге арналған өлшеу құралдарын калибрлеуді толық көлемде жүргізуге, яғни тек физикалық шамалардың қолданылатын саны немесе өлшеу ауқымдары немесе шектелген ауқымы үшін ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Тиісті жазба пайдалану құжаттарында жəне калибрлеу туралы сертификаттарда жазылуға тиіс.Өлшем құралына арналған калибрлеу нəтижелері бойынша калибрлеу белгісі қойылады жəне/немесе ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сəйкес калибрлеу туралы сертификат рəсімделеді. Заңды жəне жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша калибрленетін өлшем құралдарына калибрлеу сертификатын рəсімдеу міндетті болып табылады. Қажеттілігіне қарай калибрлеуді орындаушы қол қоятын калибрлеу хаттамасымен рəсімделеді.Толық ақпарат алғысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11. телефондарымыз 270741, 270743, Еmail: gosnadzor_аstana@mail.ru.Дайындаған: Астана қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – Бекболат Нұрболат Бекболатұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17528?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨСІМІ КЕМ ДЕГЕНДЕ 2 %-ҒА АРТАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР 10.04.2025
Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алдында 2017 жылға елдің өнеркәсіптік дамуы саласында бірқатар міндеттер тұр. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексін кемінде 2 % қамтамасыз ету, мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын іске асыру, жергілікті қамтуды арттыру, экономиканың жылдамдатылған технологиялық жаңғыруы (4.0 Индустрия бойынша шаралар кешенін әзірлеу).2017 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылы енгізілген кәсіпорындардың есебінен жетекшілік ететін өңдеуші сектор салаларының кемінде 2 % тұтастай өсуі, түсті металл нарығындағы және темір-рудалы шикізаттағы әлемдік конъюнктураны жақсарту, болат, арматура, құбыр, рельстер, бастапқы алюминий, мыс, қорғасын өндірісінің, химия, фармацевтика өнеркәсібінің және өзге салалардың өнімдерін өндіруді арттыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда.Тау-кен өндіру өнеркәсібінде «KazMinerals» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «ТНК «Казхром» АҚ-та руда өндіруді арттыру, әлемдік нарықтағы темір-руда шикізатына бағаның жақсаруы есебінен темір рудаларын өндіру көлемін арттыру (55 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін), «ССГПО» АҚ, «BapyMining» ЖШС, «Өркен» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда. 2017 жылдың 4-тоқсанында «Қызыл» жобасы бойынша Бақыршы кенішінде өндіруді бастау күтілуде.Қара металлургияда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС-да болат, «KSP Steel» ЖШС-да құбыр, «АРБЗ» ЖШС-да рельс өндірісін арттыру есебінен өсуі күтілуде.Түсті металлургияда «Казцинк» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де өндіріс көлемдерінің ұлғаюы күтілуде.Химия өнеркәсібінде «Казфосфат» ЖШС, «Ақтөбе хром жалғамалары зауыты» АҚ, «Каустик» АҚ-да өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарлануда.Автомобиль жасауда жаңа бағдарламаны іске қосу жоспарлануда, оның аясында ескі автокөлікті кәдеге жаратуға беру кезінде сертификат беріледі. Ол отандық өндірушілерден жеңілдікпен автокөлік сатып алу үшін зор мүмкіндік болмақ.Қазақстанда электромобиль өндірісін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл автомобиль жасауда жаңа бағыт құруға мүмкіндік береді.Теміржол машинасын жасау секторындағы өндіріс көлемін ұлғайтуды 2016 жылы жүк вагондарын шығаруға бөлінген қаржыны (17,5 млрд. теңге) игеру есебінен қамтамасыз етуге болады. Тағы да 1000 жүк вагонын шығару жоспарлануда. Жүк вагондарын жасау көлемін 15 есеұлғайту күтілуде, ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың жүк вагондарының қажеттілігін толықтыруға және 2020 жылға қарай жылжымалы құрамның тозу деңгейін 25 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.