Enbekshi QazaQ

Әлем

Энергетика саласының басым бағыттары талқыланды 14.02.2025
Астана қаласы Аманат партиясының «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевтың қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің «Энергетика» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Жиында еліміздің энергетика саласындағы маңызды міндеттер мен стратегиялық бағыттар кеңінен қарастырылып, Мемлекет басшысының осы салаға қатысты айтқан бастамаларына ерекше назар аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлуді тапсырған болатын. Бұл бастама ел экономикасының маңызды салаларында еңбек етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ кәсіби даярлық деңгейін жоғарылатуға үлкен мүмкіндік береді. Энергетика, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да өндірістік салалардағы жұмысшылар – ел дамуының негізгі тірегі. Осыған орай, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, олардың еңбегін әділ бағалау және еңбек жағдайын жақсарту – басты басымдықтардың бірі болмақ. Кездесу барысында еліміздің энергетика саласын дамыту жолдары, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін енгізу, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа технологияларды игеру және отандық мамандарды даярлау мәселелері де сөз болды. Әсіресе, елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі талқыланып, оның энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы ерекше атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, АЭС – тұрақты әрі экологиялық таза энергия көзі ретінде Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді. 2025 жылға арналған бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/931845
Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры тағайындалды 14.02.2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып Толқын Жолдыбайқызы Исақова тағайындалды.Толқын Жолдыбайқызы Исақова 1977 жылы 1 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2021 жылы Еуразия гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.Еңбек жолын 1999-2008 жылдары Жамбыл облысының Байзақ ауданында бастаған.2008-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде қызмет атқарған.2011-2016 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы.2016-2019 жылдары Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнде сектор меңгерушісі болған.2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында қызмет атқарған.2025 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/931956
Оқу-ағарту министрі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттердің басшыларымен кеңес өткізді 14.02.2025
Ғани Бейсембаев министрліктің аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді, онда білім беру жүйесін дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды тиімді орындау жөніндегі стратегиялық мәселелер қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, білім беру сапасын арттыруға, балалардың құқықтарын қорғауға, педагог мәртебесін қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Министр сапалы білім беру елдің тұрақты дамуының негізгі факторы болып табылатынын, ал балалардың құқықтарын қорғау және олар үшін қолайлы білім беру ортасын құру министрлік қызметінің басым бағыты екенін атап өтті. Сондай-ақ кеңес барысында мемлекетпен қабылданған шаралардың іске асырылуына бақылауды күшейту, балалардың қауіпсіздігін, білім беру ұйымдарындағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде бұзушылықтардың алдын алу мәселелері де талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Ғани Бейсембаев бұл бағыттағы жұмысты күшейту, жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және білім беру бастамаларының орындалуына мониторинг жүргізудің қосымша тетіктерін енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932154
Педагогтердің біліктілігін арттыруды түбегейлі қайта қарау – Ғани Бейсембаев «Өрлеу» филиалдарына жаңа міндет жүктеді 14.02.2025
Оқу-ағарту министрі «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ-ның басшыларымен жиын өткізіп, 2024 жылдың жұмысын қорытындылады және 2025 жылы жүргізілетін жұмыстардың басым бағыттарын айқындады.Қазіргі уақытта министрліктің бағынысты ұйымы мектепке дейінгі, орта, арнайы білім беру педагогтеріне олардың бейіндік қызметтеріне қарай пәндік және цифрлық құзыреттерді дамыту, инклюзиялық білім беру бойынша курстар өткізуде. Өткен жылы 80 мыңнан астам педагог тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 57,8% - ауыл мектептерінің мұғалімдері.«Білім беру саласындағы қазіргі талаптар мен тенденцияларға сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру тәсілдерін қайта қарау және курс бағдарламаларын жаңарту қажет. Себебі білім сапасы мұғалімдердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Еліміздің үздік педагогтерімен тәжірибе алмасу және жас мұғалімдерге шеберлік сыныптарын өткізу мүмкіндіктерін қарастыра отырып, оларға курстан кейінгі кәсіби қолдау көрсету маңызды», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Жиын соңында 2025 жылға негізгі бағыттар айқындалды, оның ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын жаңарту, көбірек тәжірибеге бағдарлау және үздік халықаралық әдістемелерді педагогтерді кәсіби дамыту жүйесіне интеграциялау, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасауға басымдық берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932308
