Әлем
Алматы қ. Францияның Елшісімен кездесу 05.04.2025
2025 жылы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен жұмыс кездесуін өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өкілдік Басшысы жоғары деңгейдегі сапарлардың, сондай-ақ астанада өткізуге жоспарланған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/969176?lang=kk
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі 05.04.2025
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі Жалағаш ауылдық округі бойынша тойланудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969158?lang=kk
2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»республикалық конкурсы туралы 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады. Конкурс ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.2.«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».Халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, Киевская к. 1, 205120 телефоны;3.«Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны.5.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» РММ «ШҚО бойынша экология департаменті», Потанин көшесі 12, 76-81-98 телефоны.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді (таңдау бойынша бір тілде рұқсат етіледі):1) өтінім;2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады.Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.3) сауалнама.Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2025 жылғы1 тамыз. Толық ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-ognevka/press/news/details/969155?lang=kk
Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы: құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары 05.04.2025
Қостанай облысының прокуроры Берик Абиловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді , онда мас күйінде қайталанған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігі мәселелері қаралды .Отырысқа арнайы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, бейнеконференцбайланыс бойынша аумақтық прокуратуралардың, полицияның, пробация қызметтерінің және әкімдіктің басшылары қатысты. Прокурорлық тексеру нәтижелері талқыланды, қайталама қылмыстар жасаудың негізгі себептері мен шарттары айқындалды , алкоголь өнімін заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға және алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды есепке қою және мәжбүрлеп емдеу жөніндегі денсаулық сақтау ұйымының жұмысына баға берілді .Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге және "Заң мен тәртіп" қағидатын, бұрын сотталғандығы өтелмеген және алынбаған адамдармен бақылау, өзара іс-қимыл және жүргізілетін алдын алу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді . Өңірде " Трезвые сёла" халықтық бастамасы бойынша кең ауқымды ақпараттық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ұсынылды, мысал ретінде облыстың 8 ауылында алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан және сатудан бас тарту тәжірибесі келтірілді.Үйлестіру кеңесі деңгейінде облыстың полиция, Мемлекеттік кірістер департаменттері мен экономикалық тергеу қызметінің алкоголь өнімінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу жөніндегі іс-қимылдары біріктірілген. Тек сауда нүктелері мен дүкендерге ғана емес, сонымен қатар суррогат алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехтарына да назар аударылады. Соңында облыстық қадағалау органының басшысы құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар қысқа мерзімді кезеңде күш-жігерін жұмылдыратын міндеттерді белгіледі. "Заң мен Тәртіп"Қостанай облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/969137?lang=kk
,, Мәдениет және салт-дәстүр,,күніне орай шара өтті. 05.04.2025
Бүгін Жалағаш ауылдық округінде,, Мәдениет және салт-дәстүр,,күніне орай шара өтті.Шараға Жалағаш ауылдық округінің Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Мәдениет үйі, ,,Үш Меркі,, әжелер ансамблінің әжелері сонымен бірге С.Бейсенбетұлы атындағы орта мектебінің оқушылары,ұстаздары, балабақша тәрбиешісі,бүлдіршіндері қатысты.Шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұлттық құндылықпен бірге ұлттық ойындарды дәріптеу.Өз ұлтының салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.Шара тұсау кесу, бесікке салу,жүн сабау,көрпеге жүн тарту ,ұршық иіруді балаларға әжелер көрсете отырып,насихаттап түсіндірді.Шара ұлттық ойындар арқан тарту,қол күресі,бес тас ойындарымен жалғасып,бүлдіршіндер мен әжелер әнімен жалғасын тапты.Дастархан жайылып,Наурызкөжеден дәм татты.Ұлтымыздың құндылығын ұлықтай берейік!Наурыз мейрамы құтты болсын!лАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969135?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 05.04.