Құрылыс материалдарының өндірісінде «Жамбылгипс» АҚ-та құрылыс қоспалары мен гипс бұйымдарын шығару жөніндегі технологиялық желілерді кеңейту және жаңғырту, «Шымкентцемент» АҚ–та «құрғақ тәсілмен» технологиялық өндіруді жаңғырту, «Рудненск цемент зауыты» ЖШС, «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС цемент зауыттарының құрылысын, «Зерде-Керамика» АҚ екінші зауытының, «Севен Рефракториз Азия» ЖШС отқа төзімді материалдарды өндіру зауытының құрылысын аяқтау; «Отандық жиһаз өнімдерін өндірушілер» құрылған консорциум (жеңіл өнеркәсіптің «Жасампаз» консорциумына ұқсастығы бойынша) аясында мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтуды және жиһаз өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда.Жеңіл өнеркәсіпте 2016 жылы іске қосылған «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Жетісу» аяқ киім фабрикасы» АҚ жобалары есебінен және 2017 жылы іске қосылатын «Samhat» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, «В.А.Е.R» ЖШС, «AzalaFabrik» ЖШС, «SG Style» ЖШС, «Оқушыларға арналған мектеп киімінің тігін фабрикасы» ЖШС өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарлануда.Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемінің шамалы ұлғаюы жоспарлануда. Биыл Алматы қаласының индустриялық аймағында «Хикма» иордан компаниясының дәрілік заттарын өндіру бойынша зауыттың құрылысы жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17444?lang=kk
Бір тараптан, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің баспасөз релизі 10.04.2025
2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумы алаңында бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы қуатты драйверге айналуы тиіс. Қазақстан Республикасының атынан Келісімге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қол қойды.Келісімді бекіту туралы келіссөздер екі жыл бойы жүргізілді.Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Қытайдың арасындағы өзара сауданы жақсарту шарттарын құруға бағытталған, алайда ол бажды алып тастауды немесе бейтарифтік бөгеттерді автоматты түрде төмендетуді қарастырмайды.Бұл шарт ішкі нарықты қорғау шаралары, саудадағы техникалық бөгеттер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, зияткерлік меншік, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алулар саласындағы ынтымақтастық, салалық ынтымақтастық, электрондық сауда тәрізді көптеген саудалық реттеу мен ынтымақтастық саласын қамтиды.Келісімге сәйкес тараптар ДСҰ деңгейінде өзара тауар саудасындағы сауда режимін сақтау кепілдігі мен құқықтарын бекітті.Сондай-ақ, Келісім арқылы ашықтық тетігі көзделген, ол құқықтық реттеу жүйесінің айқындығын, жалпы қолданыстағы шаралар және әкімшілік актілерді қабылдау үдерістерін, мемлекеттік органдардың қызмет үдерістерін және т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл ашықтық тетігі тараптардың субсидиялар мен сауда шаралары туралы хабарландыруларды, сауда саласындағы ішкі реттеу туралы ақпараттарды алмасуына мүмкіндік береді. Электрондық сауда саласындағы қол жеткізілген уағдаластықтардың да маңызы зор болып табылады. Келісім тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін және олардың жеке мәліметтерін қорғау деңгейін арттырады және инновация саласындағы қағазсыз сауданы дамытудың негізін қамтамасыз етеді.Тұтас алғанда, Келісім ҚХР-мен анағұрлым тығыз сауда-экономикалық әріптестікке қарай ілгерілемелі қозғалыстың негізі болуы тиіс. Келісім ақпарат алмасуды дамытудың, бөгеттерді анықтау мен Қытаймен өзара сауданы ілгерілетудің құралына айналуы тиіс, сондай-ақ қосымша ықтимал ынтымақтастық саласын іздестіруге ықпал ететін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17371?lang=kk
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты 10.04.2025