Оқу-ағарту министрі өңірлік әдістемелік орталықтардың басшыларымен кеңес өткізді 14.02.2025
Мемлекет басшысының білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Оқу-ағарту министрі әдістемелік орталықтардың басшыларымен кеңес өткізді.Ғани Бейсембаев оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелеріне назар аударды, сонымен қатар әдістемелік орталықтарды трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын бекітті.Қазақстанда өңірлік деңгейлерде 20 әдістемелік орталық, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жанында 205 әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Еліміздің әдістемелік қызметінде 3 мыңға жуық маман еңбек етеді, оның 55%-ы ауылдық жерлерде.«Сапалы білім берудің іргетасын кәсіби білікті педагогикалық құрам қалайды. Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, мықты мұғалімдер базасын қалыптастыру және олардың табысты тәжірибесін әріптестер арасында таратуға ықпал ету керек», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.Министр білім беру саласындағы мемлекеттік бастамалардың іске асырылуын бақылауды күшейтуді, әдістемелік орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, озық тәжірибелерді енгізуді және білім берудің барлық деңгейінде әдістемелік жұмысты нығайтуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932508
Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау 14.02.2025
Астанада педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармалары басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сарапшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындап берді. Ол орта білім беру мазмұнының қайта қаралғанын, ал жаңа МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген құндылықтар енгізілгенін атап өтті.«Білім беру тәрбиемен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған алты негізгі жобаны қамтитын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыстың тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды. Тәрбие бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарау керек», - деді Ғани Бейсембаев.Ведомство басшысы елімізде білім беру сапасын бағалаудың өзіндік ұлттық жүйесі қалыптасқанын атап өтті. ББЖМ қазақстандық бағалау құралы RCEC сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығында халықаралық деңгейде танылды, осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы білім беру сапасын бағалау жүйесі бойынша аккредиттеуден өткен жалғыз елге айналды.«Министрлік педагогтің үздіксіз кәсіби даму процесі ретінде біліктілікті арттыру парадигмасын қайта қарады. Барлық рәсім «Ұстаз» ұлттық платформасында автоматтандырылған. Биыл алғаш рет платформада 88 мыңнан астам модератор мен сарапшыны аттестаттаудан өткізу жоспарлануда», - деді министр.2024 жылы бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Бұл - еліміздің педагогтерінің еңбегіне Президент тарапынан берілген жоғары баға мен құрмет, артылған зор сенім.Сонымен қатар министр «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзу фактілеріне алаңдаушылық білдірді.«Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер заң бұзушылықтардың 120 жағдайын тіркеді. Атап айтқанда, Семей қаласында мұғалімдерді тиесілі емес функцияларға тарту соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырды. Өңірлердің басшылығын заңды қатаң сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», – деді Ғани Бейсембаев.Елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап жаңа форматтағы басқарушыларды даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске асырылуда. Қазірдің өзінде республикалық кадр резервіне 583 кандидат алынды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басты міндеті болып қала береді. 2024 жылы заңға кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін және отбасын қолдауға бағытталған түзетулер енгізілді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілеттіктері кеңейтілді. Биылғы жылдың қаңтар айында БҰҰ-да Қазақстанның осы саладағы реформалары жоғары бағаға ие болды. «Біз инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуды жалғастырамыз. 