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 14 сәуірден бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру рәсімін біріздендіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өткізіледі.Осыған байланысты, 2026 жылғы 14 сәуірге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар (нормативтік құқықтық актілерде, жұмыс процестерінде, салықтық және кедендік әкімшілендіруде, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және т.б.) туындаған проблемалық мәселелерді a.dzhagaparova@kgd.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.Сұрақтар туындаған жағдайда 53-53-51 телефоны бойынша хабарласу қажет.Павлодар облысы бойынша МКД адами ресурстар басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1190139?lang=kk
Қазақстанның Пхукеттегі Консулдығының ашылуы 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Пхукеттегі Консулдығының ресми сайтына қош келдіңіз!Қазақстан Республикасының Пхукеттегі Консулдығының ашылғанын қуана хабарлаймыз. Бұл еліміздің әсем аралдағы алғашқы дипломатиялық өкілдігі.Біздің басты мақсатымыз – Таиландта тұратын және саяхаттайтын Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ екі ел арасындағы достық және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал ету.Біздің сайттан консулдық қызметтер, виза мәселелері, құқықтық қолдау туралы өзекті ақпаратты, сондай-ақ Консулдық қызметіне қатысты жаңалықтар мен оқиғаларды таба аласыз.Біз әрқашан ынтымақтастыққа және көмектесуге дайынбыз!📞 Байланыс нөмірі – +66 95 790 7723📧 Электрондық пошта – phuket@mfa.kz, kazconsul.phuket@gmail.com.Құрметпен,Қазақстан Республикасының Пхукеттегі КонсулдығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-phuket/press/news/details/969116?lang=kk
Жалағаш ауылында шахматтан жасөспірімдер арасында жарыс өтті. 05.04.2025
Бүгін Жалағаш ауылында еңбек ардагері, меценат Рысбек Тұңғатаровты еске алу мақсатында шахматтан жасөспірімдер арасында жарыс өтті.Жарысқа аудандағы 52 жасөспірім шахматшылар қатысты. Жеңімпаздар жоғары сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969114?lang=kk
Жолдарды жөндеу 05.04.2025
Жолдарды жөндеу-көктемгі абаттандыру жұмыстарының бір бағыты. Ауданның магистральдық және қосалқы жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. “Таза Қазақстан” бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында Райымбек даңғылы, Масаншы көшесі бойынша шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Жаяу жүргіншілер аймақтары - Әйтеке би, Гоголь, Мәметов және басқа да көшелердегі тротуарлар жөнделуде. Таза және жайлы қалалық орта-біздің ортақ мақсатымыз. Бірге біз өз қаламызды жақсырақ және жайлы етеміз.#АлматыНашОбщийДом#НасМногоГородОдин #АлматыБіздіңОртақҮйіміз#ТазаҚазақстан#ҚалаБіреуХалықТіреу#АлматыБіздіңОртақҮйіміз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/969109?lang=kk
Білім-жаңа өмірдің бастауы 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің "№48 және №50 мекеме" аумақтарында орналасқан Петропавл кәсіптік колледжі көптеген жылдар бойы сотталғандарды оқытып қана қоймай, сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім, мемлекеттік үлгідегі диплом алуға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.№ 48 мекемеде колледж тас қалаушыларды, ағаш ұсталарын, сантехник- слесарларды және электр-газ дәнекерлеушілерді оқытады, ал әйелдер колониясында тігіншілер, сән дизайнерлері және плитка қаптаушылары дайындалады. Оқу орнында оқу мерзімі 10 айды құрайды және барлығында сияқты 1 қыркүйек күні басталады. Маусым айының соңында түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады.Петропавл кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері Қуанышбай Исенов 2018 жылдан бастап №48 мекемеде жұмыс істейді. 1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді, Еңбек Қызыл Ту Орденінің игері болып табылады. Бүгін мекеме мен колледждің басшылығы мен жеке құрамы Қуанышбай Исеновті лайықты зейнет демалысында шығарып салды.«Біздің кәсіби колледжіміз сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады, олардың арасында "электр газбен дәнекерлеуші" мамандығы ерекше танымал. Бүгінгі күнге дейін мен "электр газбен дәнекерлеуші және дәнекерлеу жабдықтарының арнайы технологиясы" теориялық курсы бойынша сабақ бердім. Сонымен қатар, практикалық сабақтар өткіздім: дәнекерлеу технологияларын игеру, әртүрлі металдармен жұмыс, дәнекерлеу қосылыстарын орындау. Оқыту практикалық дайындыққа қажетті барлық заттармен жабдықталған оқу сыныптары мен шеберханаларда жүргізіледі. Менің №5 тобымда 25 дәнекерлеуші оқиды. Олардың кейбіреулері дәнекерлеу өндірісімен таныс, бірақ арнайы білімі жоқ. Әрине, дәнекерлеу ісімен алғаш танысқандар да бар»,- деді Қуанышбай Исенов.Мұғалім түзеу мекемелерінде электр газбен дәнекерлеуді оқыту сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың маңызды қадамы деп санайды. Алынған білім мен дағдылар бостыланнан кейін жаңа өмірге мүмкіндік береді, қылмыс қайталану деңгейін төмендетеді және қоғамға сәтті интеграциялануға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/969087?lang=kk