Қала әкімі тау өзендері мен көлдердегі жағдайларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Ақсай және Аюсай шатқалдарында селден қорғау бөгеттерінің құрылыс жоспарымен және қолданыстағы бөгеттерді жөндеу жобаларымен танысты.Мегаполис басшысы Б.Сағынтаев Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Алматы қалалық ТЖД бастығы С.Әубәкіров және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары М.Қасеновпен бірге мұздақ көлдерді аралап шықты. Жұмыс сапары кезінде селден қорғау шаралары мен мұздақ көлдерді босату бойынша бірқатар жұмыстар тексерілді.Алматы қалалық ТЖД мамандары Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі сел қаупінің автоматтандырылған мониторингтік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында баяндап берді. Биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтереді. Келесі жылы 21 станса салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/17331?lang=kk
Түркістан қаласында Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін төмендету және өтемдік тарифтерін енгізу мәселесі бойынша брифинг өткізілді 10.04.2025
2018 жылғы 26 желтоқсанда Түркістан қаласындағы өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін төмендету және өтемдік тарифтерін енгізу бойынша брифинг өткізілді.ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент (бұдан әрі - Департамент) басшысы Е. Ыбырайханов Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін ведомствоның жүргізген жұмыстары туралы жиналғандарға егжей-тегжейлі баяндады.Департамент Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларындағы, сондай-ақ Сайрам, Сарыағаш және Мақтарал аудандарындағы коммуналдық қызмет саласы мәселелері бойынша азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау жұмысына мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, табиғи монополия субъектілері, қоғамдық бірлестіктер қатысты. Қоғамдық қабылдауға барлығы 771 адам қатысты.Департамент тұтынушылардан келіп түскен шағымдарға орай, 5 ТМС қызметіне қатысты (ГКП «Жылу» МКК, «Түркістан Су» МКК, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Кентау-Сервис» МКК және «Ащысай су» МКК), жоспардан тыс тексеру жүргізді.«Тексерулердің қортындысы бойынша 4 ТМС-ке қатысты әкімшілік 6 493, 5 мың теңге сомасындағы айыппұл салу арқылы әкімшілік іс қозғалды», - деді Е.Ыбырайханов.Сөзінің соңында ведомство басшысы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, ақырғы тұтынушы үшін тарифтер көрсетілетін қызмет түріне қарай, 3%-тен 15,31%-ке төмендейтінін жеткізді.Қызметтер бойынша ақпарат:1. Электрмен жабдықтауЭлектроэнергиясы саласы бойынша 4 ТМС, оның ішінде базалық субъекті «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарифтері төмендетілді. ҚҚС-пен теңге№ТМС атауы ТопҚолданыстағы тарифТөмендетілген тариф%1«Онтүстік Жарық Транзит» ЖШСЭлект.энергиясын тасымалдау7,386,6410,022«Энергопоток»ЖШСОрташа тариф 21,0719,646,8Тұрғындар 15,7214,656,8Заңды тұлғалар 27,1725,326,8тұтынылған электр энергиясы үшін қарызгерлерді қайта қосу163097840,02. Газбен жабдықтауГазбен жабдықтау саласы бойынша 3 ТМС, оның ішінде Шымкент қаласы бойынша базалық субъекті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на тарифтері төмендетілді.тенге/ с НДС№ТМС атауыТопҚолданыстағы тарифТөмендетілген тариф%1«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚТауарлық газды тасымалдау 9027,27881,312,7тұрғындар үшін 34475,232474,285,8Халыққа арналған ЖЭК 34475,228269,6917,99Заңды тұлғалар 35788,4935788,490Бюджеттік ұйымдар 36103,9736103,9703. Жылумен жабдықтауЖылумен жабдықтау саласында 5 ТМС, оның ішінде базалық субъекті «Жылу» МКК тарифтері төмендетілді.ҚҚС-пен теңге№ТМС атауы ТопҚолданыстағы тарифТөмендетілген тариф%1«Жылу»МККЖеке тұлғалар үшін ТПЕ5192,084397,33-15,31Жеке тұлғалар үшін ТПЕ-сіз 6558,435554,52-15,31Бюджеттік ұйымдар үшін ТПЕ 10348,448764,39-15,31 Бюджеттік ұйымдар үшін ТПЕ-сіз 17740,1915024,67-15,31Өзге тұтынушылар үшін ТПЕ-мен 5353,264533,83-15,31Өзге тұтынушылар үшін ТПЕ-сіз 11619,549840,89-15,314. Сумен жабдықтау және су тарту.