2025 жылға қарай психологиялық-педагогикалық қолдауға 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық орталығы мен Ұлттық инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау басталды. Қазан айында Қазақстан алғаш рет Инклюзия бойынша дүниежүзілік конгресті қабылдайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.Білім беру сапасындағы алшақтықты азайту үшін қалалық және ауылдық мектептер арасында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске асырылуда. Ол материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған.«2024 жыл білім беру инфрақұрылымы үшін маңызды кезең болды. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мектептердің рекордтық саны салынды. 2023 жылы 165 мектеп қолданысқа берілді, 2024 жылы 257 мектеп бой көтерді, оның 105-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Оларды тиімді басқару үшін Министрлік бірыңғай жүйе әзірледі», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Процестерді цифрландыру және автоматтандыру қазіргі білім беру ортасының маңызды бөлігі болып табылады. Министрлік «SMART ОҚУ АҒАРТУ» жобасын іске қосты. Ол цифрлық білім берудің бірыңғай экожүйесін құрып, оқытудың сапасын арттырады, оқыту процестерінің барлық қатысушылары үшін білім беру ресурстары мен қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдетеді.Starlink терминалдарын енгізу есебінен сапалы интернет тартылған мектептердің үлесі 2022 жылғы 19%-дан 2024 жылы 95%-ға дейін, яғни 3 есеге ұлғайды.«Жыл басынан бері мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды өңірлерге таратуға кірістік. Білім басқармаларының басшылары өңірде ваучерлік қаржыландыруды уақытылы әрі сапалы енгізу үшін жағдай жасауы қажет. Ұлттық білім беру дерекқорымен интеграциялау қаржыландырудың жаңа моделіне жылдам көшуді қамтамасыз етеді» - деді министр.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында техникалық және кәсіптік оқытуды трансформациялау міндетін қойды. Өткен жылдан бастап министрлік әкімдіктермен бірлесіп колледждерге толық инвентаризация жұмыстарын жүргізді. Өңірдің барлық индустриялық жобаларын, жұмыспен қамту карталарын ескере отырып, кадрларды даярлаудың бейіндік бағыттары айқындалды.Сөз соңында министр азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға тоқталды. Ол педагогтер үшін өздерінің құқытарының қорғалғанын, ал олардың қызметіне қатысты шешім қабылдауда объективтілік пен заңның сақталуы маңызды екенін атап өтті.Сондай-ақ алқа отырысында ғалымдар, педагогтер, ата-аналар, сараптамалық және бизнес-қоғамдастық өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қараев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар және т. б. бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932666
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі, экономика үшін маман даярлау» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өтті 14.02.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі, экономика үшін маман даярлау» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932904
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы спикерлердің сөзінен 14.02.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы спикерлердің сөзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933375
Оқу-ағарту министрлігінде еліміздің үздік педагогтерінің құрметіне «Ұлт келбеті – ұстаздар» фотогалереясы ашылды 14.02.2025
Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жазды. Фотокөрме еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарға деген шынайы құрмет пен ризашылықты көрсетеді.«Ұстаз еңбегі – ел дамуының негізі, ұрпақ тәрбиесінің өзегі. Еліміздегі әрбір педагог кәсібилік пен адалдықтың биік үлгісін көрсетіп жүрген осы тұлғалардан өнеге алуы тиіс. Педагог болу – тек білім беру ғана емес, ел болашағының іргетасын қалау, ұрпақты тәрбиелеу, шабыттандыру, адамгершілік дәнін егу», — дейді министр өзінің жазбасында. Еліміздің тарихында жоғары мемлекеттік награда Еңбек Ері атағымен марапатталған тоғыз педагогтің есімі белгілі. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина, Маржан Тасова бар. 2008 жылы бұл атаққа академик Аягүл Миразова лайықты деп танылды, ал 2018 жылы Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді. Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін бірден екі мектеп мұғаліміне тапсырды. Олар - Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933594
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы баяндамасынан 14.02.2025
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы баяндамасынанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933676
Елімізде Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы басталады 14.02.2025