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 4 сәуірінде жұмыс істемейді 05.04.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қытайдағы Цинмин мерекесіне байланысты «Алакөл» және «Нұр жолы» өткізу бекеттері 2025 жылдың 3 сәуірі сағат 20:00-ден 2025 жылдың 5 сәуірі сағат 08:00-ге дейін жұмыс істемейтінін хабарлайды."Алтынкөл-жол", "Теміржол", "Қорғас ШХЫО" өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/969069?lang=kk
Аудан көлемінде жұмыс уақытын таңғы сағат 8-ге ауыстыру жоспарлануда. 05.04.2025
Аудан көлемінде жұмыс уақытын таңғы сағат 8-ге ауыстыру жоспарлануда, бұл өзгеріс қызметкерлер тарапынан оң бағаланып отыр деп есептейміз, енді 5 күндік жұмыс істейтін мекемелер жұмыс уақыты сағат 8-ден басталып кешкі 17:30 да аяқталады , түскі үзіліс 12:00 ден 13:30 аралығында болады , қызметкерлердің тиімді әрі сапалы жұмыс істеуі үшін жасалған бұл өзгеріс жақсы нәтиже береді деген үміттеміз, сонымен қатар бұл жұмыс уақытысы денсаулыққа да пайдалы себебі ерте басталатын жұмыс, жұмыс уақытымен үзіліс арасындағы мемлекеттік қызметкерлердің жақсы көңіл күйін және еңбек өнімділігін арттырады ал кешке үйлеріне қайтып үй шаруасымен айналысуғада қолайлы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969068?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 05.04.2025
Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мекемелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда, "Тобыл" МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберінде 2025 жылғы 15 маусымда Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ғимаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1241403?lang=ru
Баспасөз релизі 05.04.2025
Елордада ҚАЖ қызметкерлеріне кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету, азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді болдырмаудың өзекті мәселелеріне арналған тренинг өткізілді. Біздің қызметкерлердің білім деңгейін арттыру пенитенциарлық жүйедегі басым бағыт болып табылады. Мұндай іс-шаралар адам құқықтары мен сот төрелігі саласындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Тренингтің мақсаты:Кінәсіздік презумпциясы және азаптаулардан бас тарту саласындағы халықаралық стандарттар бойынша білімді өзектендіру.Оқыту процестеріне кінәсіздік презумпциясы және азаптаулардың алдын алу тұжырымдамаларын практикалық енгізу арқылы жаттықтырушылар жұмысының тиімділігін арттыру.ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық оқу орындары мен мекемелерінде тренингтер әзірлеу және өткізу үшін жаттықтырушылардың құзыреттерін дамыту. Тренингтің міндеттері:Қатысушыларды кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз етудің және азаптаулардан қорғаудың халықаралық тәжірибесімен таныстыру.Қазақстанда нормативтік-құқықтық регламенттеуді зерделеу.Кінәсіздік презумпциясы және азаптаудан бас тарту тұрғысында адам құқықтарын сақтауға қатысты сот практикасынан нақты кейстерді талдау.Құрылымды әзірлеу және тренингтерді жоспарлау бойынша білімді жаңарту. Сапалық білімді беру үшін спикерлер ретінде Алматы қалалық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Светлана Яковлева, Түркістан облысы аудандық сотының төрағасы Сапархан Омаров, сондай-ақ, ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Садыбеков шақырылды. Тренинг қатысушыларға адам құқықтары, сот төрелігі және азаптаудың алдын - алу мәселелерінде өз білімдерін тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және практикалық тиімділігін арттыруға бірегей мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/969043?lang=kk
Болгария астанасында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді 05.04.2025