Сумен жабдықтау және су тарту саласында 39 ТМС, оның ішінде базалық субъекті «Түркістан су» МКК тарифтері төмендетілді.ҚҚС-пен теңге№ТМС атауы ТопҚолданыстағы тарифЖоспарланған тариф төмендеуі%1«Түркістан су» МКК сумен жабдықтауТұрғындар62,6958,356,93Бюджет 171,73152,5611,16басқалары191,56178,646,75ГКП «Түркістан су» су тартутұрғындар62,3957,757,45Бюджет 130,61120,847,49басқалары135,99121,4910,665. Енгізілген өтемдік тарифтер2017 жылға арналған тарифтік сметаларды орындау нәтижесі бойынша Департамент 3 ТМС-да уақытша өтемдік тариф енгізілдіҚҚС-пен теңге№ТМС атауыРеттелетін қызметтердің түрлеріҚҚҚС-ты қоспағанда қолданыстағы тарифтер(бағасы)Тарифті төмендету болжамы, деңгей %% төмендеу1«Кентау Сервис»МККОрташа безбенделген тариф6105,994433,51-27,39жеке тұлға орташа3759,132862,32-23,861 және 2 топқа кірмейтін тұтынушылар үшін 7115,445166,45-27,392«Мақтаарал»ШШҚҚСумен жабдықтауорташа83,27 82,620,78Кәріздік жүйе қызметі орташа213,4210,521,353«Ел ынтымағы» ЖШСТұрғындар35,2130,2414,12Заңды тұлғалар74,9964,414,13 Қортынды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17325?lang=kk
ОЗНАКОМЛЕНИЕ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ С НОВЫМИ ПРАВИЛАМИ В ОБЛАСТИ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ЕДИНСТВА ИЗМЕРЕНИЙ ЕЭК 10.04.2025
АСТАНА, 1 марта 2017 год, Эталонный центр. Сегодня в Комитете технического регулирования и метрологии состоялся семинар по разъяснению государственным органам, предприятиям и организациям республики новых правил в области обеспечения единства измерений, утвержденных Евразийской экономической комиссией. В целях реализации согласованной политики в соответствии с Договором о ЕАЭС разработаны нормативные документы в области обеспечения единства измерений, большинство из которых вступают в силу в марте этого года, устанавливающих порядки проведения метрологических работ и процедуры их взаимного признания между государствами членами Евразийского экономического союза. Задачей проведения семинара стало разъяснение предприятиям республики о положениях данных документов, а также проведение обсуждения с разработчиками вопросов их практической реализации.С приветственным словом выступил Председатель Комитета технического регулирования, и метрологии Канешев Б.Б. Он отметил, значимость данной встречи, также сообщил о ряде мероприятий сфере метрологии, которые планируется провести в этом году. В ходе продолжения работы семинара директор Департамента технического регулирования и аккредитации Евразийской экономической комиссии Шаккалиев Арман рассказал о значимых вопросах в сфере единства измерений. Кроме того, программа семинара включила освещение и обсуждение следующих документов: Правила взаимного признания результатов работ по обеспечению единства измерений; Утверждение типа средств измерений и стандартных образцов: порядок работ и взаимное признание результатов; Метрологическая аттестация методики (метода) измерений и методики (методов) измерений, принимаемой в качестве референтной методики (метода) измерений: порядок работ и взаимное признание результатов; Организация поверки средств измерений: порядок работ и взаимное признание результатов; Порядок взаимного предоставления сведений в области обеспечения единства измерений, содержащихся в информационных фондах государств-членов; Организация проведения межлабораторных сравнительных испытаний (межлабораторных сличений).В свою очередь, с презентацией на тему: « Обеспечение Единства измерении в ЕЭК» выступила советник отдела оценки соответствия и обеспечения единства измерений Департамента технического регулирования и аккредитации Евразийской экономической комиссии Шухина Марина.