2025 жылғы 10 ақпан күні оқушылар арасында XIII қысқы Гимназиада басталады. Спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 12-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына сілтеме жасап.Гимназиада сегіз спорт түрі - шаңғы жарысы, қысқы президенттік сайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Барлығы 162 медаль және 15 кубок сарапқа салынады.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында салауатты ұлтты тәриелеу туралы айтты. Ол үшін елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту қажет. Гимназиада - бұл жәй ғана жарыс емес, нағыз таланттарды анықтауға, балалар арасында спортты насихаттауға және спортшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған дода», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов. Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы Батыс Қазақстан облысында, Орал және Ақсай қалаларында сәуір айына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933979
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» және «Ауыл - Ел бесігі» жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды 14.02.2025
5 ақпанда Түркістан қаласында ауылдық аумақты дамытудың жаңа тәсілдері, оның ішінде қос ауқымды жоба – «Ауыл аманаты» және «Ауыл - Ел бесігін» біріктіру мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Іс-шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Бозымбаевтың төрағалығымен облысқа жұмыс сапары шеңберінде өткізілді. Сапар барысында орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер өкілдерінен құралған делегация «Түркістан» ӘКК өнеркәсіптік паркіне барып, «Ауыл аманаты» жобасының өнімімен және шағын өнеркәсіптік аймақ салу тәжірибесімен танысты.Кеңес барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасап, «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» жобалары шеңберінде атқарылған жұмыс туралы айтып, ауылдық аумақтарды кешенді дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынды.Соңғы жылдары мемлекет ауылды дамытуға айтарлықтай ресурс жұмсады. «Ауыл – ел бесіг» жобасы шеңберінде ауыл инфрақұрылымын дамытуға 701 млрд теңге бөлінді. Соның арқасында 2,6 мың ауылда 6,6 мың жоба іске асырылған (оның ішінде ТКШ саласындағы 774 жоба, 2 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым жобасы және 3,8 мың көлік инфрақұрылымы жобасы).Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 100 млрд теңгеден астам сомаға 17 мың жеңілдетілген шағын кредит берілді. Бұл 17 мыңнан астам жұмыс орнын, 400 ауыл шаруашылығы кооперативін құруға мүмкіндік беріп, оның 337-сі 7,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.Осыған байланысты Бауыржан Омарбеков жобаларды біріктіру оларды іске асыруды үндестіруге, инфрақұрылымдық қолдауды күшейтуге, қаражатты тиімдірек пайдаланып, ауылдық аумақтардың кешенді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Бұл үдерісте әрбір елді мекеннің басым бағыты мен даму әлеуетін айқындайтын скринингтеу жүйесі маңызды рөл атқарады. Мәселен, егер өңірде мал шаруашылығы дамыған болса, ет-сүт өндірісін қолдау мен дамыту, оның ішінде өнімді қайта өңдеу, кооперативтер мен логистикалық орталықтар құру басты назарда болады.Егер ауылда бау-бақша мен көкөніс өсіру дәстүрі сақталған болса, агрокооперацияны дамытып, өнім өңдеуге (шырын, тосап, джем, консерві және т.б.), жылыжай шаруашылығын құруға, логистикаға басымдық беріледі. Осылайша, скрининг қолдауды қажет ететін ауылды анықтап қана қоймай, салынған инвестиция барынша тиімді болатындай, әр ауылды дербес дамыту стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, экономикалық фактор үлесін ұлғайта отырып, ауылдық елді мекендердің дамуын бағалау критерийі қайта қаралады. Бұл басқа ауылдарды бағдарламамен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасы шеңберіндегі қаражатты қайтадан бөлуді қайта қарау қажет. Басымдық кооператив құруға, қайта өңдеуге, өсіруден бастап сатуға дейінгі өнім өндірудің барлық циклін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін дамытуды көздейтін жобаларға бағытталады.Жоспарда кәсіпкерлерді оқыту, шағын индустриялық аймақтар құру, «Ауыл аманаты» объектілеріне инженерлік инфрақұрылым жүргізу, кооперацияны дамыту, қайта өңдеуді қолдау мен логистикалық өткізу тізбегін құру сияқты мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын енгізу тұр.«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жаңа жұмыс орнын құру, инфрақұрылымды жаңғырту, жергілікті жерде жұмыспен қамту мен кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау күшейеді. Бұл ауылдарды орнықты дамыту үшін қосымша мүмкіндік туғызады», - деді вице-министр.Жобаларды біріктірудің жаңа тетіктері мен тәсілдерін Түркістан облысында пилоттық жоба шеңберінде іске асыру жоспарланып отыр. Ол кейіннен басқа өңірлерге таратылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/932211
Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтарды қабылдады 14.02.2025
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Астана және Қарағанды қаласынан азаматтарды қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.Кездесу барысында атқарушылық өндіріс және сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелер көтерілді. Даниель Ваисов өтініш берушілерге заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндіріп, сонымен қатар көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды. Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық қолдау көрсету және халықпен ашық диалог жүргізу жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/931830
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Акбар Джоукармен кездесті 14.02.2025
Ботагөз Жақселекова Министрлік қызметінің бағыттары туралы хабардар ете отырып, мемлекеттер арасындағы Азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім шеңберінде одан әрі жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Вице-министр құқықтық тәртіп, заңнамалық базаны дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот сараптамалық қызмет салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Қазақстан Республикасы осы бағыттарға ерекше назар аударатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген кездесудің тиімділігін және заңдылық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтай отырып, екі ел арасындағы сындарлы ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/933129
Ақтауда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде 14.02.2025
6-7 ақпан күндері Маңғыстау облысында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Оқу-жаттығудың саптық көрсетіліміне ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Азаматтық қорғаныс іс-шараларын мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Талғат Жамбауов пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, МО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлыбек Айжарықов қатысып, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының дайындығын тексерді. Республикалық оқу-жаттығу аясында 287 жеке құрам мен 35 техника жұмылдырылды. Көктем мезгілінде көрсетілетін қызметтерге дайын құрылымдар қатарында су, сауда және тамақтандыру, радиациялық және химиялық қорғау, хабардар ету және байланыс, энергетика, жанар-жағармай, ақпарат, қоғамдық тәртіпті қорғау және өрт сөндіру қызметі бар. Оқу-жаттығудың мақсаты – 2025 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау. Сонымен қатар, басқару органдарының, күштері мен құралдарының су тасқыны жағдайында жедел әрекет етуге дайындығы пысықталады. Айта кетейік оқу-жаттығу барысында халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысы тексеріліп, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының жедел штабтарының іс-қимылдары нақтыланды. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде орын алуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл ден қоюға дайындық деңгейі бағаланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/932805
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде ашылды 14.02.2025
Бүгін, 7 ақпан күні Ақтау қаласының Достық үйінде «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы рәсімі өтті.Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы, қала, аудан әкімдері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен серіктес мекемелердің өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп оқушылары қатысты.Іс-шара барысында облыстағы жұмысшы мамандарын даярлайтын колледждерде студенттердің қолымен дайындалған дүниелерден көрме жасақталды.Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдегі колледждердің бітіруші түлектері үшін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңесін ұйымдастырып, оған 30-ға жуық жұмыс беруші мекемелер қатысты. Бүгінде облыста Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, жұмысшы тобының штабы құрылды.Облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығына тоқталып, техникалық және кәсіптік білім беру саласына еңбегі сіңген мамандарға облыс әкімінің атынан ілтипат білдіріп, алғас хаттарымен марапаттады.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек»,- деп атап көрсеткендей, еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Мақсат- жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеу. Облыста 2025-2026 жылдары оқу-зертханалық ғимарат, ІТ-hub орталығын ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, жұмыс берушілер қаражаты есебінен құзіреттілік орталықтарын ашу, кәсіпорындар мен мекемелердің нақты қажеттілігі бойынша мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, жаңа мамандықтар ашу іс-шаралары жоспарланды,- деді Тілек Жеткізгенұлы.Шара аясында ұрпағын жұмысшы маман болуға баулып, атадан балаға мирас етіп дәріптеген династия өкілдері; еңбек ардагерлері, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі чемпионаттарға қатысып, облыстың намысын қорғап жүрген колледж студенттері ұлықталды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/933976