София, 2025 жылғы 2 сәуір - Болгария астанасында Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы музыканттарының концерті өтті.Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев қонақтарды қарсы алып, Наурыздың тарихы туралы айтып, оның бейбітшілікті, достық пен келісімді бейнелейтін ұлттық мәдениеттегі аса маңызды мереке ретіндегі терең мәнін атап өтті. «Қазақконцерт» МАКҰ музыканттарының орындауындағы концерт ұмытылмас әсер қалдырды. Халық аспаптары домбыра, қобыз және жетігінде орындалған шығармалар еліктірер әуендерді жандандырып, нағыз көктем мерекесінің атмосферасын қалыптастырды.Концерттен кейін қабылдау өтіп, онда қонақтар Наурыз үшін дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік ала отырып, олардың әрқайсысы қазақ қонақжайлылығының мәнін жеткізе алатын шеберлікпен және сүйіспеншілікпен орындалды. Қазақтың аспаздық әртүрлілігі кешке ерекше жылулық пен қуаныш атмосферасын қосты.Іс-шараға Болгария Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшылары, Халық Жиналысының (Парламенттің) депутаттары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылары, шығармашылық зиялы қауым, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.Бұл кеш ұлттық музыка сұлулығының және мәдени мұрамыздың бірегейлігінің жарқын үлгісі болды. Айта кетейік, Наурыз мерекесі болгарлық «Първа пролет» мерекесімен сәйкес келіп, ұқсас мағынаға ие және көктемнің басталуын бейнелейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/969035?lang=kk
Құрметті ақжаулықты аналар, ақпейілді аналар мен ару қыздар. Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 05.04.2025
Құрметті ақжаулықты аналар, ақпейілді аналар мен ару қыздар. Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сабыр мен төзімнен жаралған, əрбір шаңыраққа нəр берген , бар қиындықты төзіммен көтере білген , əр əулеттің абыройын асқақтатқан , ағайынның ынтымағын арттырған , өмірге ұлды да қызды да əкелген , отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын , шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең етіп ұстап отырған аяулы да ардақты АНАЛАР МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН !!! Көктемнің шуақты күнімен қатар келген аналар мерекесі құтты болсын!!! Ана өмірдің бұлағы. Ана баланың шырағы. Әрбір үйдің шырағы мен жарығы сөнбесін! Аналарымыз аман болсын! Келе жатқан мерекелеріңізбен!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969030?lang=kk
Қамқор 05.04.2025
«Қамқор» жобасы аясында тәлімгерлер Копперова А.С. ,Ягудина А.Р. ұйымдастыруымен орман күзетінің қызметкерлері Воротников В.Н.,Галкин А.А., еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Керімхан Ә. өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және жас түлектермен бірге құстарға үйшік жасады. Құстар үшін бұл келесі қаһарлы қыста үлкен көмек болса, ал жас түлектер үшін бұл-алтын ұя мектептерінде қалдырып кететін ізі, баға жетпес естелігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/969024?lang=kk
Су тасқынына қарсы жұмыстар 05.04.2025
Мариногор ауылдық округіне қарасты Мариногорка ауылында ауыл орталығынан өтетін өзен арнасы кеңейтілді. Көктемгі еріген кезде таудан аққан су әдетте өзен арнасына жетпей, ауыл тұрғындарына тасқын қаупін туғызды. Биыл коммуналдық қызметтің техникалары өзен арнасын толығымен тазартып, кеңейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1107025?lang=kk
МӘМС бойынша қажетті дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады? 05.04.2025
Тегін дәрі-дәрмек белгілі бір аурулар кезінде беріледі. (Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар жекелеген санаттағы азаматтарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген).Пациент өз емханасына барып, диагнозын растау үшін тиісті тексерулерден өту керек. Ары қарай пациент диспансерлік есепке алынған болса, ол рецепт бойынша жеке куәлігін көрсетіп, емхана жанындағы дәріханадан тегін дәрілер алады.Кей жағдайда қажетті дәрі-дәрмектер болмай қалады. Бұл жағдайда, «СК-Фармация» байланыс орталығына 1439 нөмірі арқылы жүгінген жөн.Бұдан бөлек, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyryBot, Қордың msqory.kz/ru/ ресми сайты арқылы өтініш қалдыруға болады.МӘМС туралы толық ақпарат @msqory_abai аккаунтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/968988?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан әскери қызметшілері ақпаратты техникалық қорғау мәселелерін талқылады 05.04.2025
Ақпаратты қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл саласындағы әскери мамандардың кездесуі ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында өтті.Әскери қызметшілер техникалық барлауды анықтау мен оған қарсы іс-қимылдың заманауи жүйелерін қолдану тәжірибесін, сондай-ақ ақпарат алудың тиімді әдістерін бөлісті.– Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруға озық технологиялар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды қорғау әдістерін жетілдіруге бағытталған халықаралық ынтымақтастық көмектеседі, – деп ҚР Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Тимур Сәдуақасов кәсіби байланысты нығайтудың маңыздылығын айтты.Тараптар бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді, тәжірибе алмасуды және ақпаратты техникалық барлаудан қорғауды қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді әзірлеумен қоса ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968975?lang=kk