Вместе с тем, в работе семинара приняли участие представители государственных органов, НПП «Атамекен», Ассоциаций юридических лиц, Совета метрологов Республики Казахстан, отечественных производителей средств измерений, аккредитованных юридических лиц, метрологических служб предприятий и организаций республики. Согласно Приложению №10 «Протокол о проведении согласованной политики в области обеспечения единства измерений» к Договору о ЕАЭС, государства-члены ЕАЭС осуществляют согласованную политику в области обеспечения единства измерений в целях обеспечения сопоставимости результатов измерений и результатов оценки (подтверждения) соответствия продукции требованиям технических регламентов ЕАЭС и измерений количественных показателей продукции.В связи с этим, проведение согласованной политики в области обеспечения единства измерений в рамках ЕАЭС предусматривает: создание условий для достижения соответствующего международному уровню метрологического обеспечения технических регламентов ЕАЭС на этапах их разработки и применения; создание механизмов взаимного признания результатов работ в области обеспечения единства измерений; гармонизацию законодательства государств-членов в области обеспечения единства измерений, применение единых порядков проведения метрологических работ, использование эталонов единиц величин и средств измерений, прослеживаемых к Международной системе единиц (СИ), к национальным (первичным) эталонам и (или) к международным эталонам единиц величин. Пресс служба КТРМ МИРК РК 270705Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17321?lang=kk
КАЗАХСТАН СТАЛ МЕСТОМ ОЧЕРЕДНОЙ ВСТРЕЧИ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СТРАН-УЧАСТНИЦ МЕЖГОСУДАРСТВЕННОГО СОВЕТА ПО СТАНДАРТИЗАЦИИ 10.04.2025
Ключевые вопросы в сфере стандартизации Содружества Независимых Государств рассмотрели эксперты в период с 3 по 5 октября 2017 года в г. Алматы, где состоялись заседания рабочих групп по применению информационных технологий, по работе межгосударственных технических комитетов и Научно-технической комиссии по стандартизации.Наряду с представителями 6-ти стран-участниц МГС, в мероприятиях приняли участие представители ряда межгосударственных технических комитетов, бизнес-сообщества Республики Казахстан и Общественного совета МИР РК.Участниками много времени уделено обсуждению вопросов, связанных с разработкой межгосударственных стандартов, и, самое главное, роли межгосударственных технических комитетов и организации их работы. По мнению представителей практически всех участвовавших стран технические комитеты должны более активно принимать участие в разработке межгосударственных стандартов и их работа должна быть нацелена на то, чтобы стандарты получались такими, какими их хотят видеть потребители.- Не количество документов должно ложиться в основу результативности деятельности комитетов, а то, насколько стандарт получился востребованным для потребителя, - отметил Председатель МТК 540, Республики Беларусь Игорь Лишай. В ходе заседания принят ряд важных решений. Например, предложение о введении принципа консенсуса при принятии межгосударственных стандартов нашло большой отклик участников заседания.-Без преувеличения историческим для сферы стандартизации СНГ можно назвать выработанное сегодня на заседании предложение всех стан-участниц по введению принципа консенсуса при принятии ГОСТов, то есть ни один ГОСТ не может быть принят, если замечания одной из стран не учтены и не отработаны. Это снимет все технические вопросы в торговле и заставит более тесно отрабатывать стандарты, - считает заместитель Генерального директора РГП «КазИнСт» Куаныш Еликбаев.В связи с тем, что достаточно давно международная организация по стандартизации ИСО рассматривает МГС в качестве одного из партнеров региональных организаций по стандартизации, в центре всеобщего внимания сотрудничество между МГС и ИСО. Национальные органы по стандартизации высказали свои предложения относительно развития и совершенствования данного взаимодействия.