Облыс әкімінің Балқаш ауданына жұмыс сапары 14.02.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Жиында өзекті мәселелер талқыланып, негізгі тақырып ауыл шаруашылығын дамытуға арналды.Ауданда 100 мыңнан астам ірі қара, 30 мың жылқы, сондай-ақ 30 мың қой-ешкі бар. Мал азығы жеткілікті көлемде дайындалғанымен, фермерлер су тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болуда. Бұл егіс алқаптарын кеңейтуге кедергі келтіріп, кейбір дақылдардың өнімділігін төмендетуде.Марат Сұлтанғазиев жауапты мемлекеттік органдарға аграршылармен тығыз жұмыс істеп, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіруді және суды үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, жиында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 42 млрд теңгені, инвестиция көлемі 9 млрд теңгені құрады. Бақанас ауылында «БиоКарбон» зауыты іске қосылды. 1,6 мың тонна тыңайтқыш сатып алынып, суару жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 133 тұрғынға жеңілдетілген несие беріліп, айналымға 20 мың гектар пайдаланылмаған жер қайтарылды.«Бір ауыл – бір кәсіп» жобасы аясында 37 жаңа нысан ашылып, 100 адам жұмыспен қамтылды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, жастар ресурстық орталығы ашылды, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 35 пәтер сатып алынды.1 100 үйге газ тартылып, 20 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.Денсаулық сақтау саласында фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық амбулаториялар мен дәрігерлік кабинеттердің құрылысы жүргізілуде. Білім беру жүйесінде үш ауысымды оқыту мәселесі шешілгенімен, бірнеше мектепке күрделі жөндеу қажет. Салаға 23 педагог тартылып, олардың 9-ына тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет.Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік нысандар құрылысы, жолдардың жай-күйі және сумен жабдықтау мәселелерін көтерді. Облыс әкімі судың тапшылығы ауданның дамуына тікелей әсер ететін басты мәселе екенін атап өтіп, оны шешу негізгі басымдық болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/932677
Орманшылар жабайы жануарларға қамқорлық жасауда 14.02.2025
Аяз түсісімен облысымыздың орманында жабайы фаунаны қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар уақыты басталады. «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету отряды» КММ инспекторлары орман жануарларының күтімі үшін оларға қажетті жем-шөп, азықпен қамтамасыз етеді.Орманшылар жануарлар мен хайуанаттар жиналуы ықтимал жерлерді алдын-ала анықтап, сол нүктелерге жем-шөп, азықты жеткізеді.Сол арқылы жаңа орындар желісі жасалып, негізгі қоректену орнына жабайы орман жануарларын үйрету жұмыстары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/932530
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті 14.02.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың жетекшілігімен өткен кезектен тыс отырыста 2025 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, гидротехникалық құрылымдардың жай-күйі және мал қорымдарын тексеру мәселелері қаралды. Жауапты мекемелерге қарды уақытында шығару, арықтар мен каналдарды тазалау, су өткізу нысандарына тұрақты мониторинг жүргізу мен қатар мал қорымдарын тексеріп, нәтижелері бойынша акт жасау тапсырылды.Сонымен қатар, арнайы топ құрылып жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексеру міндеттелді. Берілген тапсырмалардың орындалу мерзімі де бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/933047
Жерлестерімізге сенім артамыз 14.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындары басталады. Қазақстан атынан 137 спортшы бақ сынайды. Олардың арасында Абай облысының 3 спортшысы бар.Солардың бірі – Үржар ауданының тумасы Ернар Нурсбеков. Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының негізгі құрама сапында. Жерлесіміз Қазақстан Республикасының Чемпионаттарында 2018 жылдан, 2022 жылдан бастан Халықаралық деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетуде. ҚР Чемпионаты мен Әлем Чемпионатының жүлдегері және жеңімпазы.Алғашқы жаттықтырушысы Дидар Алтынбеков, қазіргі жаттықтырушысы Ердос Ахмадиев.Ернар ІХ Қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан 8 ақпан күні сағат 11:00-де спринт, 12 ақпан күні сағат 13:00-де 4х7,5 шақырым эстафеталық сынға түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/933327