- Сейчас, спустя 25 лет со дня образования МГС пора выводить взаимодействие МГС и ИСО на новый уровень. Мы хотим, чтобы ИСО не только считала МГС региональной организацией по стандартизации, но и рассматривала стандарты, принятые МГС, в качестве возможной основы для дальнейших международных стандартов, - озвучил всеобщее мнение Заместитель Руководителя Росстандарта Антон Шалаев.Принимая во внимание недавнее избрание Казахстана в состав Совета ISO, участниками выдвинуто предложение о том, что казахстанская сторона разработает новый проект Соглашения между МГС и ISO, целью которого будет создание условий для разработки стандартов ISO на основе стандартов ГОСТ и расширение сотрудничества региональной и международной организаций по стандартизации.Не обошли вниманием разработку электронной площадки для разработки единых стандартов - новой версии Автоматизированной информационной системы МГС. Согласование техзадания на разработку намечено на апрель 2018 года.Решено пересмотреть основополагающие стандарты ГОСТ 1.1, 1.2, 1.5 и 1.7 в целях совершенствования процедур разработки стандартов и развития межгосударственных технических комитетов.В ходе заседания одобрен для принятия 21 проект межгосударственных стандартов ГОСТ и учреждение МТК «Безопасность оборудования детских игровых площадок». Это позволит активизировать работы по разработке стандартов для обеспечения требований безопасности технического регламента ЕАЭС.В целом, проведенные мероприятия направлены на активизацию и совершенствование процессов разработки межгосударственных стандартов в рамках СНГ – нормативно-технической основы для развития торговли в рамках Содружества.Культурной частью программы стало посещение «вечного огня» в парке 28 панфиловцев. Несмотря на современный ритм жизни, страны СНГ связывает одна история, и потому участники с воодушевлением приняли предложение приглашающей стороны посетить историческое место, не взирая на дождь.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17254?lang=kk
14 ҚАЗАН - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІ, «ҰРАНДАРДЫ АҚЫЛДЫ ЕТУ СТАНДАРТЫ» ҰРАНЫМЕН АТАП ӨТІЛЕДІ 10.04.2025
Жыл сайын 14 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымына (ISO), Халықаралық электротехникалық комиссияға (IEC) және Халықаралық электр байланыс одағына (ITU) барлық мүше елдер, сондай-ақ барлық әлемдік ғылыми-техникалық қоғамдастық стандарттау жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын тану ретінде атап өтуде. Биылғы жылы Дүниежүзілік стандарттар күні - «Стандарттар қалаларды ақылдырак етеді» ұранымен өтпекші. Стандарттау экономикалық дамудың басты кілті, өнеркәсіптің, сауданың, құрылымдық басқарманың және тұтынушылардың қызығушылығын қамтамасыз етеді. «Ақылды қала» стандарттарының негізгі артықшылығы – қаланы барлық процестерімен орталықтан басқарудың қағидаттық жаңа мүмкіндіктерімен зияткерлік кеңістікке айналдыру.Стандарттау мерекесі шеңберінде «ҚазСтИн» РМК филиалы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың қазан айының 4 жұлдызында сағат 15.00 І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәжіліс - залында дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде басым бағыттар және халықаралық стандарттау бойынша баяндамалар слайд арқылы көрсетілдіДөңгелек үстелге қаланың бизнес – қоғамдастықтарының, облыстық департаменттің, басқармалардың, Алматы облыстық кәсіпкерлік палатасы, І. Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің, «ҰССО» АҚ ТФ өкілдерінің қатысуымен өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты сала байынша өндірушілерді техникалық реттеу жүйесіне, стандарттау, даму және реформалау процестеріне белсенді қатысуға ынталандыру сондай-ақ халықаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттарды қолдану болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17194?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ 03 МЕН 06 АРАЛЫҒЫНДА ДҮНИЕЖҮІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІНЕ ЖАСАЛҒАН СЕМИНАРЛАР ЕСЕБІ 10.04.2025
2017 жылдың 03 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Дүниежүілік стандарттар күніне арналған семинар өтті. Семинар Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментімен, «ҚазСтИн» РМК ОҚО бойынша филиалы және «Стандарттау және сертификаттау кафедрасының ПОҚ» мен ұйымдастырылды.2017 жылдың 04 қазанында ТРМК ОҚО бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен «Рауан» ЖШС базасында дөңгелек стол өтті.2017 жылдың 05 қазанынды «Юникс» ЖШС –де Дүниежүілік стандарттар күніне орай «Дүниежүілік стандарттар күні-2017: Стандарттар қаланы ақылды етеді» тақырыбына дөңгелек стол өтті.2017 жылдың 05 қазанынды «Стандарт цемент» ЖШС Дүниежүілік стандарттар күніне орай «Дүниежүілік стандарттар күні-2017: Стандарттар қаланы ақылды етеді» тақырыбына дөңгелек стол өтті. Семинар ТРМК ОҚО бойынша департаменті мен «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалымен ұйымдастырылды.2017 жылдың 06 қазанында ТРМК ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қаасқтан облыстық кәсіпкерлік, өнеркәсіп-иновациялық даму және туризм басқармасының және «ҚазСтИн» РМК ОҚО бойынша филиалының қатысуымен Дүниежүілік стандарттар күніне арналған семинар өткізілді. Семинарға облыс мекемелерінен және 64 кәсіпорын өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17191?lang=kk
«БЭМЗ» КӘСІПОРНЫ 10.04.2025
2017 жылдың осы жұмада Солтүстік Қазақстан филиалы РМК «Стандартизация және сертификацияның қазақстандық институты» РММ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментімен» бірге «БЭМЗ» Бескөл эксперименталдық механикалық зауыт кәсіпорнына барды.Бүгінгі күні зауыт әр түрлі 20 атты құрылыстық құрал-жабдықтарды өндіреді және жүзеге асырады. Оның ішінде: бетон зауыттары (БАО, ОБЕ), мобильдік бетон зауыттары, бетон араластырғыштар, көпірлік кран-арқалықтар (тіректі және аспалы), пионер краны, көтергіштер, сылақ станциялары, сонымен қатар жылы зеңбіректер, ерітінді араластырғыш, терезеге кран, фермалар, астық кептіргіш және басқа да стандарттық емес құрал-жабдық.Кездесу барысында, кәсіпорын өкілдеріне мынадай ақпараттар берілді: ЕЭО және ҚР техникалық реттеу және метрология облысында заңнамалық база туралы; сапа менеджментінің жүйесін енгізу және жұмыс істеу тәжірбиесі; «Интернет-дүкен» ақпараттық жүйе қызметі бойынша; нормативтік құжаттардың өзектендіруі туралы; ҚР өнімдердің Каталогизациялану жүйесі туралы; СТБ/СФС бойынша ақпараттық орталы туралы және сайттарды шолу өткізілді: www.eurasiancommission.org, www.memst.kz, www.kazinst.kz, www.egfntd.kz және www.wtо.kz. Барлық қойылған сұрақтарға білікті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17164?lang=kk
ҚР Ұлттық экономика министрі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды 10.04.2025
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады:Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін;Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау,Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау.Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17131?lang=kk
ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС 10.04.2025
2017 жылдың 12 қазан күні ҚР ИДМ ТРМК Ақмола облысы бойынша департаментінде, мемлекеттік органдардың өкілдері мен Ақмола облысының кәсіпорындарының қатысуымен жиналыс өткізілді.Жиналысты кіріспе сөзімен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Ақмола облысының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – Абилев Бейбыт Айтанович ашты.Стандарттау ұзақ жолды, соның ішінде қазіргі уақытта технология мен бизнестің барлық аспектілеріне әсер ететін және үнемі дамып келе жатқан әлемімізге жағымды өзгерістер енгізетін ISO-ның халықаралық стандартын басынан өткерді.Биылғы жылы Дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны «Стандарттар қалаларды ақылды етеді» тақырыбы болып табылады. Бүгінгі таңда қалалар экономика дамуының негізгі күші болды, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық мәселелерге қол жеткізуде ортақ кезеңді алды. Қолжетімді инфрақұрылым, жоғары мобильділік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты кең ауқымды және сапалы қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ азаматтар үшін жайлы өмір сүретін қалаларға ерекше талаптар қойылады.«Қазақстан Республикасында стандарттардың дамуы туралы», «Smart City» тақырыбына слайд көрсету ақпаратымен Ақмола облысының «ҚазСтИн» РМК филиалының басшысы – Жунусов Кайрат Кабдрашитович сөз сөйледі.Кейін келесі тақырыптар бойынша сөз тыңдалды:1) Экономикадағы стандарттаудың рөлі»- Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ АФ-ның сәйкестікті растау, сараптау және сертификаттау бөлімінің басшысы – Дюсембаева Айгуль Нургалиевна;2) «Сәйкестікті растау жөніндегі органның тәжірибесінде стандарттардың маңыздылығы»- «Палата» ЖШС-ның Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы – Булатова Жанар Мутиевна;Жиналыс соңында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, сондай-ақ «ҚазСтИн» РМК кәсіпорнынның атынан сәйкестікті растау жөніндегі орган және сынақ зертхана мамандарына, стандарттауды дамытуға үлкен және адал үлес қосқаны үшін алғыс хаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17130?lang=kk
Қазақстан Елшісі сенім грамоталарын Португалия Президентіне табыстады 10.04.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 31 наурыз – Тарихи Праса-ду-Империу алаңында және кейіннен Белен сарайында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиевтің Португалия Республикасының Президенті Марселу Ребелу де Соузаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Аудиенция барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Португалия Мемлекет басшысы атына арнаған ізгі тілектері мен сәлемін жеткізіп, Астананың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.Португалия Үкіметі мен Президент Әкімшілігінің өкілдері қатысқан кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны кеңейтудің болашағы талқыланды. Инвестициялық өзара іс-қимылды арттыру, жаңартылатын энергия көздері, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, сирек жер металдарын игеру, көлік, логистика, туризм, медицина және білім беру салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Елші екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтіп, сауда айналымының көлемін ұлғайтуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды қалыптастыру бағыты аясында ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырып жатқан Қазақстан, Португалияны Еуропалық Одақ, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы сенімді әріптес ретінде қарастырады», - деп мәлімдеді Ж. Ғалиев.Президент М. де Соуза 2023 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында Президент Қ. Тоқаевпен өткен кездесуді жылы лебізбен еске алып, Қазақстанның түбегейлі өзгерістер жолындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Астананың бейбітшіл, белсенді және теңгерімді сыртқы саясатының арқасында елдің халықаралық аренадағы беделінің нығайып келе жатқанын атап өтті. Португалия көшбасшысы екіжақты ықпалдастықты өзара мүдделі салаларда прагматизм рухында кеңейтуге және Қазақстандағы португалдық инвестициялар ауқымын арттыруға дайын екенін мәлімдеді.Аудиенция соңында Португалия Президенті Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін жолдап, Лиссабонда жоғары деңгейдегі кездесуге дайын екенін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/966971?lang=kk